Сын есім 3 сынып

Қазыбекова Ақмарал Мұхаммедәлиқызы

Қостанай облысы Амангелді ауданы  Құмкешу ауылы Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі


Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен сын есімдерді тауып, сұрақ қоя білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: сын есімнің түрлерін бір – бірінен ажырата алуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: туған тілін құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу. Жолдастарына көмек беру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қызығушылықты ояту, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі сөзжұмбақ, тест, интербелсенді тақта, сызбалар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:
L Ұйымдастыру кезеңі. сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

1. Кіріспе сөз:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым қазақ тілім.
2. Оқушыларды топқа бөлу.
1 – топ, 2 – топ, 3 – топ.
Топ басшысы мен топ атын қою:
3. Қызығушылықты ояту:
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.

ll Үй тапсырмасын сұрау:
Сөз жұмбақ «Сын есім»
1. Аяқталған ойды білдіретін сөзді не деп атаймыз?
2. Түбірге қосылған бөлшекті не дейміз?
3. Оңынан оқы тағамын,
Солынан оқы тағамын.
4. Заттың қимыл, іс әрекетін білдіретін сөзді не деп атаймыз?
5. Сөйлем неден құралады?
6. Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу.
7. Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады.

Сұрақ – жауап:
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сұрақтарын ата?

lll. Оқулықпен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Әдемі етіп жазайық.
Тақтадағы жазылған күн мен айды және көркем жазуды жазу.
Ала, қалың, биік, аласа, кең.

Топпен жұмыс:
1 – топ. 1 – жаттығуды көшіріп, сын есімді тауып, сұрақ қой.
2 – топ. 4 – жаттығудағы сын есімдерді зат есімдермен қоса көшіріп жазу.
3 – топ. 5 – жаттығуды көшіріп, сын есімді тауып, сұрақ қой.

Сергіту сәті: Әр оқушы өзінің атының алдына сын есім қойып айтады.
(Сын есімді өзінің алдыңғы әрпінен бастайды. Сәуле, Сымбатты Сәуле).

Тақтамен жұмыс:
2 – жаттығуды тақтаға орындау.
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді қойып, үш топ, үш сөйлемнен құрау.

ІV Бекіту:
Тест.