Оқушылардың іс – әрекетін ынтымақтастық педагогикасы арқылы дамыту


Джумагалиева Зийраш Тулегеновна

«Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік педагогы

Оқушылардың іс – әрекетін ынтымақтастық педагогикасы арқылы дамыту.

Қазіргі педагог оқытушылар оқушылармен, оқушының ата – анасымен, барлық басқа мұғалімдермен ынтымақтасуы керек. Яғни, ынтымақтастық дегеніміз – оқушы мен мұғалім бір бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс – әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы. Қарым – қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық сан алуан болғанымен, оның ішіндегі ең маңыздысы: « мұғалім + оқушы » қатынасы. Мұғалім мен оқушы қарым – қатынасы – ғылыми тұрғыдан қаралатын күрделі мәселе, өйткені ол оқушы мен мұғалім екеуінің қарым – қатынасы негізінде қалыптасады. Сондықтан бұл қарым – қатынас оқушының жеке қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда, тәрбиеленушіге нәтижелі ықпал ету үшін тәрбиеленушінің мұғалімді қабылдауы ғана емес, керісінше мұғалімнің тәрбиеленушіні қабылдауы қажет. Педагог міндетті түрде ықпал ету обьектісін ғана көріп қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесін де көре білуі тиіс.    Ата – аналармен ынтымақтасу дегеніміз –  ол ата – аналарды педагогиканың, технологияның, дербес әдістеменің негіздерімен таныстырып, өз баласын сүюді үйрету. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, анаға өкпе – арыз айтпай, оқуда, тәрбиеде балаға жәрдем керек болса, бірлесіп, аяғынан нық тұрғызуға көмектесу.  Жас ұрпақты білімді, жан – жақты етіп өсіруге әрбір ата – ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып жұмыла кіріскенде нәтижелі болады. Сонымен қатар әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның оқуға ынтасын арттыруда ынтымақтастық педагогикасының берері мол. Ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыра отырып, оқушылардың белсенділігін арттыра, білім, білік дағды қалыптсатырудың жолдарының бірі. Ынтымақтастық педагогикасы тек білім беру саласында ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиелеуіне, педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық оқытудың пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін – өзі іске асыра алуына ыңғайлы психологиялық – педагогикалық жағдай туғызып отырады. Сабақ бір сарынды  болып кетпеу үшін шағын топтар жұмыстарың, жарыстар, тренингтер ұйымдастырылады.  Себебі, психологтардың дәлелдеуінше іс – әрекет пен сана тығыз байланысқан ұғымдар. Сондықтан оқушылардың өзара бірлескен белсенді іс – әрекеті арқылы ғана сапалы білімдер қалыптастыруға болады. Оларда сабаққа деген қызығушылық жоғары болады, қатыспаушылық болмайды, олар өздерінің даму динамикасың, жетілгендерін жақсы сезінеді. Оқу танымдық іс – әрекетте оқушылардың шағын топтарға бөле отырып оқытқанда олардың өзара қарым – қатынастары бекиді, өзара бақылау, өзара тексеру жүзеге асырылады. Әлеуметтік педагог те, ата – анамен, оқушымен және сынып жетекшісімен ынтымақтасып ортақ бала тәрбиесіне өз үлестерін қосады. Сондықтан оқушы тәрбиелеуде ынтымақтастық педагогикасын қолдану өте тиімді болып саналады.