Абай лирикасы және аудармалары


Анапина Орынкуль Айтжановна

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақ: Қазақ әдебиеті Мектеп: Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі          Абай лирикасы және  аудармалары    
Күні:  06.11. 2019ж. Мұғалім:  Анапина Орынкуль Айтжановна
Сынып: 6 Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспағандар:
Бөлім атауы 3-бөлім. Адамгершілік – асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: Абай лирикасы және  аудармалары  
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық  мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Барлығы: шығарманың мазмұнын түсінеді. Көпшілігі: шығармамен танысу арқылы  көтерілген әлеуметтік-қоғамдық идеясын анықтайды. Кейбіреулері: шығарманы өмірмен байланыстырады, белсене ат салысады.
Ресурстар Оқулық, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, микрофон
Жетістік критерийлері: -мәтінді түсініп, сұрақтарға жауап беріп, қарасөздерді құрылымы бойынша сәйкестендіреді.-мәтін бойынша көтерілген идеяны жазады.-мақал-мәтелдердің ішінен тақырыптың идеясын анықтайтын мақалды анықтайды, өмірмен байланыстырады.
Ойлау дағдыл.-ң деңгейі Білу, түсіну, қолдану, анализ, бағалау
Тілдік мақсаттар: Сөздікпен жұмыс. Қарасөз.
Құндылықтарды дарыту Оқушылар бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, оқушының сыни тұрғыдан көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, өзін-өзі тану
АКТ қолдану дағдылары Оқулық, билимленд, үлестірмелі парақшалар
Осыған дейін меңгерілген білім Жетінші сөздегі көркемдегіш құралдар.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы 5мин (1 мин)                   Қайталау кезеңі (4 мин)               Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа деген дайындығын қадағалау. Психологиялық ахуал. Абай ақын туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқиды. 1.Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап, тоқы көңілге. 2. Сөз мәнісін білмесең, Өлең оқып не керек? Не айтқанын сезбесең, Жарапазан не беред? Қайталау. Жетінші сөздегі көркемдегіш құралдар. Өткен сабақтың мақсаты бойынша қайталау Білдім: Жетінші қарасөзін біледі. Қолдандым: мәтіннен көркемдеуіш тәсілдерді анықтайды. Өзім орындай аламын: көркемдеуіш тәсілдерді пайдаланып, әдеби эссе жазамын. «Үздік эссені» оқу, бағалау.   Бағалау: мұғалімнің мадақтауы     Интербелсен-ді тақта Үлестірмелі қағаз                 Оқулық
Сабақтың ортасы 30 мин Тақырыпты ашу (1 мин)   Мақсат айту (1 мин)           Сөздікпен жұмыс ( 1 мин)           Сөзге сұрақ қою (1 мин)         Бейнебаян тамашалау.  (1 мин) Үнтаспа (аудио) (1 мин)     Сұрақтарға жауап беру (7 мин)         1-тапсырма (2 мин) Тексеру (2 мин)                   2-тапсырма Жызылым ( 3 мин) Тексеру (2 мин) 3-тапсырма ( 3 мин)     Сергіту сәті (1 мин) Жаңа тақырыпты ашу. 20 25 37 11 3 38 23 38 18 34 38 24  21 11     Жаңа тақырыпқа мақсат қою: Менің мақсатым… Оқу мақсатын бірінші таныстыру 1.Білгім келеді… 2.Қолданғым келеді… 3.Өзім орындағым келеді… Жаңа тақырып. “А.Құнанбаевтың отыз бірінші қара сөзі” Сөздікпен жұмыс (сөздерді хормен айту) Сөздерді ауызша сұрау   Ғибрәтлану-ғибраттану, үлгі алу. «Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз». Тұшыну-ынтығу, құмарлану, мейірлену. Кесел-залал. Құмарлық-қызығушылық, әуестік, ынтықтық. Күллі-барлық, бүкіл. Уайымсыздық – еш нәрсеге алаңдамаушылық.
Салғырттық – әр нәрсеге жай, салақ қараушылық.
