Бейнелеу көркем өнері пәні бойынша бағдарлама «Балдырған»


Молдыбаева Арнай Дамуханқызы

«Жітіқара ауданы әкімдігінің бөлімі»  ММ «Балалар өнер мектебі» КММ көркем бөлімінің мұғалімі

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

«Балалар өнер мектебі» МКҚК

Бейнелеу көркем өнері пәні

 бойынша  бағдарлама

«Балдырған»

Молдыбаева А.Д.

көркем бөлімінің мұғалімі

Жітіқара қ.

2015 ж

Мазмұны

1 Түсінік хат                                                                      
І Негізгі бөлім                                                                
1.1. Дәстүрлі емес сурет салудың ерекшеліктері                 
1.2. Дәстүрлі емес сурет салудың түрлері                            
ІІ Күтілетін нәтижелер  
2.1. Тақырыптық жоспарлаудың үлгісі                                                                                                         
2.2.   Қосымшалар Әдебиеттер тізімі                                     
     

                           В.А.Сухомлинский: «Балалардың мүмкіндігі мен    дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында…»

Түсінік хат

Бейнелеу көркем өнері – өнер мектебінде даярлық сыныбынан бастап беріледі. Сурет салу-көркемдік шығырмашылық іс-әрекет. Шығармашылықтың жоқтылығы баланың тұлға ретінде дамуына, мектептегі жетістектерінің төмендеуіне де әсер етеді.

Бағдарлама жаңалылығы

Оқыту кезінде оқушылар формалардын құрастыру заңдылықтары, сызықтың және ауа перспективасы, композиция, сәндік стимуляциялау, мүсін ережелері,сурет салу аппликация, сондай-ақ бейнелеу көркем өнерінің әйгілі шеберлер туралы білімдідерді алады.

Бағдарлама өзектілігі

Өмірдің талаптарымен бағдарлама мазмұнының жанасушықпен кесімді. Қазіргі уақытта эстетикалық қажеттілігі өнерді оқытудың жаңа тәсілдері. Себебі, олар шығармашылық тұлғаның дамуына қабылған талаптарының шешімі болып табылады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Бейнелеу көркем шығармашылығы арқылы өнерге қатыстыру,шығармашық тұлғаны дамыту.

Талаптары:

Білімділік: бейнелеу көркемдік шеберлілігінің (көркем сурет, кескіндеме, композиция)практикалық тәсілдерді мен дағдылардың меңгеруі.

Дамытушылық: шығармашылық қабілеттердің,ой-қиялдың, қолдың ұсақ моторикасын дамуы.

Тәрбиелік:оқушылардың эстетикалық тәрбие деңгейін көтеру.

Бағдарлама ерекшеліктері:

Бұл бағдарлама бейнелеу көркем өнерінің түрлі қосымша материалдардың кең қолдануымен ерекшеленеді. Бағдарламаның әрбір сабағы бейнелеу көркем өнеірінің негіздерінің меңгеруіне, белсенді және шығармашылық жұмысына қалыптастыруына бағытталған. Оқыту процесі оқу жұмысының белсенді және дәстүрден тыс әдістер мен тәсілдер бірлігінде кұрылған. Бейнелеу көркем өнерінің, заңдар мен ережелері меңгеру процесінде оқушылардың шығармашылық бастамалары дамиды.

Бес-алты жасар баланың әлемі көркемдік және эмоцианалды болады.

Сондықтан сурет салу өте маңызды. Балаға графикалық дағдылардың белгілі дәрежесі, сондай-ақ түсті сезіп білу керек. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін сабақта қағыстар, дақтар, нүкте, сызықтарды салу жаттығулар беріледі.

Сурет салған кезінде балалардың бастаған істі аяқтау, ой тұрақтылығында мақсатқа жету және мақсатқа жету қиындықты жеңу қабілеттері ашылады.

Н.Крупскаяның ойы бойынша бейнелеу өнерінде балалар еңбекке еңбектенуге деген көзқарасы қалыптасады. Сурет салу өнерінде еңбек сияқты құралымен жұмыс жасауды талап етеді. В.А.Сухомлинский сурет салуды оқу еңбегінің үлкен зор құралы деп санаған.Бейнелеу іс-әрекетінде  ой және дене белсенділігі ұштасады.

         Кішкентай оқушылардың сурет салуында белгілі бір дағдысы қажет. Сондықтан сурет салудың әдістерін үйрену үшін дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолданамыз.

Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерінің түрлері.

Акварель бояуы және тұз

           Бұл тәсілді біз арнайы негізгі түсті (фон)шығару үшін немесе гүлдерді бейнелеу үшін қолданамыз. Салынған суретке бояуы кеппеген кезде тұзды себеміз.Бояудың алынған мөлшері ескеру керек , егер де бояуы өте сұйық болса нәтиже шықпайды.

Пуантилизм немесе нүкте арқылы бйнелеу

            Оның негізінде суретті әртүрлі бояуларды аралыстырмай нүктелеу арқылы салу керек. Нүктелеік сурет салу үшін гуашь , не болмаса акварель

бояуын және мақта таяқшалары қажет. Осы әдіспен көбелекті, күнді, балықтарды, әр түрлі жәнжіктерді безендіру үшін қолданамыз.

Құрғақ қылқаламмен сурет салу

           Құрғақ қылқалам- бір ағымда көптеген сызықтарды салу үшін қолданатын ең ыңғайлы әдіс-тәсіл. Шөпті, өсімдік жапырақтарын, ағаштарды,гүлдерді, жануарлардың бейнесін осы әдіспен бейнелейміз.

Кляксография

          Сия немесе бояуды тамызу арқылы үрлеп сурет салу техникасы. Жұмысты қағаз бетінің негізгі түске бояуын бастаймыз. Тамызған дақтарға түтік арқылы үрлейміз. Бұл тәсілмен көбінесе ағаштарды бейнеленген кезде пайдаланады. Керек кезінде суретті қылқаламмен аяқтауға болады.

Граттаж

       Тырналау, тырнау – деген ұғымды білдіреді. Граттографияны игеру үшін оқушы әдетте келесі жұмыстарымен басталады. Жұмысты орындай отырып біріншіден, қағаз бетін тең етіп балауыз шаммен немесе парафинмен жағып шығып, сонан кейін жалпақ қылқаламмен немесе мақтамен үстіңгі бетін сиямен біртекті етіп жағылады. Сиямен, майлы балауыздың бетке толық жағылуын қадағалаймыз. Сиямен қара өңде қабаттар жағылған соң,

өткір затпен тырналап бейне сурет салынады.Қара өңде жіңішке нәзік қағыстар беріліп , нәтижесінде бейне бір жеңіл жұмбақ күйінде көрінеді.

Монотипия

           Монотипия – қағаз бетінде бір реттік басылып шыққан көркем шығарманы деп атайды. Монотипия бояулар түрлі-түрліше болуы , гуашьпен

сурет салынып , одан алынған бір реттік басылымды айтамыз. Монотипия тәсілі арқылы табиғат көріністерін , көбелектер мен сиқырлы жануарларды бейнелейміз.

Мөр басу арқылы сурет салу

          Бұл тәсіл балалар үшін ең қарапайымды және әрі қызықты болады.

Сурет салу үшін көптеген керексіз заттарды қолдануға болады. Мысалы,

Умаждалған қағаз, параллон, түймелер, пенопласт, көріністерден жасалған трафарет, картон, мақта, өшіргіш, және т.б. Мөр басу тәсілін түсті және пішінді бірдей заттың бедерін салу үшін қолданамыз.

Ылғал бетте сурет салу

           Акварельді «дымқылдау» тәсілі бойынша салу үшін негізгі нысанды қарындашпен белгілеп шығамыз.Өшіргішпен пайдаланбаймыз, өйткені ол қағаздың беткі жағын бүлдіреді. Парақты тұтас таза сумен сулаймыз. Бояуға

суды қоса отырып, мысалы, табиғаттың суретін салып шығамыз. Парақтағы бір орынға бояуды қайталап жаға беруге болмайды, себебі бізге анықтық қажет. Бояу сулы парақ бетімен жүзіп кетеді, оған қажетіне қарай бағыт алуына көмектесеміз.

Акварель және май шам

          Табиғатта болатын құбылыстарды бейнелеу үшін біз май шамды пайдаланамыз. Мысалы, жаңбыр, теңіз толқындарын, қысқы ағаштар, аязды ою-өрнектер  және т.б. Алдымен, суретті салып болған соң қарыңдаштың контур бойымен майшаммен өтеміз. Сонан кейін бояуға кірісеміз.

Жіппен сурет салу

          Қолдың ұсақ моторикасын арттыру тағы бір дәстүрден тыс тәсілі-

ниткография деп аталады.Осындай әдіс- тәсіл баланың жазуына дайындайды.

Жіпті бояуларға батырады, содан кейін боялған жіптерді бүктелген қағаздың арасына салады.Жіптің бір ұшын ұстап ,екінші жағын айналдырады.

Күтілетін нәтижелер

Бірінші оқу жылындағы оқушылары білуге тиіс:

– негізгі және қосымша түстердің атауы;

– бояулар,палитра,композиция,суретші,сызық,ою-өрнек, аппликация,симметрия,ассиметрия,кескін,дақ ;

– терминдер мәні;

– сәндік элементтердің көркемдік негізі;

– безендірудің материалдары мен техникалық әдістері;

– құрал-жабдықтар атауы.

Бірінші оқу жылдың оқушылары үйрену керек:

– жай, түрлі-түсті қарындаштармен , қылқаламмен, палитрамен пайдалану;

– суреттің көңіл-күйіне сәйкес бояуларды таңдау ;

– қызыл, сары, көк түстерді араластыру және пайдаланудың негізгі дағдыларын меңгеру;

– өсімдік және геометриялық мәнерлі формалардың көркемдік үлгілеуі;

– құрал-жабдықтармен пайдалану.

Бағдарлама бойынша барлығы – 34 сағат :

Кескіндеме – 20 сағат.

Графика – 5сағат.

Сәндік қолданбалы өнер- 4сағат.

Мүсін – 4 сағат

Бес- алты жастағы оқушыларға арналған сабақтардың тақырыптық

жоспарлау үлгісі (оқытудың бірінші жылы)

                            Тақырыбы Сағат саны Күні
1 Кіріспе сабағы. « Жаздың соңғы күндері». Қылқаламмен жұмыс жасау ержелері. 1  
2-3 «Сиқырлы бояулармен таныстыру». Негізгі түстер Түстерді араластыру. 2  
4 «Дақпен сурет салу».Кляксография. 1  
5 «Қарбызмен натюрморт салу».Сулы қағазға бейнелеу тәсілі. 1  
6 «Алтын күз».Үрлеу арқылысурет салуды үйрету. 1  
7 «Ағаштар қандай болады?». Мөр басу тәсілін қолдану.   1  
8 «Мұңды жауын». Сулы қағазға бейнелеу тәсілі. Фломастер немесе гельдік қалам қолдану. 1  
9-10 «Менің мысығым». Сазбен мүсіндеу.Гуашьпен бояу жұмысы. 2  
11 «Сиқырлы құс». Жіппен сурет салуды үйрету. 1  
12 «Қазақ халқының оюлары». Трафаретпен жұмыс жасау. 1  
13 «Алтын балықтар». Май шам, тұз арқылы бейнелеу. 1  
14 «Қар қиыршығы». Шашыратып сурет салу. 1  
15 «Қысқы орман». Қырауды мөр басу тәсілі арқылы көрсету. 1  
16 «Аяз ата». Суық және жылы түстер контрастылығы. 1  
17 «Жаңа жыл шыршасы». Сурет салу және аппликация. 1  
18-19 «Ақшақар». Сазбен мүсіндеу. Гуашьпен бояу жұмысы. 2  
20 «Түлкі туралы ертегі».Қүрғақ қылқаламмен сурет салу тәсілі.Композиция құрудың ережелері. 2  
21 «Кірпі мен Алма». Аралас тәсілді қолдану. 1  
22 «Менің ойыншығым». Тасбақа суреті.Акварель бояуы және балауыз бор қолдану. 1  
23 «Сары балапан».Параллонмен мөр басу тәсілі. 1  
24 «Көңілді клоун». Ермексазбен аппликация жасау. 1  
25 «Құмырадағы гүлшоғы».Пуантилизм тәсілін қолдану 1  
26 «Анама сыйлық».Ашық хат орындау.Аппликация. 1  
27 «Көктем келді» .Табиғат көрінісін бейнелеу. Перспектива заңдылықтары. Монотипия тәсілі. 1  
28 «Сиқырлы кілем». Аппликация тәсілінде көктем гүлдерін орындау. 1  
29-30 «Ертегі әтеш». Сазбен мүсіндеу. Гуашьпен сәндік бояу жұмысы. 2  
31 «Бақбақтар» . Құрғақ қылқаламмен сурет салу дағдылырын бекіту. 1  
32 «Көбелектер» .Затты монотипия тәсілін қолдану. 1  
33 «Менің сүйікті қалам». Картонмен сурет салу тәсілі. 1  
34 Қорытынды сабақ : «Жаз келді!»Монотипия.Ашық түстерді пайдалану. Суреттер көрмесін өткізу.   1  

                                         Бағдарлама мазмұны

Тақырып № 1: «Жаздың соңғы күндері».

          Оқушылармен бірге жаз табиғаттын көшірмелерін, фото суреттерін             тамашалап, жазда қандай құбылыстар, қызықтар бар екенін еске түсіру.

Тапсырма: Жазғы табиғатын бейнелеу. Кемпірқосақ және оның түстері.

 Мақсаты: Жаз айларындағы болатын құбылыстарды бейнелеуге үйрету.

Талаптары:

Білімділік: Қағаз бетіндегі суретті орналастыру ережелері.

Дамытушылық: Түс сезімін,үйлесімділік сезімін, шығармашылық белсендігін дамыту.

Тәрбиелік: Жазғы табиғат өзгерістерін бақылап , жаз байлығын, әсемдігін,сұлулығын сезіне білуге үйрету. Табиғатты аялауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары: Альбом парақтары, гуашь, қылқалам, су құтысы, қол сүлгісі, палитра.

Тақырып № 2,3: «Сиқырлы бояулармен танысу».

           Оқушылармен  гүлшоғын немесе фотокөрмені тамашалау. Оларға қойылатын сауалдар гүлдердің атауына байланысты болмақ. Әңгіме барысында негізгі түстердің (қызыл, сары, көк) тірі гүлдереде сирек ұшырасатыны жайлы айтамыз.

Тапсырма: Гүлдер алаңын бейнелеу.

Мақсаты: Түстану түсінігімен таныстыру.

Талаптары:

Білімділік: Акварельмен жұмыс тәсілдерін жетілдіруге, негізгі және қосымшатүстердің ашық және күңгірт реңктерін пайдалануға және ажыратуға үйрету.

Дамытушылық:  Байқағыштық пен зейінін, ұқыптылықты, бейнелеу өнеріне қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік:  Шығармашылық және көркемдік талғамын тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары: Альбом парақтары, акварель бояуы, қылқалам, палитра, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 4: «Дақпен сурет салу».

           Кляксография тәсілі бойынша кәдімгі дақпен сурет салу. Дақтарға

белгілі бір форманы беріп, суретті қылқаламмен аяқтау.

Тапсырма : Бояу дақтарын гүлдерге айналдыру.

Мақсаты : Балаларды дақпен сурет салуды үйрету.

Талаптары :

Білімділік: Суреттегі бейнелеудің негізі ретінде – дақты қолдануды үйрету.

Кескін туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерді, қиялын дамыту.

Тәрбиелік:  Еңбекке сүйіспеншілігін, жауапкершілікті тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары: Альбом парақтары, акварель бояуы, қылқалам, фломастер,су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 5: « Қарбызмен натюрморт суреті».

 Оқушылармен бірге натюрморт көшірмелерін, фото суреттерін қарастырып, натюрморт сөзінің ұғымымен таныстыру.Суретті сулы қағазға салудың ерекшеліктері. Қылқаламмен пайдаланудың дағдыларын жетілдіру.

Тапсырма: Кесілген қарбыздың суретін бейнелеу.

Мақсаты : Дөңгелек формасы бар заттарды бейнелеуге үйрету.

Талаптары :

 Білімділік: Қарбыздың өзгеше ерекшеліктерін және формасын көрсетіп салуды үйрету.

Дамытушылық: Сулы қағазға сурет салуды дағдыландыру.

Тәрбиелік: Балалардың танымдық, іскерлік, қызығушылық сезімдерін тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары : Қағаз А3 формат,акварель бояуы, балауыз бор, қылқалам, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 6 :  «Алтын күз».

           Оқушылармен бірге «Алтын күз», «Күз», «Тұман» деп аталатын И.Левитанның суретінен түрліше құбылып түрленген күздің көрінісін тамашалау. Күз мезгілінде болатын құбылыстар туралы әңгіме өткізу.

Тапсырма : Күзгі табиғаттың суретін бейнелеу.

Мақсаты : Күзгі табиғаттың өзгерістерін бейнелеуге үйрету.

Талаптары :

Білімділік: Елестету арқылы композиция құрастыру, дымқыл қағазға үрлеу арқылы сурет салуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың көркемдік сызба дағдысын қалыптастыру,

эмоцианалды- сезімдік қасиеттерін дамыту, табиғатты және өнерді қабылдай

білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны таныту,туған өлкенің табиғатын аялауға тәрбиелеу,оған деген сүйіспеншілігін ояту.

Құрал- жабдықтары : Альбом парақтары, акварель бояуы, қылқалам,түтік,

су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 7 : «Ағаштар қандай болады?».

           Оқушылармен бірге түрлі ағаштардың фотосуреттерін қарастырып, олардың атауын және ерекшеліктерін айту.Ағаштардың табиғаттағы маңызды рөлі туралы әңгіме өткізу.

Тапсырма : Қылқаламмен сурет салу түрлі тәсілдерін пайдаланып, ағаштар кескінін бейнелеу.

Мақсаты :Қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.

Талаптары :

Білімділік: пейзаждың ерекшелігімен таныстыру,бейнені қағаз бетіне дұрыс салуға үйрету.

Дамытушылық: Назар салуы мен қадағалау қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: Туған табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру.

Құрал- жабдықтары : Қағаз А3, акварель бояуы, гуашь, жұмсақ және қатты қылқаламдар, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 8 : «Мұңды жауын суреті».

          Оқушылармен бірге жаңбырлы табиғаттың көрінісін қарастыру.

Балалардың жаңбырлы күнге қатысты әсерімен бөлісу.

Тапсырма : Тамшылар арқылы жаңбырлы табиғат суретін салу.

Мақсаты : Дәстүрден тыс тәсілді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру.

Талаптары :

Білімділік: Бейнелеу өнеріндегі жалпыдан жекелеген бөлшектерге қатысты негізгі ережені үйрету.Суреттегі сезімді жеткізе білу.

Дамытушылық: Бояулардың екі түсті тамшысы арқылы салынған суреттер баланың ой- өрісін, қиялын дамытып, шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру, әдемілікке сүйсіне білуіне үйрету.

Құрал- жабдықтары : Қағаз А3, акварель бояуы, қылқалам,су құтысы, палитра, қол сүлгісі.

Тақырып № 9,10 : « Менің мысығым». Мүсіндеу.

          Оқушылармен бірге анималист- суретшілер еңбектерінің көшірмелерін, жануарлардың фотосуреттерін мен мүсіндерін тамашалау. Әртүрлі мүсіндеу материалдармен таныстыру.

