РЕЦЕНЗИЯ №22 – 13.03.2020 ж.


Ақмола облысы білім басқармасы МКҚК «Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы мектеп-интернат колледжінің» студенті Дана Ғазизованың «Құрақ геометриясы» ғылыми жобасына

РЕЦЕНЗИЯ

Қазақ халқында ою-өрнек өнері ежелден – ақ ұлттық өнердің халық танымын, қазақ халқының ұлан-байтақ даласын мекендеген көшпенділердің дәстүрі мен әдеп-ғұрпын анық көруімізге болады.

Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші. Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. 

Аталған ғылыми жұмыс дарынды студенттердің қабілетін анықтап, шығармашылық қабілетін дамытуға арналған. Автор  қолөнер  бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгерту үшін түрлі технологияларды ұсынады.

Тақырыпты «Құрақ геометриясы» деп алып, қолөнерді математикалық тұрғыда зерттей отырып дамытуға бағыттайды. Заман ағымына қарай, қолөнер бұйымдарын жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетіп, оқушыларды ойлана білуге, қиялдауға, заттың пішімін, құрылысын алдын ала жобалай білуге дағдыландырады. Қазақтың ою-өрнектерін архитектура, киім дизайнінде, зергерлік бұйымдар, ыдыстар жасауда қолдана отырып ұлттық қолөнер арқылы бренд жасауды ұсынуға болатынын нақты дәлелдермен дәлелдейді. Ұлттық қол өнерді математикамен, геометриямен  ұштастыруды қызықты шыққан.

Ғылыми жобаны зерттеу барысында автор қолөнер бұйымын дайындау кезіндегі өз тәжірибесіменде бөліскен: «қанша көлемде мата кететінін білу үшін сөмкедегі бейнеленген геометриялық фигуралардың ауданын есептеу керек болды. Мұнда тікұрышты үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш, параллелограмм, ромбо бейнеленген. Мұнда тек көрініп тұрған фигураның ауданын ғана емес тігіс тігуге арналған бөлігінде қоса есептеуді үйрендім» деуінен студенттің ізденісін байқай аламыз. Автор еңбегін бағалай отырып, жұмысты жоғары бағалауға болады.