Бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім берудегі ақпараттық инновациялық технологиялардың тиімділігі


Джамбулова Назгуль Маратовна

Өскемен қаласы әкімдігінің «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ ШҚО, Өскемен бастауыш сынып мұғалімі

Қазіргі психологтар мен педагогтардың жинақтаған тәжірибелері негізінен оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың зейінін қабылдауын, қызығушылығын арттыруға болады. Сонымен бірге олардың оқу қызметі, ой еңбегі де дамиды. Оқыту үрдісінде оқушылар  тек білім алып қана қоймайды, олардың дағдысы, іскерлігі қалыптасады, дүниетанымы кеңейеді. Оқытубарысында балалардың жеке және жас ерекшеліктері, қабілеті ескеріледі, бұл балалардың дамуына әсер етеді. Әр жастағы оқушының даму ерекшеліктеріне сай келетін оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын таба білу, оқу материалдарын дамудың құралы ету – мұғалімнің ең басты міндеті. Ол үшін баланың таным үрдісін,  қабілетін,  дұрыс бағалауды, оқу тәрбие үрдісінде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуіне көмек көрсету, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда оқушының белсенділігін қолдап отыру қажет. Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі- инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен еңгізу жас ұрпақтың саналы  да сапалы білім алуының бірден – бір шарты болып табылады.

«Инновация» -бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, мұғалім өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже- жаңалыққа бет бұрудың кілті.  Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі.  Кез –келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады.  Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын сауатты меңгермейінше, жан-жақты маман болу мүмкін емес.  Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін –өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.Қазіргі заман талабы- әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Оқытудың екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы пәндерді оқыту.  Екіншісі – өмірді оқыту, өмірге үйрету.  Тәрбиелеу мен оқыту –егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту  тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Оқыту – тәрбиенің инттелектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Жаңа технологияның мақсаты:

балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

баланаң танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

өзін-бағыттау, баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту болып табылады.

Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді. Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» – деген Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді.Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше.

Ғалымдардың пікірінше, бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер: оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылын, белсенділігін арттыру жалпы жеке тұлғаның дамуына бағыт-бағдар беру.  Егер әр ұстаз бала бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көңіл бөле отырып, оның рухани – адамгершілігін дамыта оқытуды басты назарда ұстаса, бүгінгі қоғамда қажеттілігін қанағаттандыратын ауқымды шаралар жүзеге асырылады. Нәтижесінде жан-жақты жетілген, қоршаған ортаның қадір-қасиетін бағалай алатын парасатты, көрген – білгенді бағамдай алатын зерделі, зерек тұлға қалыптасады.

       Мұғалім белгілі бір әдіс – тәсілдерді, жаттығу түрін қолдану нәтижесінде қандай қабілеттерінің дамитынын немесе оқу барысында қандай дағдыға үйрету керектігін, алдына мақсат қоюда неге сүйенуі керектігін және оларды психологиялық ерекшеліктеріне негіздеу керек екенін танып біледі.Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен өз басым жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге бет бұрдым.

Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.

Ақпараттық инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі»2012 жыл. №2

2.«Бастауыш сынып әдістемесі» 2012ж. №1

3. Л.Занков, Д. Эльконин, В.Давыдов, В.Репкин, В.Левин «Дамыта отырып оқыту әдістемесі»

4. «Бастауыш сынып» журналдары. 2012 ж. №3, 4, 6.