Білімді бекітуге арналған жаттығу жұмыстары. Қазақ тілі. 5-9 сыныптарға арналған
Дюсембекова Айман Карабаевна
Жақсы №1 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сөз құрамы
1-жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп, сөз құрамына талдаңдар.
Айналдыра иілген егін алтынмен қаптап қойғандай жалт-жұлт етеді.Аздан соң Абай бұларды тосып алып, енді үшеуі бірдей ұзақ-ұзақ жарысуға айналды. Мен үйге келсем, Әбдірахманның қаладан келгенін естіп, үйдің іші қуанып отыр екен.
2 – жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп, ондағы сөз мағынасын тудырып тұрған жұрнақтар мен сөз формасын өзгертіп тұрған жұрнақтарды ажыратыңдар.
Кешкі тымыққа тынып, жадырап жатқан су ақырын ғана жағасына соғып дірілдейді. Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет, ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. (Абай.). Ағаш табаққа буы бұрқыраған тұздық құйып, екеуіміз ортаға алдық. Ағай ешбір жұмысты ойламай, білмей істемейтін.
3 – жаттығу.
Төмендегі сөздерден сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтарды ажыратып, екі бағанға бөліп жазыңдар.
Ауылдық, әдеби, әміршілікке, жүрекше, білім, көлшік, қорапша, жастық, шындық, ілгіш,
зиянкес, тәртіптілік, оқушы, мейірімділік, келісім, сандықша, өнерлі.
4- жаттығу
Төмендегі сөздерден негізгі түбір, жұрнақ, жалғауларды ажыратып,сызба бойынша талдап жазыңдар.
Жан, жақ, дымқыл, үйдегі, жент, өндірістен, айлық, құлақшын, оқушымыздан, қант, батырларын, жем, білімді, қырат, білемін, ою, сенімдірек, суретті, ойпаттарға.
Негізгі түбір | Жұрнақ | Жалғау |
5 – жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп, жалғауларды табыңдар, оларды түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Отырғандарға сәлем беріп, ел-жұрт, ауыл-аймақ амандығын сұрап алып, қаланың хабарын айтуға көшті. (М.Ә.) Сол күні менің бастан кешкенімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Буы бұрқыраған еңбек күйі аспанға өрлейді. (Ғ.М.) Өзбек хан енді өзін шын бақытты адам санады.(І.Е.)
6- жаттығу
Сөз құрамындағы қосымшалардың орналасу тәртібін түсіндіріңдер.
Жасыл даланың түгі түлеп, жаңа шыққан күн сәулесінің астында құлпырып жатыр. Бұл міндетін орындағандар екі-үш айға стипендия, оған қосымша жол ақшаларын алып, белгіленген орындарға-өндіріске аттанып жатыр. Барлық ат-көлік, құрал-саймандар колхозға берілсін.(Б.М.)
7- жаттығу.
Сөйлемдерден туынды сөздерді теріп жазыңдар.
Ең куатты жоғары сапалы техника мен ұтымды технологияны, ғылым мен техника саласы қолдану қажет.
Қурайлы көлін қоршаған қалың егінші түнде жауын болғандықтан, жердің дегдуін күтіп, бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан.(Ғ.М.) Бұдан, екі-үш жыл бұрын көгілдір экраннан «Әмина әжейдің әңгімесі» атты хабардың жүргізілгенін көрермендер жақсы біледі.
8- жаттығу.
Сөйлемдерден туынды түбірді тауып, сөз тудырушы жұрнақты белгілендер.
Қысқы үйлерге ерте қонып алудың себебі де енді ашылды. (Ғ.М.) Еріншек егіншіден ерінбеген масақшы озады. (Мақал) шалқыған шаңқай түс кезінде адамның көлеңкесі де саялауға жер таппай, бауырыңа кіріп кетеді. (Ғ.М.). Мен қолымнан келсе, оларды ақтаушы, жақтаушының да бірі болар едім. ()М.Ә.
Мен Сырдың арғы бетінде отыратын егінші ауылдың тұрмысымен таныстым. (С.М.).
9- жаттығу.
Сөйлемдерден туынды түбірлерді жасаушы жұрнақтарды тауып, олардың қай сөз табынан қандай мағына тудырып тұрғанын түсіндіріңдер.
Абайға бұл ананың мейірімі тіпті қымбат адамшылық. Шын рақымшылық боп танылды.(М.Ә.). Көтеріңкі күлкінің шыққан жеріне жұрт топырлай бастады.(Ғ.М.). Межелі жерге жетіп, қолайлы сәтті құр жібермей, жауды сауыт бұзғыш оқтармен атқыладық.
10- жаттығу.
Берілген жұрнақтар арқылы туынды түбір жасап,қандай мағына туғанын түсіндіріңдер.
Жұрнақтар | Мысалы |
-айт | |
-малы | |
-мақ | |
-қы | |
-ыл |
11- жаттығу.
Берілген сөздерден түбірлес сөздер жасап, сөйлем құраңдар.
Жаз Жүз
Ұш Тара
Ақ сан
12- жаттығу
Төменде берілген сөздерді кестеге орналастырыңдар.
Ақжол, ата-ана, оқушы, дәрігер, Алабота, жаңбыр, тасбақа, колма-қол, ғарышкер, сан, орындық, еңбекақы, егін, той, жақсылық, бес-бестен, бата, қуаныш, ауыл, өнеркәсіп.
13- жаттығу
Төменде берілген негізгі сөздерді үлгі бойынша кестеге орналастырыңдар.
Үлгі:
Негізгі сөз | Туынды сөз | Біріккен сөз | Қос сөз |
жаз | жазғы | жаздыгүні | Жаза-жаза |
Қол, қала, қой, бас, көк, жол, ақ, ата.
14- жаттығу
Сөйлемдерде жаттығу н қос сөздерді тауып, қайталама қос сөздерді бір бөлек, қосарлама қос сөздерді бір бөлек теріп жазыңдар.
Оқта –текте өткенін көксеп: – Ой-қой заман,-дейтін болды. (М.Ә.) Ол естіле –естімес ақырын күрсініп қояды.Панфилов 8-ші гвардиялық дивизиясының даналығы болса, Бауыржан дивиязның ар-намысы болды.(Ә.Н.). Роталар төрт-төрт қатардан сап түзеп, бірінің соңынан бірі
тізіліп, қатарларын бұзбапты.(Б.М.). Бір кеткен соң қамқор әке-шешең табылмас. (Ы.А.).
15- жаттығу
Біріккен сөздерді тауып, оларды біріккен, кіріккен түрлеріне қарай ажыратып жазыңдар.
Соңғы шамы жылтырап Аякөзге қарай зымырап бара жатты.бірталай үлкендер зере мен Ұлжанға да көп алғыс айтады екен.Небәрі бір аптадан кейін Жұмагүл осында келін боп түсті. Биылғы жыл ауыл тұрғындары үшін мол егінімен ерекшеленді.
Зат есім
1- жаттығу
Зат есімдерді тауып, оларды теріп жазыңдар. Зат есімдердің түрлену белгілерін атаңдар.
Жоңғар Алатауының өркөкірек шыңдарын аппақ боп ақша қар әлі басып жатыр. Көкдауыл атанған, тайыншадай ірі, сұрғылт көк иті бар. (Ғ.М.). Тың өлкесі – Отанымыздың нан өлкесіне айналды.Бұл жер өзінің табиғат байлығымен, Ембінің аса бағалы мұнайымен, Ақ жайықтың күміс жон балығымен, төскейдегі мыңғырған малымен белгілі.
2- жаттығу
Зат есімдерді тауып, оларды дара, күрделі түрлеріне қарай теріп жазыңдар.
Туған жер, ел-жұрт кейінде қалған. Кадет корпусының оқу жұмысын Иван Николаевич атқаратынын жоғарыда аңғартқанбыз. Құсмұрын дөңі осы маңайдағы бұйратты, ормансыз, кең даланың панасы сияқты, оның қырқасында көтерілсең, талай дүниені көзің шалады.(С.М.). Бұл жайлауға Жетібай аулынан басқа ешкім қонған жоқ. Базаралы өзі ерте шығып, өз көзінше барлық топты шығарып салды. Жақсылармен дәм-тұзым жарасты деп толып жүр екенсің ғой.
3- жаттығу
Көптік жалғаулы сөздерді теріп жазыңдар.
Жігіттер өзара ақылдасып, шалғайда жатқан щаруашылықтардың біріне бара тұруымды жөн көрді. Соңғы күндері қысқы маусымға арналып жылы бәтеңкелер тігіліп жатқан-ды.Сүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келіп еді.(М.Ә.).
4- жаттығу
Тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, тәуелденіп тұрған қай сөз табы екенін түсіндіріңдер.
-Өзің үлкен үйге түс. Апам екеуіміз менің отауымда болармыз,-деді Ұлпан үйлерге жақындай бергенде. (Ғ.М.) менің оған жазған хатым тым келте болды.
5- жаттығу
Жіктік жалғаулы сөздерді тауып, тәуелденіп тұрған қай сөз табы екенін түсіндіріңдер
Біз өзімізді атамақ тұрсын, ешқашан да мұндай ерлік қолымыздан келеді деп ойлаған жоқпыз. (Ғ.М.).Мен құстан туған құмаймын. (Махамбет). Олар әлденеге сенімді, қажырлы сияқты емес.(С.М.).
6- жаттығу
Сөйлемдердегі қосымшалардың дұрысын жазып, сөз құрамына талдаңдар.
Абылғазы… айтқаны түгел орындалып болған-ды.(М.Ә.). Ата-ана… жиналыс… мектеп директор… орынбасары… кабинет… өтті. Дәрмен… жігіт… бірінші рет Абай… хабар жіберген.
7- жаттығу
Сөйлемдегі сөздердегі септік жалғауларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.
Абай да бір шөл сахараның диқаншысы. Жардың асты… жүріп отырып, көпір… келдік.
«Жақсы… жаман туса, емі болмас,жаман…жақсы туса, теңі болмас» деген, бабаларымыз…жарқыраған жол…надандығы көргізбеуші еді. Жақсы…қадір…жаман…көргенде білерсің.
8- жаттығу
Семантикалық карта. Төмендегі сызбаны толтырыңдар.
№ | Мысалдар | Жіктік жалғау | Көптік жалғау | Септік жалғау | Тәкелдік жалғау | Жұрнақ |
1 | Балам | |||||
2 | Кітаптың | |||||
3 | Оқушы | |||||
4 | Мұғаліммін | |||||
5 | Қалада | |||||
6 | Доссыңдар | |||||
7 | Құстар | |||||
8 | Ағалар | |||||
9 | Терезесі | |||||
10 | Сыныбымыз |
9- жаттығу
Септік жалғауда тұрған қай сөз табы екенін және қай септік жалғауы екенін дәлелдеңдер.
Маған бәрі де түсінікті еді, «Қап, ит-ай, бүлдірген екен-ау». (Б.С.). Білімдіден аямай сөздің майын.(Абай.). Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қащсын.(Мақал). Ешкімге қажеті жоқ,жұрттың бәріне белгілі бір жайларды түсіндірмек болып, әлекке түсіпті.Игі жақсылардың бәрі осында отыр екен ғой,-деді әлгі кісі қамшысын екі бүктеп қолына ұстаған қалпында. (Қ.Ж.).
10- жаттығу
Төмендегі сызбаны толтырыңдар
№ | Мысалдар | Атау септік | Ілік септік | Барыс септік | Табыс септік | Жатыс септік | Шығыс септік | Көмектес септік |
1 | Кітаптың | |||||||
2 | Ақыл | |||||||
3 | Қайыққа | |||||||
4 | Досымен | |||||||
5 | Отбасына | |||||||
6 | Балықтан | |||||||
7 | Хатты |
Сын есім
- жаттығу
Сөйлемдерден сын есімдерді тауып, оларды сапалық, қатыстық мағыналарына қарай ажыратып,сызбаға орналастырыңдар.
Құнанбай қасындағы қой көздеу, сұлуша Майбасар старшын болды.(М.Ә.). Өзі сері, әнші, сұлу байтасқа екеуі де-бірі кәрі, бірі жас бала қызғана да, тамашалай да қаарған еді.(М.Ә.) Орта бойлы қара сұрлау, тік қабақ,сұстаныңқырап тұратын адам елі.(Б.М.). жалтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен, ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсті.(М.Ә.).
Сапалық сын есім | Қатыстық сын есім |
2- жаттығу
Сөйлемдерден сын есімдерді тауып, оларды негізгі, туынды түрлеріне қарай ажыратып,сызбаға орналастырыңдар.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.(Абай).
Шалабай дөп-дөңгелек мөлдір көлдің жағасына төрт үй тіктіріпті. –Ең тәтті, ең үлкен қарбызды мен өсірдім, нанбасаң көтеріп көр,-деді Ғабиден досына дәу қара қарбызды құлақтата беріп.
Негізгі сын есімдер | Туынды сын есімдер |
- – жаттығу .
Сын есімнің шырайларын тауып, шырайдың түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Қолға түскен жоңғардың кішілеу қысық көзінен қорқыныш ізі сезіледі. (І.Е.).
Кең маңдай, қалың шаш, я бір кез. Я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз, қарағым, бетіңді аш.(Абай).
Нұрыш тым қатты қуаныш үстінде жүріп, әкесінің қабағын түйіп, даусын көтергенін де ұмытып кетті. Көрші бөлмеден тап-таза болып киінген үш бала шықты, состиып бізге қарап тұрып қалды. (Б.М.). Ұзындау қиылған қара көздері қызғылт ұшқын шашып тұрғандай екен.(Ғ.М.).
- жаттығу
Төмендегі сызбаны толтырыңдар.
№ | Мысалдар | Негізгі сын есім | Туынды Сын есім | Дара сын есім | Күрделі сын есім | Сапалық сын есім | Қатыстық сын есім |
1 | Сыпайы | ||||||
2 | Қой көзді | ||||||
3 | өнерлі | ||||||
4 | Сүп-сүйкімді | ||||||
5 | әсемпаз | ||||||
6 | Биік | ||||||
7 | Далалы | ||||||
8 | Сөзшең | ||||||
9 | Қымбатты | ||||||
10 | Тәтті |
- жаттығу
Төмендегі мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, шырай түрлеріне қарай ажыратыңыз.
Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 25-те. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес.Ес біле есікте жүрдім. Ә дегенде құны жоқ, былық, сараң, жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым.(Ж.А.).
- жаттығу
Төмендегі өлең шумақтарынан күшейтпелі шырайды табыңыз.
Қып-қызыл қып қолын қандай
Ақ сұлудың қанына;
Мерген кетті шыдай алмай,
Күйіктінің зарына.
- жаттығу
Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек сызбаға толтырыңдар.
Ақшыл, аттылы, сазды, жасыл, тәтті, балалы, үлкен, қымбат, жігерлі, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көргіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, қызылды-жасылды, алғыр, мінезді, өнерлі, ұзын, жарық, кең, қысқы.
Сапалық сын есімдер | Қатыстық сын есімдер |
- жаттығу
Жұмбақтардың шешуін тауып, қатыстық сын есімдердің қандай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.
Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші,
Әр үйде бар тапқышым, кәне білші. (…..)
Темір қайшы – қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбеккерге дос қайшы,
Еріншекке қос қайшы. (…..)
Ешбір түреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез.
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (…..)
- жаттығу
Көп нүктенің орнына сын есімнің тиісті жұрнақтарын жалғап, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Төр алдында сақалы бурыл тартқан бір ажар… адам отыр.(Ғ.М:). Теріскейден соққан желдің екпіні әрі күш…, әрі суық. (С.М.). аса сыпайы қарайтын ой…, нұр… көзінде бір шұғыла бар. (М.Ә.).
- -жаттығу
Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
Өнерлі кісі. Сыншыл адам. Қайратты жігіт. Ақылды бала. Жеңімпаз команда. Үлгілі қыз. Әдеби мұра. Тарихи ескерткіш.
Сан есім
1- жаттығу
Сан есімдерді тауып, олардың мағыналық түрлерін ажыратыңдар.
Өтірік екеу, шын төртеу. (Мақал).
Бір енеден бес едік.
Бесеуіміз жүргенде,
Алашқа болман деуші едік.
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік. (Махамбет).
Екеудің үлесі үшеуге үнем. (мақал)
2 – жаттығу
1. Сан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып жазыңдар.
2. мағыналық түрлерін ажыратыңдар.
3. бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
30 дан, 40 қа, 5 сынып, ІІІ курс, 3 курс, 12 мектеп, ХХ том, 20 том, 7 сәуір, 1983 жыл, 40 таған, 20-30 дарда, 40 аса,50 ге жақын, 10,5, 2,5,
3– жаттығу
Сан есімдерді тауып , мағынасына қарай ажыратыңдар.
Бір адамның өмірін 100 жылға шамалап, оны бір дәуір деп атаған. Оқушылар бұл екеуіне сұрақ жаудыра бастады. Төрт-төрттен қатар түзеген жасөспірімдер жүзінен қуаныш табы сезіледі. Жетеуі бірдей үйге топырлап кіріп келгенде , үйдегілердің бәрі аңтарыла қарады. Ол жиырмаға жуық жаңа әндерін жариялап үлгерді.
4-жаттығу.
Сан есімдерді тауып , тұлғасына қарай ажыратыңдар.
Үйге жиырма шақты артист жиналды. Тас көмір – бұдан екі жүз миллиондаған жылдар бұрын жер бетіне қаптап шыққан өсімдіктердің денелері. Қазір республика совхоздарында жүз мыңдай агроном , инженер, зоотехник және басқа мамандар жұмыс істейді . 1916 жыл. Шілденің ақырғы айы – августың бас кезі. Баскент қазір жүз елу мыңдай халқы бар , бұрынғыдан алты – жеті есе ұлғайған индустриялы , көп құрылысты қызық қала , өнерлі қала боп қатты өсіпті .
5- жаттығу
Есептік сан есімді тауып , құрамына қарай талдаңдар.
Өткен бес жылдықта мемлекетке жоспардан тыс 144,4 т.сүт, 14,7мың т. жүн, 105,1мың қаракүл елтірісі тапсырылды.Осыдан соң өзге жиырма бес жігітті қатарына шақыртып алды . Бәрімізде 7-ақ бұзаулы сиыр , 6-ақ жылқы , 13-ақ қой бар еді. Олардың бәрін еліктіріп , аса қыздырған жалғыз бір шырқаған асқақ үн , ол – ән. Оныншы және он бірінші бес жылдықтың алғашқы төрт жылында барлық түлікті қоса есептегенде , қоғамдық мал басы 2482000 – ға көбейді.
6- жаттығу
Реттік сан есімдерді тауып , жұрнақтарын көрсетіңдер.
Арада үш күн өтіп, төртінші күн дегенде , председательдің айтқан уәкілі де келіп қалды бізге. Жалғыз – ақ осы орайда енді Майбасар , Тәкежандар екінші бір есепке ауысып отыр екен. Таза төрт, төрт жарым бітіргендер бәйгеге ілінген жоқ. Солардың ішінен жалпы болып, төрт бүтін жүзден алпыс бір болғандықтан, мені таңдап алып , тоғыз мың сомдық екінші сыйлыққа қосты. Екі айға созылған бұл жорықтың алғашқы жиырма үш күнінде мен 1075-ші полкті басқардым.
7- жаттығу
Жинақтық сан есімді тауып , жұрнағын көрсетіңдер, ерекшелігін айтыңдар.
Келесі күні ол екеуміз өзенге балық аулауға бардық. Атадан алтау , анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Екеуі екі сәйгүлік атқа мінгені – жол – жөнекей желікпей , көлге аяңмен келді . Бір-біріне жөнді тіл де қатысқан жоқ. Сен екеуміз кітаптан оқып білгеннің көбін, Дәркембай өмірден бақылап білген.
8 – жаттығу.
Болжалдық сан есімді тауып , жасалу жолын, ерекшелігін айтыңдар.
Жүзден астам ұлттар мен шағын халықтар өкілдері қазақ жерінде тұтас бір семья құрып, өмір сүріп , жемісті еңбек етуде . Бұл көшке жетпіс шақты адам жиналды . Үйден 16 – 17 шамасындағы бұралған әдемі қыз шықты, үсті – басы малынып тұр. Биыл үй басына екі жүз, үш жүз пұт егін алайық деп отырмыз. Ауылдан он бес шақырымдай жерде бір ауыл бар болатын . Олар жыл сайын бес – алты мың гектар егін егеді.
9- жаттығу
Топтау сан есімдеріне көркем шығармалардан сөйлемдер (7) теріп, сан есімдердің қалай жасалғандығын түсіндіріңдер.
10- жаттығу
Бөлшектік сан есімдерді тауып , олардың белгісін түсіндіріңдер.
Сағатыма қарасам, түнгі тоғыз жарым болған екен. Желімге бидай ұнының он бөлігі , ашудастың ноль бүтін оннан екі бөлігі кіреді . Дәл осы жерде мына үш тұзақтың біріне қыл мойыннан ілігеді… Көмір қышқыл газы ауада ноль бүтін жүзден үш процент екені белгілі. Жүгері шаруашылығында істейтін 250 адамға бөлгенде , әркім мың центнерден астық өндірді деген сөз.
9 – жаттығу
Сан есімдерді тауып , оларды синтаксистік қызметіне қарай талдаңдар.
Механизм бөлшектерінің тоқсан тоғызы дұрыс , бірі теріс болса, сол бірі тоқсан тоғызды бөгейді. Екеуінің үйлері де көрші, қораларының қақпасы біріне – бірі қарап тұрады. Республикамызда табиғи шабындық пен жайылымдар шамамен 180 миллион гектар жерді алып жатыр. Астық тасымалын сағаттық графикпен ұштастыру арқасында 250 автомашинаны үнемдеуге мүмкіндік туды .
- – жаттығу.
Сан есімдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып , бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
30 дан, 40 қа , 5 класс, ІІІ курс, 3 курс , 12 мектеп, ХХ том, 20 том , 7 сәуір, 1983 жыл , 40 таған, 20-30, 30 дарда , 40 тан аса, 50 ге жақын, 10,5.
Есімдік
- жаттығу
Есімдіктерді тауып, мағынасына қарай талдаңдар.