Тапсырма : Мысық ойыншығын мүсіндеу.

Мақсаты : Заттың формасын,пропорциясын қабылдай және жеткізе білуге үйрету.

Талаптары :

Білімділік: Әр түрлі мүсіндеу материалдарымен көлемді бейнелеу жұмысының ерекшелігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Көркемдік мәдениетін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылықты, шыдамдылықты тәрбиелеу.

Құрал жабдықтары : Саз, тақтайша, су құтысы, шүберек,қалақша,стек.

Тақырып № 11: « Сиқырлы құс».

          Жіппен сурет салу әдісі бойынша салынған суреттерді тамашалап,

алған әсерімен бөлісу.Қазақстан жеріндегі бар құстардың фотосуреттерін қарастырып, сыртқы ерекшеліктері және айырмашылықтары туралы әңгіме өткізу.

Тапсырма : Дәстүрден тыс тәсілді қолданып, сиқырлы құсты бейнелеу.

М ақсаты : Бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру.

Талаптары :

Білімділік: Жіппен сурет салуды үйрету.

Дамытушылық: Жіппен салынған суретінің образын іздеу барысында ой-қиялын, қолдың ұсақ моторикасының дамуы.

Тәрбиелік: Қоршаған әлемге, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру.

Құрал- жабдықтары : Альбом парақтары, гуашь, жуан және жіңішке жіптері,қайшы, қылқалам, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 12 : « Қазақ халқының оюлары».

          Оқушыларға қазақ халқымыздың ою- өрнектері туралы қысқаша мағлұмат беру. Ою-өрнектермен безендірілген қазақ халқының ұлттық киімінің және тұрмыстық заттардың суреттерін көрсету.Жұмыс кезінде сызбаны пайдалану.

Тапсырма : Тостағанға ою-өрнек салу.

Мақсаты : Ұлттық оюлармен таныстыру.

 Талаптары :

Білімділік: Трафарет арқылы өрнектерді дұрыс орналастыруға үйрету.

Дамытушылық: Графикалық дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Төл мәдениетімізге деген құрметке баулу,қызығушылығын     ояту.

Құрал- жабдықтары :  Альбом парағы,  жай қарындаш,  гуашь, трафарет,

қылқалам, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып №13 : « Алтын балықтар».

          Оқушыларға «Алтын балық» ертегін оқып айту.Ертегі кейіпкерлерге талдау жасау.Табиғаттағы балықтардың рөлі және тіршілігі туралы қысқаша мағлұмат беру.

 Тапсырма : Сопақша формасы негізінде балықтың бейнелеуі.

Мақсаты : Ирек сызықтар тәсілін пысықтау.

Талаптары :

Білімділік: Қағаз бетіндегі аяқталған композицияны құруды үйрету, композициялық дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Шығармашылық қиялдың , түстанымын дамыту.

Тәрбиелік: өмір шындығына эстетикалық қатынысын қалыптастыру, бейнелеу көркем өнеріне тұрақты қызығушылықты тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары :Қағаз А3, акварель бояуы, тұз, қылқалам, май шам,су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 14: «Қар қиыршығы».

            Оқушылармен бірге табиғаттың қысқы пейзаж бейнеленген сурет көшірмелерін және фотосуреттерін тамашалау.Қыс мезгілінің құбылыстары және қызықтары жайында әңгімелесу.Шашыратып сурет салу түрінің ерекшеліктері.

Тапсырма : Қардың жауғанын көрсетіп салу.

Мақсаты : Оқушылардың композиция құрудың дағдыларын қалыптастыру.

Талаптары :

 Білімділік: Өңделген қағаз бетіндегі аралас техниканы қолдануды үйрету.

Дамытушылық:  Шығармашылық қиялын ұштау,көркемдік талғамын дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Құрал- жабдықтары : Қағаз А3 формат, акварель,гуашь бояуы,қылқаламдар, су құтысы,палитра, қол сүлгісі.

Тақырып № 15: «Қысқы орман».

          Оқушылармен бірге қыс мезгілінде ағаштардың қаедай күйде болатыны туралы әңгімелесу.Қысқы орман бейнеленген сурет көшірмелерін тамашалап,

Қысқы табиғат әсемдігіне назар аудару.

Тапсырма: Ағаштарға түскен қырауды мөр басу тәсілі арқылы бейнелеу.

Мақсаты : Қыс мезгілінде болатын құбылыстарды бейнелеуге үйрету.

Талаптары :

Білімділік: Дәстүрден тыс техникамен таныстыру, сурет салу заңдылықтарын үйрету.

Дамытушылық:  Балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін, назарын дамыту.

Тәрбиелік: Балалардың бейнелеу өнері, музыка, әдебиет арқылы эстетикалық сезімдерді қалыптастыру.

Құрал- жабдықтары : Альбом парақтары, акварель бояуы, гуашь, қылқалам, параллон, палитра, су құтысы, қол сүлгісі.

 Тақырып № 16: «Аяз Ата»

Киімдегі адам фигурасы,   суық және жылы түстердің кереғарлығы. Өңделген қағаз бетіне бейнеленген суретті мақта таяқшаларын қолданып әшекелеу.

Тапсырма: «Аяз ата сыйлықтары»   тақырыбына ертегі салу.

Мақсаты:  Гуашьпен жұмыс жасауды жетілдіру үшін дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданысқа енгізе білу.

Талаптары:

Білімділік: Адам денесін бейнелеудегі сызу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Дәстүрден тыс тәсілдерді қолданып, шығармашылық белсенділігін, ой-қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат пен өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтары: Көк түспен өңделген қағаз А3, гуашь, қатты және жұмсақ қылқаламдар, мақта таяқшалар.

Тақырып №17: «Жаңа жыл шыршасы»

Жаңа жыл шыршасы және бояудың техникалық жұмыстары:гуашьпен салынған шыршаны пенопласт түйіршіктерімен контурлар арқылы әшекелеу. Жаңа жылды қарсы алу туралы әңгіме.

Тапсырма: Аралас тәсілдерді қолданған жаңа жылдық шыршаның суреті.

Мақсаты: Табиғаттағы шыршаның басқа ағаштарға қарағанда ерекшеліктерін көрсету.

Талаптары:

Білімділік: Бейнені толықтыруға үйрету. Гуашьпен сурет салу қабілетін бекіту.

Дамытушылық: Қолдың ұсақ моторикасын, ой-қиялын, түс сезімін дамыту.

Тәрбиелік: Өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз суретін және де басқа оқушылардың суреттерін бағалай білу.

Құрал-жабдықтары: гуашь, қағаз А3, пенопласт, ПВА желім, қылқалам, су құтысы.

Тақырып № 18-19: «Ақшақар» мүсіндеу.

Натураны алдын-ала зерттеп, бір кесектен мүсіндеуді үйрету. Есу және жағу тәсілдерін бекіту.

Тапсырма: Ақшақар қуыршағын мүсіндеу.

Мақсаты: Ақшақардың ертегі образын көрсету.

Талаптары:

Білімділік: Фигураның пропорцияларын көрсету, киім бөлшектерін әшекелеу. Стекпен жұмыс жасауды бекіту.

Дамытушылық: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Ертегі образға қызығушылықты тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: саз, қол сүлгісі, стек, тақтайша-тұғыр, су құтысы.

Тақырып № 20: «Көңілді клоун»

Цирк дегеніміз не? Цирк туралы әңгімелесу. Геометрикалық түстегі дақтардың ырғағы. Негізгі түстерді көрсету.

Тапсырма: Клоунның портретін пластилинмен орындау.

Мақсаты: Мінез-құлық арқылы (мимика) адамның түрлі эмоцияларды жеткізе білу.

Талаптары:

Білімділік: Клоунның образын құрғанда, суретші рөлін ашып көрсету (грим, киімі). Түстердің эмоцианалдық мәні туралы түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Шығармашылық және танымдық белсенділігін, эстетикалық қабылдауын, түс сезімін дамыту.

Тәрбиелік: Цирк әдістерінің еңбегін  құрметтеуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: пластилин, картон А4, тақтайша, қол сүлгісі.

Тақырып №21: «Түлкі туралы ертегі»

Оқушының сүйікті ертегі бойынша бейнелеу шығармашылығына ұмтылдыру үшін оқығандарын санасында жаңғырту мақсатында түрлі әдістердің қолданды. Ертегі кітабын көркемдеудегі суретші рөлі туралы түсінік.

Тапсырма: «Түлкі туралы ертегіні таңдап бейнелеу».

Мысалы: «Түлкі мен ешкі», «Түлкі мен қоян» т.б.

Мақсаты: Суретті құрғақ қылқаламмен бояуға үйрету.

Талаптары:

Білімділік: Үйлесімділігін сақтап, суреттегі кейіпкердің негізгі мінездің келбетін және олардың ерекше өзгешіліктерін жеткізу.

Дамытушылық: Парақтағы композицияны дұрыс орналастырып ұнаған ертегі бойынша сөжет құрудың дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Көркемдік талғамын қалыптастыру, жақсы қасиеттерін оятып, ертегідегі кейіпкерлерге өзіннің қарым-қатынастарын, көңіл-күйлерін жеткізу.

Құрал-жабдықтары: акварель бояуы, қылқалам, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 22: «Кірпі мен алма»

Кірпінің фото суреттерін, илюстрацияларын қарастырып, оның бейнесіне талдау жасау.

Тапсырма: кірпі бейнесін қарандашпен салып, бастырма әдісін пайдаланып тікенегін газетпен бейнелеп және жемістерін фломастермен бояу. Бояу кезінде фломастерді қатты баспай бояуды үйрету.

Мақсаты: Дәстүрден тыс тәсілдерді қолданып, ұжымдық жұмысты орындау.

