Сабақтың тақырыбы: Ар – намысым, қасіретім мақтанышым-Желтоқсан


СКО   Ғ.Мүсірепов  атындағы аудан.

№2 Новоишим орта мектебі

Дайындаған: Жазыбаева Майра Алмасбаевна

Сабағының мақсаты: 1. Желтоқсан оқиғасындағы қазақ жастарының от жүректі, ежет мінезі қайсарлығын, елін, жерін сүйген ұлтжандылығын ұғындыру, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету. Ақты сөзі аңызға айналған қазақ жастарының ерлігін .паш ету, мәңгі құрмет көрсету.

2. Егемендіктің мәнін түсіңдіру.

3. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу.

4. Оқушыларды отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.

Сабағының көрнектілігі: «Қазақстан – 2050» «Қазақстан Республикасының 10 жылдық тежіресі» (кітапша), қанатты сөздер,таныстырылымдар,бейнефильм.

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Кіріспе бөлім

Бүгінгі сабақта біз жер басып жүрген барша халықтан бір қарағанда йырмашылығын жоқтай көрінгенімен, айтар ойы бөлек, сөйлер сөзі бөлек, басқалардан шақтығы биік жұлдыздар туралы айтамыз, аз ғана ғұмыр кейінге де, кешсе де, өмірдің бар қызығын.тәрк етіп, бүкіл күш – қуатып, жастықтігерін, махаббатын туған халқына арнаған – жұлдыздар. Ежелден – ақ батыры мен биі, ақыны мен серісі , ақылманы , данышпаны көп халық едік қой.

Шоқтығы биік Шоқаннан бастап, поэзия көгінде алаулағын Сұлтанмахмут, Батыр ұлдар Төлеген мен Талғат, Шығыстың қос шынары Мәншүк мен Әлия, тағы басқа, есімдері аталмаған талай ұл – қыздарымыздың ізін басқан бүгінгі ұрпақ өкілі Қ.Рысқұлбеков, Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С.Мұхаметжановалар тұрса, олар жайлы әлі талай жыр туар,  дастан жазылуы сөзсіз.

1986 жылы желтоқсан оқиғасы Республиканы толық қамтыған саяси – әлеуметтік көтеріме болды. Желтоқсан жаңғырығы Астана, Өскемен, Маңғыстау, Мәскеу қалаларында жалғасып жатты.

«Жарық дүние жақсы адамдарсыз болмайды» демекші, халқымыздың егемендігі жылында құрбан болғандарын дәледеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайнар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа – Ахмет сынды ағалаларымыз, қаншама шындықты шырқырай жазған тілшілеріміз, ел ағалары, жазушыларымыз, олардың ерлігін жыр екінен ақындарымыз, ән жазған сөзгерлеріміз, «Аллажар» фильмін түсірушілер, осының бар кешегі қанды оқиғаның алынатып бүгінгі ұрпаққа келер ұрпаққа жеткізушілер деп білеміз.

ә) Желтоқсан құрбандарын 1 минут еске салу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

ІІ негізгі бөлім.

І бастауыш: Тыңдаңдар мөлдір аспан, бұйра қырат,

Таулардан сылдырап бір құла бұлақ

Тыңдаңдар балдырғандар әсем әнін

Көпшілік, салыңыздар жырға құлақ.

 

ІІ бастауыш: Желбіресін байрағың желді күнде,

Биіктесін мәртебең елдігің де

Таныта бер, ұлы Тіл, бар әлемге,

Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де

 

І бастауыш: Сәулегі бар нұрында таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Даңқың артсын, егеменді елім менің

Серігіне айналшы мәңгіліктің!

 

ІІ бастауыш: 1986 жыл желтоқсанда отты оқиға болды.

Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.

Желтоқсан желі дауылға айналды.

Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

 

І бастауыш: Желтоқсанда шындық жырын шыркаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындыу

Кездеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналағын, айналайын жас өркені халқымның.

Өлең оқу барысында, оқушылар  сахналық  қойылым қояды.

 

ІІ бастауыш: Сол күндерді есіме мен көп алам,

Желтоқсанның он жітісі Тоқ Алаң,

Тоғышардың түсіне де кірмеген,

Басталды бір сұмдық у-шу зобалаң.

 

Тұтқиылдан түскен суық мәлімет,

Тарап алаңға дейді күштеп «Қабыл ет»

Жаңа алаңға қалың жастар қаптады,

«Қайда, қайда» жариялық әділет.

 

Басты келсе естімеген есімін,

Қабылдамай бас тартудың несі мін?

Қайран жастар қайдан білсін күштілер

Үйренгенін өзгертпей өз шешімін.

Тоңмойдар болжамайтын алысты,

Менмендікпен таптап кетті намысты

Санаспастан қонақжай кең қазақтың,

Қайтпас қайсар мінезімен танысты.

 

Жиналуда турған қандай бар айып?

Ойлары жоқ дейтін оңай тарайық.

