Сценарий «Бақыт құсы»


Сағит Кенжегүл Жақияқызы

 №64 НОМ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі

«Бақыт құсы»

К.Ж.Сағит

№64 НОМ жанындағы

шағын – орталықтың тәрбиешісі.

Қарағанды қаласы.

Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ата-аналар! Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш  болсын!  

1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған ертенгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Бала:

Мамырдың бірі, достық күні

Ән салып, билеген халықтың үні

Түтасып, тойлаған ұлттар

Керемет мереке, мамырдың бірі.

Бала:

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!

Ән: «Шар»

Залға «Бақыт құсы» ұшып кіреді.

Жүргізуші:  Сәлеметсіз бе әдемі құс! Біз сізді танымай отырмыз, қандай құс боласыз?

Бақыт құсы: Амансындар ма балалар! Мен Бақыт құсы боламын.  Мен ұшып жүріп, өзіме мекендейтін жер табалмай жүрмін, өйткені мен ұшып барған жерімде ұрыс, соғыс болып жатады. Мынау қай мемлекет болады?

Жүргізуші: Бұл Қазақстан деген мемлекет.

Бақыт құсы: Қазақстан деген ел туралы естігенім бар. Маған айтып еді Қазақстан елінде әр ұлттар тату – тәтті өмір сүреді – деп, сол рас па?

Жүргізуші: Әрине рас, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз.

Бақыт құсы: Әдемі сөйлейсіндер, өмірде шынымен солай ма екен?

Жүргізуші: Маған сенбесеңіз, өзіңіз көріп тамашалаңыз.

Бақыт құсы: Жарайды көрейік.

Жүргізуші: Ендіше бәріміз Үндістаннан келген бишімізді ортаға шақырайық.

Үнді биі.

Бала:

Достықты үлгі санаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата-бабадан

Бірлік асыл мұрамыз.

Бала.

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз астыда

Бірге сайран құрамыз.

 Ән: «Достық әні»

Жүргізуші: Қазақ елі той тойлағанды жақсы көретін халық, сондықтан қазақ жігіттері  де тұлпарлармен шабуға дайын  тұр.

Би: «Тұлпарым»

Жүргізуші: Мерекені ойынсыз қалай өткіземіз?

Украин ойыны: «Қоңырау»

Бала:

Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос бауыр

Болмасын еш тосқауыл.

Бала:

Болсын жермен су да ортақ

Болсын қызыл ту да ортақ

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Бала:

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау

Жеміс толы бақша бау.

Жүргізуші: Орыс халқының қыздары бізді өз өнерлерімен таң қалдырмақ.

«Частушки»

Би: «Калинка»

Бала:

Достық – шырағымыз

Достық – ұранымыз

Достық туымыз

Достық әніміз.

Бала:

Аман сау болса балалар

Бақытты барлық балалар

Ай күні ортақ әлемде

Дос болайық бәріміз.

Жүргізуші: Мексика елінің жігіттері өз өнерлерін  ортаға салмақ.

Би: «Ковбой»

Ән: «Вместе весело шагать»

Бала:

Алыптар бас қосса

Халықтар достасса

Жеңіске жетеді

Жерде де ғарышта.

Бала:

Отан деген – атамекен

Отан деген – туған жер

Отан ана Отан үлкен

Қазақстан туған ел!

Жүргізуші: Испан халқының сәлемін қабыл алыныздар.

Испан биі.

Жүргізуші: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп – оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке – жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

Сондықтан әр уақытта бірлігіміз берік болсын, Еліміз аман болсын, ұрпақтарымыз жаманшылық көрмесін. 1 – Мамыр мерекесі құтты болсын.

Бақыт құсы: Шынымен бұл елде бәрі тату тәтті өмір сүреді екен, менің оған көзім жетті, енді мен бүкіл дүние жүзіне осындай  мемлекет  туралы  айтып мақтанайын. Сау болындар! Мен сендерге бақыт тілеймін!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»