Қызықты логика әлемі


Ыдырыш Рақила

Жетекші ЖОББМ мектепке дейінгі даярлық сынып мұғалімі

Қ.Р.білім және ғылым министрлігі

Павлодар қаласы   Жетекші жалпы ортабілім беру мектебі

«Қызықты логика әлемі»

Құрастырған мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі .

Ыдырыш Рақила.

 Мазмұны:

1.Кіріспе……………………………………………………………………………………………..3

2. Балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары………………….5

3. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын ойындар топтамасы………….6

4. Ойлау қабілеттерін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызылығы 10

5. Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар………………..14

6.Қолданылған әдебиеттер тізімі……………. 15

7.«Қызықты  логика әлемі» күнтізбелік жоспар тізімі…………………………16

8.Қосымша матириалдар……………………………………………….24-32

9.Қосымша көрнекілік……………………………………………….33-37

КІРІСПЕ

Мектеп жасына дейінгі балалар білуге  тиісті  қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып, олардың ой-өрісін, білім дағдысы деңгейін кеңейту, сана-сезім, таным,қабылдау әркетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып,баланың өздігінен еңбектену  белсенділігін қалыптастыру қажет.

«Қызықты логика әлемі»  арқылы айналадағы қоршаған ортамен таныстыра отырып, балалардың логикалық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту. Ойынның шарттары қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға бірте-бірте ауыстыру ұстанымдарын басшылыққа алады.  “Сиқырлы математика әлемі» әдістемелік  кешен мектепке дейінгі (5-6 жас) жастағы балаларға ҚР МЖМБС-  ның  мектепке дейінгі  мекеменің  оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларының  талаптарына сәйкес вариативтік бөлімде тәрбиеленушілердің  танымдық  талғамдарын ой өрісін арттыруға  және балаларды мектепке даярлауға бағытталған көмекші құрал. 

         Ұсынылып отырған  «Қызықты логика әлемі»  әдістемелік кешен «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы  мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың міндеттерін жүзеге асырады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында балалар заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындайды, қатынас, жүйелеу, салыстыру, талдау, сараптау  жайлы түсініктерді меңгертеді. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама балалардың математикадан  алған  білім , білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және ойын  – жаттығуларға деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта  алынған бағдарлама құрылымында  жұмбақтар, санамақтар,  логикалық тапсырмалар, сөзжұмбақтар  кіріктірілген.  Материалдар  ҰОІӘ негізгі тақырыптарын жинақтап, қорытындылауды талап ететіндей, «Кім тапқыр,  «Ойнайық та ойлайық!», «Кішкентай математиктер», «Ғажайып тапсырмалар», «Үздік логиктер» тақырыбы бойынша балалардың білімдерін тереңдетіп, кеңейтетіндей етіп іріктелген. Сондай-ақ,   балалардың  вариативті  бөлімнен алған әсерлерін , көңілді  бейнелермен   рефлексия жасауға үйретеміз.

        Қазіргі дамытушы ойындар  «Игровизор», «Танграм», «Коломбовое яицо»,«Монгол» ойындары арқылы  әртүрлі нәрселердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын табады, ортақ белгілеріне қарай заттарды топтарға дұрыс топтастырады,  тапсырманы орындау барысында, дидактикалық ойындарды  қызығушылықпен  қабылдап, ойларын дәйектей алады. Балалардың тапсырмаларға деген қызығушылығын  әрі қарай өрбіту үшін, «Күлдірген», «Дымбілмес», «Буратино», «Алдаркөсе», «Құрбақа» сияқты тосын сәттер кіргізілген. Ең бастысы  берілген тапсырманы сәтті орындаған сайын мадақтап, баланың қызығушылығын тудыра білу.

Қосымша материал: логикалық тапсырмалар, «Танграм» ойыны, «Коломбовое яицо» ойыны, «Монгол» ойыны сөзжұмбақтар, жұмбақтар, санамақтар.

Бағдарламаның мақсаты:

Жас ерекшелігіне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге, ақпаратты күнделікті өмірлік  мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Бағдарламаның  міндеттері:

  •   ақыл-ой әрекетінің дамуын, логикалық ойлау, салыстыру, талдау, жинақтау дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.;
  • талдап-ойлауға, есте сақтауға, ой-өрісті дамытуға, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дағдыландыру;

зейінін , қиялын, танымдық    процестерін,  қолдың  ұсақ  бұлшық еттерін дамыту,

Өзектілігі

Балалардың мектепке даярлығына, заттардың қасиетін аша отырып мұқият тыңдауға және жеңіл тапсырмаларды шешуге;

Балалар заттарды қасиеттеріне қарап жалпылауға (бір, екі, үш), заттардың ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіре алады, өздерінің ойларын дәйектей алады

Балалардың ой-өрісі  кеңейіп, есте сақтау қабілеті шыңдалып, білімге деген қызығушылығы  артады.