ҒибрәтлануТұшынуКеселҚұмарлықКүлліБЕЙНЕБАЯН тамашалау (1 мин) ТЫҢДАЛЫМ. Мәтінші тыңдау.  (1 мин) Мәтінмен жұмыс. Билимленд сайты бойынша мәтінді тыңдайды. -Оқушылар «Билимленд» сайтынан Абайдың жетінші қарасөзін тыңдаймын. Саусағымызды кітапқа қою, мұқият тыңдаймыз. Мәтінді өздері бір қайталап оқыйды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.  ХV (67-бет 1-2 сұрақ) 1.Абай қарасөздерінен қандай өмірік ұстаным шығаруға болады деп ойлайсыңдар?   Өз өмірлеріңе, іс-әрекеттеріңе септігін тигізетін қорытынды жасай алдыңдар ма? Сараптама жасайық.   2.Абай қандай құндылықтарды сөз етеді? Бұл құндылықтар адамзат үшін маңызы қандай? Нақты дәлелдер келтірейік. 1-тапсырма. Қарасөз құрылымы бойынша сәйкестендір. Ой кеселді нәрселерден қашық болу 4 Көкірегі байлауы берік болмақ керек СЕНУ КЕРЕК 3 Сол нәрсені көргенде я естігенде ғибрәтлану, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек 1   Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек   2 Бағалау: өзін-өзі тексеру (қол көтеру) 2-тапсырма.  Абайдың отыз бірінші қарасөзінің идеясын 2-3 сөйлеммен жаз. Негізгі идеясы:   Бағалау: «Екі тілек, бір ұсыныс» 3-тапсырма.  Мәтіннің идеясын ашатын сөйлемді анықтаңыз. Сөйлемді өмірмен байланыстырып айтыңыз. Сөйлемдер 1. Ой кеселдерінен аулақ болу 2.Естіген нәрсені ұмытпастықтың жолдары 3.Жан мен тәннің құмарлығы Бағалау: мұғалім мадақтауы (жақсы, жарайсың)  
    Интербелсен-ді тақта                                 Билимленд https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/6-synyp/lesson/abaj-qunanbajuly-otyz-birinshi-qarasoz   Үлестірмелі қағаз                         Интербелсен-ді тақта
Сабақтың соңы (4 мин) Тексеру ( 2 мин) Бекітуге арналған тапсырмалар.  Тест тапсырмасы. Тест 1.Естіген нәрсені ұмытпастықтың неше түрлі себебі барын көрсетіңіз.    А) 3   В) 4 +  С) 2   Д) 6 2.Абайдың отыз бірінші қарасөзіндегі ой кеселін көрсетіңіз.  А) ойыншы-күлкішілдік+  B) мазасыздық C) ұйқышылдық  Д) көпсөзділік 3. «Ғибрәтлану» сөзінің мағынасы    А) ғибраттану, үлгі алу. +    В) құмарлық    С)  қарасөз      Д) залал 4.Естіген нәрсені ұмытпастықтың төрт түрлі себебінің бірін белгілеңіз. А) ой кеселі нәрселерден қашық болу керек+ B) адалдықпен өмір сүруге тырысу керек C) бала тәрбиесімен айналысу керек  D) көп кітап оқып, білімін жетілдіру керек 5.Естіген нәрсені ұмытпастықтың төрт түрлі себебінің бірін көрсетіңіз. А) сол нәрсеге қатысты мол деректер жинап, мағлұмат алу керек  B) сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек+    C) сол нәрсенің шыққан тегін зерттеп, тарихи негізіне үңілу керек Д) сол нәрсеге өзгелердің қызығушылығын арттыра білу керек Бағалау: өзін-өзі бағалау.     Үлестірмелі парақшалар         Интербелсен-ді тақта
Үйге тапсырма (1 мин) Абай айтқан ой кеселдерден құтылудың жолын көрсетіп сыни хабарлама жазайық. Оқулық
Рефлексия (1 мин) Менің мақсатым… 1.Білдім…   2.Қолдандым…          3.Өзім орындай аламын… Интербелсен-ді тақта