РЕЦЕНЗИЯ №62 – 23.11.2021 ж.


Қарағанды қаласының білім бөлімінің № 44 орта негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маратова Айгүл Маратовнаның «Электронды ертегілер» авторлық бағдарламасына

ПІКІР

Авторлық бағдарлама жасөспірімдерге арналған шығармалардағы тақырып пен идесын оның мазмұнын танытуда таптырмас көмекші құрал.

«Халық ертегілері тізімін жасау», «Қазақ халық ертегілері», «Ертегінің басты кейіпкері», «Сурет салу  «Біз ертегіде қалай өмір сүреміз?», «Ертегілердегі зұлым», «Менің сүйікті кейіпкерім», «Ертегі жазуды қалай бастау керек?», «Протагонист (басты кейіпкер)», «Антогонист (қарама-қарсы кейіпкер)», «Сүйікті ертегілер» сурет байқауы», «Кейіпкердің жолы», «Қуыршақ театры», «Қазақ халқы ертегілері бойынша театрландырылған көріністер», «Қазіргі заман бағдарламаларымен танысу», «Мультимедиялық проектормен жұмыс істеу», «Мейірімділік сабақтары», «Егер сен мейірімді болсаң…» әлеуметтік-мағыналық эмоциялар қалыптастыру», Электронды бағдарламалармен жұмыс жасауды үйрену», «Электронды ертегіні жазу», «Композициялар құрып үйрену», «Сюжет бойынша суреттер таңдау, сурет салу», «Пластелинмен жұмыс», «Ескі ертегі жаңа жолмен», «Балаларға арналған ертегілер», «Мейірімділік зұлымдықты жеңеді». «Жануарлар туралы ертегілер жазу, суретін, макетін құру, электронды нұсқасын жасау», «Таңғажайып ертегілер жазу, суретін, макетін құру, электронды нұсқасын жасау» аталған бағдарлама тақырыптары ертегі жанрының қыр-сырын, оның тәлім-тәрбиелік мәнін ашып, бүгінгі заманг тұрғысынан таныта түседі.

«Ертегі жазуды қалай бастау керек?», «Ертегіні жазып үйренеміз», «Ескі ертегі жаңа жолмен», «Балаларға арналған ертегілер», «Тағы да ойды дамытамыз» осы аталған жұмыстарды қалай жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері авторлық бағдарламада айқын жазылған. Автор баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ертегілерді оқытуда айтылған пікірлері өзекті, бүгінгі заман тұрғысынан пайымдалған.

Ертегі кейіпкерлерін классикалық ертегілер мен бүгінгі заман ертегілерін салыстырмалы түрде талдап, айырмашылықтарын зерделеген. Тіршілік иелерінің ғажайып, сиқырлы істерінің ерекшеліктерін саралай келе, оқушылардың ой жүйріктігін дамытуда авторлық бағдарламаның маңыздылығын арттырады.

Қорыта айтқанда, Маратова Айгүл Маратовнаның «Электронды ертегілер» авторлық бағдарламасын қорғауға ұсынуға болады.

Еуразия гуманитарлық институты

қазақ және орыс филологиясы кафедрасының

меңгерушісі ф.ғ.к., доцент                                                         Л.Н.Дәуренбекова