Қоршап алған қалың әскер түксиіп,

Күтті кештің түскеніп қас – қарайып.

 

Аяз қысып төкті қыста қаһарын,

Сиреттеді жастар бірақ қатарын.

Қайдан білсін аңғал – албырт ,

Ұрып – соғып, суық сумен атарын

 

Қайдан білсін аңғал, албырт жастарым,

Сойыл, күрек жаратынын бастарын.

Шаштан сүйреп, әскер қорлап қыздарды,

Қойдай қамап айдалаға тастарын.

 

Тегеуріңді соққыларды жайратқан

Ақша қарға судай ақты қайнап қан

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім

Айрыларын Ләззат,Ербол, Қайраттан.

 

Қайдан білегін таппайтынын жан тыным,

Қалса жаны таптайтынын танкінің,

Ашынған ел аза жұтып ал ұрып,

Өлмей рухы, сақталарын даңқының

 

Алып – дүлей күштің зәре ұскынын,

Алаулатып жылытты бір қыс күнің,

Сәбирадай қайран қара көздерім,

Тастағанын елге ерлік ұшқынын.

 

Шағылса да тауға тиіп жас тады,

Ерлік езі намысқа шоқ тастауы.

Күллі әлемді шулатқан сол екі күн.

Болған екен бостандықтың бастауы.

 

Жалған емес, бұл шындық дастан әнім,

Бодандықтың ол бұзды жас қамалын.

Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттың,

Қыршынынан  кім қиды жас қанатын.

 

1-    окушы

Қуаныштан қалай кезде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін

Ақ түйенің қарны міне жарылды.

Тәуелсізбен, егіменмін, дербеспін.

 

2-окушы

Тәуелсіздік кетіп еңсе жаншыған.

Өркендесін жерім жұтап қансыған.

Сақтайық біз байтақ Атамекенді,

Бойымызда қалғанша бір тамшы қан.

 

3-окушы

Туған елім, білім алып, өс енді

Қадірлей біл ел бастаған көсімді.

Арқасында ағалардың айбарлы

Қайтардың көп жұртта кеткен есеңді.

 

4-окушы

Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысың,

Туды күнін әділетті арлышың

Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып,

Келдің бе сен, Азаматтығым армысың!

 

5-окушы

Болсын осы ар алдыңда сөз ақтық

Қан мен намыс болса бойда қазақтық,

Қайтпас қайсар, қасиетті күреспен,

Аллыппыз біз мәңгі теңдік, аззаттық

 

 

І бастауыш: 1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды. Ата заң деп – өзіміздің егемендік құқымызды негізгі ала отырып, іске асыруды айтады. Біз мектепте білім алі құқығын пайдаланамыз.

 

ІІ бастауыш: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1997 жылдың 10  желтоқсанында бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.

 

І бастауыш: Желтоқсанның ызғары – ай,

Кірпікке қатқан мұздары – ай.

«Елім – ай» деп егілген

Ұлдары мен қыздары – ай.

ІІ бастауыш: Туған елдің азаматтағы мен тәуелсіздігі жолыңда Қ.Рысқұлбеков, Л.Асонова, Е.Сыпатаев сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінді қайсарлық пен ерлік көрсетіп құрбан болды.

6-окушы

Мен- қазақтын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегіміде таныстым мұң тіліммен,

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

7-окушы

Жүрегімде жүдеткен түнде езіле,

Дүр сілкінтіпдулеп тиді  өзіме.

Ұлы аралдан жер мұхит астындағы

Қалқып шықтым түнектен күн көзіне.

8-окушы

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім?

Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске –

Айта бергім келеді, айта бергім.

І бастауыш: Көк байрақтың астында көп ұлтты мемлекетімізді бейбітшілік жағдайда бас қарып отырған тұнғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Нені де болса, елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін» дейді.

                         « Тұнғыш Президентке» арналған презентация

 

ІІ бастауыш: Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз,

Қорғайтын жерді Отан қыранымыз.

«Талап, еңбек, Терең ой, қанағат …

Рақым ет» деп Абай айтқан ұранымыз.

 

І бастауыш: Бүгінде тәуелді жан емес кейпім,

Елім бар, барыс болып елестейтіп

Құмбірлетер өреңдер домбырамен

Тыңданңыздар ендеше әсем әнді.

Хор  «Атамекен» әні

ІІ бастауыш: Ер едің өліссең де беріспеген,

Ел едең еншісін де бөліспеген

Зар мұңның әні бар ма сен айтпаған,

Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген.

Хор «Желтоқсан желі»

І бастауыш: Өсер ұлдың қай сәтті де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мүзға жаққан алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашанды еңкеюге тиісті емес жалауы.

Би «Жастар»

ІІІ Қорытынды: 1. Көрнекіліктерді түсіндіру.

2. Аяқтау

3. Оқушылардың тәуелсіздігіне байланасты шығырған жырларын тыңдау.

Метки: , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *