Қаһарман қыз – Хиуаз


Кауканова Жанна Хамзиновна

Қостанай облысы Лисаков қаласы №3 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Батырлық үлгісіне тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі:

Топпен жұмыс

1-топ

1922 жылдың мамыр айының 15-інде Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. Оның жастық шағы мен өмірінің басым бөлігі мықты насихаттық идеологияны ұстанған Кеңес заманымен тұспа-тұс келді. Басқа-басқа, Кеңес өкіметінің кезінде Одақ үшін отқа да, суға да түсуге бар жанкешті ұрпақ тәрбиелей білгендігін кімде болса мойындайтыны хақ. Хиуаз да Отанын шын сүйген сол кездегі албырт жастардың бірі болатын.

2-топ

 Кеңес заманындағы авиацияның жетістіктері мен ұшқыштардың сан түрлі ерлік істері жөніндегі үгіт-насихат қазақ қызының да осы салаға деген ынтызарлығын оятқан. Осындай ой-қиялдың тұңғиығында жүрген қағілез де пысық қыз ақыры дегеніне жетіп, 1940 жылы мектепті үздік деген бағамен бітірген. Ол тек мектепті ғана тәмәмдап қоймай, запастағы ұшқыш деген куәлігін қоса ала шығады. Енді өзінің ұшқыш болатындығына сенімі нығая түскен, оқудан соң тура Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болған оның алғашқы қадамы сәтсіз болады.

3-топ

 Бұған налыған Хиуаз ба? Ол бірден Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Мұнда жүргенде де өр мінезді, қайсар қыз қатарының алды болады. Сабақты жақсы оқығанымен қоймай, ол гимнастикамен де айналысып, қоғам өміріне де белсене атсалысады. Студенттік өмірдің қызығына батып жүрген бақытты күндерді соғыс деген тажал бұзады. Бұл кезде Хиуаздың сессиясын аяқтап, жазғы демалысқа дайындалып жүрген кезі болатын. Ел басына күн туған шақта ол еліне барып, демалып жатқанды әбес көріп, құрбы-құрдастарымен бірге Мәскеу қорғанысын қамтамасыз ету жұмыстарына атсалысады.

Жұппен жұмыс

 Олар алдымен «Метрострой» жүйесінде болып, кейіннен Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қарамағына өтеді. 1941 жылдың қыркүйек айы. Мәскеудің оқу орындарында жаңа оқу жылының басталып жатқан кезі. Ал жастардың көпшілігі Отанды жаудан қорғау үшін майданға аттанып жатқан шақ. Бұл кезде Хиуаз да майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенінде ол әйгілі Марина Раскованың қыз-келіншектерден авиаполк құрып жатқандығын естиді.

“Сұрақты тап” әдісі

 Бұл Хиуаз сияқты нағыз өршіл жас үшін өзінің кім екендігін көрсетіп қалатын жақсы мүмкіндік еді. Бұны Хиуаздың өзі де жақсы түсінеді. Көктен сұрағаны жерден табылған қайсар қыз ойланбастан, бірден аталған полк басшысына келеді. Қазақ қызына полк басшылығы алғашында сенімсіздікпен қараса да жауынгерлер құрамына қабылдайды. Сөйтіп, жауынгер қыз Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтаған жас қыз 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.

Қорытындылау

 Батыр апамыздың ерлік еңбектері туралы қалдырылған жазба деректер бойынша Хиуаз қызмет еткен полк Оңтүстік майданда, яғни Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Ол кездегі авиациядағы штурманның атқаратын рөлі ерекше маңызды еді