РЕЦЕНЗИЯ №55 – 23.06.2021 ж.


Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының №5 Агротехникалық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы  Е. Халманның «Асық ату ойындарының ережелері мен әдіс-тәсілдері» атты көмекші құралына

Пікір

        Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарында да қолданылған. Сол ойындардың бірі – асық ату.    
        Асық – қазақтың ықылымнан келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнады. Қазақ халқының дәстүрлі асық ойынымергендікке, ептілікке баулиды. Асық ойынының халық арасына кең тараған, түрлері бар. Автор көмекші құралында асық ойынының құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл т.б. түрлеріне тоқтала отырып, асық ойынының түрлері мен ойнау тәртібін түсіндіреді.

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне де ие болады. Сондай-ақ, баланы бәсекелестікке же­телеп, та­лап­тылыққа тәрбиелейтіні анық.

Асық ату – көшпелі халықтардың, әсіресе, қазақ ұлтының ежелгі кезден келе жатқан ойыны. Жалпы балалардың ойыны болып есептелсе де, оның басқа түрі болмағандықтан ба, әлде өзінің қызықтығынан ба, бірақ оны ағы да, қарасы да, үлкені де, жасы да, батыры да, биі де ойнаған. Соған байланысты оның түрі де көп – далада ойнайтын түрлері, үйде ойнайтын түрлері. Асық ойыны арқылы бірін-бірі достасу-сыйласуға, бірін-бірі қадірлеуге, ұйымшылдыққа, тәртіпке үйретсе, екіншіден көз мергендігіне, қол мергендігіне үйреткен. Бұл тұрғыдан келгенде аталған көмекші оқу құралының мектеп мұғалімдеріне де көмекші, нұсқаулық құрал бола алады.

Көмекші құралында асық ойынының барлық ережелері, қыр – сырлары қарастырылып, асықтың түрлерімен ерекшеліктері беріледі. Асық ойындары туралы жалпы, ақпараттар көрсетіліп, тәжірибе жүзінде асық ойындарынан жеткен жетістіктердіңде  айтылуы автор еңбегінің нәтижесі деп санауға болады.

Қорыта айтқанда, Е. Халманның «Асық ату ойындарының ережелері мен әдіс-тәсілдері» атты көмекші құралы баспаға ұсынуға болады.

Филология ғылымдарының кандидаты,

Доцент                                                             Л.Н. Дәуренбекова