Эссе “Ыбырай Алтынсарин—білімнің туын асқақтатқан ағартушы”.


Автордың толық аты-жөні: Хамитова Зарина Сериковна
Сынып /топ: 105 БҚ
Білім беру мекемесінің атауы: «Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу университетi» акционерлік қоғамы
«Zhansugurov College»
Жетекшінің толық аты- жөні, Қызметі: Сулейменова Айгуль Максутхановна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Ыбырай Алтынсарин – білімнің  туын  асқақтатқан  ағартушы

          Ыбырай Алтынсарин – қазақтың  аса  көрнекті  ағартушысы, қазақтың  ұлы педагогы, біртуар  ақын,  қоғам қайраткері және қазақ жастарының алғашқы  жанашыры деуге әбден лайықты тұлға. Қазақ халқының тарихында есімі алтын әріптермен жазылған тұлғаның еліне қосқан үлесі тау теңіз. Ғылым мен білімге бар ғұмырын арнаған жазушының үні тарихтың шаң басқан беттерінде ойып тұрып орын алған. Алғашқы  рет  қазақтың  үрім бұтақтай жастарына  жаны  ашып, білімге деген ынтасын  арттыру  мақсатында, оқысын- тоқысын  деген  мақсатта  қазақ  даласында  білім  ордасын  кеңейткен. Жастайынан  жетім  қалған   баланың  елді  мойындатқан  тұлға  боларын  кім білсін?!  Қазақтың  ағартушылық  тарихында  және  білім  ордасында  өшпес  із қалдырып,  көп  оқыған.  Оның  өмірлік  мақсаты: ” көп  білсем,  көп  оқысам, білімнің   қайнар  көзін  тапсам ”  еді. Ғылымның   сүйегін  шағып,   майын   ішті. Өмірлік  білімін,  тәжірибесін   ұрпаққа   дарыта білген  жандардың қатарынан   болды.   

       Тарихта   еңбегімен  есімін  қалдарған  Ыбырайдың  кіндік  қаны  тамған  жер   Қостанай  облысы,  Қостанай   ауданы   еді.  Алтынсарының   маңдайна   бақ құсы   қонып  1841   жылы   оның   отбасында   шыр  етіп   сәби  дүниеге келді.  Есімі – Ибраһим. Жастайынан   жетім   атанып,  атасы   Балғожаның қанатында   өсті.  Кішкенесінен  білімге   құмар, зерек  болып  өсті. Қыпшақ тайпасының   ұзын  руынан  шыққан. Атасы  Балғожа  ел  арасында  би  атанып, сыйлы  адам  болған. Немересі,  мұрагері, ұлы   Алтынсарыдан   қалған   жалғыз көзі – Ыбырайды   ерте   бастан  орыс – қазақ  мектебіне  жаздырып  қояды. Байғожаның  ондағы  мақсаты  ұлынан  қалған  аманатын   оқытып, төре қылдырып,  шенеунік  атандыру  еді.  Әке   жүрегінің  балаға  деген  ақ  ниетті тілегі  орындалып,  Ыбырай   оқуға  ынталы  болды. 1857 жылы  мектепті  үздік тәмамдап,  екі жыл  бойы  туған  мекенінде  тілмаштық  қызмет  атқарады. Қалада   білім  алып,  қазақ   даласына  сырлы   ақпараттардан  хабардар болады. Өзінің  туған  жеріне  деген  борышын  өтеді. Тың  ақпарттармен танысу  Ыбырайға  елінің  ауыртпашылығын  сезініп, жаңа  сезімге  бөленуіне мүмкіндік  сыйлады.  Ыбырайдың  шыңдалуынан да  өзіндік  әсерін берді. Айта кететін  жайт, Ыбырайдың  ағартушылық  ісіне  келуіне сонау  Балғожаның құрметті  адамы  Григорьевтің  қазынаға  толы  кітапханасы  күш  берді. Ынта мен  жігердің  арқасында  Ыбырай  қойға  шапқан  аш  қасқырдай  бала  оқытуға кіріседі. Талай  таланттың, талай  қазынаның  жарыққа  шығуына Ыбырайдың   көмегі  көп тиді. Ыбырайдың  Ильминскийге  жазған  хатында: “Қазақ  халқы  дарынды,  ақылды  ақкөңіл  ел,  бірақ  өкініштісі  оқымаған” дегеніңізге  мен  келісемін. Бірақ  қарапайымдылықтың  өзінен  талай  дүниені табуға  болады! – делінген. Қазақ  халқын  оқымаған  деуге  талай  жұрт  құмар еді.  Талай  оқыған, білікті  адамдарды  көрдім,  бірақ  арамдығын  іске  асыруға ақылды. Талай  оқымаған  адамды  көрдім  бірақ,  ішінде  адамгершілігі   мол, иманы  мол  адам  отыр. Адамның   ішкі   жан-дүниесінде  дақ  болса,  адам бар  оқығанын  сол  дақты  кеңейтуге  жұмсайды. Түсінікті  тілмен  айтқанда, ойында   арамдық  болған  адам  ақылын  сол  жаққа  қарай  жұмсайды.

