«Менің сүйікті үй жануарларым. 14 санының құрамы»


Тапалова Айгүл Құдайбергенқызы

№47 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш класс мұғалімі

Пәні:  Математика           Тақырыбы:               №47 жалпы білім беретін орта мектебі                                     Мұғалімнің аты-жөні: Тапалова А.Қ
Менің  сүйікті  үй жануарларым. 14 санының  құрамы.                                     
Сынып: 2 Қатысқан оқушылар:23    Қатыспағаны-0
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.2.5. бір таңбалы  және  екі  таңбалы сандарды  ондықтан  аттап қосу және  азайту тәсілін  қолданып 100 көлеміндегі сандарды  ауызша  қосу  және  азайтуды орындайды. 2.1.2.4. Бір  таңбалы  сандарды  ондықтан  аттап  қосу  кестесін  құруды біледі, қолданады.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: 14  санын  бір  таңбалы   екі саннан құрау   және ондықтан аттап  қосу  және  азайту  тәсілін  қолданады, 14  санымен бір  таңбалы сандарды  ондықтан  аттап қосу  кестесін жасайды. Бірқатар оқушылар: Бір таңбалы сандарды ондықтан  аттап қосу кестесін біледі  және  қолданады,11,12,13 сандарының бір  таңбалы  екі  саннан тұратын құрамын  біледі және  есептеулерді жылдам  жүргізеді. Кейбір  оқушылар: 14 санының құрамын екі және үш қосылғыштан құрайды.100 көлеміндегі сандарды аттап қосу және азайту тәсілін қолданады, жылдам  есептеулер  жүргізеді.
Жетістік критерийлері:   11,12,13 дейінгі сандар құрамын біледі. 14  санының  құрамын  біледі. Бір  таңбалы  және  екі  таңбалы сандарды ондықтан  аттап  өту  арқылы ауызша қосуды және  азайтуды, екі бір  таңбалы саннан 14  санын құруды  біледі.
Тілдік  мақсаттар   Оқушылар  орындай  алады: 14 санының бір  таңбалы  екі   санға  жіктелуін түсіндіруді. Пәндік  лексика және терминология: 14 санының бір таңбалы  сандардан тұратын құрамы, қосу және  азайту компоненттері мен нәтижесі, қосу мен азайтудың байланысы. Сабақта диалог / жазу үшін пайдаланылатын тіл Талқылау: Қандай бір  таңбалы  екі  саннан 14  санының  құралатынын айтып  бере  аласың  ба? 14 санының  құрамын біле  отырып, қосу  мен азайтуды қалай  орындауға болатынын түсіндіре  аласың ба ? 6+8,16+8,14-7,24-7 өрнегіндегі азайтуды  түсіндір. Жазу: 14 санының құрамын  жаз.
Тірек білім,білік,дағдылар Ондықтан  аттап қосу және  азайту.
Құндылықтарды  дарыту Еңбек және шығармашылық  
   
Пәнаралық байланыстар Дүниетану пәнімен байланысты
   
Алдыңғы меңгерілген білім: 11, 12, 13 сандарының  құрамдарын  біледі.
 