Талаптары:

Білімділік: айқын образды қалыптастыруға үйрету. Табиғаттағы жыл мезгілдерінің өзгеруі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Назар салуы мен қадағалау қасиетін, бейнелеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Шыдамдылықты, ұқыптылықты, еңбекқорлықты, табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: акварель бояуы, гуашь, қылқалам, фломастер, газеттер, қарандаш, қол сүлгісі, су құтысы.

Тақырып №23: «Менің ойыншығым «Тасбақа»

Оқушылармен тасбақаның үлгі суреттерін, фотосуреттерін қарастырып талдау жасау. Тасбақаның түрлері мен олардың тіршілігі туралы мағлұмат беру, әңгімелесу.

Мақсаты: Тасбақаның жоғары көріністен бейнелеуді үйрету.

Талаптары:

Білімділік: Оқушылардың графикалық бейнелеуіндегі жұмыс жасау дағдыларын бекіту.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілетін, байқағыштығын, қиялын, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Бейнелеу өнеріне сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: акварель бояуы, балауыз бор, қылқалам, су құтысы, қағаз А3.

Тақырып №24: «Сары балапан»

Үй құстары мен дала құстары туралы әңгіме өткізу. Балапан бейнесін губка арқылы бейнелеу.

Тапсырма: Балапан бейнесін «бастырма» әдісімен бейнелеу.

Мақсаты: Суреттегі бейнеленген балапанның сыртқы түрін, өзгеше фактурасын, пішінің, үлпілдігін  жеткізе білу.

Талаптары:

Білімділік: Үй құстары мен олардың балапандары туралы түсінігін кеңейту. Екі бірдей формадан тұратын заттарды бейнелеуді үйрету.

Дамытушылық: Қолдың ұсақ моторикасын, ептілігін, көз мөлшерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аяулауға тәрбиелеу, жануарларға эстетикалық қатынастарды қалыптастыру.

Құрал-жабдықтары: гуашь, губка, су құтысы, қол сүлгісі фломастер, қағаз А3 форматы.

Тақырып № 25: «Құмырадағы гүл шоғы»

Трафаретті қолданып, құмыраның пішінің, гүлдің бейнесін саусақпен салып үйрету. Саусақты кескіндеме туралы түсінік беру.

Тапсырма: Дәстүрден тыс әдіспен құмырадағы гүл шоғын бейнелеу.

Мақсаты: Кескіндеме жанрымен «натюрмортпен» таныстыру.

Талаптары:

Білімділік: Композиция ережесін пайдалану арқылы, суреттің көлемін парақ бетіне сыйдырып салу.Негізгі және қосымша түстердің ашық және күңғірт реңктерін пайдалануға және ажыратуға үйрету.

Дамытушылық: Саусақты кескіндеме арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау, бақылау, сезім мүшелелеріне сүйене отырып суреттеу тілінің ерекшеліктерін, эстетикалық сезімді тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: гуашь, құмыра трафареті, қағаз А3, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 26: «Анама сыйлық»

Аналардың мерексіне гүлдер жасап, аналарға сыйлауға үйрету. Түрлі-түсті қағаздан (қағаз сүлгілер, салфеткалар) гүлдерді жасап, картон бетіне жабыстыру.

Тапсырма: Аппликация тәсілін қолданып, ашықхат орындау.

Мақсаты: Аппликация туралы түсінік беру.

Талаптары:

Білімділік: Көлемді пішінді аппликацияны орындауға үйрету.

Дамытушылық: Қолдың ұсақ моторикасын, ой-өрісін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Жақын адамға, еңбекке  сүйіспеншілігін  арттыру.

Құрал-жабдықтары: түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, картон, жай қарындаш.

Тақырып №27: «Көктем келді»

Көктем тақырыбына байланысты мезгілдің құбылыстары туралы әңгіме өткізу. Оқушылар сыныпта сурет көшірмесі мен фотосуреттерді қарап, болашақ сурет бейнесін орындайды.

Тапсырма: Көктем көрінісі бейнелеу.

Мақсаты: «Монотопия» әдісін пайдаланып, көктемгі табиғатты бейнелеу.

Талаптары:

Білімділік: Перспектива заңдылықтарын сақтап, гүлдеген ағаштарды бейнелеуді үйрету.

Дамытушылық: Эстетикалық және шығармашылық талғамын дамыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Түрлі бейнелеу тәсілдері мен материалдарды пайдаланып, суретті құру барысында шығармашылықтың дамуы.

Құрал-жабдықтары: гуашь бояулары, айна, қылқалам, қағаз А4, қол сүлгісі, су құтысы.

Тақырып № 28: «Көктем гүлдері»

Оқушылармен көктем гүлдері туралы әңгіме өткізу. Бұл әңгіме арқылы оқушылардың эмоцияларын, көңіл-күйлерін дайындау.

Тапсырма: Көктем гүлдерді «аппликация» тәсілінде орындау.

