Ұлт ұстазы – Ыбырай Алтынсарин


Автордың толық аты-жөні: Амангельдинова Аяулым Медетовна
Сынып /топ: 105 БҚ
Білім беру мекемесінің атауы: «Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу университетi» акционерлік қоғамы
«Zhansugurov College»
Жетекшінің толық аты- жөні, Қызметі: Сулейменова Айгуль Максутхановна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Дарынды ұстаз еңбекқор тұлға қазағымның қайраткері… Бұл теңеулердің барлығы Ыбырай атамызға кем айтылғандай. «Жақсының жақсылығын айту ауыз – іс» деп ойламаймыз. Ыбырайдың бізге жасаған жақсылықтарын өзіне киелі қайтару сіңдірген ісіміз. Ыбырай жаққан шамды сөндірмей келер ұрпаққа таза қалпында аманаттау. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ерекше дарынды саналы ғұмырын халқының игілігі үшін және елімізді өркениетті де мәдениетті елдердің қатысу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол 1879 жылы Торғайдағы жазбасында «Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр…Осылармен қабат бір ескеретін нәрсе – қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр» деген. Осы тұрғыда ол өз замандасы, шығыстанушы-ғалым Ш.Уәлихановтың халқым оқып, өнер-білімді игерсе деген арманын нақты іске асырушы болды. Хрестоматия туралы естелігінде Ыбырай «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім» дейді. Ы.Алтынсарин өзінің алғаш Қазақ даласындағы мектеп ашқан қуанышы туралы былай деп бөліседі: «Осы жылы январьдың 8-і күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім.Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды» Халық ағарту ісін өмірлік міндеті қылып алған Ы.Алтынсарин бір хатында қаншалықты қиын болса да өзінің түпкі мақсаттары мен ұлтқа қызмет қылу ұмтылысынан ауытқымайтынын жазады. Осы сөздер Ыбырайдың өмірінің соңына дейін алға жетелеп, ғұмырлық ұстанымына айналды. Оның өз жолына деген сенімі мен ізденісі ХХ ғасырдың басында-ақ жеміс берді. Ер балалармен қатар қыздарға мектеп ашу, оларға әртүрлі кәсіпті үйрету ісін алға қойды. Оларға арнайы мектеп, интернат ашу мәселесін көтеріп, айтысыптартысып жүріп осы мақсатын орындады. . Оқу орындарының білім және тәрбие беру міндеттері, ондағы оқу-тәрбие процесін адамгершілік құндылықтарын насихаттай отырып ұйымдастыру, прогрессивті педагогикалық идеяларды ескере отырып, элективті оқу жоспары мен бағдарламасын құру, оқыту үрдісінде фольклорды қолдану, мұғалімнің мәртебесі – Ы.Алтынсариннің осындай және басқа да ағартушылық идеялары білім беру саласында әлі күнге дейін өзекті. Ы.Алтынсарин өз еңбектері мен қызметінде мектептегі білім беру жүйесін дамыта отырып, мұғалімнің тұлғасы мен адамгершілік бейнесіне маңызды орын берген. Ұлағатты ұстаз ойларының идеялық құндылығы білім беру саласы бүгінгідей инновациялық деңгейге көтерілген кезеңде де маңыздылығын жоғалтпай отыр.