Эссе «Қазақ газеті оқырманға не береді》


Автордың толық аты-жөні: Қасымбек Арайлым
Сынып /топ: 105 БҚ
Білім беру мекемесінің атауы: «Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу университетi» акционерлік қоғамы
«Zhansugurov College»
Жетекшінің толық аты- жөні, Қызметі: Сулейменова Айгуль Максутхановна, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Менің ойымша, қазіргі XXI ғасыр ақпараттық технологиялар дамыған щаманда барлығының қолында мобильді құрылғы. Сол себепті, газет оқырманы саусақпен санарлық. Неге десеңіздер, керектінің бәрі ғаламтордың ішінде бар. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін соның алдында телміріп отырады.
Негізінде газет оқырмандары мүлдем жоқ деп айта алмаймын, әрине. Оқитындары бар, бірақ жасы келген адамдар. Ал, қалғандарының оқитыны сол баяғы Крыша, Колеса, Время. Өңшең сату, алу бойынша жазылғандар. Оларды оқыған адам тіл байлығын жетілдіре ала ма? Рухани кемелдене ала ма?Онсызда шалақазақшалап сөйлейтін еліміз мәңгүрт болып қалмай ма, деген сұрақ осындайда міндетті түрде ойға келеді екен.Тағы бір мәселе ол қатесіз жазу. Байқағанымыздай, кейде сөздердің әріптері кем,немесе аудармасыз жазылады.Осындай жағдайдыда болдырмау керек.Шынын айтқанда,үйге газет келсе оны бәрі оқиды деп айталмас едім.Бір беті ашылса,ашылды,ашылмаса сол күйі сөреде шаң басып қала береді.Керек десеңіз,айна сүртіп,жыртып,ұшақ жасап,үстелдің астына қоямыз.Бұл ащы шындық. Мына ақпараттық технология кезінде керектінің бәрі табылады. Алайда, ол біздің ойымызда сақталып, сақталмауы да белгісіз.Ал, енді тікелей тақырыпқа оралар болсам, “Қазақ газеті” біздің ата-бабаларымыздың мұра етіп тапсырып кеткен, елдің тыныс-тіршілігін сипаттайтын, тарихқа сапар шеккізіп, кемелдендіретіндей құндылықтарға бай. Естеріңізде болса, осы”Қазақ газеті”үшін қаншама Алаш зиялылары бар жанын салған болатын. Тым құрымаса сол кісілердің еңбегін бағалайық! “Газет халықтың көзі, һәм, құлағы” деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай, газеттің орны әрдайым ерекше. Біз қанша оқығанмен телефоннан алған ақпаратты дәл газеттегідей ой иелігінен өткізе алмаймыз.Меніңше, газет қоғам мен адамды байланыстыратын елеулі орынға ие.
Қорытындылай келе,газет көбейсе, оқырмандар көбейіп, таңдап-талғап оқиды демекші, пайдалы газет шығарып,”Қазақ газеті”қайта жандансын.