Қазақ тілі сабағы “Әбілхан Қастеев. Жіктеу есімдігі”


Тана Аманжолова

 

Күні 12.12.13ж

Сынып: 9 «Б» – сынып

Пәні Қазақ тілі

Тақырыбы Әбілхан Қастеев. Жіктеу есімдігі.

Мақсаты

  1. Қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы әңгімелей отыра, оқушылар автор жайлы мағлұмат алады.
  2. Оқушылар тілдік, сөздік қорларын қалыптастыру барысында жіктеу есімдігін ажырата білуді үйренеді.
    3.Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке баулу арқылы эстетикалық тәрбие беріледі.

 

Нәтижесі

Суретші туралы мағлұмат біледі. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен жұмыс жасайды. Өздігінен және уақыт үнемдей отыра, берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз деңгейлері бойынша жаттығулар, тапсырмалар орындайды. Жіктеу есімдігін ажырата алады. Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді.

 

Сабақтың кезеңдері Бөлінетін уақыт Дерек көздер Жұмыс түрі Әдіс-тәсілдер Ескеретін жайттар
Ұйымдастыру кезеңі 2-3мин АКТ Амандасу.- Сәлеметсіздер ме, балалар және құрметті қонақтар. – Балалар, бүгінгі сабағымызға сыйлы қонақтар келіп отыр. Сондықтан сіздер сабақта белсенді жұмыс жасайды деген ойдамын.Бірлескен еркін атмосфера ортасын құру. Таратылған сөздердің мәнін ашатын белгіні анықтау арқылы орныңды тап.

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (қадағалау, бақылау, топқа бөлу, ынталандыру) Сыныптың психологиялық-эмоционалдық ахуалын қадағалау.Ережені ескеру. 
Үй тапсыр- масын тексеру 3 мин 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ресурстар, түрлі-түсті стикерлер,маркерлер а) Аударма сөздік жұмысы. Берілген сөздер тізбегі.Мастер –шебер, художественная академия-көркемсурет академиясы, изобразительное искусство-бейнелеу өнері, графика- кескіндеме, вигура, скульптура, статуя – мүсін, прикладной-қолданбалы,формировать- қалыптасу, выставка-көрме, первые вступление- алғашқы қадам, ерекше атауға болады – можно особо подчеркгуть,личность – тұлға;б) Әр топ бір –біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды.

– Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер?

– Қазақ бейнелеу өнерінің ежелгі түрі?

– Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы тұлғаларды ата

СТО 

Диалогтік оқыту (сұрақ қою түрлері арқылы)

 

 

Топ мүшелерін бір-бірінің жауабын мұқият тыңдап, дұрыс бағалай білуге машықтандыру.Сұрақты дұрыс құрастыра білуге дағдыландыру.
Жаңа сабақ 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

Шығармашы

лық жұмыс

 

 

 

Өздік жұмысы

2 минут 

 

 

10 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

5-6 минут

 

 

 

5-6 минут

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

7минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ресурстар, АКТ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

түрлі-түсті стикерлер,маркерлер

 

 

 

 

1. Сабақтың тақырыбы: Әбілхан ҚастеевСабақтың эпиграфы: «Суретші құдіреті – өмірден өзін, өзінен өмір жасай алуында»Сабақтың кіріспесін сіздерге берілген қосымша тапсырмадан бастасақ деймін. Сөз кезегі өздеріңізде.

1)Тақырып бойынша дайындалған мәтінді оқып, презентациямен таныстыру.

1. Әбілхан Қастеевтың өмірі

Қастеев, Әбілхан (1904-1973) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі.

Туып-өскен – жері Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Әкесінен ерте айрылған ол байдың жалшысы болып жұмыс істейді. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі халықтың қолөнері. Анасы Айғанша кілем, алаша тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан бала кезінен анасына ою өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі.

Ұсыныс: меңгерілетін сөздер

Әйгілі – известный

Негізін салушы – основоположник

Ежелгі – древний

Әкесінен ерте айрылған – оставшись рано без отца

2. Суретші туындылары.