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас. (Ы.А.).Сол күш Қаракөзді көп заман қинап жүрді. (М.Ә.). Кім айтар сені қала көрген, оқыған деп? Қайсың кәне, шығыңдар? Тоғжан сол бір желсіз, тыныш кеште, жым-жырт сайда ымырт жабылар шақта Абайды өзі іздеп келді.Оны Бөжей асынан соң көріп отырғаны осы.Сіз ешкімнен қайыр сұрап жүрген жоқсыз. Ол ұққандай боп, көзін қысады.
2- жаттығу
Есімдіктерді тауып, жасалуын түсіндіріңдер, мағыналық түрлерін анықтаңдар.
Кейбіреулердің көнгісі келмегенмен, Амангелді де бұл сөздің артын тоспақ болыпты. (С.М.). Дәурен жолдаманы қарады да, өзіне қайтарып берді.(З.Қ.).Әйел-ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,көлді бұлақ емес пе? (Ғ.М.). Азықтар, көрпе-жастықтар, әлденеше қабат жазғы, қысқы киімдер болсын-барлығы да күймеге тегіс салынып болған-ды. (М.Ә.).
3-жаттығу
Өздік, жалпылау есімдіктерін тауып, түрленуін түсіндіріңіз.
Өзімнің бес саусағымдай білетін өздеріңді. Мен емес сен қинадың –ау сонда. Мен мынау ауылдарға барып көрем.(Ғ.М.).
4- жаттығу
Сызбаны толтырыңдар.
№ | Мысалдар | Жіктеу | сілтеу | сұрау | өздік | Болым сыздқ | Белгі- сіздік | Жалпы- лау |
1 | Өзі | |||||||
2 | Мынау | |||||||
3 | Маған | |||||||
4 | Ешкім | |||||||
5 | Біреу | |||||||
6 | барлық | |||||||
7 | қашан | |||||||
8 | Анау | |||||||
9 | Ол |
5- жаттығу
Есімдіктерді тауып, олардың қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын талдаңыз.
Бұл аңшылар тәжірибесінде болмастық бір олжа.(М.Ә.)Қайдан келгені белгісіз арт жақтан үш салт атты шыға келді.осы хабарды естісімен барлық топ бері қарай ағылды.Ол мені алғашында таныған жоқ.Біздің мектепте алғашында жүз елудей бала оқыды.
Есімдік
- жаттығу
Есімдіктерді тауып, мағынасына қарай топтаңыз.
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас. Есімін ең болмаса біреуі естір деп ойлап, келгендерден сұрау салды. – Тентекжан-ау, мені тастап бара жатырсың ба? – деп Зәйкүл де тұра жөнелді. Көкшетау мен біздің ауылдың арасы – жүз алпыс шақырым, бұл екі ара құлазыған дала емес, жол бойында бірнеше деревня бар. Шындық әр заман емес, тіпті бір заманның әр қауымының өздеріне де әр алуан танылады.
- жаттығу
Есімдіктерді тауып, олардың қалай түрленіп тұрғанын айтыңдар, тіркесіп тұрған сөзін көрсетіңдер.
Сол күш Қаракөзді көп заман қинап жүрді. Сіз ешкімнен қайыр сұрап тұрған жоқсыз. Ол ұққандай боп, көзін қысады. Кім айтар сені қала көрген, оқыған деп? Қайсың, кәне, шығыңдар? Тоғжан сол бір желсіз, тыныш кеште, жым-жырт сайда ымырт жабылар шақта Абайды өзі іздеп келді. Оны Бөжей асынан соң, Абайдың екінші көріп отырғаны осы. Қалима екеуіміздің қосылғанымыз бүкіл ауылға ертеңіне аян болды.
- жаттығу
Есімдіктің қай сөз табының орнына жұмсалып тұрғанын анықтап, қосымшаларын сызыңыз.
-Шешей-ау, үлкен адамдарды оқытатын мектеп ашық, соған сізді де жазып қоям, – деді. Күрең қасқа алдындағы атпен құйрық тістесіп өтті. Жылқыда жалғыз өзі қалды. Қарсы беткейде ағаш сирек, сонау бұжыр-бұжыр тастарды қақ жарып өскен шыршалар болмаса бірыңғай жалаңаш. Өзімді өзім алдандыру үшін қолыма қарындаш пен қағаз алдым. Бәріміз де рақат тұрмысты еңбектен тапқан адамдармыз.
- жаттығу
Есімдікті тауып, жасалуын түсіндіріңіз, тәсілін (жасалу) атаңыз.
Кейбіреулердің көнгісі келмегенімен , Амангелді де бұл сөздің артын тоспақ болыпты. Ол осы үйде тұрады және мен мынау колхоздан пана таптым, енді орным осында . Сонау көз ұшынан жыпырлаған станция үйлері көрінді . Дәурен жолдаманы қарады да , өзіне қайтарып берді. Азықтар , көрпе – жастықтар, әлденеше қабат жазғы , қысқа киімдер болсын – барлығы да күймеге тегіс салынып болған-ды.
- жаттығу
Өздік , жалпылау есімдіктердің астын сызып, түрленуін түсіндіріңіз.
Кешегі күні жұрттың бәрін есеңгіретіп кеткен лаңда ел табаны аумай ұзақ отырып қалған жайлау , бұл шақта сары жұрт болып , шаңдағы шығып жатыр.
Барлық топ енді түгел шапқан күйінде , құстардың соңынан кетті. Бұл – бүкіл өнер кәсіптің бастауы . – Бүгін маған Арғынжан қолғабыс тигізді емес па? Балаңның тоқымқағар тойы бар, – деп атасы мәз болып жүр . – Шөп шабуға мені де он екі жасымда үйреткенсіз . Он екі жасқа келгенде , Арғынды да үйретерсіз. «Өнерді үйрен де , жирен», – деп өзіңіз айтасыз ғой . Қол шалғымен шөп шаба білу де өнер.
- жаттығу
Сілтеу , сұрау есімдіктерін тауып , түрленуін түсіндіріңіз.
Қашан көзін жұмғанша , қатын – баланың қамын ойлап , жарғақ құлағы жастыққа тимеп еді . Кімдерге беріп , қайда жұмсаса мақұл дер едің. Қонақтар мәз – мейрам болып , әлденеге күлісіп жатыр . Отансыз бақыт жоқ, әркімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері . Анау жонды алған егін – жайды , мынау өлкені алған шабынды , үлестірілген көп малды емін – еркін пайдаланып ,қызығын көр, еңбекші ел.
- жаттығу
Белгісіздік , болымсыздық есімдіктерін тауып, олардың түрленуін , өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Бірақ Көксерек әлі күнге еш уақытта қыңқ етіп ауырсынған дыбысын шығарған жоқ . Бар адамның тілегі – бейбітшілік. Мен ешбір жұмысты ойламай , білмей істемеймін . Біреу оқыс жөтеліп қалса – ақ , ала қашатындай елең – елең етіп ойнақшып келеді. Антонов келіп қалғанда , бұрын араз ағайын бірінің үйіне бірі қалай кіріп кеткенін де білмей қалады .
- жаттығу
Есімдіктерді тауып,олардың қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын талдаңыз.
Өмір – саты, біреу өрге жылжиды , біреу төмен сырғиды . Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Біз ауылға жақындағанша алдымыздан ешкім көрінбеді . Мәжіліске жиналған жұрттың бәрі де үнсіз. Бұл – жалпы халықтық мәні бар баршамызға ортақ іс. Қазір көп – көп ойлап, көп бағып , танып көргісі келетіні дәл осы өз қасындағы өз әкесі.
Етістік
- жаттығу
Етістіктерді тауып, мағынасын айырыңыз, морфологиялық белгісін (формаларын ) көрсетіңіз.
Әсем ақ көк атты жайдақ мініп, екі торыны жетекке алып, бұл да өзенге қарай кетіп барады . «Нәртас – Шұғыла» жолаушылар автобусынан орта жолда бала көтерген жас әйел түсіп қалды . Кесірлі шанышқыны тауып, үлкен әбігермен оны стол үстіне қоя бергенде, жұрт ду күлді . Үш жыл өтіп, төртінші жылға айналғанда, қыс түсіп, күн суытты.
- жаттығу
Салт , сабақты етістіктерді тауып, оларды топ – топқа бөліп жазыңыз, салт , сабақтылық қасиетін сипаттаңыз.
«Коммунизм дегеніміз – бүкіл елді электрлендіру». Жапондар жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Жәнібек жасөспірім ұлының сөзін бірден іліп әкетті. Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Тынық, мөлдір суда балықтар ойнап жүр. Жас шебердің ісін ұнатып тұрмын.
3 – жаттығу
Мәтіндегі түсіп қалған етістіктерді жаз.
Бір адам он жасар баласын …,егіннен жаяу … … … . Жолда жатқан бір ескі тағаның сынығын …, әкесі баласына:
-Балам, ана тағаны… …,- дейді.
Сонда баласы әкесіне: -Сынып қалған ескі тағаны… не …?-депті.
4- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, есімшелерді тап.
Түйе
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Екі өркешін қом басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Тілін тікен теспеген,
Алабота, теріскен
Мұрындығы келіскен,
«Шөк» дегенде, «бық» деген,
Шешем үйді жүктеген.
5– жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, болымсыз етістіктерді табыңдар.
Жалқау бала
Жалқау бала жалтақтап,
Сабақтан қашып жан сақтап,
Ешкім оған разы боп,
Көрмейді жақсы жұрт мақтап,.
Сабаққа мойын бұрамайды,
Кітаппен кеңес құрмайды,
Мектепке ерте баруға,
Ұйқысынан тұрмайды.
6– жаттығу. Етістікті тауып қай райда айтылып тұрғанын анықтаңдар
Алғашқы трактор
Ауыл сыртынан гүрілдеген дыбыс естілді. Далаға жүгіріп шықсам, шарбақтарды жағалап трактор келе жатыр. Оның маңындағы халықты көрсең, кәрі-жасы демей, сапырылып жүр.
Арлы – ожданды бол
Өркенің өссін десең, Кекшіл болма – Кесапаты тиер еліне. Елім өссін десең, Өршіл болма
Гүлі сұлу орманды Сусатпағым келеді. Жүзі жылы жандарды Құшақтағым келеді.
7- жаттығу .
Тұйық етістіктерді тауып, олар сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықта.
Қандай халықтың болмасын мәдениетін тану – оның рухани өмірін зерттеуден басталады. Халық, ұлт болып топтасудан экономикалық шаруашылық, аумақтық ерекшеліктер негізгі болғанымен, адамдардың рухани тұтастығын ешқашан естен шығармауымыз керек.
8– жаттығу. Ауыспалы өткен шақты тауып,жасалу жолдарын айт.
Сонысы үшін де Екей, Есқожанның кәрі-жасы, тайлы таяғына дейін сары екенді ел қамқоры бетінде бастарына көтере сыйлайтын. Ол кісінің айтқандары екі етпей орындалады.
Ауылдастар арасында ақын бала аталып, ел күзіне түсе бастаған Жамбыл Сарыбай батырды көргенде, жүрегі аттай тулап сала беретін.
9-жаттығу . Сөйлемдерді сөз таптарына талда, жедел өткен шақ етістіктің астын сызып, қалай жасалып тұрғанын түсіндір.
Есеней бар денесімен селкілдеп күлді. Көптен бері бұлай күлген емес –ті. Жарасының ауырғанына қараған жоқ. Осыдан бір ай өткеннен кейін Шыңғыс дуан орталығын тастап, өз еліне барып жатып алды.
