«Білім ханшайымы қонақта»


Турсын Нарау

«Ақсу қаласының № 2 бөбектер бақшасы» МКҚК тәрбиешісі

«Ақсу қаласының №2 бөбектер бақшасы» МКҚК

Ашық сабақ

«Білім ханшайымы қонақта»

Ересек «А» тобы

Тәрбиеші: Н.Турсын

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық   картасы  Күні: _____Білім беру саласы:  Таным /шығармаш,/коммуникация.  Бөлімі: Жаратылыстану/сурет, құрастыру,  қмтқ

Тақырыбы: «Білім ханшайымы қонақта..»

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау,бақылау, бекіту.

Міндеттері:

1.білімділік: көктем мезігілінің ерекшелігі туралы әңгімелеу, көктем бейнесін құрастыру, суреттеу икемділіктерін бақылау.

2.дамытушылык: ойлау, сөйлеу, шығармашылық  қабілеттерін дамыту.

3.тәрбиелік:  табиағтты аялауға, күтіммен қарауға баулу.

Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, құрасытру, ойын, лулий шеңберімен жұмыс, пуантилизм әдісі

Сөздік жұмыс:    көктем, өлі, тірі табиғат

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Қажетті көрнекілік:  ойын материалдары, луллий шеңбері, үлестірмелі материалдар, көктем мезгілінің суреті, суретке керек құралдар , хат халта                                

