Қарасартова Бибігүл Айдынғалиқызы


Қарасартова Бибігүл Айдынғалиқызы

Интернаттық үлгідегі санаториялық мектепке дейінгі ұйымы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы ММ әдіскері


1968 жылы Орал облысы Чапаев ауданында дүниеге келген. 1974 жылы          Красногор орта мектебіне 1 классқа қабылданып, 1984 жылы Михаил Абдулов атындағы орыс-қазақ аралас орта мектебін аяқтады.                               Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Педагогикалық институтының физика-математика факльтетінде оқыған. Ақтөбе Гуманитарлық колледжін бастауыш класс мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.  Педагогикалық еңбек жолын Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалалыкөл негізгі мектебінде бастаған.

1987-2007 жылдар арлығында  Қалалыкөл негізгі бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директоры болып  қызмет жасаған.

 2007 жылы Ырғыз аудандық Интернаттық үлгідегі Санаториялық мектепке дейінгі ұйымы «Ақбота» балабақшасына әдіскерлік қызметке ауысып, қазіргі таңға дейін осы Санаторлық «Ақбота » бөбекжай- балабақшасында жұмыс жасап келеді. 

Еңбек өтілі-  32 жыл

Осы уақытқа дейін 2001 жылы «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен,  2017 жылы Республикалық «Үздік Әдіскер»  төсбелгісімен марапатталған. Бірнеше рет Аудандық Білім Бөлімінің, «Нұр Отан» партиясының, Облыстық кәсіподақ ұйымының, Облыстық Білім Басқармасының , Республикалық «Үздік әдістемелік қызметі үшін»  – Құрмет Грамоталарымен, Алғыс хаттармен, Мақтау қағаздармен  марапатталды.  2019 жылы облыс бойынша  жазғы маусымда Бурабай өлкесіне демалу үшін  Жолдамаға ие болған. Бірнеше әдістемелік жинаққа жұмыстары енген.