10-жаттығу. Етістіктерді тауып, олар келер шақтың қай түрінде тұрғанын ажырат.
- Бұл ауылнайда әдеті емес пе, бізге келісі әкіреңдей келетін.
Құдай қорлағырлар, қорлауын қоймайды, басынуын қоймайды, «Кедей аз атаның баласы, бұлардың қолынан не келеді деп басынады», – Күріш бірсыпыра шаптықты.
- Жақияның әйелі, далаға шық, ауылнай шақырып жатыр, -деді.
11- жаттығу .Мақсатты келер шақ жасап тұрған етістіктерді тауып, жікте.
Жантас көршінің үйіне қарай шығатын әлгі бір жалғыз аяқ жолды да бітеп тастамақшы еді, ойланып біраз тұрды да, оған қолы баптады. Кішкентай үш баласы үйректің балапанындай тізіліп сол жолмен Мейрамгүл апаның үйіне баратыны есіне түсті.
Кемпір кішкентай балақандарды жаны қалмай жақсы көрер еді. Өзіне әлі немере біте қоймағаннан ба, әйтеуір, әлгі Жаппастың қара домалақ балалардың асты-үстіне түсіп бәйек болып жататын.
Етіс
1 – жаттығу. Төмендегі етістерді сызбаға орналастырыңдар.
Сендір, сұран, айтылды, жуынды, қыздыр, таран, жазыс, шашқыз, салын(-ды), сұран, шешіл(-ді), жуыс, көбейттір, жайыл(-ды), саналды, теріс, сойылды.
2- жаттығу. Берілген сөздерден өздік етіс жаса да, өздік етіс екенін сөз тіркесі, сөйлем арқылы дәлелдеңдер.
Қос, бер, ойла, жаз, кер, жу, тара, қара, баста, қон, өс.
3 – жаттығу
1. Төмендегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, жаттап ал.
2. етістіктерді тауып, олар қай етіс түрінде тұрғанын ажыратыңдар, жасалу жолын түсіндіріңдер.
Ер өтірік айтпайды,
Жоқтық айтқызады.
Ер асылық айтпайды,
Тоқтық айтқызады.
Ашу шабыстырады,
Ақыл табыстырады.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
4- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден етістерді тауып, түрін анықта.
Әйтеуір Асан ілгері аттамады, ернін жымқырып үн-түнсіз тұрды да, сонан соң өзінің кереуетіне бұрылды. Төсегіне келіп отырды. Басын жоғары көтермеді,түйілген қабағы жазылмады.жеңілгенін мойындамауға т ырысқандай. Бірақ жолдасының әлгі сөзіне қайтарар жауабы болмай амалы құрығаны осы қалпынан – ақ аңғарылғандай.
5 – жаттығу. Сөйлемдерге құрамындағы етістіктер қай етісте тұр?
1.Биыл егін ерте орылды. 2. Абай өлең сүйер жастарға өлең айтқызды. 3. Жас ақындар наурыз мерекесі қарсаңында айтысты.
6- жаттығу Кестеге етістің жұрнақтарын жазыңдар.
Е | Өздік | Өзгелік | Ырықсыз | Ортақ |
Т | ||||
І | ||||
С |
7- жаттығу. Өлеңді оқып, өздік етістерін теріп жазыңдар, жасалу жолын түсіндіріңдер.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бүлінді…
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық,
Қанды көбе киініп
Бір Аллаға сыйынып,
Кезенген жауға кез келдік…
8- жаттығу .Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.
Көбей. Ойлан. Оқы. Өсір. Жуын. Ал. Өшір. Құтқар. Жина. Түсір. Апар. Әкел. Жет. Күл. Ойна. Жаз.
9- жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, құрамындағы етістектерді түрлеріне қарай ажыратып, талдау жасаңдар.
Жолаушыларды Ахмет басқарды. Адам тізбегі он километр бойына созылған.
Он адамнан бір звено. Әр звеноға жер өлшеп берілген. Жолаушылар өзара жарысуда. Әзіл, күлкі, кейде анадайдан дауыстап сөйлескен үндері тұтасып, тынымсыз күшті гуіл естіліп тұр. Әр қилы адамдар көрінді.
10– жаттығу .Етістердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Жиналмады. Ашылды. Аттандырылды. Ілінбеді. Көшірілді. Өткізілді. Төселді. Шегеленбеді. Сөндірілді. Терілмеді. Орылды. Көрсетілмеді. Салынды. Алмастырылды. Бергізілді. Жинақталды. Тазартылды.
Есімше мен көсемше
1 – жаттығу. Көсемшенің астын сызып, олардың жасалуын түсіндіріңіз.
Тәңірберген оянса, таң жана атып келе жатыр екен. Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам. Буы бұрқыраған еңбек күйі аспанға өрлейді. Жайлауға қарай Шыңғыс ақ асқалы беттеп келе жатқан елдің үш – төрт ауылы қоныпты.
2– жаттығу. Көсемше формаларының қай шақ мағынасын беріп тұрғанын түсіндіріңіз.
Маңдайы жазық, қалың қасты, мұрны келіскен, аузы оймақтай, құлан иек қыз болып өсті. Бірақ сүйекке тырс – тырс етіп пышағын батпайды. Соны ғана білем, содан соң талып кетіппін.
3- жаттығу. Көсемше формаларының сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұрған жерлерін тауып, түсіндіріңіз.
Аяғым анда – мұнда бір тиіп, дөңгелеп ұшып келемін. Бір қарыздан құтылғанына « Уһ » дегендей боп, Күңкені ертіп, Байқошқарға қайтты. Деревня сыртындағы дөңеске шыға бергенде, он шақты машинаға тиеліп, дұшпан солдаттары келіп қалды.
4 – жаттығу Сызбаны толтыр
Мысалы | Есімше | Көсемше |
Көргелі | ||
Барып | ||
Түсіндіріп | ||
Қалғалы | ||
Келе жатыр | ||
Көзі көрмейтін | ||
Көбелек айналдырып |
5 – жаттығу
Есімшенің сөйлемдегі қызметін тап
- Айналасы қоршаған нөкер, сары – ала киінген алшаң басқан бай – батшалар, біріне – бірі сүйенген кемпір – шалдар кесілді.
- Ағам менің сабақты қалай пысықтағанымды бақылап, қадағалап тұратын.
- Бірақ әңгіменің түйінінің басталатыны рас.
- Қабағы түнерген
6-жаттығу. Есімшенің шақтық мәнін анықта.
- Өзгелер де қозғалған.
- Неден болса да, тайынар емес.
- Осыны өзің өскенде оқып, маған түсіндіріп бересің.
- Рахмет қозы бағып жүрген.
7 – жаттығу . Көсемшенің сөйлемдегі қызметін тап.
- Ел жаңғырып, ел өнері түлеп өсіп жаңарып кеткендей.
- Мақан еш уақытта қар ертіп, беті – қолын жумайды.
- Үкілі көктем туып, ауыл қырға шыға Сибанның ауылнайы Мәкіш кеп орын тапты.
- Ол, әрине, бақсылардың салтын құрып, сарнай, күңірене,құтырына келмекші ғой.
Үстеу
1 – жаттығу. Үстеуді тауып, мағынасына, тұлғасына қарай талдаңыз.
Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Абай жалт қарап барып, жаңа көрді. Жатаққа тиіп отырғандар әдейі сізге де тиемін деп, осыны істеп отыр (М. Ә.). Сын сықаққа ақын осылайша едәуір дайындықпен келді. Содан қаламы түскенше сатира сардары болып сапта қалды. Бұл уақыт ішінде ол мыңдаған сықақ жазды («ҚӘ»). Беланның атқыштары енді топтамай – ақ, біртіндеп құлатып жатты (Х. Е.). Ал, бірақ оқта – текте қатуланып түйілсе, әлі күнге аса зәрлі.
2 – жаттығу .Негізгі, туынды үстеулерді тауып, туынды үстеудің қалай жасалғанын (тәсілін) талдаңыз.
-Бәрінің киімі бірдейі несі. Күйеуше неге киінбеген? –десіп, жақындап кеп, амандаса бастады. Бұның алдына топ – тобымен кеп түсіп жатқан кісілер бар. Соны аңдаған болу керек, Абай енді Баймағамбетке көзбе – көз, тура шабуыл жасады. Көз ұшына кетіп ұзап, ылғи жапа – жалғыз шауып отырған (М.Ә.).
3- жаттығу. Үстеулерді тауып,олардың қай тәсіл арқылы жасалғанын түсіндіріп беріңіз.
Кейде ұрлық жасауға әзірленіп тұрған кісіше қай-қайдағыға бола өлердей қысылатының да содан шығар.(К.Н) Күндіз-түні талмай ұрыс салып, үңгірдің аузын оқпенен көміп,қалмақты бұқтырып отырып, әлденеше күн аштықтан бұралтады.
4- жаттығу.Үстеудің қай сөз табымен қалай тірекесіп тұрғанын айтыңыз,олардың қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын түсіндіріңіз.
Шақыру мен Оспанның жылын беруді Абайдың жалғастыра айтқанын Дәрмен өзінше түйді. Жал-құйрығы сүзілген бәйгелер де киікше басып,
Ойқастап шықты.Орысша оқуға сахара елінің балаларын беруге ата-аналардың санасында өзгеріс қандай, жаңғыру қаншалық, осыны да білгісі келеді (М.Ә.). Өлімнен ұят күшті дегенді кейінірек естісем де, осы арада өз басымнан бір өткіздім-ау деймін (Ғ..).Тұс-тұстан тарсылдап мылтық атылды (Қ.Қ) «Бақташы байымайдыны» сонда көретін болдым (Ғ.М.).
5 – жаттығу.Еліктеуіш сөздерді тауып, олардың мағыналық ерекшелігін, дыбыстық құрамын айтыңыз.
Антоновтың да шатынаған көздерінен ұшқан от ұшқыны жылан тіліндей жылт-жылт етеді (Ғ.М.). –Дәмең зор екен,-деп қарқ-қарқ күлді шетте отырған бір жігіт (З.Ақ.). Әсеттің жүзін жалын шарпып өткендей ,ду ете түсті.Өзінше бір қым-қуыт өтіп жатқан у да шу ,қызық тірлік.
6-жаттығу. Еліктеуіш сөздерді тауып, мағынасына қарай бөліп жазыңыз.
Кенет найзағайдай сап ете түскен жаңа ойдан оның тұла бойы дір етіп, демі жиілеп сала берді (Д.И) . Үзеңгіге аяғы тиер-тиместен лып етіп өзі де ат үстіне қона кетті (М.М.). Ол жүрісін кілт доғарып,жалт қарады.(Р.С.). Түнде майса көк шөпке тойғандықтан, Шығады ыңқ-ыңқ етіп жорға демі.
7- жаттығу Еліктеуіш сөздерді тауып, қай сөз табымен тіркесіп ,қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын талдаңыз.
Есікті сықыр еткізіп, ақ көйлек, ақ дамбалды иығына шапан жамылған шал шықты.Әбдібайдың қасына жып етіп отыра кетті.Қанша ұйықтағаны белгісіз, бір кезде сыртты есік алдындағы шаң-шұң еткен дауыстардан оянып кетті.Есік алдынан үш-төрт ит бірдей арсылдай бастады.
