Жаңа білім жаңалыққа бастайды


Кожабекова Алия Кабдыраховна
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жаңартылған білім шеңберінде жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін арттыру басты парызым деп санаймын. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Мұндай технологияларды қолдану – оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында мәтінді игерту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Соның бірі – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі зор деп ойлаймын. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. “Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Өзімнің тәжірибемде сұрақтарды үш деңгейде әзірлеймін. Дайындалған сұрақтарға оқушыларды өз ойларымен жауап беруге ұйымдастыра отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын жүзеге асырамын. Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады: Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес бес жолдық өлең жаздыруға болады. Мұндағы мақсатым – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Қорытындылай айтқанда, оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде дегім келеді.