Менің қарындасым


Утеуова  Шолпан Эмильевна

учитель казахского языка ГККП «Ясли-сад №22 «Нұрай» акимата города Темиртау отдела образования города Темиртау

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің қазақша атауларын айта білуге үйрету.

              Білімділік: Балаларды менің атамның аты немесе әжемнің аты… әкемнің аты…

              анамныңаты деген сөйлемдерді құрастыруға үйрету.                   

              Дамытушылық: Балаларды отбасы туралы бірнеше сөйлемдер құрай     

                білугедағдыландыру.           

Тәрбиелік: Балаларды үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ойын, сұрақ жауап, көрнекілік

Қолданылатын көрнекі құралдар:  отбасы мүшелерінің суреттері.

Қостілділік  компонент: аға-старший брат, әпке-старшая сестра, іні-младщий брат, қарындас-младшая сестра брата, сіңілі-младшая сестренка сестры.

Оқу қызметінің кезеңдері.      Педагогтің  қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:              

Қайырлы таң аға!

Қайырлы күн іні!

Қайырлы таң әпке!

Қайырлы күн сіңілі!

Қуанайық, қарындас

Арайлап атқан күнге!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? – күз мезгілі

Күз айларын кім айтады? – б/ж

Ұйымдастыру-шылық- ізденістік

Мұғалім балалардан  бүгін балабақшаға кіммен келгенін сұрайды. Балалар  анаммен, әкеммен т.б жауап береді

Келесі тапсырмадағы  сурет бойынша қарындас, сіңілі  сөздерінің  айырмашылығын  түсіндіреді.

Анаңның аты кім? деген сұраққа жауап береді.

Отбасы суретін көрсете отырып мынау кім?

Сұрағына жауап береді.

Мынау ана, мынау әке  т.б

Мұғалім балаларға «Отбасы» суретін көрсете отырып, қайталап, аға, іні, әпке, қарындас-сіңілі суретіне  тоқталады.  Балалар бүгінгі тақырыбымыз «Менің қарындасым» деп аталады.

Мұғалім балаларға түсіндіреді, ұл балалар өзінен кейінгі қызды қарындас, ал қыз бала өзінен кейінгі қызды сіңілі деп атайды.

Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Сіңілі-младшая сестра,  қарындас- младшая сестра.

Балалар  (жеке, хормен 3-4 рет)

«Көлеңкесін тап» ойыны ойналады

Мақсаты: балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: бала мұғалімнің айтқан адамын сұлбасына қарап табуы керек.

    Сергіту сәті:

Әкем  менің  – егінші

Шешем  менің  –  тігінші

Әжем  менің  – сауыншы

Атам болса – ол ұста

Бәрі-бәрі  жұмыста

Кеттім менде бақшаға  (Е.Сопыбеков)

«Кімге не керек?»  ойыны.

Мақсаты: балалардың зейінін дамыту.

Мұғалім балаларға қоржын алып келеді, көрсете отырып оның неге керек екенін айтады. Қоржыннан домбыраны, балғаны, ұршықты, моншақты көрсетіп  кімге не үшін керек екені туралы түсінік береді.

Шарты: балалар кімге не керек екенін сызба арқылы сыызып көрсетеді.

Саусақтармен  ойнайық  «Бес  саусақ»

Бас бармағым – атам  – үйдің  данасы,

Балалы  үйрек – әжем – ошақ анасы.

Ортан  терек – әкем – отау  панасы,

Шылдыр шүмек – анам – шаңырақ  ажары,

Титей  бөбек – мен – бәрінің  базары.

                   Е. Өтетілеуұлы.

Тапсырмаларды орындату арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын  дамытуға  ерекше көңіл  бөлінеді.

«Не артық?»   ойыны

Балалар суреттен не артық екенін айтады? (отбасы мүшелерінің суретінің ортасында  ана,әке, (қарындас-сіңілі), алмұрттың суреті болады, неге артық?, қалғандарын бір сөзбен не деп атаймыз? сұрақтарын қою).

Рефлексия-лық  түзетушілік

Тақпақ жаттау

Мой отец родной –  әке,

Мама милая – ана.

Моя бабушка –әже,

Мой добрый дедушка – ата. (үш-төрт рет оқып, балалардан сұрайды).

Педагог балалардан  бүгінгі оқу  іс- әрекеті  барысынан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Жаңа тақырыпты еске түсіріп қайталайды.

Мұғалім _______________Утеуова Ш.Э