Белгіленген  ууақытуақыт Жоспарланған жаттығулар ресурстар    
Сабақтың  басы     1минут             1  минут     1 минут                             1 минут                                «Психологиялық ахуал қалыптастыру» Қуанамын мен де , Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым, Арайлап атқан күнге. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. /оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./ Топқа  бөлу. 11,12,13,14 сандар жазылған    қима қағаздар арқылы топқа  бөлу. Ойын «Көршісін  тап» Сандар  жазылған  үй  жануарларының суреттері сол  арқылы  сандардың  көршілерін  тауып  тұрады. Мақсаты:Оқушыларды  шапшаңдыққа, сандардың орындарын,көршілерін  табуға  үйрету.    Бағалау  «Үш шапалақ»арқылы «Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы. « ББҰ» кестесімен жұмыс.  Білемін           Білгім     келеді    Үйрендім 11,12,13   сандарының  құрамы 14  санының  құрамын          Кестенің  алғашқы екі жолын толтыру. Жұбымен ой бөлісіп,талқылау. Қызығушылықты ояту. Хатты қандай жәшікке  саламыз? Мақсаты:Оқушылардың  қызығушылықтарын, белсенділіктерін               Көңілді әуен қосып қою.   Сандар                   жазылған  қима қағаздар   Үй жануарларының суреттері                         «ББҰ»     кестесімен жұмыс                                        
    3 минут                   3 минут                                                                             дамыту,жаңа ақпаратты білуге  ұмтылыстарын арттыру. Бағалау: «мадақтау» арқылы  « Алма терейік  »   ойыны                               Мақсаты: жылдам есептеу дағдыларын анықтау, еңбекке қабілеттілігін арттыру, өткенді қайталау. Санның құрамын анықтайды. Бағалау: «жұлдызшалар» арқылы Қол.Бас.Жүрек. -Балалар, бүгінгі  сабақта  3 көмекші  қажет  болады. Олар: бас, қол, жүрек.        -Біз бүгінгі сабағымызда миымызбен  жақсы  ойланып, ойлағанымызды қолымызбен  іске  асырып,  мейірімді  жүрегімізбен    сезіну   керекпіз.                                                                                     Оқушылармен  диалог   құру                                                                            Қандай бір  таңбалы  екі  саннан 14 санының  құралатынын  айтып  бере  аласың ба?                                                                                                                    14  санының  құрамын  біле  отырып, қосу  мен азайтуды қалай  орындауға болатынын түсіндіре  аласың ба ?                                                     6+8,16+8 жағдайында сандарды қалай  қосатынын түсіндір. 14-7,24-7 өрнегіндегі азайтуды түсіндір. Топтық тапсырма: « Парашют  »  ойыны                                                          Мақсаты: Бір  таңбалы  екі  таңбалы сандарды  ондықтан  аттап өту  арқылы қосу және  азайтуды  тез орындап, түсіндіру. -Ендеше, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай болмақ? Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.                         11,12, 13 санда рының құрам дары  жазыл ған алма лар
   
5 минут Сабақтың   ортасы                 2 минут                                     5 минут             3минут                                 3 минут             1 минут                 2минут               4 минут                         3 минут                         Сабақтың соңы 2минут Кері  байланыс   Рефлексия. «Табыс ағашы»   Жаңаны  ашу. Толтырылмаған   үйшіктер  үлестіру. Жеке  жұмыс   Бағалау критерийі Дескриптор   14 санының  құрамын біліп, құрастырып, қолданады. -екі таңбалы сандарды таниды; -14 санының біледі, құрастырады,түсіндіреді, қолданады. Бағалау «смайликтер»арқылы Өздік  жұмыс. Бағалау критерийлері – қосудың  белгісіз  компонентін таба  аламын. -14 санының  құрамын  білемін. -кері  амал  құрастыра  аламын. «Бәйге» ойыны.  Топтарға  есептер жазылған аттар  беріледі.1,2,3  орын  беріледі. Мақсаты: оқушының  қызығушылығын арттыру, топпен бірлесе жұмыс  жасауға дағдыландыру. Бағалау «Жұлдызшалар» Жұптық жұмыс. Мақсаты:Жұппен жұмыс  жасауға, бірігіп  шешім  қабылдауға  үйрету Жұппен  орындау. Бағалау критерийі Өрнек құрастырып, мәнін  таба  аламын  Сергіту  сәті:                                                                                                                            14 санының  құрамымен таныстық,                                                                          14 деген  7 мен 7 екен, 14 деген 8 бен 6 екен, 14 деген 9 бен  5 екен. (Ө, Ж.)Берілген заңдылық бойынша тізбек құру. Оқушыларға қима қағаздар таратылып беріледі. Тапсырмада көрсетілген реттілік бойынша тізбекті толықтыру қажет. Тапсырманы «жұптық әдіс» арқылы тексереді, орындау тәсілін айтады, қорытынды шығарады.                                                                                  Бағалау.«смайликтер» арқылы  «Матрешкалар»   Мақсаты: оқушының жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау,сыни ойлауын дамыту, белсенділігін арттыру. Топтар  арасында  жарыс  түрінде өтеді       Қалыптастырушы   бағалау Оқушының  аты- жөні:———————————————-                                                                      Оқу  мақсаты:2.1.2.4. бір  таңбалы сандарды ондықтан  аттап  қосу кестесін құрастыру,білу және қолдану.           Ойлау  деңгейлері                                                         Бағалау   критерийлері Қолдану   Бір таңбалы,екі таңбалы сандарды анықтайды. Қолдану Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосады. Тапсырма Сандардың  құрамдарын  жаз.Қосуға кері  амал құрастыр.Мысалдар құрастыр. Бағалау  критерийлері                   Дескрипторлар Бір  таңбалы, екі  таңбалы  сандарды  біледі.         бір  таңбалы  сандарды таниды; екі  таңбалы сандарды  таниды; бір таңбалы  сандарды ондықтан  аттап  қосуды  біледі; екі қосылғыштан санның құрамын  жылдам және  дұрыс таңдайды.         Бір  таңбалы  сандарды  ондықтан  аттап   қосуға  және азайтуға мысал  келтіреді. бір  таңбалы  сандарды  қосуда бір  жағдайды екі рет  қайталамайды; -кері  амал  құрастырады; -мысалдар келтіреді.   « ББҮ» кестесінің  соңғы  бөлігін толтыру.    (Сабақ басындағы)  
  Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс Сабақтың басынан соңына дейін бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіп отырамын. Деңгейлік тапсырмалар пайдаланып, көмекке мұқтаж оқушыларға қолдау көрсетіп, саралау жүргіземін. Мен тапсырма құруда бүгінгі сабақтың жалпы мақсаттарына сәйкес саралаудың жіктеу тәсілі aрқылы жұмыс жасадым. Сабақ барысында көмек қажет ететін балалардың қасына барып қолдау көрсетемін. Деңгейі әр түрлі тапсырмалар құрдым. Кейбір оқушыларға жоғары деңгейлі шығaрмашылық тапсырма дайындадым. Жалпы менің дайындаған тапсырмaларымның барлығы оқушылардың мақсатқа жетуіне бағытталған. Оқушылардың ойларын шоғырландыру үшін: «Көршісін тап» ойыны  арқылы өткен тақырып қайталанды.«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы арқылы оқушылардың біліктілігін дамытамын.  Қалыптастырушы бағалауға арналған деңгейлік тапсырмаларды ұсынамын.              Кері байланысқа «ББҮ кестесі» әдісін қолдандым. Сабақ қорытындысын «Табыс ағашы» әдісімен аяқтаймын.   Сабақта сергіту «14 санының құрамы » әдісі Оқушылардың партада дұрыс отыруларын қадағалау.   Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? Менің бүгінгі сабағымдағы оқу мақсаты мен сабақ мaқсаттары оқушыларға қолжетімді болды деп ойлаймын. Оқушылардың көпшілігі бүгінгі сабақта 14 санының құрамын  білді деген сенімдемін. Деңгейлік тапсырмаларды бере отырып жүргізілген саралау жұмыстары оқушылардың сабақ мақсатына жетуіне оң әсерін тигізді деп ойлаймын. Сабақтың кезеңдерінде өзім жоспарлағанымдай уақытты тиімді пайдаландым  деген ойдамын.   Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?    Кейбір оқушылар тапсырманы тез уақыт аралығында орындайды. Келешекте сондай оқушылармен жеке жұмыс жасап, оларға  әр түрлі деңгейдегі жоғары деңгейдегі тапсырмалар дайындаймын.