Металдардың химиялық қасиеттері
Кыздарбекова Акжибек Орынбаевна
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі химия пән мұғалімі
Металдардың химиялық қасиеттері (ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Металдардың химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық белсенділіктерімен ой-өрісін дамыту, өз бетімен еңбектену іскерлігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, баяндау-әңгімелесу.
Сабақтың тегі: жаңа сабақ, жаттығу есептер шығару, тақырыптық қайталау.
Сабақтың әдісі: жобалау технологиясы, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың тәсілі: жалпы сыныпен, жеке оқушымен.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Ақпарат құралдар, элементтердің периодтық кестесі, металдар түрлері, қышқыл, тұз, мультимедия, «лабораториялық жұмыстар»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (Оқушыларды түгендеу, сыныптың дайындығын тексеру,
бағалау парағы бойынша оқушылар өз өзін бағалайтынын ескертіп өту)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
І кезең «Сергіту» кезеңі
І тапсырма «Сандарды сөйлетейік» ойыны
( І, ІІ, ІІІ ), ІҮ – ҮІ , І-ҮІІІ, 22, +1 – +3, 0,5 , 22, 26
Жауабы:
І,ІІ,ІІІ топтың негізгі топшаларында Н пен В басқасы металдар
ІҮ-ҮІ топтың негізгі топшаларының төменгі сол жағында орналасқан элементтер – металдар
І-ҮІІІ топтардың қосымша топшаларында металдар орналасқан
80 – химиялық элементтердің 80 астамы металдар
22 – титанның реттік саны
+1 — +3 металдардың период бойынша тотығу дәрежелері +1 ден +3 ке дейін артады
0,5 жеңіл метал Литийдің тығыздығы
22 ауыр метал висмуттың тығыздығы
26 темірдің реттік саны
ІІ тапсырма «Ой шақыру»
1.Металдардың физикалық қасиеттеріне ассосация құру : ең оңай балқиды, қиын балқиды. Ауыр, жеңіл. Жұмсақ, қатты.
- Металдық байланыс дегеніміз не?
ІІ кезең «Мағынаны ажырату» Металдардың химиялық қасиеттері
Б.Ү. Б кестесін толтыру
Білемін | Үйрендім | Тереңірек білгім келеді |
Оқулықпен жұмыс
Жоба:
- Металдар күшті тотықсыздандырғыш
- Металдар әрекеттесуі:
Жай заттармен Күрделі заттармен
- Металдардың электрхимиялық кернеу қатары
ІІІ кезең «Ғажайып тәжірибелер»
1 Металдардың жай заттармен әрекеттесуі; Метал электрондарын беріп,
тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді
- 2Ca + O2 = 2CaO
- Na + Cl2 = 2NaCІ
Металдар- тотықсыздандырғыш. Бейметалдар – тотықтырғыш.
Металдардың электр химиялық кернеу қатарында металдар тотықсыздандырғыш қасиеттерінің кемуіне қарай орналасады.
1. Тәжірибе « Металдардың сумен әрекеттесуі» (Электронды оқулықтан)
Металдардың сумен әрекеттесуі:
2Li + 2H2O = 2LiOH + H2
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
2K + 2H2O = 2KOH + H2
- Магнийге дейін орналасқан металдар кәдімгі жағдайда сумен әрекеттесіп, сутек бөліп шығарады және өзінен кейін орналасқан металдарды олардың тұздарынан ығыстырады.
2.тәжірибе Металдардың қышқылмен әрекеттесуі.Мультимедиядан қарау
HCl + Zn = ZnCl2 + H2 — тез жүреді.
HCl + Fe = FeCl2 + H2 – баяу жүреді.
HCl + Cu = жүрмейді.
Электро химиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқыл құрамыныан сутекті ығыстырып шығарады.
- Металдардың тұздармен әрекеттесуі. (Электронды оқулықтан)
CuSO4 + Zn → ZnSO4 + Cu реакция тез жүреді
CuSO4 + Fe → FeSO4 + Cu баяу жүреді
FeSO4 + Cu → жүрмейді.
Белсенді металдар өзінен белсенділігі төмен металды олардың тұзынан ығыстырып шығарады. Мыс сульфаты ерітіндісінде белсенді металдар ерітіндіден мысты ығыстырып оның орнын басады, нәтижесінде тұз түзеді
ІҮ кезең: Сабақты қорыту “Ой толғау”
- Есепті шығар.
2 гр. мырышты еріту үшін күкірт қышқылының қандай массасы керек?
- Темір сульфаты мына металдардың қайсыларымен әрекеттеседі: алюминий, мыс, қалайы.
- Б.Ү.К кестесіне қайтып оралу. Оқушыларды бағалау
ҮІ Үйге тапсырма:
- 28. 3-5 жаттығу.
- Металдар және олардың қолданылуы туралы мәліметтер жазып келу.