Губкамен сурет салу


Хамзина Арайлым Муратовна

КМҚК «Гүлдер» бөбекжайы тәрбиешісі

Оқу қызметінің ұйымдастырулы техналогиялық картасы.

Тобы: «Көбелек» II- кіші топ 

Күні: 12.02.2019ж                                                                                  

Тәрбиеші:Хамзина А.М

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлім: Сурет салу

 

Тақырыбы : «Қонжық бізде қонақта»  (губкамен сурет салу)

 Мақсаты: 1.Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту,олардыңтірішілігін сипаттап,аттарын айтып,сөздік қорын байыту.

2.Дәстүрден тыс паролон губкамен суретті бастырып салудыүйрету.Саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын дамыту.

3.Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

 -біледі: Аңдардың мекендейтін жерін,олардың қимыл-қозғалысын келтіреді.

 -түсінеді: Губка арқылы бастырып әдіс-тәсілін пайдаланып сурет  салуды.

 –қолданады:  Көріп,қабылдау арқылы есте сақтауды,шыдамдылықты еңбек етуді,қол қимылдарын,қиялын дамытуды.

Екі тiлдiк компонент:  Аю-медведь,қонжық-медвежонок.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен материалдар; жануарлардың суреттері, губка, сулық, гуашь бояуы,ақ  қағаз қонжықтың суретімен.

Ұйымдастырулы оқу қызметінің  өткізілу  барысы:  Түсіндіру, сұрақ- жауап

Ұйымдаст қозғаушы қыз. Түрі. Балаларға  сауал тастау.
-Балалар сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер? -Қоян қалай қалай жүреді? -Ал аю қалай жүреді?
Ұйымдастыру іздестіру. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.
Ғажайып сәт: Есік қағылады,ішке қонжық кіреді. -Бізге қонаққа кім келді? Қонжық балалармен амандасады. -Сен қайдан адасып келе жатырсың? Қонжық: Білесіңдер ме балалар,мен орман жақтан келдім,күнде мен жаңғақ теріп үйіме апарамын,анама үнемі көмектесіп жүремін.Орманнан шығып қарасам бір жасыл үйшік тұр екен,сол үйшікке жақындап көрейін десем сендерге тап болдым.Сендер кімсіңдер? -Сен қонжық суретшілер әлеміне келдің.Осы отырған бүлдіршіндер суретшілер. -Сен неге мұңайып тұрсың? -Қонжық: Білесіңдер ме,менде осындай балалар сияқты достарым жоқ. -Аю сен мұңайма, балаллармен дос болғың келеме? Қазір осы суретшілер, саған сенің суретіңді салып берсе, қалай қарайсын? Қонжық: -О , алақай, керемет екен онда салып берсін. -Үлгі суреттерді көрсету.Мына суретте нені көріп отырсыңдар?Ал аюдың жанында кім еріп жүр? Ендеше балалар,бүгін сендермен қонжықты қоңыр түспен,губкамен бастырып сурет саламыз. Балаларға губкамен сурет салу іс-әрекет жасау әдіс-тәсілін көрсету. 1.Саусақтарды қимыл-қозғалысқа келтіру. 2.Алынған қоңыр түсті бояумен,бояуды бойына сіңіріп тұрған губканы алып қонжықтың бетіне бастыру арқылы түсіру. 4.Сыртына шығармай бояту 5.Майлыққа сүрткізу,орындарын ретке келтіру. Әр  баланың алдында қонжықтың суреті салынған ақ қағаз жатыр.Губкамызды бояуға батырып толықтай суретін бастырамыз. Сергіту сәті. Ал,балалар келіңдер, Бой жазайық бәріміз- Мойнымызды бұрамыз, Қолымызды созамыз, Топ-топ басып аяқпен, Орнымызға барамыз. -Қонжық: Балаларға қуаныш сезімін білдіреді. Саусақтарды қимыл-қозғалысқа  әрекеттендіру Губка арқылы қонжықтың суретін бастырып саламыз.
Рефлексивті-түзетушілік. Бүгін бізге қонаққа кім келді? -Қонжықты қандай түспен боядыңдар?
 -Балалар сендерге көп рахмет,  сабаққа жақсы қатыстыңдар. -Салған суреттерің маған өте  ұнады, енді мен сендермен қоштасайын. – Сау болыңдар!

Оқу қызметінің ұйымдастырулы техналогиялық картасы.

Тобы: «Көбелек» II-кіші топ 

Күні: 12.02.2019ж                                                                                  

Тәрбиеші:Хамзина А.М

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлім: Сурет салу

 

Тақырыбы: «Жылы жайдағы гүлдер»  (губкамен сурет салу)

 Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің жаңа әдісі- поролон губкасымен сурет салуды үйрету. Бейнелеу өнерінің бұл әдісі суреттің анық шығуына әсері болады. Бейнелеу өнері барысында балалар өсімдіктерді  қорғауға, аялауға тәрбиеленеді және олардың эстетикалық талғамы мен ұқыпты жұмыс жасау қабілеттерді қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:

 -біледі: гүл деген сөздің  орыс тіліндегі атауын айтуды;

 -түсінеді: адамдар үшін гүлдердің пайдасын;

 –қолданады:  поролон губкасымен сурет салу дағдысын тәжірибеде.

