РЕЦЕНЗИЯ №23 от 20.03.2020 ж.


Ақмола облыстық білім басқармасы «Бозайғыр мектеп-интернат-колледжінің студенттері Керімбек Мөлдір, Қуанышбайқызы Інжумаржанның «Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері» атты ғылыми жобасына

Пікір

Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы – антропонимика.  Антропонимдер арқылы адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да байқай аламыз.  Мәселен, қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен де антропонимдер арқылы ақпарат ала аламыз.

                Аталған жобада антропонимдердің белгілі бір кезеңдердегі өзгерістерге түсуі тарихи тұрғыдан да, тілдік тұрғыдан да қарастырылған. Авторлар   антропонимдердің қоғамдағы атқаратын рөлін көрсете отырып, атаулардың

антропонимдердің түрленуі себептерін  көрсетеді. Олардың әр кезеңдегі ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып, тарихи оқиғаларға да назар аударады. Мәселен, антропонимдердің  Ақмола облысында болған тарихи оқиғалармен  байланысын көрсету үшін тарихи деректерді де келтірген. Бозайғыр ауылында жүргізілген сауалнамалар, ауылдық әкімдіктен алынған статистикалық материалдар арқылы өңірлік антропонимдердің өзгерістерге түсу себебін анықтайды.

Сондай-ақ, авторлар антропонимдердің түрлі типтері мен категорияларының мәдениетпен байланысы және өзара әрекеті әр түрлі болып келетінін нақты мысалдармен дәлелдейді. Ең бастысы, авторлар қоғамдағы тілдің мәні мен қызметін күнделікті өмірден өзінің ерекше тілдік, тұлғалық зердесімен байқай алған. Түрлі кезеңдердегі қазақ антропонимдерін саралай келе, уақытпен, өмір сүру ортасымен, тарихи оқиғалармен байланыстылығы басқа этностармен салыстырғанда қазақтардың антропонимиясында жақсы көрініс бергендігіне көз жеткізеді.

«Аты-жөн, ататегіміздің орынды қолданылып, олардың ана тілімізде орфографиялық ереже мен нормаларға сай жазылуы адамдардың жеке қара бастарына ғана қатысты емес, тіптен мемлекеттік мәні зор мәселе.  Алайда, қазақ антропонимдерінің дұрыс қолданылуы мен құжаттарда дұрыс толтырылуы, тіркелуі, жазылу мәселелері өз шешімін тапты дей алмаймыз» деген тұжырым студенттердің өзіндік пікірі бар, ғылымға икемді екендігін байқатады.  Қазақ антропонимдеріне қатысты ұсыныстарын  батыл көрсете білуі де қуантады.

         Қорыта айтқанда, аталған жобаны  ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына ұсынуға болады.

ҚР БҒМ Мемлекет тарих институтының

ғылыми қызметкері

т.ғ.к., доцент                                                                                              Қ.Еңсенов