 Үштілдік:  көктем-весна-spring , гүлдер- цветы-flowers

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ынталандыру кезеңі             Шаттық шеңбері  Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң , достарым! Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық! Добрый утро учитель, Добрый утро друзья! Посмотрите друг на друга, Пожелайте добра. Good morning, good morning, Good morning, to you. Good morning, good morning, Wi glad, to  you Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталап айтады,бір-бірімен амандасады. Қайырлы таң, ұстазым! Қайырлы таң , достарым! Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық! Добрый утро учитель, Добрый утро друзья! Посмотрите друг на друга, Пожелайте добра. Good morning, good morning, Good morning, to you. Good morning, good morning, Wi glad, to  you
Ұйымдастыру шылық-ізденістік                     Ғажайып сәті. Есік қағылады. Топқа Білім ханшайымы келеді: Сәлем достар?! Мен білім әлемінен   келдім- Білім ханшайымымын.  Мен келе жатқанымда жаратылыстану, сауаташу, математика, құрастыру, сурет, пәндерінің ұрсысып жатқанын естідім.  Жаратылыстану пәні -балалар  мені жақсы көреді. Себебі: Мен оларға жан-жануарларды, табиағатты, айналаны таныстырамын деп айтып жатыр екен. Құрастыру пәні- жоо-жооқ, балалар мені жақсы көреді, себебі мен арқылы олар әр затты дұрыс құрастыруды үйренеді десе, сауат ашу пәні жоқ, балалар мені жақсы көреді, себебі мен оларға әріп тануды,, жазуды үйретем деп жатыр екен. Сурет: жоқ, мені жақсы көреді себебі, мен болмасам, олар өздері жақсы көретін заттарын бейнелеп сала алмас еді деді. Математика: жоқ мені жақсы көреді, себебі, олар мен болмасам санауды, түстерді ажыратуды, тәулік бөліктерін атауды білмес еді….деп ұрсысып жатыр екен. Оларды мен тоқтаттым. Балалар бәріңді жақсы көреді, барлықтарыңның пайдаларың бар дедім. Ал олар маған дәлде сонда біз дос боламыз деп маған тапсырмалар ұсынды. Ал, сол тапсырмаларды мен сендерге әкелдім, бірге орындауға көмектесесіңдер ме?! Әр пән өз тапсырмаларын хат қалташаларға салып берді. Тәрбиеші:рахмет, Білім ханшайымы, біздің балалар барлық тапсырмаларды орындауға дайын. Ал, сен балалармен бірге отырп, олардың білімдерін бақылауыңа болады. Сұрақ-жауап -балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларын атап беріңдерші. Жақсы. Ал, көктемнің ең алғашқа гүлі қалай аталады? Тіл ұстарту жаттығулары: Тем – тем – тем, келді көктем, Ыр-ыр-ыр, жауады жаңбыр. Ғай-ғай-ғай, жарқылдайды найзағай. .Шек – шек, — шек, шығады , бәйшешек  Сөздік жұмысы: көктем Үштілдік: Көктем-весна- spring , гүлдер- цветы-flowers 1-хат халта:Құрасытру пәнінен екен. «Көктем бейнесін құрастыр» Ауа райында қандай өзгеріс болады?Көктемде не жауады?Ағаштарда қандай өзгеріс болады?Нелер ұшып келеді?Жерде қандай өзгерістер болады?Нелер ұйқыдан оянады?Нелер төлдейді? 2-хат қалта: Жараталыстану пәнінен А)«Өлі және тірі табиғатты ажыратыңдар» Ә) Луллий шеңберімен жұмыс. Жануарлардың төлдерін көрсет. (аю-қонжық, сиыр-бұзау..) 3-хат қалта. Сауат ашу. А)Жұмбақ тың жауабын тап. Буынға бөл. Сөйлем құрастыр. 1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ.
Жауабы: Су.
2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен жібек шашылды.
Жауабы: Күн
3. Өмірде одан мол ештеңе болмайды,
Құшақтасаң құшағың тең болмайды.
Жауабы: Ауа 4 Үй үстінде ұсақ тас, ұстайын десем ұстатпас  (жұлдыз) Ә) «Жақсы -жаман» ойыны Мақсаты: жақсылық пен жамандықты ажырата білуге баулу. Шарты: аталған іс-әрекетті жақсы, жаман екенін ажырату керек. Білім ханшайымы шарашаған шығар десмалып алайық. Сергіту сәті «Топ-топ» әні орындалады. Аяқпенен топ-топ, Ал қолменен хлоп-хлоп. Бір оңға, бір солға Айналайық кел мұнда. (толық айтылады) 4-хат қалта.қмтқ( есеп) «Қанша , неше?» ойыны Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Шарты: суреттік есепті шығару. 5-хат қалта. Сурет «Көктемгі ағаштың гүлденуі»  пуантилизм әдісі бойынша бейнелеуді ұсыну.
  Балалар, білім ханшайымыммен амандасады. Әңгімесін тыңдайды. Тапсырмаларды орындауға дайын екендерін айтады.   Көкмектесуге тылпыныс білдіреді.           Балалар сұрақтарға жауап береді. Көктем мезгілі. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Бәйшешек.   Тіл ұсатру жаттығуын орындайды. Тем – тем – тем, Көңілді  көктем. Ыр-ыр-ыр, Жауады жаңбыр. Ғай-ғай-ғай, Жарқылдайды найзағай. Шек – шек, — шек, Шығады , бәйшешек  Сөздерді қайталайды. Сөздік жұмысы: көктем, өлі, тірі табиғат Үштілдік: Көктем-весна- spring , гүлдер- цветы-flowers                 1-хат қалта бойынша тапсырманы жаппай орындайды. Тақтаға көктем бейнесін сұрақтарға жауап беру арқылы құрасытырып жапсырады. Аталған өзгерістер бойынша суреттер іледі. Көктем мезгілінде жаңбыр жауады.(бұлт) Күн жылы болады. (Күн) Ағаштар бүршік атады, гүлденеді. (ағаш) Құстар ұшып келеді. (тырна, қарлығаш) Жануарлар төлдейді. (үй жануарлары) Жер көктейді. (көк шөп, гүлдер) Жәндіктер оянады. (көбелек, инелік, қоңыз)     2-тапсырманы орындайды. Тірі , өлі табиғаттарды ажыратып айтып береді. Тас-өлі табиғат. Гүл-тірі табиғат. Ағаш-тірі табиғат. Күн-өлі табиғат. Қар-өлі табиғат. Көбелек-тірі табиғат. Бұлт-өлі табиғат.   3-хат қалта бойынша Лулий шеңберін қолданып жануарлардың төлдерін көрсетеді. Жабайы жануарлар мен үй жануарларын айжыратып айтып береді.     3-хат қалта бойынша сауат ашу пәніне байланысты тапсырма орындайды. Жұмбақтардың шешемін тауып, сол сөзді буанға бөледі. Су-бір буынды. С-д/сыз дыбыс. У-д/сты дыбыс. Сумен беті-қолымды жудым. Күн- бір буынды. К-д/сыз дыбыс, ү-д/ты дыбыс, н-д/сыз дыбыс. Бүгін күн жылы. Ауа.-1 буынды сөз. Таза ауаға ата-анаммен серуенге шықтым. Жұлдыз-2 буынды сөз. Түнде аспанда жұлдызжар көп болды… «Жақсы-жаман» ойынына жаппай қатысады   Жақсы қасиет болса шапалақтап білдіреміз, жаман қасиет болса тып-тыныш отыру керек.   Гүлдерге су құю   ( жақсы) Ағаштарды сындыру   (жаман) Құстарға жем беру       (жақсы) Құстың ұясын бұзу        (Жаман) Гүлдер жұлу                    (жаман) Құстарға ұя жасап беру   (жақсы) Сергіту сәтіне шеңберге тұрып, өлеңнің мазмұнына сай қимылдар жасайды.   Балалар есепті тақтада, орындарында жеке –жеке орындайды   Балалар қолдарына мақта оралған таяқшаны қолдану арқылы су бояумен көктемгі гүлденген ағаш бейнесін салады..
Рефлекстік-жинақтаушы         Балаларды, мадақтау. Балалар, бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадыңдар?Жарайсыңдар, ал енді Білім ханшайымын тыңдайық. Білім ханшайымы балаларды мадақтап, алғысын білдіреді.Рахмет, достар барлық пәндердің тапсырмаларын орындап мені қатты қуанттыңдар, мен білім әлеміне орайлайын, піндерімді достастырайын..     Балалар сұрақтарға жауап береді. Білім ханшайымымен қоштасады.

Күтілетін нәтижелер:  

Біледі: аталған пәндер бойынша жалпы түсінікті.

Игереді: сұрақтарға толық жауап беруді,суретті дұрыс құрастыруды, сөйлем құрастыруды.

Меңгереді:  беріліген әрбір тапсырманы мұқият, толық, дұрыс орындауды, пуантилизм әдісін қолдануды.