«Қазақстан» өлеңі. Әдеби шығармашылық


Жакенова Арман Жаксылыковна

Нұр-Сұлтан қаласы, «Кәсіптік- техникалық колледж»КММ математика пәнінің оқытушысы

Қазақстан

Ардақты армансыз ел –Қазақстан!

Атағың, абыройың көкке ұштасқан,

Ерлік пен елдік атың бірдей шыққан,

Ұрпақтан- ұрпағыңа қалды дастан.

Елім бай, жерім кеңді ұлдары алып,

Атанды ұл еңбегі жалпы халық.

Жыл сайын миллион-миллиард астық беріп,

Келеді Қазақстан алды болып!

Қалықтап көк аспанда ұштың құс боп,

Бұл күнде елімізде ешбір мін жоқ.

Көретін қызық өмір алдымызда

Шығамыз, өнерлі елдің алды біз боп.

Босатпай мықты ұстаңдар табысыңды,

Қ а р қ ы н д а т, бұрынғыдан шабысынды.

Есігі Еркіндіктің ашылып тұр,

Қажырлы қайратты халқымыз сал күшіңді!

                                                                 Жакенова А.Ж.