«Педагогикалық шеберхана – 2021»

Жетписова Сандугаш Тоймуратовна, Бейсембекова Лунара Барлыбаевна, Абишева Ботагоз Нурлыбаевна, Конырова Алия Асыкбаевна, Жунусова Макпал Сандибековна, Омуртаева Лязет Буркутбаевна, Тажибаева Жадыра Нурлыбаевна

Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Нұршуақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны педагогтары

«Ақмола обылысы білім басқармасының Степногорск  қаласы

бойыншы білім   бөлімінің жанындағы  Степногорск қаласы

«Нұршуақ» бөбекжай- балабақшасы

«Бау-бақшада,бақтарда»

Дайындаған:  Абишева Ботагоз Нурлыбаевна

Степногорск 2021ж

Білім беру саласы: «Коммуникация»                        

Бөлімі:  «Сөйлеуді дамыту» 

Тақырыбы : «Бау-бақшада,бақтарда».

Мақсаты : 1.Бау-бақшада,бақтардағы көкөніс пен жемістерді білу.2.Балалардың сөздік қорын заттың көлемін,пішінін,түсін білдіретін сөздермен байыту.  3.Дыбыстарды анық  айтуға үйрету.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Бауырсақ»  кейіпкерлерінің суреттері, күзгі бақтың суреті,жеміс пен көкөністердің кеспе суреттері, құстардың дыбыстары жазылған таспа.

 Билингвальді компонент: Бақша-огород-gтarden,күз-осень-autumn,қоян-заяц-raddit,қасқыр-волк-woollf

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, ойын.                                                                      

-Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезінесіндер?   -Ия,дұрыс айтасыңдар.Күн бізге жылу,жарық береді.Қане,бізде күнге ұқсап шеңбер құрайық та,бізге келіп отырған апайларымызбен амандасып алайық.   Қайырлы таң!   Доброе утро!  Good morning! -Балалар орнымызға отырайық. – Балалар  қазір жылдың қай мезгілі?  Күз. Күз мезгілі екенін қайдан білеміз? -Қандай өзгерістер болады? -Дұрыс айтасыңдар балалар.Күзде бақтағы жемістер,бақшадағы көкөністердің бәрі піседі.Күзде күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді (Балалар үш тілде күз туралы тақпақ оқиды) Үнтаспадан балаларға құстардың дыбыстарын тыңдатамын. -Балалар қараңдаршы, жылы жаққа құстар ұшып бара жатыр.

(құстар ертегілер елінен хат әкеледі). Балалар бізге ертегілер елінен хат келіпті. Хатты ашу үшін білетін  ертегілерімізді есімізге түсірейік.

-Қандай ертегілерді білеміз?

(хатты ашып, балалардан қай ертегі кейіпкері екенін сұрау).

-Дұрыс балалар,бұл хатты «Бауырсақ»ертегісіндегі аңдар беріп жіберген  екен.

(хатты оқу)

-Ата-әже беріп жіберген сыйлықты  бауырсақ бізге аман-есен жеткізуі үшін, жолда оның алдынан шығатын аңдардың тапсырмаларын орындауымыз керек екен.

-Бауырсаққа көмектесіп, тапсырмаларды орындаймыз ба?

-Бауырсақ домалап келе жатса алдынан қоян шығады. 

             (қоянның тапсырмасы)

          Қоян-заяц-rabbit 

Қоян: Күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөніс-

терді атап,түсін,пішінін айтып беріңдер.

Балалар ертегіні әрі қарай өздері жалғастырып айтады.

     (қасқырдың тапсырмасы)

Қасқыр: Жұмбақ шешу 

1.Көкөніс бұл қалаулы,

  Жасамас онсыз палауды.(Сәбіз)

2.Бақшамызда өседі,

   Керек тағам деседі.

   Бар қызыл,көк,сарысы

  Ащы-тұщы бәрісі.       (Бұрыш)

3.Әрі қызыл,әрі тәтті,

   Татқан жанды таңырқатты.(Алма)

4.Тұр көп маржан тасындай,

  Мойыл моншақ тізіліп.(Жүзім)

5.Қайнатсаң –томатың,

   Турасан-салатың(Қызанақ)

6.Әр жапырақтың асты толған көк қоян,

  Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям(Қияр)

-Жарайсыңдар балалар,қасқырдың да тапсырмасын жақсы орындадыңдар.