8- жаттығу.Шылауларды тауып,оларды түр-түрге бөліп көрсетіңіз.
Ержан демін ішіне тартып, он шақты секунд қадала қарап тұрды да , жұлып алғандай Раушанға бұрылды (Т.А.) . Жолсейіт бүгін телефон арқылы үйімен хабарласты («Жалын»).Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып (Абай) .
9- жаттығу. Септеулік шылауларды тауып, олардың қай сөз табына тіркесіп, қай септікте тұрғанын, мағынасын түсіндіріңіз.
Абай халық үшін , халық Абай үшін алысады (М.Ә.). Әсіресе, елде қандай проблемалы жәйттер тұрғанын, асыра сілтеу, өтірік белсенді , көз бояушылық жөнінде көптеген мәселелер қозғалды. (А.Т.). Бұлар әр нені әңгіме етіп ,опыр-топырдан оңаша ,шетке таман шығып кетті.Мана түстен кейін Естай оны моншаға апарып, таза киім – кешек әперіп, мұнтаздай ғып киіндіріп қойған (Қ.Ж.) .
9- жаттығу.Септеулік шылауларды тауып,олардың сол тұлғалы үстеуден т.б айырмасын айтыңыз.
Әміре ақсақалдың ауылы да көп елмен бірге бауырға қарай көшіп келді (М.Ә.) .Содан он жылдық класты бірге бітірдік (З.Ш.). Содан он жылдық класты бірге бітірдік (З.Ш.).-Сенің жолыңа қарай-қарай, сорлылардың екі көзі төрт болды,- деп ,ол екеуі екі жақтан жалпылдай бастады (Ә.Нұрп.). Қазандық көмейінен бері шығып, сытыр-сытыр жанған қурайды еңкейіп, епті ысырып жіберді.
10 – жаттығу. Демеулік шылауларды тауып,оларды түрлеріне бөліп көрсетіңіз.
Ол да мұны елеп-ескеріп, іш тартқандай сыңай танытты (Қ.Ж.). Мәлике көк пүліш пердені ысырғанда, шыршалы таудың ұшар басы қол созым ғана жерде тұрғандай ап-анық көрінді (Д.И.).Осы аз ғана күнде ол үрей, қорқыныш, ойсыраған өкініш, ауыр қайғы, сағымдай алдамшы үміт, ащы ыза, өрттей жалаған күйініш атаулының алуан түрін басынан өткерді.
11- жаттығу. Демеулік шылаудың қай сөз табына, қандай формалы категорияға тіркесіп тұрғанын айтыңыз.
Жайлаудан бері де талай асулар, тар кезеңдер мен самал желді сары белдер жатыр (Ә.Ә.). Ол машинкаға бірден жазатын адамның тәсілін сөзді сыйламаушылық дейтін-ді.Енді маған жетпегені –соңымнан тыңшы мен барлаушылардың еруі ғана (Д.И.). Есік алдында пар атты арбалар да тұр екен.
12- жаттығу. Шылауларды тауып, олардың жазылу ерекшелігін айтыңыз.
…Ертең ертемен жүретін болғасын ба, әлде Нұржанға ренжіді ме, әйтеуір өрелі таңды көзімен атырды (Ә.Н.). – Жарықтық-ай , бұл күнді де жұрттың көретін күні бар екен-ау! Жалғыз-ақ жүні түспеген көпей тайыншаға ұқсап, қойшы малшылар ғана жалба-жұлба тері тон мен жабағы күпісін тастай алмайды
Сөз тіркесі
1 – жаттығу.Төмендегі сөйлемдердегі сөздердің орындары ауысып жазылған.Оны тиісті тәртібіне келтіріп жазып оқып бер.
1.Халқымыздың жасау бірі –дәстүрлерінің бастаңғы жақсы.
2.Кісі болғанда, қайтыс кейін бата оқуға келгенде,адамдар шығарарда өлікті үйден сыңсу,жоқтау айтады шығарып әйелдер даусын.
2- жаттығу Төмендегі мәтіндердің мазмұнына көңіл аудара отырып оқы.Мәтіндердің 1-сөйлемдеріңдегі сөз тіркесін топтап жазып ,қанша тіркес бар екенің анықта.
Жеті ата
Біздің халқымызда әрбір бала әкесі жағынан да, шешесі жағынан да қажетті атаға дейін кімдермен қандай туыс екенін білуі міндетті. Бұл- қазақтардың заңы. Себебі жеті атаға дейін қосылатын жақындығы бар адамдар бір- бірімен қыз алысуларына болмайды .
Бастаңғы
Халқымыздың жақсы дәстүрлерінің бірі-бастаңғы жасау .Үлкендер қонақтық, той секілді жиындарға кеткенде үйде қалған келін,қыз ,бозбалалар өздері оңаша тамақ пісіріп, көрші-көлемдегі құрбыластарын шақырады.
Сөздердің байланысу тәсілдері
1- жаттығу Қазақ тілінде сөздер бір-бірімен қандай тәсілдер арқылы байланысады.
2- жаттығу .Сөздердің қосымша арқылы байланысу тәсіліне екі сөйлем құра және қандай қосымшалар арқылы байланысып тұрғанын түсіндір.
3- жаттығу.Мәтінді оқи отырып ,сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын түсіндір.Синтаксистік талдау жаса.
Жалқау келін
Бір жас келін өзі отырып,елді жұмсағыш болған екен .Бірде атасы мені де жұмсар ма екен ,көрейінші деп ойлайды .Келіні тары қуырып отырғанда,сыртта жөтеліп,дыбыс беріп атасы келе жатады.Теріс қарап отырған келін есік жаққа қарауға ерініп:-Әй, келе жатқан кісі ,кім болсаң да ,ана даладағы келі мен келсапты ала келші,-депті.
Сөздердің септеулік шылаулар арқылы байланысуы
1- жаттығу.Төмендегі сөйлемдерге тиісті септеулік шылауларды қосып айт
Мал…таласпа. ар…талас!
( Ә.Науаи )
Адам неғұрлым ақылды ,мейірімді болған …,соғұрлым өзінің жақсылығын бағалағыш келеді.
(« Даналық сөздер» кітабынан)
2- жаттығу.Септеулік шылаулар арқылы байланысатын екі сөйлем құра.Олар қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысуы
1- жаттығу Төмендегі сөйлемдерге орын тәртібі арқылы байланысатын сөздерді қойып жаз.
2- жаттығу. Жалған …қасиет емес,..сақтаған қасиет.
М. Әуезов
3- жаттығу….адам жатына да жақындай,
….адам жақынға да жақындай.
Сөздердің интонация арқылы байланысуы
1- жаттығу.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жаз.
1…- мектеп үйі.
2…- Бағила.
3…- Отаным
2- жаттығу Сөздердің интонация арқылы байланысуын теріп жазыңдар.
Отыз бірінші сөз
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек,көңілденіп,тұшынып ,ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,көңілге бекіту керек. Төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.
Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы – күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
3 – жаттығу
Матасуды табыңдар
Қай заман, қай уақытта болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат – міндеттердің ең маңыздысы – өз ісін, өмірін жалғастыратын, алға апаратын саналы да, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі деген сөз, келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол болашақ қоғам иелерін жан – жақты жетіліп, дамыған, ақылды, парасатты, мәдениетті, білімді, іскер, еңбекшіл азамат ретінде тәрбиелеуді адамзат дамуындағы байлықтың бәрін игерту арқылы ғана іске асыруға болады.
4- жаттығу
Меңгеруді табыңыз
Ешбір мемлекет, ешбір қоғам, ұжым, отбасы, адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Осының өзі соншалықты қажет болғандықтан, олардың қаншалықты дәл ұйғарымға келуге қолдары жетті, әрі «дәл» деген түсінік ол кезде қандай мағынаны аңғартты, мұны қазір ешкім де білмейді. Бірақ өте ертеде Қытай мен Үндістанда су сағаты – клепсирда пайда болған.
Бұл прибор кеңінен таралды. Египетте клепсидра күн сағатымен бірге біздің дәуірімізге дейінгі ХVI ғасырға дейін қолданылды. Ал Еуропада осы сағат уақытты біздің дәуіріміздің XVIII ғасырына дейін есептелді.
10 – жаттығу Қабысуды табыңдар
Кеңес үкіметі кезіндегі көп жылдар бойы ұлт саясатының бұрмалауынан көптеген ұлттық салт – дәстүрлеріміз ұмыт болып тойланбай келді. Мысалы, дәстүрлі Наурыз мейрамының 60 жылдан аса тойланбай келгені баршамызға мәлім. Әйтсе де, ауылдық жерлерде ата дәстүріміздің өміршең үлгілері сақталып, уақыт өткен сайын мазмұны жағынан байып, дами түседі. Олардың біраз бөлігі өмірге, заман талабына сай жаңаша сипат алса ( үйлену тойы, шілдехана және т.б) екінші біреулері өмірімізге жаңадан кірген мерекелер. Мысалы, туған күн, шопандар тойы, жұбайлардың күміс, алтын тойлары, т.б
11 – жаттығу. Матасуды табыңдар
Қай халықты алсақ та оның өзіне тән тұрмыс тіршілігі, күн көрісі, әдет- ғұрпы, салты болатынын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасасып, оның тарихына өзгеше ілесе жүретіндігін байқаймыз. Қазақ халқы өмірінде шілдехана тойының алатын орны ерекше.
Шілдехана – халқымыздың қастерлі тойларының бірі. Ол қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша нәресте қырқынан шығарылатын кезде өткізілетін болған. Өмірге бала келуінің өзі кімге болса да үлкен қуаныш, зор бақыт. Бұл тойға нәресте әке – шешесінің туыстары, жақын достары, көңілі жақын адамдары шақырылады. Өмірге келген нәрестеге құттықтау сөздер айтылып, жақсы тілектер білдіреді.
12 – жаттығу.
Төмендегі сөйлем ішіндегі сөздердің қандай тәсілдермен байланысып тұрғанын көрсетіңіз.
Машина үшін мен жауап беремін. Келген қоныстанушылардың аттары оған өлең сияқты естілді. Болашақ қаланың көшелері төрт пәтерлі жалғыз қабат ағаш үйлерден тізіле бастады.
1._____________________________________________________
2._____________________________________________________
3._____________________________________________________
4._____________________________________________________
13 – жаттығу
Сөз тіркесі мен күрделі сөздерді ажыратып, кестеге толтырыңыз.
Үйде қалды, он сегіз, жұмған аузын ашпау, сіркесі су көтермейді, мөлдір су, зыр жүгіру, көпір арқылы, көпірден өту, селт етпеу, табыс ету, куә болу, күзге қарай, жақсы көру, әдемі жазу, асығыс-үсігіс.
Сөз тіркесі | Күрделі сөз |
14- жаттығу. Берілген тіркестерді байланысу түрлеріне қарай топтаңдар.
Жаңа мектеп, балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, халық қазынасы, ақталған сенім, малшыларға қамқорлық, мерекеге ұласу, таудағы мұнаралар, үш нәресте, қаланың көшесі, дәрігерге алғыс, суыққа шыдамды, сыныпты безендіру, ерте тұру, көруге құштар, бүгін жолығу, бетегеден биік, жусаннан аласа, жинақталған тәжірибе, халықтың еңбегі, күнмен шағылысқан, малды ауыл, шаруашылықты байыту.
