Рухани жаңғыру – жаңартылған білім берудің жаңа көкжиегі


Әбдіғапар  Нұргүл  Марқабайқызы

 Арқалық қаласы, А.Құнанбаев атындағы  №6 жалпы  орта білім беретін мектеп гимназиясы  география пәнінің мұғалімі

Рухани жаңғыру – жаңартылған білім берудің жаңа көкжиегі

Жаңартылған білім аясында  рухани жаңғыру тетігі  тарихтың көкжиегін кеңейту болып отыр. Рухани жаңғыру біздің ұлттық санамызға  орнап, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, дамуымызды талап етеді. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» болып табылады.  Осы орайда рухани жаңғыру  жаңартылған білім берудің көкжиегі тәрізді  география сабағында – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқытуды қажет етеді. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.  Бағалау жүйесінің артықшылығы да  баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Күнделікті өмірде «Балалар ХХІ- ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. «Қабырғадағы роль», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Саналылық аллеясы», «5 сұрақ, 5 жауап», «5 қадам», «Драма әдісі», «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Стоп кадр» т.б мұғалімдер пайдаланатын жаңаша әдістер  оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.  Иә, өркениетті дамудың өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Кезінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы, яғни ұстаз білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шыкпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» – деп айтқан болатын . Олай болса, рухани жаңғыру аясында жаңартылған  білім мазмұнында сапалы білім беруде еңбегімізді еселей берейік дегім келеді.