  •  

Нәтижесінде:

  • Балалардың мектепке даярлығына, заттардың қасиетін аша отырып мұқият тыңдауға және жеңіл тапсырмаларды шешуге;
  • Балалар заттарды қасиеттеріне қарап жалпылауға (бір, екі, үш), заттардың ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіре алады, өздерінің ойларын дәйектей алады

Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, білімге деген қызығушылығын арттыру

            Балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары

Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын жүйелі ойлауға, шығармашылық қабілеттерін түрлі әдістер арқылы дамытуға түрлі әрекеттер жасау керек. Нәтижелерге жету үшін ӨТШТ (өнертапқыш тапсырмаларды шешу теориясы) технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалануға болады.

  Олар:

  • Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
  • Сиқырлы объектілер әдісі – балаға  таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;
  • Жүйелік жақындау әдісі – бір-бірімен  тығыз болатын бөлімдерден құрылған жүйені  біртұтас  ретінде түсініп беру;
  • Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.

Сонымен  қатар балалардың ойлау қабілеттері салыстыру, анализ, синтез, абстракция, жалпылау және нақтылау ойлау операциялары арқылы жүзеге асады.

Салыстыру – оқып  үйренетін объектілердің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын ойша тағайындау  әдісі. Салыстыру әдісін қолданғанда  мына қағидаларды  басшылыққа  алған жөн:

салыстыратын объектілер біртекті болуы шарт;

оқып үйренетін объектілер айырықша мәні бар белгілері бойынша салыстырылуы тиіс;

объектілерді салыстыру толық аяқталуы тиіс.

Анализ – қарастырылатын затты немесе құбылысты талдау, жіктеу, ажырату. Оны құрайтын элементтердің қасиеттеріне, сипатына қарай жіктеу, бөлу, оның әрбір элементін немесе бір жақтарын жеке-жеке қарастыру.

Синтез- жинақтау, қосу, құрастыру, біріктіру-анализге қарама-қарсы логикалық үрдісті білдіретін ұғым. Синтез бөліктердің, элементтердің, қасиеттердің байланысын, өзара әсерін айқындап, нәрсенің, заттың тұтас тұлғасын білдіреді.

Жалпылау – объектілер мен құбылыстардың тек берілген класына тән қайсыбір ерекше қасиетін ойша айыру, белгілеу әдісі.

Балалардың ойлау қабілетін дамытатын ойындар топтамасы.

    Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің  шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде  ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.

Ойынның маңызы:

Тәрбиеленуші  үшін

1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы,  

    артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2. Тәрбиеші  үшін:

    Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын      

     арттыруда, сабақты  қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.

3. Ата-ана үшін

   Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді

Мен  мектептегі шағын орталықтың меңгерушісі болып жұмыс атқарамын. Тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін,қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған  көмек құралы ретінде төмендегі ойындар топтамасын ұсынып отырмын.

1) Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

      Төрт құбылыс

    Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» – десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

      Көңілді шеңбер

   Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

      Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

   Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

    Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

            көктем – жаңбыр

            жаз – күн шықты

            аспан – бұлт

             жер – шөп

 2)      Қиялды дамытуға арналған ойындар

 Менің көңіл-күйім қандай

  Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, …т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

Жаңа ертегі

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

Сиқырлы дөңгелектер

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

Қиял жалғасы

Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды

       3)  Ойлауды дамытуға арналған ойындар

Матадағы менің орным   Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

     Ойлан да аяқта

– лимон қышқыл, ал қант…(тәтті)

– егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық…

– екі, бірден көп, ал бір…

-пышақ та, әйнек те…(өткір)

    Ойлан да аяқта

 –       Ат шабады, ал қарлығаш… 

–       Ит үреді, ал қарға…

–       Жылан жорғалайды, балық…

   Қарама-қарсы сөзді ата

Балалар шеңберге тұрады.  Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады.  Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.

 Қара –

 Күн –

 Аласа –  

4)   Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Ине мен жіп  Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

 Бұл қашан болады?

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс.

Айлардың аттарын ата

Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата

Әр мезгілде неше ай бар?

Бір айда неше апта бар?

Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

Не үлкен Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

Сиқырлы қапшық Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

5)   Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

     Мен жеңімпазбын Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, «мен жеңімпазбын» деп айтуы керек.

       Құлақ-мұрын  Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

       Өз орныңды тап  Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

       Дайын бол  Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

       Зейінді бол  Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады. 

6) Шапшаңдық дамытуға арналған ойындар

Көпір . Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып, қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.

Ойын ережес3:Қалған балалар осы қақпадан бір-бірлеп өтуге тиісті. Көпірден өткен кезде ұсталған бала өзін ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Ойын шарты бойынша басқа ойыншылар көпірдің астынан білдірмей өтуге тырысады. Ойын соңында көпірдің астынан көп өтіп, қолға түспеген балалардың аттары аталады.Екі топқа бөлініп те ойнауға болады. Ойын барысында, қай топтың балалары аз ұсталса, солар жеңімпаз атанады. Бірақ ойын барысында екі команданың ойыншылары көпірдің астынан кезектесіп өтулері тиіс.

