Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Турегельдина Гүлбаршын Сапарқызы
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Жаңартылған білім шеңберінде жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін арттыру басты парызым деп санаймын. Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады: – қызығушылықты ояту; – мағынаны тану; – ой-толғаныс. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. “Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушыларды өз ойларымен жауап беруге ұйымдастыра отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын жүзеге асырамын. Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады: Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 жолдық өлең” жаздыруға болады. Мұндағы мақсатым – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Қазақ тілі мен әдебиет сабағында мәтінді игерту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Қорыта айтқанда, оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы: «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын қолдай отырып, саналы, білімді, ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздық рух, дана да, батыр да бас иетін ұлылық тілеймін. Соған сай ұстаз – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, білімпаз болғанда ғана қоғамның мықты да шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сен