Мақсаты: Аппликация орындау кезінде қолданылатын дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылық белсенділігі мен қызығушылығының дамуы.

Талаптары:

Білімділік: Көктем кезінде табиғаттағы болатын құбылыстар, өзгерістер туралы білімін бекіту.

Дамытушылық: Аппликация дағдыларын дамыту, түрлі-түсті қағазбен, қағаз салфеткалармен жұмыс жасау, симметриялық қию, трафаретпен жұмыс жасау.

Тәрбиелік: Аппликация тәсілі арқылы табиғат әсемдігін жеткізу қабілетін қалыптастыру, эстетикалық қатынасын тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: картон, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім.

Тақырып № 29-30: «Әтеш». Мүсіндеу.

Құстар суретінің көшірмесі мен фотосуреттерді қарастырып, олардың табиғаттағы рөлі. «Әтеш» туралы ертегі айту.

Тапсырма: Ертегі әтешті мүсіндеу.

Мақсаты: Мүсіндеу дағдысын жетілдіру.

Талаптары:

Білімділік: Жұмыс кезінде құстың айрықша ерекшеліктерін жеткізе білу.

Дамытушылық: Байқағыштығын мен зейінің дамыту, қол ептілігін жаттықтыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылықты және шыдамдылықты тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: саз, тақтайша, стек, қол сүлгісі, су құтысы.

Тақырып № 31: «Бақбақтар»

Көктемнің алғашқы гүлдері «бақбақтар» туралы әңгімелеу. Оқушылармен бірге И.И.Левитанның «Одуванчики» – репродукциясын қарастыру. Оған талдау жасау. Жылы және суық түстер ұғымын еске түсіру.

Тапсырма: Бақбақтар гүл шоғын бейнелеу.

Мақсаты: Құрғақ қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекіту.

Талаптары:

Білімділік: Алғашқы көктем гүлдері туралы түсінігін кеңейту. Сурет кезінде қылқаламды дұрыс ұстауды жетілдіру.

Дамытушылық: Қоршаған әлемнің қабылдауын және қиялын, түс сезімін, ырғағын дамыту.

Тәрбиелік: Сурет кезінде ұқыптылықты тәрбиелеу. Сурет салу процессіне жақсы қатынасты қалыптастыру.

Құрал-жабдықтары: гуашь бояулары, қағаз А4, қатты және жұмсақ қылқаламдар, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып № 32: «Көбелектер»

Оқушылармен бірге көбелек бейнесін қараймыз. Олардың қасиеттерін, түрлерін атап өтеміз. Симметрия, ассиметрия түсініктерін ұғындыру.

Тапсырма: Затты монотопия тәсілінде көбелек бейнесін орындау.

Мақсаты: Монотопия тәсілінде сурет салуды үйрету.

Талаптары:

Білімділік: Көбелектерді симметриялық әдіспен салуға және қағазды бүктеу арқылы үйрету. Суреттегі көбелектерге тән ерекшеліктерін жеткізе білу.

Дамытушылық: Дәстүрден тыс тәсілдер арқылы бейнелеу көркем өнеріне тұрақты қызығушылықты дамыту. Түс сезімін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлығын, эстетикалық қатынасын тәрбиелеу.

Тақырып №33: «Менің сүйікті қалам»

Оқушылармен бірге туған қаламыздың фотосуреттерін тамашалап, тұрғын үйлеріне, қоғамдық орындардағы құрылыстарға назар аудару. Сәулетшілер деген мамандыққа түсінік беру.

Тапсырма: Балалардың өздері тұратын үйді түрлі қатты қағазбен бейнелеу. Сәндік тәсілді қолданып, суретті фломастермен аяқтау.

Мақсаты: «Менің сүйікті қалам» атты ұжымдық панносын орындау.

Талаптары:

Білімділік: Үйлердің әр түрлі көлемді болады деген түсініктерін бекіту.

Дамытушылық: Аралас тәсілмен жұмыс істеу және «графикалық» дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұжымда жұмыс істеу дағдысына тәрбиелеу. Туған жерімізге сүйіспеншілігін, құрметін тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтары: альбом парағы А4, желім, қайшы, фломастер, қылқалам, акварель бояуы, су құтысы, қол сүлгісі.

Тақырып №34: «Жаз келді»

Оқушылармен бірге жаз табиғатын  көшірмелерін, фото суреттерін тамашалап, жазда қандай құбылыстар, қызықтар бар екенін еске түсіру.

Тапсырма: Ашық түстерді пайдаланып, жазғы табиғатын бейнелеу.

Мақсаты: «Монотопия» тәсілінде жұмыс жасау дағдыларын бекіту.

Талаптары:

Білімділік: Жаздың ең басты белгілерін, ерекшеліктерін қайталау. Кескіндемелік дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық: «Монотопия» тәсілінде түстін шешімін таңдағанда көркемдік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялау және қастерлеу сезімін тәрбиелеу. Өмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтары: альбом парақтары, гуашь, қылқалам, айна, су құтысы, палитра, қол сүлгісі.