Қиысу | Матасу | Меңгеру | Қабысу | Жанасу |
Мен келдім | Оның добы | Үйге бару | Үлкен кісі | Бүгін айтады |
15- жаттығу
Септеулік шылаулар арқылы қалыптасқан етістікті сөз тіркестерін тауып, астын сызыңыз.
Көкірегі сезімді, тілі орамды. Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Күңгірт, сұрғылт қыс аспанында көшпе бұлттар өркеш-өркеш боп терістікке қарай ауып барады. Бет пішіні де денесіне лайық дөңгеленіп, іріленіп қалған.Кәмел ағам мені Қостанайға дейін шығарып салған. Қашанғы әдеттерінше, келген сайын күнделіктің бірдемелерін ақылдаса кетуші еді, оны бұл жолы істеген жоқ.
ФОНЕТИКА БӨЛІМІ БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу. Мына сөздерді әліпби тәртібімен тізіп жазыңыздар.
Көлбақа, шілдехана, алтыбақан, әлеумет, ғарыш, қауіп, мінбе, риза, оттық, дию, абырой, тыйым, фельетон, электр, асық, ділмар, қайнаға, дүрбі, бояу, әңгіме, газдандыру, шөп, ірімшік, іңкәр, шаш, эфир, январь, юбилей, эмблема, ілтипат, ыза, чекист, ықтимал, цыган, құқық, хан, үйіл, ұшақ, патша, үгілмелі, өткіз, ұю, бағбан, әшекей.
2-жаттығу. Мына өлең жолдарындағы сөздерді пайдаланып дауысты дыбыстар классификациясы бойынша таблицаны толтырыңыз.
Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым, топырағыңнан, сен – түбім,
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жер де маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.
(М Жүмабаев)
Ітілдің | Ауыз қуысы мүшелерінің қатысына қарай | Өлең жолдарындағы сөздер бойынша |
Пжақгың | ||
Ш еріннің |
3- жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып жазыңдар. ы, әріптерінің сөз ішіндегі орны бойынша қорытынды жаз.
…лан, қ …дық, т…йіншек, т…йреуіш, ад…распан, ыс…рап, мең…реу, аң…зақ„шүғ…ла, мей…рім, қап…р..қ, к..р..с, там…з…қ, зріыт..лу, ой…ны, пе Д ыр…сы, ғыл…мы, бөр…к, и…ғы, бау…ры, и…сі, қад…рі, қау…п, у..с, қ… ылыс, қ…дірет, қ…рылыс, б…гін, м…лік, оқ…. , үск…р…к, жүйр…к, жұлд.л, құл…н, мазм… н, Құнд…з, бұлб.л, б…лд…рген, әлдек…м.
4-жаттығу. И, й – әріптері емлесіне байланысты көп нүктенің орнына тиістісін қойып жазыңыз.
Жа…ылым, а…на, с…яқты, ықт…ярсыз, б…дайық, д…қан, ж…нау, к,.,гізу, м…дай, …ірім, …герілді, сы…лық, сы…ымды, ты…ым, ты…ылды.
Дар…я, қ…яр, жар…я, қ…я, қ…яңқы, м…я, мр?…ят, п…яз, тақ…я, с …я, қар…я, Әл,..я, жар…ялау, Әс…я, Ғал…я, Балқ…я, Жақ…я.
Дауыссыз дыбыстардың орнымен қазақтіліне дыбыстардың ерекшелігін түсіндір.
5-жаттығу. Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, езулік дауыстыларды бір бөлек, еріндік пен езулік дауыстылар араласып келген сөздерді бір бөлек топтап жазыңыздар.
Бота отырып шіреніп, Ләңгі тепті бір барыс,
Борсық айдап кемені. Лашын киді сулықты.
Бытпылдықтап бір елік, Лепіргенде жолбарыс,
Бура мініп келеді. Лаң ашуға булықты.
Бірыңғай езулік дауыстылары бар сөздер:
Бірыңғай еріндік дауыстылары бар сөздер:
Еріндік және езулік дауыстылары бар сөздер:
1-жаттығу. Жүсіп Баласагұнның тіл өнері және оның пайдасы мен зияны жайында нақыл өлең жолдарындағы сөздер бойынша дауыссыз дыбыстарды акустикалық белгілеріне қарай топтастыр.
Көрінеді тілден ұғым, білім де,
Сен өзіңді «жарылқаушы – тілім», – де
Тіл сыйлы етер, кұтты қылар,өсірер,
Бас та жарар, қадір – құтты ол өшірер.
Тіл арыстан күзететін босаға,
Бас жарады, қуып тастар тасаға.
Не деп еді тілден көрген азарды,
Пайдаңа асыр бақ сөзге can назарды:
«Тіл қинайды – жүрек қанша тілінді,
Бас аманда мен кесейін тілімді.
Бас кеспесін сөзіңді бақ күзетіп,
Tiс сынбасын – тіліңді бақ күзетіп».
Дауыссыз дыбыс түрлері | Өлеңдегі сөздер бойынша | |
1 | ||
2 | ||
3 |
1-жаттығу. Мына сөздерді тасымалдаңыз, тасымалданбайтын сөздерді‘ тасымалданбау себебін түсіндіріңіз.
Мектеп, тон, кезек, дәрігер, орақ, бақ, мол, жас, теңіз, дос, ¥БТ, тасымал, жиын.
2-жаттығу.
Екі буыннан тұратын тасымалданатын және тасымалданбайтын бірнеше сөз жазыңыз.
1-жаттығу. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер мен бағынатын сөздерді екі бағанға бөліп жазыңыз. Олардың буын үндестігіне бағынбау себебін түсіндіріңіз.
Балалардың, досымдікі, бесжылдық, күрең, кітаптар, жылдамдық, бізге, мүғалім, дербестік, сенат, биржа, досыммен, үйде, бірыңғай, әуесқой, арбакеш, діндар, бейтарап, қалалық, мектепті, басеке, мұрагер, талапкер, біртуар, емхана, пайдакүнем, тезірек, біртұтас, сыныптан.
Бағынатын | Бағынбайтын |
Түсініктемесі–:
2-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен үлгі бойынша ілгерінді ықпалды табыңыз.
Жазылуы айтылуы
Үлгі. ішсін – ішшін (ілгерінді ықпал, түбір мен қосымша аралығында)
Қонысбек – Қоныспек (ілгерінді ықпал, біріккен сөз сыңарлары аралығында) Тас бер, Қамысбек, Жаңақорған, Жезқазған, кім келді? аты кім? қара қой, жауқияқ, баукеспе, мақтау қағазы, тау қыраны, балқарағай, көзқарас, Үмітбай, көре кел, итбалық, Ақбала, сақ бол, ұшқышсың, қашса, шашса, жағдайың қалай?
3-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен кейінді ықпалды табыңыз.
Жазылуы айтылуы
Үлгі: сөнбеді – сөмбеді(кейінді ықпал, түбір мен қосымша)
көк дөнен – көг дөнен(кейінді ықпал, екі сөз аралығы)
Тұзсыз, жұмысшы, құрылысшы, бара алмады, он бес, сәрсенбі, күнбағыс. азығы, жеті ешкі, кәсіпорын, шөп әкелді, көк ала, боз жорға, қарбыз сатты, көзсіз, Жанғали, келе алмады, жапырағы, Орынбек, кітабым, сәнқой, жанға, көнбеді, ерінбе, ақ ат, жұлдызша, жұмыс шамасы, бас штаб, доп алды, Бозжігіт, тоқ ат.
1-жаттығу. Берілген сөздерді бөлек немесе бірге жазылуына қарай топтаңыз.
(бас) киім, (еш) қайда, (асық) жілік, (ұл) бала, (ат) қора, (әр) кім, (еш) жер, (асыл)тас, (темір) жол, (сүт) қоректілер, (шаң) сорғыш, (аудан) аралық, (қол) шапалақтау, (әр) адам, (еш) түсінбейді, (әлде) қашан, (бес) атар, (тоқым) қағар, (балтам) тап, (кей) кезде, (кей) күні, (кей) бір, (кей) адам, (ала) бота, (түйе) қарын, (еңбек) күн, (халық) аралық, (әр) күні, (әр) қашан, (бір) неше, (бір) бала, (ала) буға, (өнер) тапқыш.
Лексика
Жаттығулар мен тапсырмалар
1-жаттығу. Ерекшеленген сөздерді сөздік қор мен сөздік құрамға ажыратыңыз.
Дивизия түні бойы шегінді. Түн ортасында ізге түскен жаудың қарқыны бәсеңдеді. Біраз бөлімдер дүшпаннан қарасын үзіп кеткендей болды. Генерал түні бойы ұйықтамады. Лоблыған үмітпен жан қинаған күйзеліс бірін- бірі ауыстырады. Кей полктерден хабар ала алмай дал болды.
2-жаттығу. Жеке тұрып мағынаға ие болатын және мағынаға ие бола алмайтын сөздерді топтастыр.
Аздан соң Оспанды ертіп, Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екіндіге тақап қалған екен. Екі туысқан кешкі қоналқада қайда боларын шешпесе де, атқа мінісіп, өлкені, өзенді бойлады. Осылайша атқа мініп, оралып қайтуын Оспан тілеген соң, бағанағы сөзін айтар деп, Абай үндемей ерген-ді.
Жеке мағынаға ие | Жеке мағынаға ие емес |
1-жаттығу. Ерекшеленген сөздерге назар аударып, төмендегі кесте бойынша толтырыңыз.
1.Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып.
Арыстан өлтіруге ойланыпты,
Басын басқан тышқанды ұстап алып.
2. Далада екі тышқан май тауыпты,
Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Өзара қосылмаса ынтымағың,
Жем болдың көрінгенге әрбір жайда.
Нашарлар көлік үшін жүріп қойған,
Кемітіп ақысына бір-бір қойдан.
4. Көріп жүрсем күндеймін,
Көрмей жүрсем түндеймін.
Қимақ тұрсын жат жаннан
Көлеңкеңді күндеймін.
1 | Омонимдер | |
2 | Антонимдер | |
3 | Ауыспалы мағынадағы сөздер |
2-жаттығу. Берілген үзіндіден синонимдерді теріп жазыңыз.
1. Акбілек бейнеттен, корлыктан, күнәдан кұтылып, сонау жеті қат көктегі ғарышка апарып, жүрегін алтын легенге сальш жуғандай, анадан жаңа туғандай тазарды. 2. Акбілек баяғы емес. Өзгерген, өнер тапкан, жетілген, ысылған Әйелдерге көсем болған. Бұрынғы бұйығы, ұялшақ, сызылған, мұнайған Акбілектің ізі де жок. Акбілектің кылығьн, ісін көргенде ақсақал таңданады: «Ер калай болып кеткен? Қаланың не касиеті бар? Жұп-жуас ұялшақ бала емес пе еді?» – дел ойлайды. 3. Уай, дүние шіркін-ай! Анау кара ат, торы ат, қара бие, жирен бие, әне бір кұла биелерге Шекер де, Күнікей де мінер ме еді!
3-жаттығу. Берілген тіркестерден тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай екі топқа бөліп жазыңыздар.