     Қасқыр-волк-wollf

  (ертегіні жалғастырып айтады)

Сергіту сәті:

Қанатымды жазамын,

Жоғары төмен қағамын.

Биік көкте айналып,

Жапырақ боп жерге қонамын.

 (аю шығады )

-Енді аюдың тапсырмасын орындамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық

Саусақ жаттығуларын орындау.

1.Бақшадағы қызанағы-

   Бағдаршамдай қызарады.

2.Өте ұзын боп өскен,

   Бақшадағы қиярым

3.Қызғылт сәбіз пісіп тұр,

   Жұлып,жұлып аламыз.

4.Бостан-босқа тұрмайын,

   Алмұрттарды жинайын

5.Алманы да терейін,

   Досым келсе берейін.

          (аюдың тапсырмасы)

-Балалар  бізге аю өте күрделі тапсырма берген екен.

Бұл тапсырманы мұқият орындауымыз керек.

(жеміс-көкөністердің дайын  суретін  гуашқа батырып ақ қағазға жапсыру)

-Балалар ненің суреті шықты?

 (түлкінің тапсырмасы) Ойын: «Бақта ма,бақшада ма?» Бақша-огород-gтarden Шарты: Жеміс пен көкөніс қайда өсетінін сұрау.Ыдыста тұрған жемістер мен көкөністер араласып жатыр,қәне біз жемістерді жеміс ағашына, ал көкөністерді бақшаға апарып реттеп қояйы

Жарайсыңдар балалар, түлкінің  тапсырмасын жақсы орындадыңдар.

Қорыту: -Балалар бүгін біз қай жыл мезгілі туралы  әңгімеледік?           Жарайсындар балалар, бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.Аңдардың тапсырмасын жақсы орындадыңдар.Бауырсақ та сыйлықты сендерге аман-есен жеткізгеніне қуанып тур.

Күтілетін нәтиже:

 Бала білуі керек: Жемістер мен көкөністерді және олардың пішіндерін ажыратуды.

Баланың игере алуы: Тілдік жаттығуды дұрыс айтуды

Бала меңгеруі тиіс:Жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетінін біледі.

ГККП «Ясли –сад «Нұршуақ» Степногорск  города

При отделе образования по городу Степногорск

управления образования Акмолинской области»

      Здравствуй осень

                                                             Ответсвенный: Инструктор по физ.культуре:Бейсембекова Л.Б

Степногорск 2021г

Здравствуй осень

Цель:  Способствовать проявлению активности детей. Закрепить умения и навыки в спортивных играх и упражнениях. Прививать детям интерес к подвижным играм, играм-соревнованиям.  

Задачи:

– активизировать двигательную активность детей, развивать быстроту, ловкость, координацию движений, ориентировку в пространстве;

– воспитывать любовь к спорту, физической культуре;

– развивать выдержку и внимание в играх и эстафетах;

– создать радостное эмоциональное настроение.

ОБОРУДОВАНИЕ: гольф, веревка, мячики, осенний лист, гриб.    

Участники:  дети старшей дошкольной группы.

Инструктор по физ.культуре  – Ребята, какое сейчас время года?

Дети отвечают на вопрос.

Инструктор по физ.культуре – читает стихотворение З. Федоровской “Осень” :

– Осень на опушке

Краски разводила,

По листве тихонько

Кистью проводила.

Пожелтел орешник,

И зардели клены.

В пурпуре осинки,

Только дуб зеленый

Утешает осень:

“Не жалейте лета!

Посмотрите, роща

В золото одета”.

Инструктор по физ.культуре  – Золотыми красками пылает солнечный осенний денек. Радует каждый листочек, мы пришли сегодня полюбоваться красками золотой осени. Посмотрите – деревья покрыты светло-желтыми листьями, земля устлана множеством опавших листьев.

Инструктор по физ.культуре  – Солнечные лучи пробиваются сквозь ветки деревьев до самой земли, так и зовут нас поиграть с ними:

1.Игра –  «Гольф»

(по 5 человек от каждой команды)

Каждый ребенок с каждый команды должен провести мяч змейкой через кегли до лунки и передать клюшку игроку команды.

2. Игра- «Кто быстрей»

(по 5 человек от каждой команды)

Каждый ребенок с каждый команды заматывать нить на трубочку до финиша. Передав трубочку игроку своей команды он разматывает

    Инструктор по физ.культуре  – Пора нам

возвращать в детский сад. Давайте немного

отдохнем и собирать листья (дети играют с

     листьями, подбрасывая их).

     Игра – соревнование «листья и грибы»

(по 5 человек от каждой команды)

Найти  спрятанные осенние листья и грибы на территории спортивной площадки.

«Ақмола обылысы білім басқармасының Степногорск  қаласы

бойыншы білім   бөлімінің жанындағы  Степногорск қаласы

«Нұршуақ» бөбекжай- балабақшасы

«Біз спортпен доспыз»

Дайындаған: Денешынықтыру нұсқаушысы

Жетписова С.Т

Степногорск 2021ж

«Біз спортпен доспыз»

Мақсаты:  Баланың дене бітімінің сұлулығын қалыптастыру. Қимыл-қозғалыс қабілетін дамыту. Салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Қимылдар орындау қабілеттерін қалыптастыру. Бұлшықеттер мен қол-аяқтың үйлесімді қимылын дамыту.

Тәрбиелігі:  Қимыл-қозғалыс арқылы тепе-теңдікке, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: жолақшалар, жіптер, шығыршықтар, тунель, гантели.

Денешынықтыру нұсқаушысы:

Сәлеметсіздер ме,балалар!

-Балалар, сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз келген қонақтармен  амандасайық.

-Бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.

Шаттық шеңбер:

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе міне мен,

Доспын енді сенімен.

Біз жалғыз аяқ жолмен келе жатырмыз дейік.Таза ауа,сылдыраған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған үні.Біз жеңіл дем аламыз.Күш қуатымыз молайып,тұрғандай сезінеміз.Біз әлемдегі ең бақытты жанбыз.

(Балалар,енді көзімізді ашайық).

Жан-жақты дамытушы жаттығулар:

Бір сап болып залға кіреді.

Бір қатарға тұрып,жаттығуларды орындайды.

Қолға,белге арналған жаттығулар:

Жай жүру,қолды кеуде тұсына қойып жүру.

Жүгіру.

Аяқтың ұшымен,өкшемен,сыртымен жүру.

Табанға арналған жаттығулар:

Массажды жолдармен журу. Арқан үстімен қырындап жүру.

Өткелден өту:

Целафан үстіндегі қалқаннан басып,суға түспей өтеміз.

Сергіту сәті: (музыка әуенімен теледидардан көру арқылы қайталап жасау).

Негізгі дамыту жаттығулары:

1.Гантельді екі қолымен жоғарыға котеру.

 2.Гантельді екі қолымен кеуде тұсынан алға созу.

3.Гантельмен екі жаққа кезек- кезек иілу.Тік тұру.

1.Доптар сайысы: Эстафета.

-Балалар,ендеше,сендерді доптар сайысына шақырамын.

(Балалар екі топқа бөлінеді).

2.Фитбол добының үстіне отырып кегильге дейін секіру.

3.Кім жылдам?

Допты ракетка устине койып кегли арасымен жыланша жүру

3.Гольф ойыны:

Клюшка комегімен допты жыланшы жүргізу.

Денешынықтыру нұсқаушысы:

Мықты болып өсеміз!

Сәби шақтан бастап біз,

Шынығуды сүйеміз.

Ашық күнмен қоштасып,

Жалаң аяқ жүреміз.

Қыста,жазда әрдайым,

Ауырмаймыз бәріміз.

Шынықтыру жасап біз,

Мықты болып өсеміз.

-Міне,балалар, денсаулығымыз мықты болып өсу үшін ,бірнеше жаттығуларды жасап , көрсеттіңдер .Дендерің сау болсын!


                          “Нұршуақ” бөбекжай балабақшасы           «Алтын күз мерекесі»                                                                                                                   Дайындаған: Музыка жетекшісі: Жунусова М.С.                           Степногорск қ. 2021ж.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 «Алтын күз мерекесі»

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таеныстыру.Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру.Балаларды күз байлықтарымен ,күзгі еңбекпен таныстыру.Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.
                          Музыка әуенімен балалар қол ұстасып кіріп, орындарына отырады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар!  Бүгін біз «Алтын күз» мерекесін тойлағалы отырмыз. Күз – дегеніміз біріншіден, байлық, молшылық. Далада егінде, тоғай да бәріде сап-сары. Күз мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге көңілді  күздей жарқыраған көңіл, зор денсаулық мол бақыт тілейміз.
Кездескен соң күзде мен
Бұтағынан үзілген
Ай, жапырақ сары алтын
Айналамның бәрі алтын!  Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілікті бастаймыз.

