«Қош келдің, Алтын күз!»


Мурамитова Мамура Мамматкаримовна

“Айша-Бибі” бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі

«Қош келдің,Алтын күз!»

Мақсаты: Күз кереметтері туралы даярлық балаларының түсініктерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын ояту, сөйлеу тілдерін, қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмыстарда ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 
Жүргізуші:     

 Армысыздар қадірлі қонақтар,кішкентай балапандар!  «Қош келдің,Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жапқандай жапырағы іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы, сары алтын күз келді.

Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!

(Балалар қолдарын бұлғайды)

Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқадық!

Балалар,қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөйлемдер айтамын, сендер менің сөзімді мұқият тыңдап,күзге  тән сөз болса шапалақтайсыңдар, сөйлемім күзге  тән болмаса аяқтарыңды едеңге ұрасыңдар.Ойын шарты түсініктіме?

-Күзде жапырақтар сарғаяды.

-Күзде ағаштар гүлдейді.

-Күзде құстар ұшып келеді.

-Күзде күн суып, жаңбыр жауады.

-Күзде жемістер мен көкөністер піседі.

-Күзде қар жауады.

Жүргізуші:Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.Олай болса, құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгіліне арнап өз өнерлерін көрсетсін.

Кавсар:   Жетті желмен алтын күз,
                  Жеміс жинау салтымыз
                  Жиып-теріп болған соң    

                   Той жасайды халқымыз,
                  Мол өнімді жинаймыз
                  Елге бәрін сыйлаймыз.

Назарбек:Қушлар учдилар

                 Барглар тушдилар.

                Сариқ дала -туз

                 Хамма екда куз!

Севинч:  Наступила осень,
               Пожелтел наш сад.
               Листья на берёзе
               Золотом горят.
               Не слыхать весёлых
               Песен соловья.
               Улетели птицы
               В дальние края.

Самина: Нұрға бөлеп өмірді,
               Жырға бөлеп көңілді,
               Жарқыраған сәулелі
               Күз әуені төгілді.

МирАзиз:Келді міне күз,

                  Айнала сары түс.

                  Керемет,тамаша

                  Қандай әсем күз!

Жүргізуші: Балалар, күзде тынымсыз еңбек басталатыны бәрімізге мәлім. Егін ору, бау- бақшаларда жеміс- жидек жинау деген жұмыстар толып жатыр. Сол жеміс- жидектер мен көкөністерді  кімдер жинайды, қалай ойлайсыңдар?

Балалар :Диқандар!

Жүргізуші:Дұріс айтасыңдар,балалар! Күзде еңбекпен біте қайнасқан тірлік те көзге айрықша басылады.Халқымыз:”көктемде жерге түскен бір дән – күзді күні мың дән” демекші,диқандар астығын,жеміс-жидегін,көкөністерін  жинап алып,қыс қамымен жүреді.

(Маңдайындағы терін сүртіп Диқан ата келеді)

Диқан ата:Ойбай,шаршағаным ай! (белін ұстап,желкесіндегі қабын жерге қояды)

Жүргізуші:  Саламатсыз ба, диқан ата?

Диқан ата:Саламатсыңба ,қарағым!Бұл жерде не болып жатыр?

Жүргізуші: Диқан ата бұл жерде біз  “Алтын күз”  мерекесін тойлап жатырмыз. Шаршаған боларсыз,төрлетіңіз,Диқан ата!Біздің балалардың өнерін көріп демалыңыз.

Диқан ата: Ия,тамашалайын! Бірақ алдын ала балалардың көмегі керек маған.Кеше немерем интернат па немене еді,содан көріпті, “Ертең күн сутып,жаңбыр жауады екен ата” деп еді.Содан азаннан егін алқабыма барып

көкөністерді,кейін бау -бақшаға барып жемістерді жинадым.Кәрілік-қой,бірақ қап алыппын.Көкөністі де,жемісті де сол бір қапқа жинадым.Маған соларды ажыратуға көмектесіңдерші?!

Жүргізуші: Балалар,олай болса,атаға көмектесейік!

Дидактикалық ойын.   «Жеміс пе, көкөніс пе? »

Мақсаты: Диқан атаның кабындағы жемістер мен көкөністер ажырытып, бөліп екі себетке салуға үйрету;

Диқан ата: Бәрекелді,қарақтарым!Рахмет сендерге! Сендер  көкөністер, бақтағы жемістер мен көкөністерді ажырата аласыңдар екен.Балалар олардың пайдасы туралы білесіңдерме,адамдар жемістер мен көкөністерден қысқа сақтауға түрлі салаттар, шырындар дайындайды. Жемістен түрлы тосаптар, шырындар жасайды.

