Апта күндері
07.03.2020
Амантаева Бағлан Амантайқызы
«№2 Қорғасын ЖОББМ» КММ мұғалімі
Сабақ негізделген оқу мақсаты | 1.1.3.5 сағаттың циферблаты бойынша уақытты анықтау/ уақыттың өлшем бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай | ||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар үшін: Уақытты бағдарлайды және уақыт терминдерін түсінеді. | ||
Бірқатар оқушылар үшін: Аптада неше күн бар екенін, оларды қалай аталатынын және ретін біледі | |||
Кейбір оқушылар үшін: Апта күндерін айта алады. | |||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс жасауда бір-бірін тыңдай білуге үйрету. Өмір бойы білім алу. | ||
Пәнаралықбайланыстар | Дүниетану, сауат ашу | ||
АКТ қолдану дағдылары | Үнтаспа, интарактивті тақта | ||
Тілдік құзыреттілік | Уақыт, сағат, минут, тәулік, апта | ||
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер | |||
Талқылауға арналған сұрақтар: -Балалар, уақыт деген не? -Уақыттың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер? -Апта күндері? -Уақытты біз немен өлшейміз? | |||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығуларме қатар ескертпелерді жазыңыз | Ресурстар | |
Басы | 1 мин 2 мин 2 мин 5 мин |
І.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні
Сәттілікке толсын!
Сағат суреті
салынған суреттер таратылады.
Сағат 6.00 ол
оқушылар бір – бірімен құшақтасады
Сағат 8.00 ол оқушылар қол алысып амандасады, жымиып
күледі.
Оқушылардын орындаған тапсырмаларына смайликтер
таратылады сол арқылы мадақтаймын.
Сабақта пойызбен саяхатқа
шығатынымызды хабарлау. Әр бекттің папсырмаларын орындау арқылы вагондарды тіркеп
аламыз. Пойездың әр вагонындағы тапсырмалар орындауымыз керек.
ІІ. «Ашық микрофон»
бекеті (пойыздың басын тіркейміз)
Бір сағатта неше минут бар?
Сағаттың үлкен
тілі нені білдіреді?
Сағаттың кіші тілі нені білдіреді?
Минут
деген не? Осы уақыт ішінде не
істеуге болады?
Сағат
деген не?
Уақыттың өлшем бірліктерін ата?
ІҮ. Жаңа ұғымды меңгерту
Сөздерді қазақ, орыс тілдеріне аударып, тек бірінші әріпті жазу керек.
Яблоко,
шабдалы, малина, груша. А П Т А Қандай сөз шықты? Апта Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Апта күндері» Видио көрсету апта күндерінің вагондарының қызықты сұрақтары мен тапсырмаларын орындауымыз керек екен. №1. «Кім шапшаң?» бекеті Дүйсенбінің тапсырмалары Шапшаңдыққа арналған тапсырма: 1минут ішінде қанша мысал шығара алады? | Кәмпиттер Слайд Слайд |
Ортасы | 5 мин 5 мин 1 минут 2 минут |
№2 «Сәйкестендір» бекеті
. Сейсенбінің тапсырмасы.
. Ойын шарты бойынша
балалар апта күндерін сәйкестендіреді және постерді қорғайды.
№3. (Т)«Бірге ойлаймыз» бекеті
Сәрсенбінің
тапсырмасы.
Отбасылық демалыс.
Әкесі, анасы және балалары 2 апта теңіз
шипажайында болады.Отбасы неше күн демалады? Оқушылар тапсырманы талдау және
орындау барысында 1 аптада 7 күн бар. 2 аптада 14 күн деген қорытынды
жасайды.
Жауабы:14 күн.
Ү.Сергіту сәті:
Дүйсенбіде кір жуып, Сейсенбіде еден сыпырып, Сәрсенбіде нан пісіріп Бейсенбіде доп ойнап, Жұмадаыдыс жуып, Сенбіде торт алып, Жексенбіде достарды Шақырып үйге, Қонақ еттім оларды. №4. Бейсенбінің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс | «Сәйкестендіру» 1 сәрсенбі 2 жұма 3 жексенбі 4 дүйсенбі 5 бейсенбі 6 сейсенбі 7 сенбі |
Соңы | 3 мин 2 минут 3 минут 2 минут | ҮІ. Сабақты бекіту № 5. Жұманың тапсырмасы. Ертегілер оқу. Берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыну. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді. №6. Сенбінің тапсырмасы. «Үндемес» бекеті Әрбір сан апта күндерінің ретін білдіретінін айтамын. Мысалы: Кез келген 1-ден 7-ге дейінгі санның біреуін көрсетемін. Олар сол санға сәйкес келетін күн атауын атайды. ҮІІ. Сабақты қорыту. №7. Жексенбінің тапсырмасы. (Ө) Деңгейлік тапсырмалар: 1-деңгей: Аптада неше күн бар? 2-деңгей: Жұманың алдында аптаның қай күндері келеді? 3-деңгей: Осы сәрсенбіден келесі сәрсенбіге дейін неше күн өтеді? -Балалар, сонымен қорытынды шығаратын уақыт келді. – Сабақта өмірге пайдалы не үйрендіңдер? ҮІІІ. Бағалау ІХ.Рефлексия Егер, сендерге бүгінгі сабақ ұнаса шапалақтаймыз. Егер, ұнамаса аяғымызбен топырлатамыз. Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар. |