Үш таңбалы санды көбейту 4 сынып


Саралтаева Шырынкуль Ерназаровна

Қостанай облысы Рудный қаласы 19 жалпы білім беретін мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санды  көбейту
Мақсаты: 1) Оқушыларға үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу жайында түсінік беру;
2) Баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу. Ой – өрісін, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3) Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Әдісі: ойын, сұрақ – жауап, түсіндіру, іздену.
Түрі: ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. « Тездет, бірақ қателеспе!» ойыны
Үш қатардан 3 оқушы шығып тақтада орындайды.
88101+9870: 35 = 88101+282 = 88383
49469 – 14382: 47 = 49469 – 306= 49163
51643 – 22320: 36 = 51643 – 620= 51023
ІІІ. Математикалық диктант.
85 – ті 10 есе арттыр
85 – ті 11 – ге көбейт
935 – ке 85 – ті арттыр
8700 – ді 100 есе кеміт
ІҮ. « Тез жауап бер» ойыны.
‹А) Мына сандардағы әр цифр нені білдіреді? 306, 698, 540
Б) Әр сандағы 7 цифры нені білдіреді? 753, 78, 407, 777
В) Сандар қатарын жалғастыр:
1 5 25 125………
254 250 246………

Ү. Жаңа сабақ.
5х 457 – Бірінші көбейткіш неше таңбалы сан?
– Екінші көбейткіш ше?
– Көбейтуді қалай орындаған тиімді?
2285: 457 Бірінші толымсыз бөлінгіш үш таңбалы сан бола алмайды, өйткені 228 ‹457.
Олай болса 2285 – ті 100 – ге бөлеміз. Енді 22 – ні 4 – ке бөлеміз, 5шығады. Бөлінді мәнінің
Байқау цифры 5, тексереміз сәйкес келеді. 2285 – тің 457 – ге бөліндісі 5 – ке тең.
ҮІ. «Кім жылдам?» №3 тапсырманы 3 оқушы тақтада орындайды.