Көкөніс- адамның ағзасының өсуіне, дамуына пайдалы түрлі заттарға бай.

Жемістер – адамға өте пайдалы, бақта өседі.

Жемістерді кептіріп қақ жасауға болады. Шырынын ішеді. 

Жүргізуші:Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
                    Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
                    Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
                    Төгілген алтын теңге сансыз жалқын-дей келе қыздарымыздың “Жапырақтар” биін тамашалаңыздар!

Диқан ата: Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Диқан ата,біздің балалар күз,жеміспен көкөністер туралы да тақпақтар біледі. Ендеше, біздің балалардың тақпағын тыңдайық.

Темур: Нок мевалар асили,

           Эрта пишар хосили.

           Ширинлиги худди бол,

           Пишганини териб ол.

Шохнур: У морковки красный носик,

                Сочный, вкусный, сладкий плод.

                А зелёный пышный хвостик

                Украшает огород.
Чарос:  Янги қизил коптокдек

              Булиқ анор донаси.

              Хуштаъм ,еқут донларга

              Тулиқ хар бир хонаси.

Гузал: Тоңазып атырап, 
             Көп жеміс піседі. 
             Сарғайып жапырақ, 
             Саудырап түседі.

Муслима:  Алақай, алақай

                   Шаттанды балақай

                   Күз түсті, дән пісті

                          Айтамыз алғысты

Умар:Көрініп еліме,

          Күндері мереке.

          Келді ғой жеріме

          Күз дейтін мереке.

Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл бетіне,

                      Бишілер билеп кетті тербетіле

                      Аққудай қалықтаған теңіздегі

                      Бишілеріміз  өнерлерін көрсетуде. 

ұлдарымыздың «Саңырауқұлақтар»биін тамашалаңыздар.

Диқан ата:Қарақтарым,сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер,тақпақ айтып би билеп жатырсыңдар.Көкөністер мен жемістерді атауын атап,ажырата алады екенсіңдер.Бірақ сол көкөністер мен жемістерді дәмін татып атаын айта аласыңдарма,көрейік!

Дидактикалық ойын: «Дәмін татып, атын ата»

Шарты: Балаларға күзгі сыйлықтан жемістер мен көкөністерді араластырып, көзі байланған бір баланың аузына салу; ол жемісті не көкөністі дәмін татып, сол жемістің немесе көкөністің атын атайды.

Жүргізуші:  Алтын нұрдай тамшылап, жапырақтар төгілді
                       Біздің өмір таң шуақ, біздің өмір көңілді    
                       Біреу астық түсіріп, біреу бидай ұшырып,
                       Жатқан мезгіл күз екен, алдым соны түсініп.

Кезегімізді тағыда  өлең шумақтарына  берейік.

Мадина: Келди олтин куз,

                Мевалар пишди.

                Дарахтлар шохи

                Эгилиб тушди.    

 Элбек: Мерейлі күз, мырза күз

              Сыйлығыңа ризамыз

              Аппақ арай таңына

              Шомыламыз нұрға біз

Умида:  Берекесін сыйлауға

               Өлкемізге күз келді

               Жемістерін жинауға

               Шақырады біздерді

Нихола:Жапырақ ұшты,

              Суық та түсті.

              Сонда да бізге

              Қызық көп күзде.
Диқан ата: Керемет! Қандай әдемі! Ал, балалар, мен сендерге өте ризамын, мен жаттаған тақпақтарыңды, әсем әндеріңді, билеген билеріңді де көріп мәз болып демалып қалдым. Рақмет сендерге, енді сендермен қоштасатын кез келді, бірақ менің сендерге сыйлықтарым бар, оны топқа барған соң бөлісіп жейсіңдер. Сау болыңдар, келесі кездескенше сау болыңдар.

Диқан атамен қоштасу
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі күз мерекесіне арналған « Қош

келдің,Алтын күз!» атты ертеңгілігімізді аяқтағалы отырмыз. Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйлаған сыйы әрбір отбасының ақ дастарқанынан арылмасын. Еліміз аман болып, заманымыз тыныш болсын.