Әбілхан Қастеев ұлттық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Оның шығармалары сан қырлы. Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның “Биік таулы мұз айдын” (1954), “Гүл ашқан алма” (1958), “Менің Отаным” (1959), “Жайлаудағы авто-дүкен” (1963), “Қапшағай ГЭС-і” (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.Суретшінің “Мектепте” (1930), “Түрксіб” (1932), “Жамбылдың портреті” (1937), “Ескі және жаңа тұрмыс” (1937-1941), “Аманкелді сарбаздары” (1970), “Жас Абай” (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Ұсыныс. Меңгерілетін сөздер:

Сан қырлы – разнобразное

Дарынды- талантливый

Шежіре – летопись

Туындылары – произведение

Назары – внимание

3.Суретшінің жетістіктері

1929 жылы тағдыр оны Алматыға алып келіп, екі жылдай Н.Г. Хлудовтың көркемсурет студиясында білім алады. 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді. 1934-1936 жылдары Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы кешкі халық шығармашылығы көркемсурет студиясынан сабақ алады. 1937 жылы КСРО Суретшілер одағына мүшелікке өтеді. 1942 жылы Алматыда тұңғыш жеке көрмесін ұйымдастырды. Осы жылы Ә.Қастеевке Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді. Екі жылдан соң Халық суретшісі атағын алды. Бүгінде даңқты суретшінің атында көшелер мен мектептер, Жаркент қаласында өнер мұражайы бар. Ал Шымкентте Ә.Қастеев атындағы көркем сурет колледжі бар. Алматыда Ә.Қастеев атында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы бар.

Ұсыныс. Меңгерілетін сөздер:

Тағдыр – судьба

Тұңғыш – впервые

Өнер қайраткері –деятель искусстов

Халық суретшісі – народный художник

Өнер мұражайы – музей искусство

 

2)Тапсырма: Берілген сөздерді қолдана отырып, сөйлемдерді аудару.

1 топ 2-ші топтың дайын мәтінін аударады.

2 топ 3-ші топтың дайын мәтінін аударады

3 топ. 1-ші топтың дайын мәтінін аударады.

 

 

3) Берілген тақырыпта постер, коллаж құрастыру.

4) Сергіту сәті

 

5) Деңгейлік тапсырма

ΙΙΙ деңгей.

Берілген сөздерді аудар.

1.Суретші, шығармалары, қатысып отырды, таңғалдырады, жарқын құбылыс.

2. Жіктеу есімдіктерін қатыстыра отырып сөз тіркесін құрау.

Ол, біздің, оған, оның, сендер;

ΙΙ деңгей.

Сөйлемдерді көшіріп жазып, жіктеу есімдігінің астын сызу.

Біздің сыныпта ашық сабақ жүріп жатыр. Менің де көркемсурет студиясында оқып, суретші болғым келеді. Алматыда Мемлекеттік өнер мұражайы ашылып, оған Ә.Қастеевтің есімі берілді.

 

2.Мен сөзін септеу.

 

Ι деңгей.

«Әбілхан Қастеев – суретші» тақырыбына жіктеу есімдігін қолдана отырып, әңгіме құрастыру.

Суретші құдіреті – өмірден өзін, өзінен өмір жасай алуында. Осындай тұлғаның бірі – Ә.Қастеев. Оның туындыларына көпшілігі қызығады. Ол әр түрлі жанрда портреттер мен пейзаждар жасады. Ол қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшісі. Менің де Ә.Қастеев сияқты суретші болғым келеді.

 

 

 

 

 

 

Оқытудағы басқа

ру мен көшбасшылық.

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ-ны пайдалану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талантты және дарынды балалармен жұмыс.

 

 

 

 

Қалай оқу керектігін үйрену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талантты және дарынды балалармен жұмыс.

Топтық жұмыс

 

 

 

 

Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды 2 мин3 мин 1) ОйтолғанысКластер құрастыру «Ә.Қастеев кім? Оқушы үні Өз ойын ауызша айта білуге дағдыландыру
Үйге тапсырма 1 мин 1. Сөздер мен ережені пысықтау.2. ΙΙΙ деңгей 1-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.3. ΙΙ деңгей 1-тапсырма. Мәтін бойынша хронологиялық кесте дайындау.

4. «Ә.Қастеев туындылары» деген тақырыпта реферат әзірлеу.

Оқушының өз бетімен ізденуіне бағыт беру
Бағалау 2 мин БағалауМадақтау сөздермен ынталандыру  Бағалау критерийлері арқылы өзара бағалау формативтік бағадан, суммативті баға шығаруРефлексиялық бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *