Жапон халқының ұлттық киімі


Матова Нұрсулу Қонысбекқызы

Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі арнайы пәндер оқытушысы

                                                                   Бекітемін

ОӘЖ жөніндегі директордың

                                                                       орынбасары

                                                                                                 ____________У.Кстаубаева

                                                                                                  «    »          желтоксан 2020ж

Кәсіптік модульдің мазмұны

Модульдік сабақ жоспары

№21  

Оқытушы:  Матова  Нурсулу Қонысбекқызы 

Модуль: КМ 13. Киімді үлгілеу және  көркемдеп  безендіру

Пән: Киім тарихы.

Мамандық, топ: 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді  үлгілеу» 3 курс ТАТ 266

Тақырыбы: Жапон халқының ұлттық киімдері.

Күні: ________________

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақтың мақсаты:  Әр түрлі елдердің киімдері   туралы жалпы мәліметтерді  меңгерту, түрлі елдердің киім үлгісін үйрету, көрсету, шығармашылық ой қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Білімділігі: Басқа елдердегі  әртүрлі негізде  киім үлгілерімен танысу арқылы білімдерін жетілдіруге бағыттау.

Дамытушылығы: Білім алушылардың тақырып туралы ой-түсінігін арттыру, оқушылардың тәжірибеден  алған білімін ұштастыра отырып, олардың ойын тұжырымдауға мүмкіндік туғызу.

Тәрбиелілігі: Осы тақырып арқылы оқушылардың өз мамандығын жетік меңгеруге, мамандығына деген қызығушылығын арттыруға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдістері: тірек конспектілерін құрастыру, түсіндіру әдісі, ауызша айту әдісі.

Сабақ жабдығы: интерактавті тақта, оқу құралы, тақырып бойынша презентация.

Пәнаралық байланыс:  Киімді құрастыру,Материалтану, Арнайы сурет

Әдебиет: Негізгі: «Азбука моды» Лидия  Орлова. «Моделирование и художественное оформление  одежды» Г.Такишева .Б.Асанова, «Специальное  рисование» Л.А.Васильевская

Сабақ барысы және уақытының өлшемі

Сабақ кезеңдері Кезең мазмұны Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, білім алушының қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, 3-5
2 Білімдерін тексеру (астын сызу)                                                            Білім бағалау өлшемі Өткен сабақ туралы сұрақтар қою.   10
3 Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі  (астын сызу)     Түсіндірілетін сұрақтар тізімі 1.Сабақтың тақырыбы, мақсатын хабарлау 2.Жаңа тақырыпты ауызша, конспект, слайд  арқылы түсіндіру   1.Жапонның ұлттық киімдері. 2.Қай елдің киімдеріне ұқсас. 3.Жапон балаларының ұлттық киімдері. 1-сурет Тарихы үлкен уақыт кезеңін қамтитын ұлттық жапон киімдері мәдениеттің өзі, дәстүрлері, жұмысын ұйымдастыру және Жапонияның ежелгі халқының іс-әрекетін дамытуымен қатар дамып келеді. Жапонияның ұлттық костюмі мына құрамдастардан тұрады: netsuke, hakama, kimono and geth. Кимоно – жапондардың ерлер мен әйелдерге арналғандәстүрлі ұлттық киімі. Кимононың жеңі кең, оның ұшында тікбұрышты қалталары, астарында бауы, белдігі болады. Белдігі еркектерде жіңішке қара түсті, әйелдерде жалпақ ашық түсті болып келеді. Ерлер мен әйелдердің кимонодағы айырмашылық ұзындығы, өлшемі, киім үлгісін бекіту және дизайн арқылы жасалды. Әйелдердің кимоносы он екі бөліктен тұрады, ал еркек кимоносы тек бесеуден тұрады. 2-сурет   3-сурет   4-сурет Сонымен, Хакама – украин шалбарына ұқсайтын жапон ұлттық ұзын шалбар – ер адамдар күнделікті өмірде қолданған. Гета – тікбұрышты ағаштан жасалған сандалдар, аяқтар арасында жүретін белдіктердің көмегімен аяқтарға бекітілген. Жапонияда Гета Қытайдан келген және қарапайым адамдар арасында танымал болды – мұндай жоғары аяқ киімде күріш жинау және ағаштан жеміс-жидектерді таңдау ыңғайлы, сондай-ақ оларды суық ауа райында пайдалануға болатын. 5-сурет Жас жұбайлардың киетін ұлттық киімі 6-сурет Қыз балардың киімі 7-сурет Ұл балалардың киімі 55
         
4 Жаңа тақырыпты бекіту.   Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 1.Гете деген қандай киім бұйымы? 2.Хакама киімін қайда киген? 3.Әйелдер кимоносы неше бөліктен тұрады? 4.Жапонияның ұлттық костюміне нелер жатады? 5.Жапон әйелдерінің шаш үлгісіне қарап не байқауға болады? 10
5 Сабақ қорытындысы Рефлексия: 1.Бүгінгі сабақтан өздеріңе жаңа мәлімет алдыңдар ма? 2. Сабақтың қай кезеңі қызықты өтті? Түсінік бере отырып, бағалау 8
6 Үй тапсырмасы   Жапон мемлекеті туралы қосымша  ақпарат жинау. Жапон баларының киімінің  суретін салу. 2-3

Оқытушы:__________ М.Матова