Экологиялық тәрбие. ҰОҚ конспектісі: «Көбелектер»


Кумашева Сабира Тлектесовна

КМҚК №4 «Березка» бөбектер бақшасы тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің техкартасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Көбелектер.

Мақсаты: Қызыл,сары,жасыл,көк,қара,ақ түстерді ажыратуды жетілдіру,көбелектің суретін салуды үйрету

Міндеттер:

Білімділік:  Қоршаған ортадағы сан алуан түстердің кереметтігі жөнінде айту
Дамытушылық: Түстердің жылы және салқын реңктерді ажырату дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тазалыққа тәрбиелеу

Билингвалды компонент: көбелек – бабочка

Сөздік жұмыс:көбелек.

Технологиялық қамтамасыз ету: түрлі түсті қарындаш, фломастер, үлгі.

Технологиялар: түсіндіру, көрсету.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті Есеп
«+» «-»
Кіріспе бөлім Жылулық шеңбері. Ұлдар көбелек қанаттарын, қыздар әр түрлі гүлдер алады. 2топ «Көбелектер», «Гүлдер» бір – біріне тілек айтады.      
Негізгі бөлім Д/о «Кім тапқыр»
Мақсаты:Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, жалғастыру
Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
1. Олар көрмейді және естімейді екен.
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
Д/о Көбелек қандай ауа райын ұнатады?
Неге?
Барысы. Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланыс-ты суреттер ілінеді, бала қолына көбелек бейнесі беріледі.Сәйкес суретті тауып орналастырады, түсінік береді. Билингвалды компонент: көбелек – бабочка Сөздік жұмыс:көбелек. Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам
Ал енді балалар осы әдемі көбелектерді өзіміз қағаз бетіне саламыз, досымызға сыйлық жасайық
Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек.
Тақтаға үлгі ілінеді.
Тапсырма.
Әр балағы көбелектің суреті беріледі, әдемілеп, сәйкестігін тауып, ұқыптылап көбелекті салып шығамыз .
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.           Ойынға белсенді қатысады.     Қайталайды.   Сергіту сәтін тәрбиешімен орындайды.     Үлгіні қарастырады.      
Қорытынды бөлім Балалар жұмысы тақтаға ілінеді. Қай жұмыс ұнайды?
– Пікірлері сұралады. Неліктен осылай ойлайсың? Өз ойын айтуға мүмкіндік туғызу.
Өз ойларымен бөліседі.    

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жыл мезгілінің ерекшелігін, көбелектің тіршілік ортасын;

Игеру керек: Көбелек мүшелерін, қанаттарының ерекшелігін, жеке бөліктерді біріктіре салуды;
Меңгеру керек: Сурет салу әдістерін, ұқыптылыққа, ұжымдаса жұмыс жасауды.

Толтырған тәрбиеші:_________________________________________

Метки: , ,