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда дидактикалық ойындардың маңызы.

   Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.

Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.

Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.

Санай білуге үйрету тәсілдері.

Балаларды әрі дұрыс, әрі тез санауға үйретудің алуан түрлі жолдары бар.

«Қандай сан қалып қойды»

Ойын сабағында тәрбиеші фланеллограф бетіне сан ретімен карточкаларды қояды. Сонан соң балаларға карточкалардың қалай тұрғандарын есіне сақтап қалуды ескертеді. Олар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір карточканы алып қояды. Балалар көзін ашады да, қай санның жоқ екенін табады. Кім бірінші жоқ санды атайды, сол бала жалауша алады.Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады.

«Көршілес сандарды тап»

 «Көршілес сандарды тап» атты ойында аталған санның көршілес сандарын атау мақсат етіп қойылады. Ең алдымен балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші шеңбер ортасында тұрып допты бір балаға лақтыра отырып, ойына келген бір санды атайды. Доп ұстаған бала сол саннан кейінгі санды атауы керек. Егер доп ұстаған бала дұрыс жауап бермесе, басқалары хормен жауабын айтады.

«Ретімен санауға жаттықтыратын ойындар» 

Мақсаты: Реттік есепке жаттықтыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту..

 «Өз орныңа тұр» ойыныны. 2-10-ға дейін түйме тағылған карточка пайдаланылады. Ойыншылар сапқа тұрады, қолдарын артқа қояды, олардың алдында он орындық қойылады. Тәрбиеші бәріне карточка үлестіреді. Балалар қолдарымен түймелерді сипап отырып, санын есептейді. Сонан соң тәрбиеші белгі береді «Есеп сандар! Өз реттік орындарыңа тұрыңдар!». Ойыншылар өз реттік санына сай орындықтардың артына тұрады. Бұл беріліп отырған ойындардың міндеті – балалардың білімін бекітіп, сезімталдық қабілеттерін дамытады.

         Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар.

Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар:
Қорапқа кірді біреуі,
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі?

Екі балапан тұр,
Екі балалапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған –
Барлығы қанша балапан?

Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтқын, қаз нешеу екенін?

Аулада жүр балалар:
Самат, Арнат, Сашалар,
Келді және оларға
Сәуле, Шолпан ойнауға.
(Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?)

Келеді көп құс ұшып;
Кептер, аққу, қос шымшық.
Сауысқан, қарға, торғай да,
Ұшып жүр осы тоғайда.
Қанша құс бар қосып шық.

Бір көжекке бір көжек
Келе қалды қонаққа,
Бес сәбізден бірден жеп,
Тойып алды тамаққа.
Айта қойшы алғырың
Қанша сәбіз барлығы?

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі – қайың астынан.
Біреуі – терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Қасқыр қақты қақпаны.
-Ашыңдар тез! – айтқаны.
Сол-ақ екен, лақтар – 
Титтей-титтей шұнақтар
Жан-жағына жүгірді,
Жасырынып үлгерді:
Бірі – төсек астына,
Бірі – пештің қасына,
Бірі – сәкі астына,
Бірі – астына кереует,
Бірі – тапқыр керемет
Отыр күбі түбінде.
Қанша лақ бар бұл үйде?

Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен – тышқан-шиқылдақ,
Мен – қоян-желаяқ,
Мен – түлкі-керіммін,
Мен – қасқыр-серімін.
Бәріміз тұратын көңілді,
Қажетті сәулетті көр үйді!

Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қанша болды бар бала?

Тиін отыр арбада,
Жаңғақ сатып базарда.
Түлкі бикеш пысыққа,
Торғай менен шымшыққа
Мақтап қойып жаңғағын,
Салып берді алғанын:
Жаулығына бірінің,
Жемсауына бірінің,
Табанына бірінің.

Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 7-еуі,
Артта қалды 3-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан?

Әр қолына Нүриден
Төрт өріктен бердім мен.
Бала санай білмеді,
Неше өрік ол жеді?

Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік,
Отыр еді маңына,
Келді тағы бір күшік.
Қанша күшік барлығы?ъ

Алты қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт,
Қанша қонжық кетті алда?

5-тен 4-ті алайық,
Қанша қалды санайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық. (1)

Беспайда бар 5 іні,
Естайда бар 2 іні,
Қоссақ 5 пен 2-ні,
Қанша болар шешуі? (7)

Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанда 5 есек.
3-і ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (2)

Қазып жүр құмды 5 мысық,
3-і жатыр күн ыстық.
Нешеу болды сен сана? (2)

Үстел үстінде төрт алма жатыр,
Оның біреуін ағам жеп қойды.
Сонда неше алма қалды? (3)

Келеді көп құс ұшып:
Кептер, аққу, қос шымшық.
Сауысқан, қарға, торғай да,
Ұшып жүр осы тоғайда.
Қанша құс бар қосып шық.

