Пайымдау есептерін шығару арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін жетілдіру


Умбеталиева Айжан

№24 жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында

елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдырнуымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,  шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет. Қазіргі заманда білім сапасын арттыру жолында, оқушыларға терең де тиянақты білім беру мақсатында физика пәнінің алатын орны ерекше.

            Физика – экспериментті ғылым. Сондықтан, физикадан өткізілетін оқу эксперименті оқушылардың физика бойныша алатын білімдерінің көзі және физикалық есептерді шығару әдісі. Есеп шығаруда оқушылардың қажетті логикалық ой тұжырымдары қалыптасады. Сондықтан, физиканы оқыту барысында оқушыларды есеп шығаруға үйретуге көп көңіл бөлу керек. Есептер шығару оқушылардың мектепте алған білімдерін практиакда қолдана білуге көмектеседі.

Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыру жолында физика пәнінің алатын орыны ерекше. Физика мамандығын жақсы оқыған оқушы қай пәнге де бейім болатынын педагогтардың ұзақ жылғы тәжірибесінен байқауға болады. Бір қызығы, мектеп оқушыларының көбі физика пәні десе жақсы оқитындары болмаса, өзгелері онша қалай қоймайтыны бар. Бұл неден деп ойланыуымыз дамүмкін?. Оқушыны мектеп табалдырығын аттаған күннен пәнге ынтасын арттырып, ықыласын оятып, қызықтырып отыруы керек екен. Соңғы жылдардағы аласапран кезіңде бұл пәнге қажетті көрнекті құралдардың, оқулықтардың, қызықты физикалық есептердің азайып кетуінен де болған секілді. Мұғалімдер қауымы тек оқулықпен шектеліп сондағы есептердің шеңберінде ғана сабақ беріп келеді. Оның үстіне тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы төл оқулықтарымыздың сапасы да көңіл көншіте қоймайды. Соңғы жылдары ұлттық біріңғай тест сынағына қатысқан оқушылардың көбіне физика пәнінен сүрініп жатады. Ал ол пәнді жақсы оқыған ұл мен қыз өзге пәндерді де бес саусағындай білетінін, емтихан кезінде көздеген жерінен шығатынын көріп жүрміз.

Физика пәні оқушының тез арада шешім қабылдауына, ойлаған ойын мүлтіксіз орындауына, берілген есептердің тиімді жолын табуға көп септігін тигізеді. Ол бойынша мұғалім мен оқушы бірлесе отырып жұмыс істейді. Негізгі бағыттуашы мұғалім болады да, орындаушы оқушы. Мұғалім есепті шығар, не теорияны жаттап айт демейді. Әрбір есепті орындар алдында оқушыға мүмкіндік беріліп, көрнекілерді, қосымша материалдарды қарап шығуына жағдай жасайды. Әрине бұл ізденіске тек жақсы оқитын оқушылар ғана тартылмайды, сыныптағы барлық оқушылар қамтылады. Әр оқушының өз деңгейіне қарай есептер беріліп, қарапйымнан күрделіге қарай өту жолдары ұсынылады. Бұл олардың физика пәнінің мазмұнын білуге, есеп амалдарын шығару кезінде тез байлам жасауға, икемді болуға, логикалық сызбалар құрып,

ол бойынша ізденуге ұмтылады. Бұл оқушының физика пәніне деген қызығушылығын оятады және баланың логикалық ойлау қабілетін арттырады. Іздене білсек, физиканы оқуға болады екен-ау деген үмітке ұмтылдырады.  

Физиканы оқып үйрену мен болып жатқан физикалық процесстерді жете түісіну барысында физикалық есептерді шешудің алатын орны ерекше.  Өтілген тақырыпты жетік меңгеру үшін, оның физикалық мағынасын ашу, есеп шығару сияқты жолдар оқушының алған білімін тереңдете түседі және баланың шығармашылық қабілетін арттырады. Физикалық есептерді әр оқытушы немесе ізденуші өз тәжірибесінен, оқыту әдісі мен бар шеберлігін қолдана отырып, оқушы санасына жеткізуге тырысады. Айталық, кейбір авторлардың ұсынып жүрген физикалық  есептерін шешіп үйрену әдістерін бірнеше сатыға бөліп қарастырғанын көреміз. Оны бірден күрделі жолмен шешпей, жеңіл жолдарын қарастыруы керек болады. Себебі, физиканың кейбір тараулары жеке алып қарасақ, ол физиканы жаңа оқып жүрген оқушы үшін өте ауыр, тіпті кейде оны  жетік меңгерген оқушыларға немесе оқытушыларға арналғанын байқаймыз. Сондықтан, жекелеген сатыларда барлық есептерді шешуге, қолдануға болмайды. Ұсынылған есептердің шешу сатылары күрделі.