        Ыбырай  өз  заманындағы   ақшаның,  мал-мүліктің  құлы  болып, тіпті жақындарын   сатуға  бар  жемқорларға  қаны  қайнаған.  Ыбырай  бір   сөзінде жемқорлардың   туыстарының  арасында  да  бар  екенін  жеткізген.  Ел ішіндегі  парақорлық,  өсек,  жемқорлық, мал-мүліктің  бақыт  саналуы  Ыбырайдың  жанын  күйзелтті.  Өмірін  сондай  дүниелермен  соғысуға  арнады деуге  болады.  Қай  ақынды  алсаң, барлығында  жанының  жарасы  осы  болып табылады.  “Жемқорлық  әлемді  билеген  індет,  оны  жою  міндет”  деп санаған  талай  қазақ  жанашырлары  осының  жолында  құрбан  болып кетті. Ыбырай  бар  өмірін  білімге,  саналы  ұрпаққа  арнады. Ыбырай  қазақ хрестоматиясында  елеулі  орын  иеленген.  Мұның  барлығын  Ыбырайдың жазған  шығармаларынан  аңғаруға  болады.

         Ыбырай   Алтынсариннің  хрестоматияда  жазған  еңбектерінде  оның ағарту  идеясын  кеңінен  қолданын  біле  аламыз. Оның  «Кел,  балалар, оқылық»  еңбегінен  жастарды оқуға, оқытуға шақырып,  ынталандырғанын аңғара  аламыз:

                                                               ***

… Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

         Қорытындылай  келе,  Ыбырай  сол  заманның  жанашыры,  қарапайым халықтың  жақтаушысы.  Қай  заманда  болсын  әлемді  жайлаған  нағыз  індет- жемқорлық!  Жемқорлықпен  күресу  жолында  талай  жан  құрбан  болып  кетті.  Кімге  болсын,  тәтті   өтірік  майдай  жағады,  ащы  шындық  удай  жанды  ашытады.  Ыбырай  Алтынсарин – ақын,  жазушы,  ағартушы,  барша қазақтың  жанашыры,  жақтаушысы,  ұстазы.  Бойына  сіңірген  ғылымы  мен білімін,  ақылы  мен  даналығын  ұрпаққа  дарыта  білді,  саналы  ұрпақ жасады.  Адамның   пікірі   өмірлік   тәжірибесі  мен  оқиғаны  түсіну  қабілетіне байланысты.  Біреудің  пікірі  біреуге  қате  болып  көрінуі  мүмкін.  Ұзын сөздің  қысқасы,  Ыбырай  ағартушы – педагог,  жазушы,  қоғам қайраткері, ақын,  қарапайым   халық   жанашыры,   Ыбырай  да – бір  пенде!