Дауыссыз дыбыстардың емлесі


Уткельбаева Айгуль Макажановна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың дауысты, дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін нығайту, сатылай кешенді талдау арқылы фонетикадан алған теориялық білімдерін қайталау. Сөздерге ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізіп, теориялық білімді бекіту, тиянақтау.
Дамытушылық: Ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту, өз ойын тиянақты жеткізуін қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлауын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ізеттілікке, достыққа, шапшаңдыққа, ұлтжандылыққа жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу, ана тілін құрметтеуге, ұлы тұлғалардың өсиеттерін бойына сіңіре отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, жинақтау сабағы.
Әдісі: топпен, жекелей жұмыс, тілдік талдау, ойын элементтерін пайдалану, сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта материалдары, үлестірмелі қағаздар, ұялы телефондар сатылай кешенді талдаудың сызбасы, шартты белгілер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
-Балалар, зкранда ненің суреті шықты?
1-слайд – Күннің
– Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?
– Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.
-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.
-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-бірлеріңізге түрлі-түсті қағаздарға тілек жазыңыздар, жазылған тілекті оқып шығып бір-бірлеріңе тапсырыңдар.
2-слайд.
Олай болса, оқушылар,
Күндерін сәттілікке толсын!
Сіздердің алар бағаларыңыз,
Кілең «бестік» болсын! –деген тілекті күн арқылы мен де сіздерге жолдай отырып сабағымызды бастайық
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-ҮЙГЕ НЕ БЕРІЛДІ?
Кезекшілер сөйлейді.
-Жақсы.Орындадық па?!
/Оқушылар жауабы/
-Олай болса,алдымен «Телефон» ойыны арқылы кім қалай, қандай деңгейде орындады соны көрейік.
-Жақсы, рақмет! Келесі жолы түсінбеген тапырмаларынды маған телефон соғып сұрап алыңыздар, жарай ма?!
-Ендеше,үй тапсырмасын тексеріп болсақ, балалар!
-Бастамас бұрын, топ атауларын таныстырайық.
Бірінші қатар «А» бекеті, А деген ол-аналар ғой ардақты.
Екінші қатар «Ә» бекеті, Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Үшінші қатар «Б» бекеті, Б деген ол-балалар ғой білікті. Біздің елде үшеуі де кәделі. (бірге)
– Бүгінгі тақырыбымыз «Дауыссыз дыбыстар емлесі» деп аталады.
1. ң, й, һ дыбыстарынан сөз басталмайды, олар сөздің тек ортасында не аяғында қолданылады. Мысалы:жаңа, ай, қайрат, қаһар,жай.
2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтың сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына аяқталмайды, олар тек орыс тілінен енген сөздерде қолданылады. Мысалы:актив, отряд, клуб. Б, в, г, д әріптеріне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталады: клуб — клубқа, актив – активке, педагог — педагогтен, завод — заводты. Сөз соныңда бұл дыбыстар қатаң болып айтылады.
3. Айыру (ь), жіңішкелік (ь) белгілері ешбір дыбыс білдірмейді, тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Сөздік түбірі жіңішкелік белгіге (ь) бітіп, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, ол түсіріліп, ал оған жалғанатын қосымша дауыссыздан басталса, жіңішкелік белгі (ь) сақталып жазылады: календарь — календары, календарьлық. Медаль — медалы, медальға, медальдан. Бір буынды сөз жіңішкелік (ь) белгіге бітсе, қосымша жінішке түрде жалғанады, ал сөз көп буынды болып келсе, қосымша сөздің соңғы буынына қарай жалғанады: ноль — нольге, нольді; февраль — февральда, сентябрь — сентябрьде, сентябрьден.
4. В, ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, цирк, кофе, борщ, лифт, шифр, цифр, очерк, центнер, циркуль т. б.
Ескерту. Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы ,кеще деген сөздерде ғана жазылады.
Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-саран жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние) т. б.
X әрпі орыс тілінен және араб-парсы тілдерінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: химия, археология, цех, хал, хат, тарих, кітапхана т. б.
5. Соңғы дыбыстар ог, уг және рк, рг, ик, мк, нк, кс, кт, ск, лк, окт, ель, брь, кль, бль, сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме сөздерге косымшалар жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: педагог тер, педагог-тік, бинокль-ді, парк-тен, пункт-тер, округ-ке т. б.
6. Жіңішкелік белгісіне аяқталған бір буынды кірме сөздер мен соңғы буынында е, э дыбыстары бар кірме сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі сақталады да, дауысты дыбыстан басталатын, қосымша жалғанғанда жіңішкелік белгісі жазылмайды. Мысалы: рольдері және ролі, осьтері және осі, дуэтке, актердің т. б.
7. Кт, нк, нд, нг, мп, мб, ск, кс, фт, рв сияқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме термин сөздерге дауыссыз дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның арасына дәнекер ретінде қысаң ы не і дыбысы жазылады. Мысалы: факт-і-лері, танк-і-ге, митинг-і-ні, объект-і-лер, штамп-ы-лау, киоск-і-ні т. б.
8. Қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына немесе ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен кірме сөздерге қосымша жалғанғанда, қосар дыбыстың соңғысы немесе соңғы т, ть, д дыбыстары дыбыстары түсіріліп
жазылады. Мысалы: металл — метал-ға, класс —клас-тын, грамм — грам-дап, прогресс — прогрес-тік, трест — трес-ке, съезд — съез-ге, поезд — поез-дан, ведомость – ведомос-қа т. б. Сабақ топтық сайыс ретінде өтпек. Енді осы дауссыз дыбыстардың сөз басы, ортасы, аяғында келетін үлгілеріне сатылай кешенді талдау жасау арқылы жұмыс жүргізейік.Сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезең «Сырлы сөз» деп аталады. Әр топқа жасырын сөздері бар қанатты сөздерді беремін, соны табуға тиіссіздер. Шартты белгілер:

