Жаһандану талабы – жаңашылдық

Кулмуханбетова Хамаруан  Сейтмухамедовна

Ш.Уәлиханов  атындағы №1 мектеп физика математика пәнінің мұғалімі   

  Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.
Сонымен қатар оқушыда интернеттен материал іздеп қана қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді. Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым: білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру; логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту; алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу; Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі. Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді. Бұл тұста оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты назарды аударып, мысалы, «Өрмекшінің өрмегі», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдану барысында оқушылардыңт сабаққа деген қызығушылықтарының артатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Әр сабақта қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді. Әр сабақта топқа бөлу арқылы әр оқушының жұптық жұмыс,топтық жұмыста өз шеберліктерін көрсете алады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оныдұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Сөзімді қорытындылай келе, ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» деген қанатты сөзімен аяқтағым келіп отыр.