Екі тiлдiк компонент:  гүл-цветок.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен материалдар;  Альбом парағы, сары,қызыл, көк түсті гуашь, поролон губкасы, дымқыл қол сүрткіш.

Ұйымдастырулы оқу қызметінің  өткізілу  барысы:  Түсіндіру, сұрақ- жауап

Ұйымдаст қозғаушы қыз. Түрі. Балаларға  сауал тастау.
-Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде далада өсімдіктер, гүлдер өседіме? -Гүлдер жайқалып, әдемі болып қай мезгілде шығады? Балалар гүлдер екіге бөлінеді. Дала гүлдері және бөлме гүлдері боп. Яғни бөлме гүлдері дегеніміз олар мына ыдыстағы гүлдер.Гүлдердің әдемі иістері болады. Олар ауаға хош иіс береді.
Ұйымдастыру іздестіру. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.
Музыка қосу.  (көздерін жұмып, көз  алдарына жаз мезгілін елестету) Ғажайып сәт: Бағбаншы топқа көңілсіз келіп, балалармен амандасады. -Сәлеметсіз бе бағбаншы апай, сіз қайдан жүрсіз? Неге көңіл күйіңіз жоқ? Бағбаншы: -Ой, балалар сендер білесіңдерме жылда менің жылы жайымда гүлдер әдемі, жайқалып өсетін, ал биыл дұрыс өспей жатыр. Ал, алда аналар мерекесі келе жатыр, сол мерекеге барлығы гүлдер алады емеспе. Менің гүлдерім болса әлі гүлдемей жатыр. -Бағбаншы уайымдамаңыз, бізде өте еңбек қор балалаларымыз бар. Мүмкін балалардың көмегі керек болып қалар, сізге. -Балалар біз бағбаншы апайға көмек беремізбе? Алда мереке келе жатыр дейді. Мерекеге гүлдер өте қажет. Гүлдері жайқалып, әдемі болып өсу үшін, біз поролон губкасының көмегімен әдемі гүлдер бастырып саламыз. Бағбаншы: -Балалар рахмет, көмек берейін деп жатқандарыңа, өте қуаныштымын.   Екі тiлдiк компонент:  гүл-цветок. -Балалар өз орындарына отырып, орналасады. -Әр балаға гүлдің сабағы мен жапырағы салынған альбом парағы. -Қазір біз гүлдер салуды бастаймыз. -Гүлдерінің суреттерін  бейнелеуді ұсынамын. – Гүлдердің суреттерін кішкентай поролон губкасымен саламыз. -Губканы  бояуға малып,  гүл суретін бастырамыз.Сол кезде гүлдің суреті үлкен және әдемі болып шығады. -Келесі кезеңде гүлдер арасында ашық жер қалдырмай , губкамен бастырамыз. Дайын салынған суреттің үстінен гүлдерді губкамен бастырамыз.   Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,  Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі.   -Естеріңе саламын! Губканы бояуға қатты батырмаңдар, бояудың үстінен аздап, жеңіл ғана бояу жағылатын болсын. -Балалардың тікелей жұмыс жасауларын қадағалау.  
Рефлексивті-түзетушілік. -Балалар бізге қонаққа кім келді? -Біз бағбаншыға қандай көмек бердік? -Бір-бірінің салған суреттеріне қарайды.
-Бағбаншы балаларға ризашылығын білдіреді. Ұқыпты, әдемі салғандары үшін мақтау сөздер айтады. Балалалармен қоштасады. Жеткен нәтижелеріне қуанады.

Тәрбиешілер: Хамзина А.М

                      Уразакова Д.Ж.

II-кіші топқа арналған

дидактикалық ойындар.

«Көбелек» тобы.

  1. «Қай жыл мезгілінде болады?»

Мақсаты: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Жыл мезгіліне байланысты суретттерді қояды.

  • «Көліктердің үстінде қай жануар?»

Мақсаты:  Көліктердің, жануарлардың аттарын дұрыс атай білуге үйрету.

Шарты: атауларды дұрыс атау.

  • «Өрнектеріне карап ,орнын тап»

Мақсаты: Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Қолғаптың өрнегіне қарап,шеңберді қою.

  • «Пазылдар»                                                                                                                

 Мақсаты:Балалардың ойлау,көру дағдыларын дамыту. 

 Шарты: Пазылдарды дұрыс құрастыру. 

  • « Қайсысы не жейді » 

Мақсаты: Балалардың ой өрісітерін дамыту.

Шарты: Қайсысы не жейтінін суретін қасына қою.   

  • « Қай мамандық? »

Мақсаты: Балалар мамандықтарды дұрыс атай білуге үйрету.    

Шарты: сурет бойынша мамандықтарды атау.

  • « Суреттің қатесін тап »

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Шарты: суреттердің қатесін тауып, дұрыс атау.          

  • «Қай мезгілде , қалай кинеміз, не киеміз? »

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты , балалардың қалай кинетіндерін, не киетіндерін, жайлы білімдерін нығайту.

Шарты: суреттерді жыл мезгілдеріне байланысты дұрыс қою.