Келді, міне алтын күз, 
Сары шашты, жарқын күз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Тақпақтар:
Аппақ арай таңында 
Шомыламыз нұрға біз,
Күнді көрсе толғанар Бұлтты көрсе шамданар. *************
Қысты қазір жолатпа
Толла түссін қамбалар
Көк аспаның мөлдіріп
Алтын күзім елжіреп.
********************
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегін желпілдеп
Алтын сары, қызыл көк,
Алуан, алуан жапырақ,
   ***************
Күзгі бақта күлімдеп 
Көз тартады жалбырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбдырлайды қалтырап      ***************
Таудан салқын жел соқса
Жабырқайды жапырақ
Ой, алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ      *************
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап!
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап   Жүргізуші: не деген шу балалар қане ,тындайықшы залға музыка әуенімен жаз келеді. ЖАЗ: Салеметсіндерме балалар.   Балалар; Сәлеметсіз бе! ЖАЗ: Балалар далада күн  суытты, күз келе жатыр. Ал , мен болсам  сендермен қоштасқым келмейді. Күзге өз орнымды бергім келмейді. Бірақ балалар табиғат құбылысымен күресе алмаймын. Сондықтан, жазғы қызықтарды еске алып, менімен бірге ән айтайықшы.                                       Ән: « Алтын күз»               ЖАЗ: О, қандай керемет билерің.Рахмет, енді менің кететін кезім келді, сау болыңдар.                                                            БАЛАЛАР:  Сау болыңыз. Жүргізуші: Балалар керемет болды. Жаз енді бізге ендігі жылы келеді  солай емес пе ? БАЛАЛАР: Ия                                                         ОСЫ КЕЗДЕ ТҮЛКІ КЕЛЕДІ        Жүргізуші: Ой балалар бұл кім өзі ? БАЛАЛАР: Түлкі Жүргізуші:Орманныңсұлуы, біздің балабақшада не істеп жүрсің? ТҮЛКІ: Мен күшті әуен дыбысын естіп , жүгіріп келдім мында не болып жатыр өзі ? Жүргізуші: Бұл балалар күз мерекесін тамашалап жатырмыз, кел түлкі бізбен бірге күзді қарсы алайық. ТҮЛКІ:Жо- жоқ мен күзді тығып тастадым, ол келмейді күзде суық мен тонымын сондықтан оны  орманда тығып кеттім. Жүргізуші: О, не дегенің ,ол табиғат құбылысы ғой, сен оған қарсы шыға алмайсың, солай емеспе  балалар? БАЛАЛАР: Ия, деп жауап береді. Жүргізуші:Кел , түлкі бізбен бірге ойын ойнайық.                                               ОЙЫН  «ҚОЛШАТЫР»       Жүргізуші: Керемет , қандай күшті ойын түлкі саған ұнады ма ? ТҮЛКІ: Ия, керемет ойын екен. Жүргізуші: Ал, енді түлкі өтінеміз күз ханшайымын жібересің бе? ТҮЛКІ: Ой -ой білмеймін жарайды, жіберсем жіберейін, сау болыңдар балалар,мен  барайын  сендердің ханшайымдарыңды жіберейін.                                           ОСЫ КЕЗДЕ ТҮЛКІ  КЕТЕДІ                               МУЗЫКА ӘУЕНІМЕН ЗАЛҒА КҮЗ КЕЛЕДІ                 КҮЗ: Салеметсіңдер ме балалар , мені  түлкінің қамауынан босатқандарың үшін ,үлкен рахмет. Мен өте қуаныштымын. Жүргізуші:Күз, біздің балалардың сізге арналған өлеңдері , билері бар. КҮЗ: Керемет. Жүргізуші: Қане ,балалар күзге арналған әнімізді айтайық.                                         Ән: «Күз келгенде» 
                 Жүргізуші:тыңданыздар, тыңданыздар алтын күз ханша тойға барлығыңызды шақырады.
Балалар ,тойға барғыларың келеді ме? 
Балалар: Ия 
Жүргізуші: ендеше көздеріңді жұмыңыздар, менімен бірге сиқырлы сөздерді қайталаңдар.  1,2,3 алтын күз сарайына ұш. Жарайсыңдар, көздеріңді ашыңдар. Қандай керемет , балалар қане Күз бен бірге би билейікші. Ортаға балалар шығып                                     «ЖАПЫРАҚТАР» БИІН БИЛЕЙДІ                Жүргізуші: Керемет күшті әдемі би екен, Күз балалар тек қана би емес өленде айталады қане балалар                                                             « КҮЗ ЫРҒАҒЫ» ӘНІ         КҮЗ: күшті керемет маған барлығы өте ұнады, ал балалар сендер жыл мезгілдердің ай атауларын,    Атап және өз орындарына толтыра алаласындар ма?  БАЛАЛАР: ия деп жауап береді      КҮЗ:  Ендеше мен ойын шртын түсіндіріп берейін.  Екі топқа бөлініп , жыл мезгілдерінің ай атауларын жинастырып беріндер келістікпе балалар. Күз айлары;  Қыркүйек, қазан ,қараша. Қыс айлары: Желтоқсан , қантар , ақпан. Көктем айлары:Сәуір, наурыз, мамыр. Жаз айлары: Маусым ,шілде,тамыз.                              БАЛАЛАР ОРТАҒА ШЫҒЫП АЙ АТАУЛАРЫН АТАП БЕРЕДІ                КҮЗ: керемет  қандай өздерін білгіш екенсіндер, ал енді балалар менін кететін уақытым  келіп қалды сендерге бүгүнгі мерекеміз ұнады ма? БАЛАЛАР: Ия деп жауап береді.
Жүргізуші:Құрметті Алтын күз ханша бізге әкелген сыйларыңызға үлкен рахмет!  Көп сөйлеп жөн – жабадан аспайық біз ән шырқап, күй төгуден қашпайық біз.
                                                   ОЙЫН: «ЖЕМІС ЖИДЕК ЖИНАУ»              Күзді шығарып салады , күз кетеді. Жүргізуші: Арамаймын орманда
Шаршамаймын, талмаймын
Осынау талай мейрамды
Бізде бірге тойлаймыз- деп «Алтын күз» мерекеміз аяқталды.   Келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар!      
                                   