Дейді Күлтай:
– Қуыршақтар,
Ойыншықтар, тұршы қатар:
Екі аю мен Буратино, –
Әрі көңілді Чипполино!
Көжек пенен пілтай да!
Көмектесіп Күлтайға,

Бәрін, қане қосып шық,
Нешеу екен ойыншық?

Құралай тақтаға екі
Үшбұрыш, үш шаршы,
Тікбұрыш, шеңбер және
Сопақша салды. Құралай
Тақтаға қанша төртбұрыш салды?

Математикалық өлеңдер.
(мәнерлеп оқу)

Жеті ұлы бар бір ұйдің
Сәл демалып,
Тыным ал,
Тақпақ тыңдап,
Ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Жұма деген – бесінші ұл.
Алтыншы ұлы ол – Сенбі,
Жетіншісі-Жексенбі. (Қайрат Жұмағалиев)

Топ, топ, добым.
Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір, екі деп екі ұрдым, –
Шатырға сен секірдің.
Үш, төрт, бес деп үлгердім,
Ішіне ендің гүлдердің.
Алты, жеті дегенде,
Жаттың шоршып еденде.
Сегіз, тоғыз дегенде,
Сайға сырғып жөнелдің.
Топ, топ, добым домалақ.
Қайда кеттің домалап. (Ғ. Өкеев)

Сандардың айтысы.
Достар мені «бір», – дейді,
Қарайды да бүй дейді:
Мұқтажсың қол, аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.

Мен екімін балалар,
Екі деген баға бар,
Аз болған соң талабы,
Үлгіре алмай қалады.

Жаңғалақтың, жалқаудың,
Алаңғасар аңқаудың,
Алатыны екілік,
Басын шайқап өкініп.

Бірім артық екіден,
Аздығыма өкінем,
Кедерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер, «үш» алып.

Достар мені «төрт» дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.

Оқуға дос барғанда,
Риза мені алғанға,
Қуанады мамасы,
Төрт алғанда баласы.

Жараспайды бір сарын,
Өзің тап төрт мысалын,
Ол үшін түрлі аңдарды,
Еске түсір малдарды.

Әр қолда саусақ бес-бестен,
Шықпас тегін ол естен,
Біліп соның шамасын,
Мысал ойлап табасың.

Гүлде бес күлте жапырақ,
Өседі-ау шіркін жарқырап.
Бесбұрыш алтын жұлдыздар,
Тағады батыр ұл-қыздар.

Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар!
Кілең төрттік алғандар,
Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)

Үш бала.
Бір ауылда үш бала,
Олар – құрдас: үш жаста.
Бірақ, бірақ олардың,
Қылықтары үш басқа.
Біріншісі шыңқ етпе,
Тиіп кетсе, жылайды.
Екіншісі бір қоңыр,
Ақыл айтсаң, тулайды.
Үшіншісі – елгезек,
Бәрімізге ұнайды. (Нұрхан Жанаев)

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты

2.Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған

«Біз мектепке барамыз»  бағдарламасы

3.Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы

4. Ш.Х.Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева,Р.Қ.Өміртаева

           Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар

5. Б.М.Қосанов,Р.Қ.Өміртаева

           Математикадан қызықты жаттығулар

6. Ш.Х.Құрманалина,М.Жұмабекова,Р.Өміртаева

           Математикаға арналған дидактикалық материалдар

 7. Л.В.Кирилинская, А. Сәулебаева , М.К. Абаева –Бегалиева

            Сиқырлы математика   «Шикула және К»  2010 жыл

  8. Қызықты сандар құпиясы     Алматы-2008 жыл

  9.  Отбасы және балабақша журналы, №2 ,2012ж, №4,6 2013ж,№2 2014ж

  10.Жарықбаев Қ. Психология: Арнаулы орта оқу орындары оқушылары мен пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, «Білім», 1993

