Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік – патриоттық тәрбие беру.


Алиева Алия Рымбаевна, Зупиянова Бақыткүл Төлегеновна

КМҚК «Ақбота» бөбекжайы Қарағанды қаласы тәрбиешілері

Мектеп жасына дейінгі  балаларға адамгершілік – патриоттық тәрбие беру.

Тәрбиешілер: Алиева Алия Рымбаевна. Зупиянова Бақыткүл Төлегеновна.

                                   КМҚК «Ақбота» бөбекжайы. Қарағанды қаласы.

Мектеп жасына дейінгі кезең – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы аралықта мектеп жасына дейінгі балалардың игерген рухани байлығы, білімі, дағдысы, қабілеті өмір бойына із қалдырып, оның өз деңгейінде дұрыс жетілуіне негіз болады. Сол себепті де мектепке дейінгі ұйымдарда білім нәрін ұсынатын біз тәрбиешілерге аса назар аударады. Биыл біздің  ұжым өз алдына мынадай жылдық міндет қойып отыр: «Балабақша және отбасы сабақтастығы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру». Осы міндетті негізге ала отырып біз, сіздер ата-аналар балаларымызға адамгершілік-патриоттық тәрбие беруіміз керек. Баланың бойына адамгершілік нормаларын меңгерту, еңбекке баулу, жағымды әдет-дағдыларын қалыптастыру, келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу.

Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне  өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек.  Халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі.

Әр отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Әр отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты – жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін  дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға салауатты өмір салтына тәрбиелеу болады. Сондай-ақ әр отбасында адам зиялылығының негізі ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінеді.

Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланың ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешіледі. Қазақ халқында ерекше құрметтелетін адамшылдық қасиеттердің бірі ар болып есептеледі. Ары бар адамға намыс та, әділдік те, адамгершілік пен имандылық та болары сөзсіз.

Қазақ отбасында балаға тіл шығып, анық сөйлей бастаған кезде-ақ ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген атаулы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген.

Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы делелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен. Екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше құрметті ата-аналар ұстаздар балаларымызға білім мен тәрбие беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек, ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы шығатынына кәміл сенуге болады.

Қазақ отбасының осындай өнегелері жеке бастың мінез-құлқы мен рухани, мәдени құндылықтарын қалыптастырудың баспалдақтары болады.

Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегіілерді айтуға болады:

Жетілген адам, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» адам тәрбиелеу.

Отанын, халқын, жерін, елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлы».

Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы».

Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу,  екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.  Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі алу, біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс-әрекетке баулуды дәстүрлі мереклер, ұлттық өнер, ойын сайыстарды іске асыру.

Рухани-адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық фактор – отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасы, баланы адамгершілікке тәрбиелейді. Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік ,рух, иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы түсініктерді ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп терең меңгерсек, ешкімге есемізді жібермейтін дәрежеге жетіп, дербесел ретінде нық тұрамыз.

Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ бала бойына сіңе бастайды.Сондықтан біз тәрбиеші –ұстаздар қауымы балаларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, оның тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек.  Өйткені,  бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасыда, екінші – мектепке дейінгі мекемелер болғандықтан, ата-аналар мен тәрбиеші-ұстаздар үнемі байланыста болуы шартты нәрсе дей келе, балабақшада ата-аналармен бірлесе отырып іс-шаралар өткізіледі. Мысалы: мерекелерде балаларыңызға қолдау көрсету, сенбіліктерге қатысу, Наурыз мейрамы, айт күндеріне байланысты имандылық  «тәрбие сағаттарына», «спорттық-отбасылық жарыстар», «Өнерлі –отбасы» көрмелер ұйымдастыру болып табылады. Ата-аналар психолог, логопед, медицина қызметкерлерінің, қосымша  сабақтар жүргізетін мамандардың жұмыстарымен танысып, баланың дамуындағы ерекшеліктері мен кедергілері туралы мәлімет алып отырады. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қиынешылықтарын, жіберген қателіктерін, ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен көзқарастарын, балалардың жеке ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алады.

Радио мен телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға  сай бағдарламалардың жүргізілуін үлкен игіліктің істің бастауы деп санауға болады. Мәселен: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ, «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Айгөлек»,  «Толағай», «Жол ережесін сақта!» «Балапан т.б. бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік құндылықтары құндылығы өте зор.

Сонымен қатар, бала тәрбиесінеде өзіміздің ұлттық дәстүрімізде жасалған мультфильмдердің, кітаптар мен бейнестаспа үлгілерінің арқарар рөлі ерекше деп білеміз.

Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух. Ұлттық мақтаныш, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту баршамыздың парызымыз.

Сонымен қорытындылай келе,  ұлттық- адамгершілік құндылықтарымызды балаларымыздың бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысайық.

             Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ, Қалииев С «Қазақ тәлім тәрбиесі». Алматы, 1995ж.
  2. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие». Алматы, 1997ж.
  3. Әбиев Ж.  Бабаев С.  Құдиярова А. Педагогика оқу құралы Алматы 2004ж.
  4. «Менің елім – менің жерім» Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды патриоттық  тәрбиелеу әдістемелік ұсыным.  Астана 2014ж.