Қысқы орманға саяхат


Башетова Мансия Кульджабаевна

Кенжекөл ауылы,№20 балабақша тәрбиешісі

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру,құрастыру

 Тақырыбы:  «Қысқы орманға саяхат»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір – бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Тәрбиелік мақсаты: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, жабайы аңдар туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге, идеялы адамгершілікке тәрбиелеу

Құралдары: үнтаспа,жабайы аңдардың, ұлпақарлар, іздердің  суреттері, тірек-сызбалар, мнемошаршылар, боямақтар, көңіл-күй таңбалары

Әдіс-тәсілдер: ТРИЗ ,« 6 қалпақ» әдісі, модульдік оқыту әдісі, тілге ұстарту,буын ұйқасы

Қостілдік компонент:  жабайы аңдар-дикие животные

Іс-әрекет кезендері Тәрбиешінің әрекеттері: Балалардың әрекеттері: Жетістіктері: Кемшіліктері:
Мотивациялық қозғаушы     Ұйымдас- тыру-іздестіру:                                                                           Рефлек- сия: Жылулық шеңбері. -Балалар,бізге апайлар қонаққа келді.Қане, амандасайықшы. Топқа орман ханшайымы қонаққа келеді. -Балалар, мен ормандағы аңдарды сыйқырлап,  бір жерге тығып тастадым.Егер оларды құтқарғыларың келсе, тенің тапсырмаларымды орындаңдар. Ханшайым кетеді.Тәрбиеші ақ қалпақ киеді. Тәрбиеші: -Балалар,біз орман аңдарын құтқарайық па?Орманда нелер тұрады? Олар  қалай аталады? Қостілдік компонент:  жабайы аңдар-дикие животные  Орманға саяхатқа барғыларың келе ме? -Ендеше, немен  барамыз? -Автобуспен барайық.Автобуста орын көп.Ең алдымен автобусты тексеріп алайықшы. Дыбыстық жаттығу. -Автобустың дөңгелектерін ауаға толтырайық. Енді жанармай құяйық. Оталдырайық. -Белгі береміз -Міне,жолға шығайық. Автобустың дауысы шығады. -Міне, орманға келдік. Жерде ұлпақарлар да жатыр екен.Қане, үрлейікші! Балалар, мына жерде сиқырлы қапшық жатыр екен. Қане, біз қыс туралы көп сөздер айтайықшы. Міне, хат тауып алдым.Хатта сендерге тапсырмалар бар екен. 1-тапсырма. Орман аңдары туралы сөйлем құра.Мнемошаршылардан  сөйлем құрау 1-терезе ашылып, қоян көрінеді 2-тапсырма.Орман аңдары туралы не білесің?Сипатта . 2-терезе ашылып, түлкі  көрінеді 3-тапсырма.Орман аңдары туралы тақпақтар айтыңдар 3-терезе ашылып, қасқыр көрінеді 4-тапсырма.Суреттегі аңдарды құрастырыңдар. Балалар, міне біз қаншама тапсырмаларды орындадық.Жарайсыңдар!  4-терезе ашылып, аю  көрінеді. Буын ұйқасы -Жарайсыңдар,сендер жабайы аңдарға көмектіңдер.Олар өз орманына қайтып оралды. Сендерге аңдар  сыйлыққа  боямақтар беріп жіберіпті.Топта саласыңдар. -Біз қайда бардық? Орманда нелер тұрады? -Олар қалай аталады? Өз –өзін бағалау Тәрбиеші басына көк қалпақ киеді. Балаларға сұрақ қоя отырып, береді. -Сендерге не ұнады? -Саған не ұнады Қорытынды. Көңіл-күй таңбаларымен қорытындылау   Сәлеметсіздер ме!               -Иә,көмектесеміз -Жабайы аңдар -пойызбен ,машинамен т.б.         -шшшшш -сссссссссс -дррррррр -пиппппппп       -қыста күн суық болады, аяз болады.балалар жылы киінеді т.б. Орманда қасқыр бар т.б. Қоян –қорқақ.Ол сәбізді жақсы көреді т.б.         Балалар орындарында, тақтада аңдардың дене бөліктерін құрайды   -орманға бардық -жабайы аңдар     Тірек-сызба     Бізге орман ханшайымы келді. Орманға бардық. Аңдарды құтқардық.    

«Қысқы орманға саяхат»

(Ашық сабақ)

Тәрбиеші: М.К.Башетова

ІІ кіші тобы