«Қызықты  логика әлемі» күнтізбелік жоспар

Сабақтың тақырыбы:  Мақсаты   Қолданатын дидактикалық материал ҰОІӘ саны
1 Түс және пішін Түсті  және заттардың пішінін ажырата білу Әртүсті пішіндер ,сызба  тапсырма, логикалық тапсырма 1
2 Не қайда орналасқан? Заттардың кеңістікте орналасуы жайында түсінік беру Әртүрлі суреттер 1
5 «Үздік логиктар» Геометриялық пішіндерді ажырата отырып,логикалық ойлау қабілетін дамыту, қызықты тапсырмаларға  деген қызығушылықтарын арттыру. түрлі-түсті шарлар, үлестірмелі карточкалар,сандар,сызба  тапсырмалар, логикалық тапсырма, 1
6 «Кәне, кім тапқыр!»   Қызықты  тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, математикадан алған білімдерін пысықтау ,ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру. Логикалық тапсырмалар, үлестірмелі суреттер, сызба карточкалар, санағыш таяқшалар,үн таспа, «Монгол» ойыны 1
7 «Ғажайып тапсырмаларға саяхат» Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Ойлау, көріп – тану, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу. логикалық тапсырмалар,жұмбақтар, сандар, үлестірмелікарточка,сызба  тапсырма, «Танграм»ойыны,   1
8 «Ғажайып тапсырма  әлемі»         Танымдық қызығушылықтарын арттыру. Пішіндерден бейне құрастыруды одан әрі жалғастыру. Көп білуге , ізденуге ұмтылдыру , білімдерін жан жақты дамыту ,ұшқыр ойлауға баулу . үлгі  карточкалар, сызба  тапсырмалар, логикалық тапсырма, «Коломбовое яицо», «Танграм» ойыны, «Игровизор», кейіпкер   1
9 «Тапқыр болсаң, тауып көр» Мақсаты: Ойлай отырып, санауды үйретуді жалғастыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.   сызба  тапсырма, логикалық тапсырма, «Коломбовое яицо» , «Танграм» ойыны, «Игровизор»  кейіпкелер   1
10 «Логика сыры» санау ұғымдарын одан әрі жалғастыру, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау,белеснділікке баулу. ойынға қажетті заттар,сандар,санағыш, сызба тапсырма, логикалық тапсырма, «Коломбовое яицо», «Игравизор»,кейіпкер 1
11 Ойна да ойлан!   Балаларды есте сақтау қабілеттерін   қызықты жаттығулар арқылы арттыру. Логикалық есептер шығару арқылы ойлау қабілетін, ұзын,қысқа,биік,аласа ұғымдарын бекіту, байқампаздығын сабаққа  қызығушылығын дамыту. ойынға қажетті сурет,сандар, сызба тапсырма, логикалық тапсырма, «Танграм» ойыны, «Игровизор», кейіпкер,   1
12 Ойна,ойла,жікте!           Логикалық ойлау қабілеттерін, білім-білік дағдыларын,ойнай отырып ойлауға бағыт беру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. ойынға қажетті сурет тер,сандар, сызба тапсырма,логикалық тапсырма, «Монгол» ойыны, «Игровизор»   1
13 Зейінді бол       Балалардың зейінін шоғырландыру,ой-өрісін , танымдық белсенділіктерін арттыру. Балалардың логикалық қабілетін, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту. жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету ойынға қажетті суреттер, сиқырлы қапшық сызба  тапсырмалар, «Танграм» ойыны, «Игровизор»кейіпкері,                                                           1
14 «Жүзден жүйрік» сандар туралы өткенді пысықтау, ойындар арқылы   ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. логикалық тапсырмаларды шешу арқылы ойлау қабілеттерін, зиінін тұрақтандыру. сызба карточкалар, сандар, санамақ, логикалық тапсырмалар, «Коломбовое яицо», «Игровизор»,кейіпкер   1
15 «Сиқырлы қораптың  қызықтары» заттың қасиеттерін, геометрикалық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау, сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту, логикалық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын, зиінін дамыту.  сиқырлы қарындаш, логикалық тапсырмалар, «Монгол» ойыны, «Игровизор»,тосын сәт,   1
16 «Кішкентай тапқырлар»   Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру.Белсенділікке шапшаңдыққа,кеңестікті бағдарлай білуге үйрету логикалық тапсырмалар, «Танграм», «Игровизор»,кейіпкер,   1
17       «Логиктарға тапсырма»    логикалық тапсырмалар арқылы білімін бекітіп, сезімталдық , есте сақтау қабілеттерін  дамыту, ойыншықтардың  түр-түсін,пішінін,сипаттап айтып бере білуге дағдыландыру. логикалық тапсырмалар,  сызба тапсырмалар,   «Танграм» ойыны, «Игровизор». 1
18  «Көңілді логиктар»  Балалардың ойлау қабілеттерін, зеиінін  тапсырмалар арқылы  тұрақтандыру, байқампаздыққа баулу. Сызба тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, «Монгол»ойыны, «Игровизор»,кейіпкер   1
19 « Бақаның қызықты тапсырмалар» Балалардың  заттардың  белгілеріне қарай салыстыру,кеңістікте орналасу қалпын анықтау.Топтастырыл-ған бейнені таба білуге машықтандыру.  бөлме сызбасы, асықтар,ребустар, логикалық тапсырмалар,    «Монгол» ойыны, «Игровизор», кейіпкер 1
20 Логика сыры Балалардың   ақыл-ой  қабілеттерін тапсырмалар арқылы  арттыру. Логикалық тапсырмалар арқылы зейінін дамыту. сызба тапсырмалар, логикалық тапсырмалар,  «Коломбовое яицо»,«Игровизор» 1
21 «Ұлудың көңілді тапсырмасы»   Балаларды сөзжұмбақтарды шеше білуге дағдыландыру,заттардың ұқсастығын ажырата білу,ойлау қабілеттерін арттыру.   сызба тапсырмалар,   логикалық тапсырмалар,   сөзжұмбақ, «Коломбовое  яицо»  кейіпкер Ұлу, «Игровизор»   1
22   Ойнап жүріп, ойлайық!   Балалардың зиінін қызықты тапсырмалар арқылы жетілдіру, логикалық есептерді орындай білуге дағдыландыру. сызба тапсырмалар,   логикалық тапсырмалар,   «Коломбовое  яицо» ,«Игровизор»кейіпкер     1
23   «Ойлан тап» Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.   сызба тапсырмалар, сандар, логикалық тапсырмалар,  «Коломбовое яицо» ойыны ,«Игровизор», кейіпкер, 1
      24       «Ойнайық, шешпей оны қоймайық» Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру. Сызба тапсырмалар, сандар, логикалық тапсырмалар,  «Танграм», «Игровизор»,         1
25 «Тез ойла,ойна!»   Балалардың  ретімен орналастыра білу түсініктерін арттыру,санамақтар арқылы сандарды айта білуге,логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. сызба тапсырмалар, логикалық тапсырмалар,  «Коломбовое яицо» ойыны ,«Игровизор», 1
26 « Математика әлемінде»   Геометриалық денелерді атау,ажырата білулерін қалыптастыру, берілген жолақшаларды ,кейін тура санау қабілеттерін бекіту. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін,тапқырлықтарын дамыту,достыққа тәрбиелеуге, ойын түрде білімдерін тиянақтау. логикалық тапсырмалар,  сызба тапсырмалар, сандар,  «Монгол» ойыны ,«Игровизор», кейіпкер   1
27 Кім жылдам?             Балаларды  санау дағдыланрын одан әрі дамыту, уақыт жайында қарапайым, түсініктерін бекіту. логикалық тапсырмалар,  сызба тапсырмалар, сандар,  «Танграм»ойыны , «Игровизор»,   1        
28   «Пысықтаушы логика жаттығулары» Сан құрайын ажыратудың әр түрлі тәсілдері;ақыл-ой белсенділігін күшейту,шапшандылыққа,дәлдікке тәрбиелеу. логикалық тапсырмалар,  сызба тапсырмалар, сандар,  «Танграм»ойыны , «Игровизор», 1
29 ««Бауырсақтың тапсыр малары» сандар , пішіндер туралы білімдерін жетілдіру.Логикалық есептерді шығару дағдыларын дамыту. логикалық тапсырмалар,  сызба тапсырмалар, сандар,  «Танграм»ойыны , «Игровизор», 1
30    «Логикалық жаттығулардың сиқыры» кеңістікте бағдарлай алуға , зейіндерін, қиялдарын  логикалық тапсырмалар арқылы   дамытуға,белсенділікке,тапқырлыққа үйрету. логикалық тапсырмалар,  сызба тапсырмалар, сандар,  «Коломбовое яицо» ойыны, «Игровизор», 1
31   Қызықты тапсырмалар заттарды салыстыра білу  ұғымын бекіту.Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. логикалық тапсырмалар,  сызба тапсырмалар, сандар,  «Монгол», «Коломбовое яицо» ойыны ,«Игровизор», 1
32 Не білдім,не үйрендім Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін қайталау; есептеу дағдыларын жаттықтыру; геометриалық пішіндер және геометриялық денелер туралы білімдерін бекіту; баланың тілін, ойын танымдық қабілетін дамыту. логикалық тапсырмалар,  сызба тапсырмалар, сандар,  «Танграм», «Коломбовое яицо» ойыны 1
  Барлығы     32 сағат

