«Уй құстары»


Жетыбаева Майда Оралбековна

воспитатель № 71 «Мөлдір» г. Нур – Султан

Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтың қызметі Тәрбиешінің қызметі
Мотиватциялық қозғаушылық «Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті, амандасайық».  Біз бір — бірімізге алақанымыз арқылы жылу беріп жылы сөз айтып амандасып алайықшы Күнге қарап қолымды Бір, екі, үш деп соғайын Қарап тұрған көршіме Мен қолымды бұлғайын Жылы-жылы жүзбенен, Жылы-жылы сөзбенен Жүрегімді сыйлайын Балалар, бүгінгі күндерің көңілді, сәтті өтсін! Орнымызға отырамыз. Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
-Жыл мезгілдерін атап беріңіздерші?
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? Оларды ата? -Көктемде ауа-райы қандай болады?
Балалар бүгін бізде коммуникация саласы бойынша сөйлеуді дамытудан  “Үй құстары” тақырыбында ашық оқу-қызметі болады.
Сәлеметсіздер ме?   Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең шумақтарын қайталайды.               Бір жылда 4 жыл мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз, күз Қазір жылдың көктем мезгілі. Көктем мезгілінде 3ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр
Ұйымдастырушылық – ізденістік                                                                                                                                                                                                                                       – Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? -Сендер қандай ертегі білесіңдер? – Олай болса қазір қиял-ғажайып еліне саяхаттап, серуендеп емес, қиялдап, көзімізді жұмып барамыз. Қәнекей бәріміз көзімізді жұмайық.   (Сиқырлы әуен ойналады) – Балалар біз қиял-ғажайып еліне жеткен сияқтымыз, көзімізді ашайықшы. Біз қайда келдік? Балалар мынау тұрған не? Ол үйде кім бар екен? – Сендер тыныш отыра тұрыңдар, мен барып мына тұрған үйшікті қағып көрейін. – Тук-тук, кім бар екен? – Мен бармын. – Сіз кімсіз? – Мен қиял-ғажайып еліндегі ертекші әжеймін.   – Ооо, жақсы болды ғой. Біздің ертегі тыңдағымыз келеді. Сіз бізге “Үй құстарына” байланысты ертегі айтып бересіз ба? – Сендер мені мұқият отырып тыңдасаңдар ғана айтып беремін. – Жарайды, келістік. Біз ертегіні тыныш отырып тыңдауға сөз береміз. – Олай болса мен сендерге “Екі әтеш” ертегісін айтып берейін. (“Екі әтеш” ертегісін айтып береді) Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып-қағыпты.          Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды.          — Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп, тыңқия бір тойсам-ау, – дейді.          Сөйтеді де, шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын алады. Сұр әтеш бір рет елемегенсиді, екінші рет абайламаған болады. Тіпті қоймаған соң, ақырында ызаланып, ол да шұбар әтешті шоқып алады.          Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, бірі мен бірі төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-жұлым болады.          Бұлар өстіп қызыл шеке болып жатқанда, көршінің балапандары келіп, жемді түгін қалдырмай жеп кетеді. Балалар ертекші әжейдің ертегісі сендерге ұнады ма? – Сіздің ертегіңіз бізге қатты ұнады. Енді біз өз елімізге оралайық. Рақмет сізге, ертекші әжей. Сау болыңыз!   – Сауболыңдар балалар! – Балалар біз елімізге оралу үшін тағы да көзімізді жұмып қайтуымыз керек. (Сиқырлы әуен ойналады) Балалар көзімізді ашсақ болады. Елімізге келдік. – Біз жаңа қай жаққа саяхаттап келдік? – Ол жақта кім бар екен? – Иә. Ертекші әжей бізге қандай ертегі оқып берді? – Ертегінің ішінде қандай кейіпкерлер бар екен? – Иә, дұрыс айтасыңдар. Әтеш, балапандар үй құстарына жатады. – Балалар, қәнекей бәріміз тақтаға назар аударайықшы. – Балалар мынау не? Мынау тауық.  Шұбар тауық екен. Балалар біз тауықты орысша қалай атаймыз?  Ал мынау не? Міне мынау жұмыртқасы. Жұмыртқасының түсі қандай? Мынау қандай құс?Ал мынау-үйрек. Үйректіде адамдар өздері асырайды. Бұл құс суда жүзгенді ұнатады. Мынау қандай құс? Ал балалар мынау қандай құс? Балалар қаздың мойнына қарайықшы,Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Мынау қандай құс? Балалар әтеште үй құсына жатады.Ол таңертең күнмен бірге жарысып адамдарды ұйқыдан оятады.Балалар, үй құстары немен қоректенеді? – жеммен қоректенеді.  