Жақсы сөз. жақсы ой, жақсы адам, жақсы бала, терең сай, терең білім, терең өзен. терең құдык, терең сезім, долы дауыл, долы күш, долы адам, долы теңіз. биік дәреже. биік мансап, биік тау, биік ағаш, ақ көйлек, ақ көңіл, ак тілек, ак мата, салкын су, салкын қабак, салқын сәлем, үлкен кісі, үлкен сенім, үлкен ұл, үлкен дәреже.
Тура мағынадағы | Ауыспалы мағынадағы |
1-жаттығу. Ерекшеленген сөздерді ажыратып жазыңыз.
Арамызда әлі де болса коғамдык пайдалы еңбектен бой тасалап жүрген ақ саусақтар аз емес. «Қайда болдың?» дей бастап, ол мені ит терімді басыма қаптап боғауызын араластыра біраз ұрысты. Ай, сен де бір жылампаз екенсің!
Неге сонша зарлайсың?! – деді председатель. Бұлардың малы бай болғанмен, бейілі кедей ….Айда жөнел, комиссарлар бүгін де қызыл өңеш болысып жатыр деген. Ол бір оқыс сөйлейтін адам екен: – Әй, сен шырақ, жаксы редактор болам десең, сыбырлак сынға пысқырма! Оттай берсін! – деді. – Тоқта, қағынды!Атымды алайын, – дегенге қаратқан жоқ. – Әтшу! Әтшу! — дел бәйбіше көшін жөнелтіп, бір әйелге құман ұстатып. түзге жөнелді. Қарап отырсақ,бұрынғы тірлігіміз «айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарадының» кері екен. Жаңа бұлар болса, қасқа дөнен акырға құлап, көзі аларып,ана дүниеге кетіп бара жатады.
Эвфемизм | Дисфемизм |
2-жаттығу. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын өз сөзіңізбен жазыңыз.
№ | Тұрақты тіркес | Беретін мағынасы |
1 | Тілі мірдің оғындай | |
2 | Бәйек болу | |
3 | Жұрдай болу | |
4 | Ұнжырғасы түсу | |
5 | Төбе шашы тік тұрды | |
6 | Шөп басын сындырмау |
3-жаттығу. Төмендегі тіркестердің қайсысы еркін сөз тіркесі, қайсысы тұрақты сөз тіркесі екенін айтыңыздар. Тұрақты тіркестердің білдіретін ұғымын түсіндіріңіздер.
Ат ізін салмау, ат ізі, жіппен байлау, жіпсіз байланды, тізерлеп отыру, тізе бүкпеу, тарының қауызы, бір тарының қауызына сыйдыру, қырық пышақ алу, қабырғаңмен кеңес, үйдің қабырғасы, бас пен сирақты ұйыту, түйе үстінен сирақ үйту, көзі ауырды, көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды.
Еркін тіркес | Тұракты тіркес |
4-жаттығу. Мына мақал-мәтелдерді аяқтап, қайсысы мәтел, қайсысы мақал екенін айтыңыздар.
1. Суға кеткен … 2. Байтал түгіл … 3. Батырға да …. 4. Әзіл айтсаң да,….
5. Білгенің бір тоғыз … 6. Тұз астың дәмін келтірсе,…..7. Досы көпті жау …
8. Кең болсаң,… 9. Еңбек етсең, ерінбей,… 10. Көрмес — түйені де …
1-жаттығу. Төмендегі бағанды толтырыңыз. Әр бағанға бес мысалдан жазыңыз.
№ | Диалект сөздер | Кәсіби сөздер | Термин сөздер |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 |
2-жаттығу. Мәтіннен жалпылама қолданылатын қарапайым сөздер мен термин сөздерді ажыратыңыз. Терминдерді теріп жазып, гылымның қай саласына қатысты екенін айтыңыз. 1
Үлгі: органикалық заттар – биология ғылымына қатысты термин.
К.А. Тимирязев органикалық заттар түзудегі күн жарығы мен хлорофилдің маңызды рөлін анықтап берді. Қоректенген өсімдік өседі., гүлдейді, онда жеміс пен тұқым пісіп-жетіледі.
Бау -бақша, орман, жасыл саябақтар адамның тіршілігі үшін өте қажет. Өсімдіктер оттегін бөліп шығарып, көмір қышқыл газды бойына сіңіреді, ауаның ішіндегі тозаңды ұстап қалады, күшті жел мен боранға тосқауыл болады. Ағаш бұтағының көлденең микроскоппен қарадық. Тоз ұлпаларының қабаты өңнің астында орналасады. Өң мен тоз – жабын ұлпалар болады.
3-жаттығу. Төмендегі кәсіби сөздерді қолөнершілік және шаруашылық
байланысты бөліп жазыңыз.
Атыз, шербек, бекіре, шортан, тышуыр, қауыншек, мұрап, пәрбі, тарамыс, шиіт, терімші, пышқы, ыңғыру, атауыз, ұлтан, қоныш, дүмбі, жәмше, қылша, көрік, төс, балдаң, балға, жылым, өркен, қоза, таспа, тартпа, күнжара.
Қолөнершілік | Шаруашылық |
4-жаттығу. Төмендегі бағанды толтырыңыз. Әр бағанға бес мысалдан жазыңыз.
№ | Көнерген сөздер | Неологизм сөздер | Кірме сөздер |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 |
Морфология
1-жаттығу. Төменде берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз.
№ | Сөз | Сіздің талдауыңыз |
1 | Оқушылардың | |
2 | Алтындату | |
3 | Күрделендіру | |
4 | Қайраткерлік | |
5 | Баспагер | |
6 | Азаматшылық | |
7 | Толғандыру |
2-жаттығу. Төмендегі кестені толтырыңыз.
№ | Біріккен сөз | Қос сөз | Қысқарған сөз | Күрделі сөз | Сөз тіркесі |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
5 | |||||
6 | |||||
7 |
1-жаттығу. Төмендегі зат есімдерді жасалу жолы мен тұлғасына қарай кестегетоптастырыңыз, оларды мағынасына қарай қай түріне жататынын анықтаңыз.
Ақпан, бойтұмар, Жасұлан, балалар бақшасы, қала, Алтынай, ел, Отан, ата-ана, Арал теңізі, шабындық, жайлау, тау, ар-ұждан, алтыбақан, көл, бала, әке, туған-туысқан, амал-айла, бозбала, малшы, жұмыс, бұйражапырак (өсімдік), Жолдыаяқ, парта, қалам, кітап, дәптер, ауыл, жолдас-жора, Оңтүстік Қазақстан, Айша, Амангелді, Серік, Бекболат, Асқар, жолбарыс.
Негізгі түбірлі зат есім | Туынды түбірлі зат есім | Біріккен түбірлі зат есім | Қос сөзді зат есім | Тіркесу арқылы жасалған зат есім |
Әр бағаннан бір зат есімді алып түрлендіріңіз. | ||||
2-жаттығу. Мәтіндегі септеулі сөздерді теріп жазыңыз. Септеудің(жай, тәуелді) қай түрі екенін анықтаңыз, қай септікте тұрғанын айтыңыз.
Бала дүрбісін бағыттап алып, мұржасы қисайған сұрықсыз жаман үйден көз алмайды. Маңдайшасында жұқа тақтайға қолмен жазылған «Мектеп» деген сөз бар. Бала әлі хат танымаса да, осыдан басқа сөз жазылмағанына іштей сенеді Бұл дүрбінің ғажабы – тырнақтай дүниенің өзін айдан анық көрсетеді .Ол мектепке қалай баратынын, сол есіктен қалай кіретінін көзіне елестетті.
3-жаттығу. Мәтіннен зат есімдерді табыңыз. Олардың сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғандығын анықтаңыз.
Жайлау – қыстаудан алыс, шалғай жатқан даладағы жазғы қоныс. Оны шөбі шүйгін, суы әрі мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында да ел болмайды. Күзде иен жұртқа қаулап майда көк өседі. Оны алсын дейді. Қыста аппақ қар басып жатады. Ал жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле бастайды. Ол кезде жер беті масаты кілемнің түріндей құлпырады.Қыстан әбден арықтап, көтерем болып шыққан мал жайлауға іліккен соң тойынып, семіреді. Мал ғана емес, адамдар да серігіп, жиын-той өткізіп,| аунап-қунап қалады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт жинайды,ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік жинайды.
(Н. Қазыбеков)
№ | Зат есім | Қызметі |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 | ||
6 | ||
7 |
4-жаттығу. Берілген көмекші есімдерді негізгі сөздермен тіркестіріп сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: Ауылдың маңы көкорай шалғын. (Маңы – көмекші есім, ауылдың деген сөзбен байланысып тұр.)
Маң, қас, жан, үст, аст, іш, шет, қыр.
1-жаттығу. Берілген сын есімдердің сындық белгілерін анықтаңыз. Негізгі сын есімдер мен туынды сын есімдерді бөліп үлгі бойынша жазыңыз.
Үлгі: Негізгі сын есімдер: Туынды сын есімдер:
қысқа тоғайлы
Қысқа, тоғайлы, жүйрік, қысқы, биік, үлкен, еңбекқор, өнерпаз, әдепті, аспалы, өнерлі, сауықшыл, күзгі, аласа, қалалық, әшекейлі, жаман, сыпайы, білгіш, жалқау, алғыр, зейінді, зерек, өткір, көргіш, жүгіргіш, сөзшең, жеңіл, жұқа.
2-жаттығу. Сын есімдерді мағынасына қарай топтаңыз.
Үлгі: сапалық сын есімдер: қатыстық сын есімдер:
ақшыл аттылы
Ақшыл, аттылы, сазды, жасыл, тәтті, балалы, үлкен, қымбат, жаман, жігерлі, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көргіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, жан-жақты, қызылды-жасылды, алғыр, мінезді, өнерлі, жүгіргіш, басыңқы, ұзын, жарық, кең, қысқа.
3-жаттығу. Берілген мәтінді мұқият оқыңыз, сын есімдерді шырай түрлеріне топтастырыңыз.
Бораш бір ақ құба ғана, қағілез, қыз мінезді бала екен. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей. Мөлдір кара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай.Шеген сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген тобылғы торы екен. Қақпақ жаурынды, қыздай қыпша бел, кеудесі шалқақ біткен, бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен. Келте мұрын, аз ғана аузы үлкенірек, қоңыр көздеу болғанымен, маған ол өте сымбатты көрінді.Табаны жалпақ та, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар
денесі шақпақтай.
(Ғ. Мүсірепов)
Шырай түрлері | ||
№ | 1. | 2. |
4-жаттығу. Сын есімнің сөйлемдегі қызметіне мысалдар жазыңыз Сөйлем мүшелерінің барлығын қамтыңыз, оны ерекшелеп, қай мүше болып тұрғанын сұрағымен көрсетіңіз.
1-сөйлем.
2-сөйлем.
3-сөйлем.
4-сөйлем.
5-сөйлем.
1-жаттығу. Мәтіндегі есімдіктерді мағынасына сай топтаңыз. Сөйлемнің қай мүшесі екендігін көрсетіңіз. Мәтінде кездеспеген түрлеріне өзіңіз мысал жазыңыз.