№1 Білім беру саласы : «Таным»

Бөлімі: Вариативті бөлім «Қызықты логика әлемі»            

Тақырыбы: Түс және пішін

Мақсаты: Балалардың зиінін ойлау қабілеттерін,сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық пішіндер мен денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: түрлі түсті пішіндер, сандар, (гүл,орамал,бантик,көзілдірік),сызба  тапсырма, логикалық тапсырма, «Танграмм» ойыны, «Игровизор»

Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс — әрекеті
         Психологиялық ахуалды қалыптастыру       Шаттық шеңбері. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Тәрбиеші: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық:
Сәлем деймін достарға
Сәлем деймін құстарға.
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлем деймін ұстаздарға..
Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру  іздестіру         Жаңа сабақ          Балалар математика Патшайымнан хат келді, оны Патшайымның достары Дөңгелек пен Үшбұрыш әкеп менің қолыма берді.(тақтайға пішіндердің бейнесін ілу)
– Геометриялық Пішіндер қаласында қиын жағдай болыпты – сол қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрінеді. Патшайым соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе? Олай болса тезірек асығайық. Геометриялық Пішіндер қаласына поезбен баруды ұсынамын. Ол үшін, поезды алдарындағы жатқан үлкен геометриялық пішіндерден құрастырып алайық.  
– Міне дайын, поезд құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық. Ал тез вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылды, поезд жолға шықты.
– Балалар жолда ішіміз пыспас үшін сендермен «Сұрақ-жауап» ойынын ойналық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.
Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»
Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Әр баланың алдында 1-ден 10-ға дейін цифрлар.
1. кемпірқосақта неше түс бар? (7)
2. бағдаршамда неше көз бар? (3)
3. қолғапта неше саусақ бар? (5)
4. адамда қанша көз бар? (2)
5. жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)
6. аспанда неше күн бар? (1)
7. бір жылда неше ай бар? (12)
8. бір аптада неше күн бар? (7)
9. адамда қанша саусақ бар? (10)
– Балалар, міне біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл көңілді пішіндердің қаласы. (Тақтаға әр түрлі түсті пішіндерден салынған үйлер, ағаштар ілінген).

1 – тапсырмамыз: «Салыстырып толықтыр» ойыны. Кейбір геометриялық фигуралар жоғалып қалыпты, біз оларды тауып орларына орналастыру керекпіз. Ол тапсырма орындау үшін алдарыңдағы қызыл үшбұрышы бар конвертті алыңдар, ішіндегі карточкадағы тапсырманы орындап, бір-біріңді тексеріңдер.
Мақсаты: талдау арқылы пішіндерді орналастыру, пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ, кетуіміз керек, сондықтан бізге тапсырмаларды орындауға қажет.
2-тапсырма: «Бір шығыршықпен ойын» Вирус біздің геометриялық пішіндерді білетінімізге сенбейді, сондықтан осындай тапсырма беріпті:
Шығыршықтың ішіне
– тек қана дөңгелектерді салыңдар;
– енді, тек қана сопақшалар;
– тек қана шаршылар;

Мақсаты: пішінін бір сипаттамасын терістеу мүмкіндігі туралы ұғымдарын қалыптастыру, пішіндерді бір сипаттамасы арқылы топтастыру.

– Өте жақсы, міне тағыда Вирусты жоюға екінші анти – вирус таптық.
Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті «Күн мен түн». Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу. Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.». Оқушылар ойын ойнайды
 Рефлексивті — түзетушілік  3-тапсырма: «Танграм» ойыны. Мақсаты: құрастыра білуін дамыту. Балалар үстел басында жұппен орындайды.

4-тапсырма: «Жүру тәртібі» ойынын өткізу.
Вирус геометриялық пішіндердің естерін шығарып жіберіпті, сондықтан олар өз үйлеріне жол таба алмай жүр.

Мақсаты: Рұқсат ету және тыйым салатын белгілер туралы түсінік беру, кеңістік бағытты бекіту.
– Енді балалар, ақырғы тапсырма. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар.
5-тапсырма: «Шартты белгілеушілер» ойыны. Мақсаты: терістеу шартты белгілер арқылы пішіндерді табу.
Әр балада карточка шифрмен, бала оны шығарады, өз жауаптарын дәлелдеп береді.

– Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, телефон арқылы хабар жібереді. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. (телефон шырылдайды).
– Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.
Енді ұшақпен қайталық. Кәне орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.
Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиеже:

 Ұғынады: геометриялық пішіндер мен денелерді ажыратып,сұраққа толық және нақты жауап бере біледі.

Түсінеді: сандардың таңбаларын танып  оны  ажыратуды,

Қолданады : санамақтар, бейнежұмбақтар,сызба  карточкалар

Білім беру саласы: Таным

Вариативтік  бөлімі:  «Қызықты логика әлемі»

Сабақтың тақырыбы:  Не қайда орналасқан?

  1. Сабақтың мақсаты: Балаларды «Не қайда орналасқан?» деген сұраққа дұрыс жауап беруге, кеңістік  қатынастарын анықтауға үйрету, танымдық білімдерін тереңдету.
  2. Балалардың есте сақтау қабілетін, кеңістікті бағдарлай білуге тереңдету
  3.  Мейірімділікке, тапқырлыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  жануарлардың суреттері, жемістердің  үлестірмелі суреттері, сызба карточкалар, санағыш таяқшалар,үн таспа, пішіндердің суреттері, 

Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс — әрекеті
       Психологиялық ахуалды қалыптастыру «Мен кішкентай баламын, Мен мектепке барамын. Оқу оқып, білім ап, Кілең бестік аламын». Сәлемдесіп достармен Қуанып мен қаламын. Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.
Ұйымдастыру  іздестіру         Жаңа сабақ         Ұйымдастырушылық оятушылық «Елестету» Музыка әуенімен «Ал балалар барлығымыз жартылай шеңбер құрып отырайық, бір-біріміздің қолымыздан ұстайық. Барлығымыз көзімізді жұмып, терең тыныс аламыз. Денемізді бос ұстап менің айтқанымды елестетіп отырайық. Сендердің көз алдарыңда жап-жасыл жайқалған орман, ауасы таза. Көгілдір аспан күннің шуағымен жарқырап тұр, күлімдеген күн шуағымен сырласқан.   Балалар өздерінің ыңғайына қарай орналасып, музыка әуенімен, тәрбиеші үнімен болып жатқан жағдайды елестеді. Ұйымдастырушылық ізденушілік Өткен оқу іс-әрекетін естеріне түсіру: Ойын «Геометриялық пішіндер» Жаңа оқу іс-әрекеті: Слайд арқылы суреттер көрсетіп жаңа тақырыппен таныстыру Бір, екі, үш Орманға қарай ұш! Енді көзімізді ашайық. Ой балалар біз орманға да келіп қалыппыз ғой. Балалар мынау кім?Осы кезде аю шығады Аюдың тапсырмасын орындау 1 –  Тапсырма Ойын «Жоғары-төмен» Шарты: тәрбиеші жоғары дегенде, балалар аяқтарының ұшымен, қолдарын жоғары көтереді Төмен дегенде отырады 2 – тапсырма Ойын: «Шапалақтау» 1 рет шапалақтағанда солға қарай бір адым жасайды 2 рет шапалақтағанда оң жаққа қарай бір адым жасайды Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәті «Күн мен түн». Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу. Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.». Оқушылар ойын ойнайды
 Рефлексивті — түзетушілік  Тапсырманы орында Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.
Күтілетін   нәтиже:
Білу Алған білімдерін естерінде сақтайды.
үйренгені Жаңа білімді түсінеді
Үйрену   Математикалық тапсырмаларды орындай алады.