Физиканы оқытуда есептер шығарудың бала дарынын жан-жақты дамытуда ролі зор. Есеп – ойлау объектісі. Есеп шығару – ой қызметі. Есептерді жүйелі түрде шығармай, теорианы жақсы меңгеру мүмкін емес.

Мұғалім есеп шығару кезінде ескеретін жайттар:

  1. Ойлау қабілетін арттыру кезінде оқушыларды берілген мәселені жіктеуге, біріктіруге, салыстыруға үйркту;
  2. Физикалық есептерді шығарудағы басты шартын үйрету, оның орындалуын қадағалау.

Осы шарттарды орындағанда, олар физикалық заңдылықтардың мәнін түсінеді, физикалық шамалар мен оның өлшем бірлігін есте сақтайды.

Физикалық есептердің мынадай түрлері бар:

  • сандық және сапалық;
  • деректі және нақты;
  • тәжірибелік;
  • кестелік;
  • мазмұнды;
  • тарихи, т. б.

Осындай есептерді шығар кезінде:

  1. есептің мазмұнымен таныстырады;
  2. қандай шамалар берілген, нені анықтау керек екенін анықтайды;
  3. берілген шамалар арқылы ізделінетін шама қалай байланысқанын анықтап алу керек.

Осыларды анықтап алғаннан кейін:

  1. есептің шығарылатын жоспарын құру;
  2. берілген шамаларды бір өлшемге келтіру;
  3. есепке қажетті сызба, кесте, суреттерді салу;
  4. шыққан шешіміне талдау жасау;
  5. оны тексеру.

Есептер шығару физикалық заңдарды оқып-үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруғы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі. Есептер шығаруды мына жағдайларда қолданады:

а) проблемалық ситуация туғызуда;

ә) жаңа мәлімет беруде;

б) практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда;

в) білімін (нақтылығын және тереңдігін) тексеруге;

г) бекітуге, материалды қайталауға;

д) техникалық құрылғылардың жұмыс істеу прициптерін түсіндіруде;

е) оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде.

Физика есептерінің оқу үрдісін ұйымдастыруда алатын орны ерекше. Оқушыларға есептерді шығартып үйретудің мынандай тәсілдерін беруге болады:

1. Мұғалім есепті оқып, талдау жасап, әр түрлі сұрақтар беру арқылы сыныпты есеп шығаруға жұмылдыра отырып, тақтаға есепті өзі жазып, берілгенін жазып көрсетеді. Мұндай тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін қолданылады. Мұғалім орташа қиындықтағы есепті таңдап алған дұлыс.

2. Есепке талдау жасап талқылау мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып болып талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға шығарып, қалғандары орындарында шығару. Мұнда тақтаға орташа оқитын оқушыны шығарған дұрыс. Себебі жақсы оқитын оқушы есепті тез шығарады да, ал нашар оқитын оқушы тіптен шығара алмайды.

3. Мұғалім қандай есепті шығару керектігін айтады, оқушылар оны өзінше орындайды. Мұнды мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға әр деңгейда есеп карточкаларын жасап, өзіндік жұмысты сол арқылы орындаса да болады.

Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта физикаға қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы шығаруға болады.

Есеп шығарудың екі құрылымы бар:

  1. Объективтік-логикалық құрылым;
  2. Субъективтік-психологиялық құрылым.

Пайымдау есептерін шығару әдістемесі.

1. Егер спортсмен жүгіріп келе жатса, гранатаны қаншалықты алыс лақтырғанын анықтаңыз.

Шешуі. Жүгірмей лақтырғандағы  гранатаның  максималды ұшу қашықтығы . Жүгіргенде гранатаға  қосымша горизантальды  жылдамдық беріледі және оның вертикальды құраушы жылдамдығы  өзгермейді. Яғни,  ұшудың уақыты мен биіктігі де өзгермейді:

мұндағы,  болса, ұшу қашықтығының үлкейгенін аламыз:

2. Толып тұрған ваннадағы судың ағып шығу жылдамдығын анықтаңыз.

Шешуі. Ваннадағы судың көлемі -қа тең. Ал судыңағу уақыты -ға тең. Онда, . Ағып жатқан судың орташа ағу жылдамдығын  , ал судың ағу уақытын  деп есептептейміз. Мұндағы, -ның орнына -ты қойсақ, онда мыныдай теңдеу аламыз:

Су деңгейінің биіктігін , ваннадағы саңылаудың ауданын , ваннаның ауданын  деп аламыз. Сонда біздің шешіміміз мынадай болады:

.