Сайт дизайнын әзірлеу

Елубай Гүлжазира Манатқызы

Қарағанды қаласы №68 мектеп-интернаты информатика мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.2.1Дизайн теориясы Мектеп:
Күні: 16.11.2019 Мұғалімнің атыжөні: Елубай Г.М.
Сынып: 10А және ата-аналар    
Сабақтың тақырыбы Сайт дизайнын әзірлеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 10.2.1.7 Веб-эргономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, графикалық редактор арқылы сайттың дизайн-макетін жасау;
Сабақтың мақсаты Электронды кесте элементтерін жіктеу арқылы, диаграмма құра алады
Бағалау критерийі 1. Фотошоп бағдарламасында сайт бетін әзірлеуді үйренеді 2. Фотошоп бағдарламасында суреттерді пішімдеуді қолданады 3. Сайт бетін  бейнелі түрде ұсынады және сайт  құруды талдайды.
Тілдік мақсаттар   Оқушылар не істей алады: Сайт беттерін графикалық түрде ұсына алады. Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Міндетті шешу үшін біз…пайдаландық, себебі… Деректерді бейнелі көрсеу үшін… болады.Сайт бетін құру үшін алдымен…, содан кейін…  
Құндылықтарға баулу     Сын тұрғысынан ойларын нақты жеткізуге жетелеу. Шығармашылық көзқарасты және дәйектемені талап ететін ашық мәселелерді қоя білу. Жұмыс жасау іс-әрекетінде бір бірлеріне қамқорлық көрсетіп, достық, жанашырлық сезімдерін ояту. Қарым –қатынас жасау қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ынталандыру.
Пәнаралық байланыс Бейнелеу – сурет Ағылшын- терминдер, батырмалар аты.
Алдыңғы білім   Дизайн түрлерін біледі. Фотошоп бағдарламасын қолдана алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері   Ресурстар
Сабақтың басы 1 мин         3 мин             5 мин                                         1 мин                       1 мин                   Сабақтың ортасы     3 мин                                 13 мин                           3 мин                     1 мин                                  Ұйымдастыру кезені: Сәлемдесу, ата-аналарға информатика пәнінің жаңа бағдарламадағы әр кластың бағдарламасына тоқталып айтып өту.   Оқушылардың, ата-аналардың   назарын шоғырландыру, қызығушылықты ояту Тренинг «Жүректен-жүрекке». І топ лебізін қазақша жеткізеді, ІІ топ лебізін орысша жеткізеді, ІІІ топ лебізін ағылшынша жеткізеді.    «Ми шабуыл» ата-аналар мен оқушылар бірге орындайды. Тапсырма№1 Берілген сөздерді қазақ тілінде және орыс тілінде айтыңыз    
Әр дұрыс жауапқа көңіл күй нышаны беріледі.   Ой шақыру: Берілген суреттерден бүгінгі тақырыпты ашу. Суреттерге қарап тақырыпты ашуға ата-аналарға сұрақ беріледі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу       сайт: bilimland.kz   Бағалау. Әр дұрыс жауапқа көңіл күй нышаны беріледі.   «Ой дамыту» оқушылар ата-аналармен бірге орындайды. Фотошоп бағдарламасында сайт әзірлейді І-жұп: интернет магазин ІІ-жұп: қайрымдылық қоры ІІІ жұп: Өнердің бәрі жақсы ІV жұп: Еркін тақырып Дескриптор – бойынша ата-анаға сөз беріледі Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығыФотошопта сайт жасай алдыТақырыпты толық аштыСөйлеу мәнерінің анық, нақты болуы     Бағалау. «Кері байланыс бутерброды» әдісі. Ата-аналарға сөз беріледі. Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз – бұл бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін сындарлы сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру. Мысалы; «Маған …… ұнады, себебі ….. Енді/келесі жолы ….. жетілдіруге болады деген ойдамын. Сонымен қатар … жақсы шыққан, себебі ….». Рефлексия  – оқушыларға ұсынылады.    
Интербелсенді тақта                     Таратпа қағаздар                     Көңіл күй нышаны                                                   Көңіл күй нышаны           әуен Тапсырма парақтары                         Таратпа қағаздар