.

Білім беру саласы: Таным

Вариативтік  бөлімі:  «Қызықты логика әлемі»

Сабақтың тақырыбы:  «Кәне, кім тапқыр!»
Сабақтың мақсаты:  Қызықты  тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, математикадан алған білімдерін пысықтау,ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі:  жануарлардың суреттері, жемістердің  үлестірмелі суреттері, сызба карточкалар, санағыш таяқшалар,үн таспа, пішіндердің суреттері, 

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Кім  тапсырмаларды  көп орындаса, сол жеңімпаз болады.   «Кім, тапқыр?» Түзу, қисық, алу,қосу, санау,санамақ, балабақша т.б.(артық сөзді тап)   -қуанады,     – шартты қабылдайды,  -мұқият тыңдайды, -тырысады, -ойлайды -жауап береді. -балабақша  деген артық сөзді табады.
Ұйымдастырушылық ізденіс Әуенмен топқа, Сайқымазақ келеді. (тапсырмаларын  орындау)         

1-тапсырма:
Қызықты тапсырмалар
1)Сюжетті логикалық есептер
Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?   2)Ардақ алма ағашынан 9 алмұрт, Гүлдана 2 алмұрт жұлып алды. Қыздардың қайсысы көп алмұрт жинады. Осы кезде әуенмен     Д/ойын: «Пішіндерді есте сақта»     Пішіндердің орнын ауыстырмай, ретімен орналастыр.     2-тапсырма
«Сәйкес келмей тұрған суретті тап» (тауық, үйрек,өрмекші,торғай т.б)     3-тапсырма « Монгол ойыны /модельдермен жұмыс/ Берілген геометриялық пішіндерден кім не құрастырады. Балалар үлгіге қарап (түйе,сиыр,күшік) құрастырады.     4- тапсырма үй жануарлары туралы қандай мақал –мәтел,жаңылтпаштар білесіңдер. 5-тапсырма Санамақ: «Бір дегенім – білеу Екі дегенім – егеу…..
  -қуанады, -амандасады, -қарсы алады. –  тапсырмаларын орындайды.       – логикалық есептерді орындайды. -тапсырманың шартын қабылдайды, -ойланады, жауап береді.           – есепті шешеді. –жалаушалар (қызыл,сары,көк). – қоянның жалаушысы -көк,түлкінің жалаушасы -сары,аюдың жалаушасы-қызыл. үлестірмелі санағыш таяқшалар беріледі. – (Ешқайсысы алмұрт жинаған жоқ, себебі алма ағашында алмұрт өспейді). – жаттығуды орындайды. -шартты тыңдайды, -ойланады, -жауап беруге талпынады, -тырысады.   –  фигураларды орнын ауыстырмай ретімен қойып шығады, – фигураларға зейін салып қарап естерінде сақтайды.  -үшбұрыш -төртбұрыш, -дөңгелек, -сопақ, орындарының ауысқанын табады.   -Шартты қабылдайды, -мұқият қарайды, -ойланады, -талпынады, -сәйкес келмей тұрған  суретін сызып тастайды. -тауық, – үйрек, -өрмекші, -торғай   -ойланады, -тырысады, – жануарлар жайлы білетін  мақал мен жаңылтпаштарын айтады.   – ойынының шартын қабылдайды, -ойлайды, -орындайды.   -шартты қабылдайды, -ойланады, -талпынады, -жауап береді.
Рефлекстік түзету Кім қонаққа келді? Қандай тапсырмалар орындадық? Өздеріңе ұнайтын жануарларды  айтып беріңдер.Сендерге қандай тапсырманы орындаған  көп ұнады. Сақымазақтың тапсырмасы ұнаса, сайқымазақтың көңілді суретін  көтеріңдер? -жауаптары, -шартты қабылдайды, -ойланады, -талпынады, -жауап береді.   –

Күтілетін нәтиеже:

Ұғынады:  сандарды ,пішіндерді ретімен қоюға тырысады;

Түсінеді: қызықты тапсырмаларды орындау жолдарын;

Қолданады:  сызба тапсырмаларды, «Монгол» ойыны модульдерін қолдана біледі;