O – жалпы дыбыс

– дауысты дыбыс

– дауыссыз дыбыс

Ø –жоқ деген белгі
1-қатар сұрақтары:
«Ұлы … ұрпағын үкілейді».Халық сөзін сөз құрамына талдаңыздар.
2-қатар сұрақтары
«Бір мақсат, бір …, бір болашақ». Мүдде сөзіне сөзсазындық талдау жасаңыздар.
3-қатар сұрақтары:
«Елін сүйген, елі сүйген …» Елбасы сөзіндегі дыбыстарға математикалық жолмен сипаттама беріңіздер.
«Кім жылдам?» ойыны.
1-қатарға
Қай жағынан оқысаңдар да, белгілі бір мағынаны білдіретін 10-15 сөз теріп жазыңдар.
Түс – сүт, сақ – қас, лақ – қал, сал – лас, қазақ, қызық, құс – сұқ, тақ – қат..
2-қатарға
1. Бірдей дыбыстан басталып, бірдей дыбысқа аяқталатын сөздерді ата(Алма, іні, ынталы, арна, арпа, әже, өлке, арба, айна, аққала,асық, қақ, балық, жастық, қар, тас, төл, сал, қыр, мал.қызық, қалақ, нан, нән, шаш, тат, қақ, ана, ара, ата, ене, есе т. б)
3-қатарға
1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
«Ертегі кейіпкері».Барлық оқушыларға ұялы телефон суретінің артына жазылған сұрақтар беремін. Әр оқушы өзінің жауабын айтады, дәлелдейді.
1-қатар сұрақтары:
1) Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)
2) Әліпби қандай сөздердің бірігуі арқылы жасалған? (алиф пен би-жазуда қолданылатын әріптердің реті)
3) Қазақ халқы латын әліпбиіненорыс әліпбиіне қашан көшті? (1940 ж.)
4) Қазақтың төл дыбыстарын ата? (а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү)
5) Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
6) Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде кездесетін дыбыстарды атаңыз.(и, у, э)
7) «А» дыбысын сипаттап беріңіз.
2-қатар сұрақтары:
1) Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан және жіңішке)
2) Ашық дауысты дыбыстарды атаңыз. (а, ә,о, ө, е, э)
3) Еріндік дауыстылар дегеніміз не?
4) Сөздің барлық буынында жазылатын әріптерді ата (а,алақай, ереже; е)
5) Ы дыбысына сипаттама беріңіз.
6) Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
3-қатар сұрақтары:
1) Дауыссыз дыбыстардың саны нешеу (26)
2) Дауыссыз дыбыстардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
3) Қатаң дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
4) Салдырдан үні басым болып келетін дауыссыздардың қай түрі? (үнді)
5) «Б» дыбысы қандай дыбыс? (ұяң)
6) Дауыссыз дыбыстан кейін келген «у» дыбысы қандай болады? (дауысты қызметін атқарады)
«Тіліміз мәңгі, елдігіміз еркін болғай» кезеңі. Әр қатардан бір бала шығып, мақал – мәтел айтып жарысады. Қайсысы кідіріп қалса, сол жеңілген болып саналады.
1 – топ: Тіл сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме беру.
2 – топ: Сөз құрамына лексика-грамматикалық талдау жасау.
3 – топ: Сөз сазындық талдау;
Оқушыларымның сатылай кешенді талдау ұнағаны соншалықты төрт жолды өлеңдерінде арнады.
Бар сенің сан қызық жаңалығың,
Үйренуден жалықпаймыз,талдауын.
Болсақ егер ең сауатты оқушы,
Сенің арқаң сатылай кешенді талдауым.
Бағалау: Топ басшысына берілген бағалау парағы бойынша, ұпай санымен бағалау, ауызша айтқызу.
Үйге тапсырма беру: «Мәңгілік ел» тіркесіне сөзсазындық талдау жасау.
Сабақты қорытындылау:Жүсіп Баласағұнның «Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле – біле» деген нақыл сөзімен қорытындыланады. Мен үшін сабақ беру үйреншікті жәй ғана емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер болса, сіздер үшін сол өнерді бойларыңызға дарыту міндет болсын

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *