Тақырыбы: «Сыйқырлы гүл»


Абетова Ырысты Казбековна

Степногрск қаласының білім бөлімі жанындағы «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі

Степногорск қаласы білім

бөлімінің жанындағы

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Сиқырлы гүл»

Орындаған:Абетова Ы.Қ

                        Степногорск 2020 жыл

                                        «Сиқырлы гүл»

Мақсаты:

Гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің түр – түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Түстер туралы ұғымын бекіту, түстердің атын білуге машықтандыру.

-Балалар бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізде ашық оқу іс – әрекеті және бізге көптеген қонақтар келген екен. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайықшы.
-Бүгінгі іс – әрекетімізді ізгі ниетпен, жақсы тілекпен, жылы лебіздермен бастайық.

Міндеттері:
Білімділік: Балаларға көктем мезгілі және көктем гулдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ақыл ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Әдептілікке, үлкенді сыйлауға үйрету.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Алдын-ала берілген жұмыс: тақпақтар, мақал-мәтел.
Блингвистикалық компонеті: Бәйшешек – подснежник, бақ-бақ – одуванчик, қоңыраугүл – колокольчик, қызғалдақ – тюльпан, гүл – цветок – flower, көктем – весна – spring.

Көрнекі құралдар:гулдердін суреттері,қағаз гулдері,шелек,күрек,топырақ,бейнетаспадан видео.
Танғы шеңбер:

Қонақтармен амандасу
-Сәлеметсіздер ме!
Сәлем саған Алтын Күн!
Сәлем саған Көк аспан!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем маған!
Сәлем саған!


–  Тарбиеші:Балалар, қарандаршы сендер қандай әдемі гүлдер құрастырдындар.

.Енді балалар мен сендерге сұрак қоямын сендер сол сұрақтарға жауап бересіндер.

Қазыр бізде қандай мезгіл?
– -Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Қазір көктемнің қай айы?
-Көктемде табиғат өзгерістері қандай болады?

Балалар гүлдер не үшін керек?

Гүлдер қайда өседі?

Гүл әдемі болып өсу үшін не қажет?

– Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.

-Балалар, енді маған кім көктем,гүл тұралы тақпақ айтып береді.

Тақпақтар:

Көктем болды алақай,              Бақшаларға гүл егіп,

Қуанар барлық балақай.           Жемістерді тереміз.

Көктемде жаңбыр болады,       Дала жасыл түске еніп,

Бақшаға гүлдер толады.            Көктем мезгілі келіпті.

Көктем күні әдемі,                Көктем күні шуақты,

Жерде гулдер өскенде.        Гүлдер,шөптер қүатты.

Көктем күні әдемі,               Ешкі,төлдер туады,

Жерде шөптер өскенде.            Барлық бала қуанады.

Мақал-мәтел

Адам тастай берік        Кыз өссе-елдін көркі,

Гүлдей нәзік.                Гүл өссе-жердің көркі.

Гүл қайда болса,           Ер елінде,

Көбелек сонда.             Гүл жерінде.

Гүл жайнамай,

Бұлбұл сайрамайды.

Тарбиеші:Жақсы балалар,сендер гүлдер тұралы көп білесіндер екен.

1Тәжірибе:Балалар,енді біз гүлді отырғызып көрейік.Міне менім қолымда гүл.

Гүлді отіргызу үшін не керек?

Балалар айтады:топырақ,шелек,күрек,су.

Тәрбиеші:Енді оны бірінші кім сипаттап береді маған.

Мөлдір:Мынау тамыры,мынау сабағы,мынау жапырағы,мынау гүлі,мынау тұқымы.

Тәрбиеші:Жақсы,енді гүлді отырғызайық.Әлфараби келіп көмектеседі,енді осы гүл әдемі болып өсу үшін ,қалай күтіуміз керек.

Әлфараби:Су күю керек,топырақты қоқыстау керек,өліп қалған жапырақтарын алып тастау керек.

Тәрбиеші:Жақсы балалар орындарына барып отырагойындар.

Тәрбиеші:Балалар,сендер білесіндер ме,гүлдер танертен калай оянып ашылатының?Балалар бейнетаспадан гүлдерді тамашалайық.

2 Тәжірибе:Су құйылған ыдысқа тәрбиеші түрлі түсті гүлдерді салады да,гүл ашылады.Осы тәжірибе балалар да істеп көреді.

Тәрбиеші:Балалар,қарандаршы гүл туралы қанша нәрсе біз білдік,гүл өте пайдалы,әдемі болады екен.Қазір біз сендермен ағаш пен гүл болып ойнап көреміз.Біздің ұлдар ағаш болады,ал қыздарымыз гүлдер болады.

Нұрлайым:Біз ағашты бейнеледік.Мынау-діні.Мынау-бұтағы,ал бұл-жапырақтары.(Ұлдар бір-біріне жақын тұрып,колдарын жоғарыға көтеріп тұрады.Саусақтарымен аспанға тартылады).

Қыздар қол ұстасып тұрады.Біз гүлміз.Ағаштан аласамыз.Біз майысқақпыз.Үш тілде гүлді айтып береді.Гүл-цветок-фловер.

Тәрбиеші:Өте жақсы балалар,енді балалар біздін гүлдеріміз кайда?

Гүлдерді маған тауып әкеп беріндерші.Балалар тауып әкеп береді,тәрбиеші гүлдерді өзі орындарына жапсырады.

Тәрбиеші:Енді бұл нәзік гүлді біз сендермен топқа апарамыз.

«Жазу-өқу» патшалығында сендер бүкіл тапсырманы орындаған үшін сендерге гүлдер сыйлыққа береміз.

                       «Көктем әні айтады»

Тәрбиеші:Енді балалар,біздін пойздымызға мініп, балабақшаға қайтайық.

Балалар билеттінің номері бойынша орындарына отырып, топқа қайтады.(музыка қосылып,балалар топқа қайтады).

Сабақтын қорытындысы:

Балалар, міне біз өзіміздін балабақшамызға келдік.

Біз бүгін саяхатқа қайда бардық?Кандай тапсырмаларды орындадық?

Сендерге біздің саяхатымыз ұнадыма?