Жаңа форматтағы мұғалім рөлі


Молдабекова Бахытжамал Кореновна

Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылы  “Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі” КММ бастауыш сынып  мұғалімі

Бастауыш сыныпта  шығармашылық қабілеттілігі  оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата – ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет. Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Өзімнің  тәжірибемде, жаңартылған білім беру аясында белсенді  әдіс-тәсілдерді қолданғанда  байқағаным,  оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша шығармашылық жұмыс  ыңғайлы, балалар үшін қолайлы екеніне  тәжірибемде көзім анық жетті.Менің  байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда жұптық, топтық  жұмыстарды орындауда шәкірттеріміз шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Сондықтан әрбір сабақта  оқушылардың өзін – өзі реттей біліп,  тапсырмаларды орындау барысында шығармашылыққа бағыт алуын үнемі назарда ұстаймын.  Мәселен,  қазақ тілі сабағында   оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар: жазбаша тапсырмалар, ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім. Жазбаша тапсырмалар шығарма, эссе немесе хат жазу, өлең құрастыру. Ауызша тапсырмалар тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру, ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру.Өзімнің тәжірибемде, осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың жауапкершілігі күшейді, ойлау қабілеті жетілді, тіл байлығы артып, сөздік қоры молая түсті. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс – әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Осы орайда әрдайым жаңашылдықты назарда ұстанамын.