— Аспирантураға жаңа түскен кезде қандай күшті болғанымды сен жақсы білесің, — деп бастады Сембек өзінің әңгімесін. — Жұрттың бәрі менен үлкен іс күтті. Ғылым төріне жарқырап шығатыныма өзім де күмәнданғаным жоқ. Оған білімім де, қажыр-қайратым да жететін еді. Мен асықтым, қатты асықтым. Демалыс дегенді, кино, ойын-сауық, театр дегенді білмедім. Күніне он бес-он алты сағаттан жұмыс істедім. Басқа біреудің бес сағат, бес күн істейтін жұмысын мен бір сағатта-ақ тындыра алатын едім. Жазға салым менің жолыма гүл бітті. Архивтен әлі еш жерде басылмаған құнды документ таптым. (М.Мағауин.)
№ | Есімдіктің мағыналық түрлері | Мәтіндегі есімдіктер | Сөйлемнің қай мүшесі болып тұр? | |
1 | ______ | |||
2 | ||||
3 |
1-жаттығу. Берілген етістіктерді үлгі бойынша талдаңыз, олардың қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Арала, құйыл,тазала, бейнеле,көгер,қарай, молай, бағдарла, әуестен, жасырын, бағала, балтала, бейімдел, езгіле, бозар, жүріңкіре, дарала, күлімсіре, даңғойланба, дауласпа, дәнекерле, жасақта, бұрғыла, сабақта, қарусыздандыр, екпіндеме, төркіндет, жеңгелет, айтыңқыра, қысқар, кестелет, өткіз, қараңғылама, сықақтама, шапқыла, сыпайылан.
негізгі түбір | туынды етістік: | жұрнақ: |
ара — зат есім | арала | -ла |
құй – етістік | құйыл | -ыл |
таза– сын есім | тазала | -ла |
2-жаттығу. Етістіктерді іс иесіне қатысты грамматикалық тұлғасына қарай топтастырыңыз.
Салынды, көргізеді, сөйлет, жуысты, алынды, орандым, көргізгенбіз, сезінбекпін, жасырылған, айтылды, тазаласты, сүрткізеді, жегілді, буысты, байланды, оқылды, жазысты, шақыртты, апартқызды, жиналмады, көрілмеді, сөйлескен, күзеттірді, билетті, сөйлетпедің, оқыттырмаймыз, өндірмейді, тасылмады, киінді, шегеленді, көтерілді, жуынды, ілінді, таранды, жарылмады.
1. | 2. | 3. | 4. |
1-жаттығу. Берілген сөйлемдерден есімше мен көсемшелерді табыңыз. Оларды кестеге жазыңыз, грамматикалық тұлғасын ажыратыңыз. 1,2-көсемше мен 3,4-есімшелер сөйлемнің қай мүшесі екендігін анықтаңыз.
1.Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
2. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
3.Асқар тау алыстан көрінеді.
4. Сын түзелмей, мін түзелмейді.
5. Ат баспаймын деген жерін үш басар,
Ер татпаймын деген дәмін үш татар.
6. Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақсұңқар қаққызбай іледі.
7. Адамды түсіне қарап таныма,
Ісіне қарап таны.
Есімшелер | Көсемшелер |
_ 3-есімше: | 1-көсемше: |
4-есіміпе: | 2-көсемше: |
2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, етістіктерді қай түрлеріне қарайталдаңыз.
Екі соқа
Бір заводтан екі соқа қатар істеліп шықты. Біреуі егіншінің қолына түсті. Егінші сонымен қатар жер жырта бастады.
Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты.
Арада бірнеше ай уақыт өткен соң, екі соқа кездесіп қалды. Жұмыс істеген соқа күмістей аппақ болып жалтырап тұр. Ал қимылсыз жатқан соқа тот басып, қарайып кеткен.
Тот басқан соқа жалтырап тұрған соқадан:
Сен неге мұнша жалтырап, әдеміленіп кеткенсің? — деп сұрайды.
Мен еңбек еттім. Еңбек кімнің де болса шырайын кіргізбей ме, — деп жауап береді анау. (С. Көбеев)
3-жаттығу. Сөйлемдегі етістіктерді рай түріне ажыратыңыз, ашық райдағы етістіктердің қай шақта тұрғанын айтыңыз.
Амантайдың жігітке көмектескісі келді. ¥зақ түн аңдысаң, алмай қоймассың. Көңіл тойса, тамақ тоятын. Солдатқа бергісі келсе, байлар мен болыстар өз балаларын берсін. – Кіріңіз, кіріңіз! – деп, тысқа дауыс берді. — Атқа, атқа қоныңдар! – дескен үндер естілді. Менің аралап қайтқым келеді. — Сіз мені жатсынбаңыз, — деді Асқар, – егер Смирнов үйде болса, маған жолықтыруыңызды өтінемін. Асқардан келген жұмыс болса, соның соңына Итбайдың жарык ап түскісі келеді. Тырнадан әкім қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес деп, қиқудың зорын бұлар әлі шығарыңқырар. – Жүке, сіз оларды айдатып алуға асықпаңыз. – Кәне, жол беріңіздер, -деді ойын ағасы.
4-жаттығу. Ерекшеленген етістіктерге талдау жасаңыз.
Дүрбі
Қарауыл тауының басынан төңірек түгел көрінеді. Етпетінен жаткан баладүрбіні көз алдына әкеліп, карана бастады. Жердің сонау құмдауыт шегіндекөз жетер шамада көкпеңбек, айнадай көл жатыр. Ыстық көліміз – осы.Шалқар келаспанмен астасып кеткен. Екеуінің жігі бөлінбейді. Көлдеешқандай қимыл жоқ,жайсаң жазира. Жарға соккан толкынның көзге ілінер-ілінбесақ көбігі ғана анғарылғандай болады.
Бала бұл жакқа ұзак қарады. «Ак кеме әлі көрінбейді», – деді олпортфельге. – Ал енді өзіміздің мектеп жакқа тағы бір қарап алайықшы. Осы таудың арғыбетіндегі койнау бұл жерден ап-анык көрінеді. Ұршық иіріп, үйдің іргесіндеотырған әжейді де дүрбі аркылы көріп тұрмын.
Үстеу
1-жатттығу. Мәтіндегі үстеулерді мағынасына қарай топтаңыз.
Түн мұнарына батқан айнала енді тым-тырыс болды. Кейіннен келе жатқан ешбір дыбыс білінбейді. Айша шабдар атты тоқтатып, артына қарады. Біраз жүрген соң, тағы да жан-жағына қарап тұрды. «Үкіжан бәйбіше қыз күнінде еркекше киініп жалғыз қашыпты. Ол бір күн, бір түн жүріпті. Таңертең ерте Тұрсекеңдікіне түскен екен», Айша ат үстінде келе жатып, осыны ойлады. «Қасқыр! Жын! Шайтан!» деген сезімдері бірін-бірі қуалап, жүрегі лезде тыпырлағандай болды. Қыңсылаған, ұлыған дыбыс енді оңынан, солынан, алдынан айнала шығып, тіпті жақындап қалған сияқты болды. Қыстыгүні екі ауылдың ортасында жаяу келе жатқан Қаранай дегенді қасқыр жеп қойғаны Айшаның есіне түсті. Таңның да ақ қанаты айқындалып келе жатты. Бұрын көзден көлегей тұрған нәрселердің бәрі көріне бастады. Жақыннан бір оба көрінді. Айша қырындай, ақырын жанына келді. Кісі емес, обаның басында отырған бүркіт екен.Тіпті жақын көрінді. Бүркіт жан-жағына мойнын бұрып, қанатың сілкіп алды да, Айшаға қарады. Әлгі қасқырлар осыларға көрінер ме еді?! Шабдар ат қымсынып селк етті. Айша бүркіттің жоғары ұшып бара жатқанын көрді.
1 | |
2 | |
3 | |
4 | |
5 | |
6 | |
7 |
2-жаттығу. Ерекшеленгенбес сөзді құрамына қарай талдаңыз. Жасалу жолын түсіндіріңіз.
Әрі-беріден мылтық даусы естілгенде, үйдегілер елең ете қалды. Шыдамы таусылған милиция: «Айтпасыма қоймадың ғой, қарағым, ол жігіт бағана таңға салым жан-тәсілім етті», – демесі бар ма. Осынша дүлей болар ма. Әрлі-берлі дөңбекши беруге серіктерімді оятып алармын деп тағы қысылдым. Жастығын темір кереуеттің арқалығына тақай биігірек қойып, екі қолын желкесіне салған күйі көзін анда-санда бір ашып қойып, Ахмедияр шалқасынан жатыр. Ысқакты алғаш жүзбе-жүз көріп отырғаным – осы. Әнеугүні келетін ақтар әскерлерінің бастығы түсіп, орнына жаңа бастық келді деп есіттік.
Сөздер | Сіздің талдауыңыз | Жасалу жолы |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 | ||
Мәтіндегі қалған үстеулерді теріп жазыңыз |
Еліктеу сөздер
1-жаттығу.
Еліктеу сөздердің мағынасына қарай бөлінетін түрлеріне тоқталыңыз.
2-жаттығу. Кестені үлгі бойынша толтырыңыз.
1 № | Сөйлем | Еліктеу сөз | Мағыналық түрі | Контекстегі мағынасы | Жасалу жолы |
үлгі | Рахымның бүкіл денесі дел-сал. | дел-сал | бейнелеуіш | Салғырт, шаршаған | Қосарлану |
1 | Сарқыз шап ете қалды. | ||||
2 | Шегебай ауласы даң-дүң шуға толып кетті. | ||||
3 | Жарқ-жұрқ еткен найзағайдан селк ете қалды. | ||||
4 | Күнде дірдектеп, бүрсең қағып, базар басына бір соғады. |
1-жаттығу. Берілген мәтіннен шылауларды теріп жазыңыз. Олардың мағынасы мен лексика-грамматикалық, ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Шыңғыс тау
Кәрі Шыңғыс тау! Адам жерге ие болғаннан бері қарай сенің көрмегенің бар ма?! Шыңғыс, темір сияқты сайыпқырандарды қолыңнан жөнелттің. Сенде талай адамның құмары қанып, қуанғаны да болды, жүрегі жанып суалғаны да болды. Талай талпынған жас жүрек мұратына да жетті. Талай бақытсыздықтың жарық күндей үміті үзіліп те кетті. Сенде неше түрлі ел дәурен сүріп, аң аулап, мал да бақты. Сенде талай сабаздың қаны да судай ақты. Ай мен күндей ажарлы, сұлу қыршын жастарды да, арыстан жүректі айнымас батырларды да, шектен асқан алаяқ, аузынан бал тамған шешен билерді де жер ошақтай жер қазып, үңірейтіп бауырына көміп жатсаң да, бақайыңнан келмей, түк көрмегендей-ақ, маңқиып тұра бересің-ау! Онымен де қоймай, қысқа күнгі күн шығыстан ұзақ күнгі күн батысқа қарай керегедей жайылған кең қолтығыңды ашып үңірейіп:«кел-кел! Тағы менің қолтығыма кіріп, біресе рақат, біресе бейнет көріп, аз күн арпалысып өтетінің келіңдер!» — деп үнсіз шақырып тұратыныңды қайтейін!.. Шылаулар:
Ерекшеліктері:
2-жаттығу. Одағайдың мағыналық түрлерін жазыңыз. Олардың төрт мысалдан келтіріңіз. Мағыналық түрге бір сөйлемнен жазыңыз.
Мағыналық түрлері | Мысалдар |
1 | 4 сөз: |
Сөйлем | |
2 | 4 сөз: |
Сөйлем | |
3 | 4 сөз |
Сөйлем |