Мен таңдаған мамандық


Тулебаева Гүлжамила Айдаровна

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің “Қостомар ауылының  орта мектебі” ММ тәрбиешісі

Бүгінгі күн  ақыл мен сананың білім мен біліктің бәсекеге  түскен ғасыры.Осы орайда  ертеңгі күннің бүгінгі күннен де нұрлы болуына ықпал етуде тәрбиешіге  зор жауапкершілік жүктеліп  отыр. Жас ұрпақты патриотизмге ширатудың негізгі  күшінің баспалдағы   шағын орталықтан басталады. “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру”  мақаласы бойымызға қуат беріп, болашаққа деген  сенімімізді нығайтты. Елжандылыққа тәрбиелеу барысында  жас ерекшелігіне сай  мәлімет беремін.  Шағын орталықта “Туған жер” бағытында  суреттер салуға бейімдеп, мақтаныш сезімдерін оятуға тырыссам, “Мәдени мұра” бағытында мұражайға саяхат  жасадық. Ең бастысы  маңызды құжаттағы    Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  “Тәрбиеші өзінің адамгершілік – этикалық  парызын орындауы тиіс.Ол жоғары  білімді шығармашыл  тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты” деген қанатты сөздерін  қазіргі таңда  педагогикалық ұстанымыма айналдырдым.

             Қазақ елінің ашық аспаны астында дүниеге келген  бүлдіршіннің   тілімізді,  дінімізді тарихымызды сақтап, алдагы ғасыр көшіне ілесуі үшін  жаңашылдыққа бет бұрдым. Демек, тәрбиешінің  біліктілігі – еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Қазіргі таңда тәрбие  процесінде ойын алдыңғы орында, яғни танымдық ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.  Заманымызға сай зерделі, ойын түрлері  ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету,  іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.

            Көптілділікке бет бұру да шағын орталықтан бастау алуда. Әрбір ойын барысында орысша, ағылшын тілінде айтқызып, сөздіктерді басшылыққа алу үстіндемін.Әсіресе, өз тәжірибемде   танымдық ойын түрлері “Жоғалған сан”, “Домино”, “Лото” т.б ойындар оқушылардың математикалық  ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түссе, үш тілді қатар игертуде де тиімді. Ал,  “Ғажайып қоржын”, “Дыбысына қарап таны”, “Қай пішін жоқ?” ойындары арқылы “Туған жер”, бағытында жұмыстар жүргіземін. Танымдық  ойынның тиімділігі баланың ақыл – ойы дамиды, біз үшін бірсарындылықтан арыламыз, ата – ана үшін бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы жақсылыққа тәрбиеленеді.Сонымен қатар көркем әдебиет сабағында  барысында  тыңдалым, айтылым дағдылары іске асып, ойын барысында тілдік қатынасқа түсіп, диалог құрай алады.Міне, мұндай жаңаша сабақ беру тәсілдері менің кәсіби біліктілігімді шыңдай түсті.Тың лепке ілесіп,  тәрбиелеу үстінде жаңаша көзқараспен ізденуім – менің басты парызым. Өйткені бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел азаматы. сондықтан да жаңашылдық мені  де оңтайлы тәжірибеге бейімдеуде демекпін.