Тауық, үйрек, қаз, әтеш – бұлардың бәрі үй құстары деп аталады. Олар көктемде балапан басады. -Балалар дала құстарымен үй құстарының айырмашылығы қандай? Дұрыс айтасыңдар балалар үй құстарын адамдар асырайды, дала құстары далада өмір сүреді. Балалар ал үй құстарының адамдарға қандай пайдасы бар? Дұрыс айтасыңдар үй құстарының адамдарға пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп, асырайды. Қора жасайды, ұя салады, жем береді, ыдысқа су құйып береді, ұя маңын тазалайды, балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.  Бәрекелді балалар сендер үй құстары туралы көп мағұлымат біледі екеңсіндер. Дидактикалық ойын: Не артық? – Балалар ал сендер үй құстары жайлы тақпақтар білесіңдер ме?               –     Өте тамаша! Балалар бағанадан бері ертегі тыңдап, үй құстарымен,үй құстарына байланысты тақпақ айтып шаршаған боларсыңдар. Қәне, бәріміз ұйықтап демалып алсақ қалай қарайсыңдар? (кукари-кукук” – деп тауық кіреді.) – Сәлеметсіңдер ме, балалар! – Балалар мені таныдыңдар ма? – Жарайсыңдар! Балалар мен  өзімнің балапандарыма сыйлық жасайын дегем. Олардың суреттерін маған жапсырып бересіңдер ме? – Иә, онда тауық сіз дәл уақытында келдіңіз,  бізде бүгін “Үй құстарына” байланысты ашық оқу-қызметі өтіп жатқан болатын. Сіз уайымдамаңыз біздің балалар сізге балапандарыңызды жапсырып береді.Төрге шығыңыз. Рахмет балалар. – Балалар сендердің түрлеріңе қарасам қатты шаршаған сияқтысыңдар. Қәне бәріміз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасап алайық. Балалар орындарынан тұрып тақтаға қарап сергіту жаттығуын жасайды. – Жарайсыңдар! Балалар олай болса біз тауыққа көмек көрсетейік. Оған балапандарды жабыстырып берейік. Олай болса маған мұқият қараймыз. Бізге жапсыру үшін не керек? Балалар бұл не? Балапанның түсі қандай? Балалар балапанымыз 2 бөліктен тұрады. Басы және денесі. Біз бірінші қағазымыздың дәл ортасына балапанымыздың басын жапсырып аламыз. Ол үшін түссіз жағын өзімізге қаратып,столымызға қойып аламызда, оған желім жағамыз. Желім жағылған балапанымыздың басын қағазымыздың дәл ортасына жапсырамыз. Жапсырып болған соң сүлгімен ақырын басамыз. Енді денесін жапсырамыз.   Болған соң желімнің аузын жауып орнына қоямыз. Қолымызды сүлгімен сүртеміз. Балалар түсінікті болса орнымыздан тұрып столға барайық. Жұмысымызды бастамас бұрын саусақ жаттығуын жасап алайық. Саусақ жаттығуы: Менде бар он саусақ, Оның бәрі менікі. Мен оны жұмамын, ашамын. Жұмамын, ашамын, Екі қолдың саусақтарын біріктіремін. Балалар балапанды жапсырады. Жұмысты қорытындылау: Балалар біз не істедік? Нені жапсырдық? Түсі қандай екен? Ненің баласы? – Өте тамаша. Рақмет сендерге балалар! Менде сендерге өзіммен бірге силық ала келдім. Сендерге қонаққа келерде мынадай ішінде тәттілері бар сиқырлы жұмыртқаны беремін Апайларыңа беріп кетейін. Сауболыңдар!     – Иә, ұнайды.   – Иә.     Орманға -үйшік                                                                               – Иә.   – Барлығы көздерін жұмады.           – Ертегі еліне. – Ертекші әжей.   – “Екі әтеш”   – Әже, ата, екі әтеш және балапандар.       -Тауық   -Курица -Жұмыртқасы -ақ -үйрек -қоңыр    -қаз – ұзын    -ұзын    -Әтеш.        -жеммен қоректенеді       -үй құстарын адамдар асырайды, дала құстары далада өмір сүреді. -жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды                         Арыстан: Үйрек айтты га-га-га, Шыға алмаймын жағаға. Су іздесең мұнда кел, Самал жел бар мұнда да.   Мағжан:  Қазым, қазым, қаңқылда, Көлде жүзіп салқында, Жем шашайын жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе? Жоқ, жоқ, жоқ Кәмпит тәтті, болмайды ас. Арпа менен бидай шаш. Дарина: Зерна курочка клюет, И яички нам несет Цыплятам говорит: ко-ко. Не уходите далеко.   – Иә.  – Балалар мұқият тыңдайды.    – Иә, балалардың бәрі көзін жұмып ұйықтайды. – Балалар тауықтың дауысынан оянып кетеді.
– Сәлеметсіз бе! – Иә, таныдық, тауықсың   -Балалар сергіту сәтін қимылмен қызыға орындайды                           Желім, қағаз, орамал Балапан Сары                                   Жапсырдық Балапанды Сары Тауықтың баласы
Рефлексиялық – түзетушілік                     Балаларды шеңберге тұрғызу Қорытынды: – Балалар, сонымен үй құстарына нелер жатады? Бүгін бізге қонаққа не келді? – Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер ашық оқу-қызметіне өте жақсы қатысқандарың үшін, жаңа тауық тастап кеткен мына сиқырлы жұмыртқаның ішіндегі тәттілерді сендерге сиға тартамын. – Ал балалар келген қонақтармен қоштасайық. – Сауболыңыздар! – Тауық, үйрек, қаз   – тауық – Иә.   – Балалар сиқырлы жұмыртқаның ішінен тәттілерді алады.   – Балалар қонақтармен қоштасады.