                                                 Степногорск қаласының

                                     Білім бөлімінің   жанындағы

                                      «Нұршуақ» балабақшасы

                      «АЛТЫҢ КҮЗ»

                                Жауапты: Музыка жетекшісі: Жунусова М.С

                                Степногорск  қаласы  2021 жыл

“Нұршуақ” бөбекжай балабақшасы

Ашық сабақ (қорытыңды)

                                                Дайындаған:

тәрбиеші  Конырова А.А.

Степногорск қ. 2021ж.

Сауат ашу пәнінен ашық сабақ.

Тақырыбы: Қайталау.Ойын сабақ

Мақсаты: өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту.Ойын арқылы балалардың білімдерін дамыту. Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой – қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.

Міндеттері:

 Білімділік: өткен сабақтарды пысықтай отырып, баланың өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру:

Дамытушылық: сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс жасау барысында сөздік қорын молайту, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: ойлану және ойлану арқылы нәтижеге жетіп , іздену арқылы еңбектенуге тәрбиелеп, оқуға деген ынтасын оята отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, іздену , талдау, өзара жұмыс.

Көрнекіліктері : интерактивті тақта, сабаққа тиісті сюжетті суреттер, кескінді әріптер.

Сабақтың барысы:

Сабаққа келген қонақтармен амандасу:

Өтті қызық көп күндер

6 жасқа жеттіңдер

Өсті ақыл ойларың

Өсті міне бойларың

Бәріміз сәлем береміз

Әдепті боп өсеміз

Шаттық шеңбер

Күн күлімдеп нұр төкті,бізге жолдап…

Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі,бізге жолдап …

Сәлем!

Есте сақтап кеңесті,достарға сыйла…

Сәлем!

Кел,қосылып айтайық,бір-бірімізге …

Сәлем!

Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:

  • Балалар, далада қандай мезгіл?
  • Көктем мезгілі
  • Көктем мезгілінде неше ай бар?
  • Көктем мезгілінде 3 ай бар.
  • Қандай айлар?
  • Наурыз,сәуір,мамыр
  • Ал,көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
  • Күн жылына бастайды
  • Мұз ериді
  • Құстар жылы жақтан ұшып келеді

 «Кім білгір?» атты ойын ойнайық.

Ойынның шарты:Алма ағаштан алмаларды себетке жинаймыз,әр алманың артындағы сұраққа жауап береміз.

-Әріп дегеніміз не?

Әріп дегеніміз дыбыстың таңбасы.

Әріптерді қайтеміз?

Жазамыз, оқимыз, көреміз

Дыбыс дегеніміз не?

– Дыбысты естиміз, айтамыз

– Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Қазақ тілінде 42 әріп бар.

-Қанша дыбыс бар?

38 дыбыс бар.

– Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-екіге бөлінеді.

Қандай- қандай болып бөлінеді?

-Дауысты және дауыссыз.

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-2 ге бөлінеді.

Қандай болып бөлінеді?

Дауысты дыбыстар Жуан және жіңішке болып бөлінеді.

– Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

-дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз

– Дауыссыз дыбыстарды ше?

-дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз

Ал,балалар бүгінгі сабағымыз ойын сабақ болғандықтан сендер мен тағы бір ойын ойнаймыз

1 2 3 4 5 6 7
А Ы  О У С Қ  Т

“Сөздерді тап” ойыны

                             714     625     6354     71426

7-т                  6-қ                    6-қ                    7-т

1-а                  2-ы                   3-о                    1-а

4-у                  5-с                   5-с                     4-у

                                                4-у                    2-ы

                                                                         6-қ

Өте жақсы балалар сендерге ойын ұнады ма. Ал енді серігіп алайық.

Сергіту сәті:

 Стрельниковтың  тыныс алу гимнастикасы

Ал енді балалар мнемокесте арқылы санамақтарды айтып көрейік.Интерактивті тақтаны пайдалана отырып балалар санамақтарды айтып береді.

Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтіш тәтем жүр сауып

Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ білемін.

Үйімде бар үш қалам,

Үшеуінде ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балыққа ұқсаған.

Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да…

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.

«Бестік» деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы.

 «Әріптер әлемі» ойыны. Бұл ойында мына берілген әріптерді пайдаланып сөз құраймыз.

РА                        МА                           ЯО                           АҚ

АП                       ЛА                            ҚН                           ЛА

Арпа                    Алма                         Қоян                       Қала

-Ара, қала, алқа,  …

Рефлексия.

Білім не үшін қажет? (балалардың ойларын тыңдау)

Біз бүгін сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?

Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар!

Кәнеки, бәріміз бір-бірімізге қарап : «Жарайсың!» деп айтайық.

Сабақ сендерге ұнады ма? Біздің сабағымыздың куәгерлері болған қонақтарға рақмет. Сабағымызды Біз мектепке барамыз  әннің бір шумағымен аяқтайық:

Біз мектепке барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы өқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Қ-сы:

Ән салайық бас қоса

Бақшаменен қоштаса

Қалам дәптер өшіргіш

Кітаптар мен достаса

            “Нұршуақ” бөбекжай балабақшасы

«Құмырсқалар елінде»

                                                Дайындаған:

тәрбиеші  Омуртаева Лязет Буркутбаевна

Степногорск қ. 2020ж.

 «Құмырсқалар елінде»

Бір күні балабақша ауласына тобымдағы балаларды таңғы серуенге алып шықтым.Күн жылы, ауа-райы тамаша, аспан ашық болды. Балаларды кішкене ойнатып, сергітіп алып балаларға осы ауладағы құмырсқалардың іс-әрекетін бақылауға тапсырма бердім. Балаларға бұл бақылау түрі өте қызықты болды. Әр бала өзі қызыққан дүниелерін зерттеп бақылауға кірісіп кетті. А есімді қыз бала балабақша ауласындағы ағаш жанында құмырсқа «илеуін тамашалап» отырғанын байқап қалдым, ақырындап қасына жақындап барсам құмырсқаларды санап олардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын бақылап отыр екен. Сәлден соң менің қасына ақырындап келгенімді байқап:

                  -Апай,қараңызшы құмырсқаларда үй жасанды екен, бірақ олардың үйі өте ерекше екен, оны топырақтан жасайды және ауыздарымен илейді екен, әрі олардың қимылы кәдімгі әскерлер сияқты саппен жүреді екен және тату – тәтті жұмысты біргелікті жасайды, ауыздарындағы дәнді, жапырақты да сол ұясына кезек-кезек тасиды екен,-деді.

           -Иә, дұрыс айтасың құмырсқалар өте еңбекқор, тату-тәтті жәндіктер олар біргелікте дәл әскерлер сияқты жұмыс жасайды.

Әрі қарай оқыту

Онда екеуміз құмырсқаларды зерттеп көрейік: денесі, басы, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады.құмырсқалардың еш зияны жоқ, қайта пайдасы көп: топырақты қопсытады, қалдықтарды ыдыратады және олардан медицинада құмырсқа спиртін,қышқылын алады, оны емдікте шипаға пайдаланады деп, білімін толықтырдым.

-Ендеше сен екеуіміз құмырсқалар жайлы әңгімемізді келесі жолы жалғастырамыз

    Қорытынды: А. өзіне қызықты болған құмырсқалар жайлы , олардың қимылын,ұйымшылдықпен жұмыс істейтінін біледі. Бірақ құмырсқалардың адамға пайдасын олардың еш зияны жоқ екенін және олардан емдік дәрілер жасалатынын құмырсқа қышқылы спирті алынатынын білмейді. А есімді баламен      ары қарай танымдық әңгімені жалғастыру жоспарланды.

Мүмкіндіктері: құмырсқалар жайлы қызықты әңгімелер, «құмырсқалар елінде» атты ертегі оқу кезінде түсіндіру, осы ертегі жайлы видео көрсету, олар жайлы түрлі-түсті суреттер көрсету және суреттер салғызу арқылы түсінік алады.

 Бұл нені білдіреді?

А есімді баланы жан-жануарларды, жәндіктерді өте жақсы көретіндігі оларды жан-жақты бақылауды ұнататынын, олардың әрбір іс-қимылын мүлтіксіз қадағалайтынын басқа жәндіктермен салыстыра алатын қабілеті бар екендігін білдіреді.

Ата-анаға сұрақ:

-Балаңыздың қызығушылығынан туындаған сұрақтарға қаншалықты жауап бересіз?

-Баланын құмырсқаларға деген қызығын арттыу үшін қандай қолдау көрсете алсыз?

Ата-анаға ұсыныс: құмырсқа туралы баланы әр-түрлі дереккөздермен таныстыру

Бала тарапынан туындаған сұрақтарға толық жауап беру.

Ата-ана тарапынан баланы дамытудың жалғасын табуы:

Демалыс күндерден кейін А есімді бала өз отбасымен табиғат аясында болып,құмырсқалар илеуіне бақылау жасағанын

Түсініктеме

Бақылауды жүргізе отырып, балалардың табиғатқа,құрт- құмырсқаларға деген сүйіспеншілігін арттырғым келді. Табиғаттағы көрініс, оқиғалар балаға тез, нанымды әсер етеді. Топта мұны фото-картиналармен, слайдтармен көргенмен табиғатта көргендей әсер алмайды. Сол үшін бала бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырғым келді. Балаға сұрақ қоя отырып, диалог қалыптастыру, қарым-қатынаста болу,өз пікірін айтуға дағдаландырса болады.

Сол үшін мен педагог ретінде А есімді қызбаланың құмырсқаға деген қызғушылығын ескере отырып,танымдық оқиға жазамын деп қорытынды шығардым. А. есімді қыз баланы таңдаған себебім,ол басқа балаларға қарағанда ерекше қызығушылығы бар, табиғатқа, жәндіктерге соның ішінеде құмырсқалардың тұрмыс- тіршілігіне бақылағанды ұнатады екен. Менің А. есімді қызбалаға жасаған бақылаудың түрі – жеке бақылау түрін таңдадым.Осы бақылау А. есімді қызбаланың байқағыштық және құмарлық тұстарын анықтауға мүмкіндік берді.Бақылаудағы мақсатым,бала бойындағы қабілетті ашу болды.Өйткені бала құмырсқалардың іс қимылына, илеуіне,олардың інін қалай жасайтыны,олардан медицинада құмырсқа спиртін, қышықылын қалай алатыныны, оны емдікте, шипаға пайдаланатыны, оны қатты қызықтырды.Бақылау арқылы баланың қабілеті ашыла түсті, оның табиғатқа деген қызығушылығы өте жоғары екені байқалды, бала әр түрлі сұрақтар қоя алды және сол сұрақтар арқылы әр сөзіне өзі жауап таба білді.Мен бақылау барысында әр түрлі оқыту әдістерін қолдандым.Біріншіден, бақылау түрін неге қызығатынын, екіншіден сұрақ қою арқылы,үшіншіден сұрақ – жауап арқылы.Себебі әр түрлі әдістерді қолдану арқылы бала бойындағы шығармашылық қабілетін, оның неге қызығатынын байқадым.Бұл әдістер балаға әр түрлі сұрақтар қою арқылы, баланың ой – өрісін аша түсуге көмектесті,баланы сұрақ – жауап әдісі арқылы жаңа деңгейге алып шықты.Танымдық оқиға баланың одан әрі дамуына ықпал етті, бала бойындағы қызығушылықты оның жан дүниесінің нәзіктігін,жауапкершілігін,жәндіктерге соның ішінде құмырсқаға деген қамқоршылығын, оларды зерттеуге деген құлшынысын аша түсті.

«Табиғат – тіршілік аясы!» Ондағы тіршілікті тани да зерттей де білу керек.

«Көктем аруы»


Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар
Армысыздар ақ жаулықты аналар
Бүгінгі кун арулардың сайысы
Сіздердікі тамашалау, бағалау.

Ұлдар музыкамен кіреді «Би гүлдермен»
Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:
• Сәлем сөздін анасы (таныстыру)
• Өнерлі – өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)
• Талаптыға нұр жауар (Қолөнер)
• Қыздарға әсемдік жарасады. (сән үлгісі)

Жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға

                     Әділдікпен қарақылды жаруға

                     Әділқазылар  алқасымен таныстырайық
                     —————————————————

Жүргізуші: Балғын жүзі албырап,
Қанатын жаңа қаққан
Қарсы алайық аруларды
Сайысқа дайын тұрған.

Қыздар музыка арқылы кіреді

Ортаға аруларымызды шақырыйық
1 – аруымыз: Алина
2 – аруымыз: Інжу
3 – аруымыз: Медина
4 – аруымыз: Аделя
5 – аруымыз: Әсел
6 – аруымыз: Илігай

Жүргізуші: Сайысымызды бастар алдында біздің балаларымыздың дайындаған биін қабыл алыңыздар

Би «Общий танец»

• Бірінші сайысымыз «Сәлем сөздің анасы» Таныстыру.

Ашып өмір есігін.
Тербетті анам бесігін,

Әдемі, ақылды қыз болдым,
Медина менің есімім.

Таныстырсам өзімді,
Артурқызы Жанельмін,
Бұл сайысқа қатысып,
Талаптанып көремін.
Әнді жақсы айтамын,
Болып жатқан сайыста,
Бақты сынап мен бүгін,
Озып шығам қалайда.

Отырмысың көрермен
Залға бүгін жиылып
Сөз анасы сәлем деп,
Тізе бүгем иіліп.
Мен де шықтым ортаға
Қанатымды жая
Алдарыңа кеп тұрған
Мұхтарқызы Айя
Атамның жұлдызымын,
Әжемнің құндызымын,
Үш жасынан бәйге шапқан
Адайдың бір қызымын!

Армысыздар ағайын
Сәлемдесіп алайын
Таныстырсам өзімді
Немересі Сырымның
Қызымын мен Нұрымның
Хидаят деп атымды
Хадистерден алыпты
Ұлыстың ұлы күнінде
Тілеймін мен баршаңа
Амандық пен бақытты

  Ән: «Нұрын төккен мама»

2. Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер».  

Ару қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.
——————————- орындауында «—–» биін қарсы алыңыздар.


Тақпақты да жаттаймын
Би билеп, ән де айтамын
Ата – ананың үмітін
Ақ сеніммен ақтаймын – деп өз өлең шумақтарымен

Алдарыңызда ——————————– өз өнерін көрсетеді

Ортада ———————- «  » биімен



Жарыс десе жайнаған
Намысында қайраған
Тоты құстай құлпырып
Сандуғаштай сайраған –
—————————— «  » әнімен қарсы алыңыздар.

Өзі жап жас болса да
Таудай үлкен талабы
Биін оның көріңіздер
Көріп баға беріңіздер

—————————– орындауында
—————————– орындауында
   Би « Парный»

3. Үшінші сайысымыз «Талаптыға нұр жауар»Қыздарымыз өздерінің қол еңбектерін көрсетеді. (Гүл жасау)
    

Ұлдардың тақпақтары:

Музыкалық сергіту сәті

Қыздар киінуге кетеді


Жүргізуші: Көйлек киіп әдемі

Тамсандыра елімді

Түрлі түрлі сән көйлек

Көз тартады не керек деп
4. Келесі сайысымыз « Сәнүлгісі» Қыздарымыз дайын болғанша  ер балалардың аналарымен ойын ойнайық

 Ойын: « Өз баласын табу»

Ән: «Анашым»
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

( Марапаттау)

Қорытынды сөз:
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!