Ойын технологиясының тиімділігі


Магауова Гулнур  Кайратовна

“Жангелдин ауданының  білім беру бөлімінің  Ы.Алтынсарин  атындағы орта мектебі” КММ  Мектепалды даярлық тобының  тәрбиешісі  

Баланың  мектептегі  оқу бағдарламасын меңгеруі үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар оның бір ізді, айғақты ойлауын, аңғара білуі мен  ақылмен  зерделеуін дамыту басты парызым. Мектепалды даярлық тобының  бүлдіршіндерінің  ізденімпаздығы  ойынға негізделеді. Сондықтан дәстүрлі ойыннан гөрі АКТ-ны пайдалана отырып, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытып жүрмін. Балалардың ойын тәжірибесін қалай дамытуға болады? Мазмұнын күрделендіру. Ойын әрекеттерін күрделендіру. Серіктесімен қарым – қатынасы. Өз бетінше жұмыс жіне шығармашылық.  Міне, осы орайда тәжірибеме сүйеніп, өзіме мынадай ой түйдім. “Баланың бастапқы кезде ойын техникасын меңгерумен  іс аяқталмайды және ойын әрекетін  қарай дамыту тәрбиешінің  белгілі тәртіппен күрделі сюжеттерді ойнатудың нәтижесі болып табылмақ”.

         Мен білікті тәрбиешімін. Менің ролім бағыттаушы, ақылшы, тыңдаушы. Сондықтан бүлдіршіндерім ойланған сәтте мен оларға тәрбиеші ретінде есем, серіктес досы ретінде жетелеймін. Мен білімге жетелеймін, үйретемін. Бірақ үйрету ойын түрінде білінбей өтуін жадымнан шығарған емеспін. Сабақ кезеңінде  балалардың ойынға белсенді қатысуын назарда ұстанамын. Ол үшін ынтымақтастық, диалог құрастыртамын. Еркіндік беремін. Психологиялық жағынан демеу мақсатында серіктес ретінде кірісемін. Заман талабына сай өз білімімді жетілдіру курсынан алған білімімді жаңалықпен ұштастырып жүрмін. Бұл тұрғыда өз ұстанатын қағидамды да құрдым. “Ойын баланың іс – әрекеті  болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына  бағыну қажет, олай болмаған жағдайда, ойынды бұзуына әкеліп соғады”.

         Осы тұрғыда ойын кешенін жаңаша құрдым.Олар:Ойындық тәжірибесін байыту. Заттық – ойындық ортаны ұйымдастыру. Серіктесімен белсенді қарым – қатынасы. Қоршаған ортамен білсенді іс – әрекеті. Ойынды кешенді түрде басқарудың мазмұны ойын дамуының әр түрлі кезеңіндегі балалардың ойын тәжірибесін дамытуға арналған.