Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік


Козганбаева Алия Жумагалиевна

Екібастұз қаласы білім бөлімінің №7 «Ботақан» бөбектер бақшасы КМҚК-нің тәрбиешісі

Әрекет кәзендері     Тәрбиешінің әрекеті     Балалардың әрекеті     Есеп + –
Кіріспе             Негізгі   Тәрбиеші сөздер қатарын айтады, артық сөзді естігенде қол шапалақтауды ұсынады. Қасқыр, тиін,түлкі, мысық; Піл, бұғы, қоян, борсық; Кірпі, маса, бұлан, тиін; Түлкі, аю, қоян, тоқылдақ; Керік,сиыр, ит, жылқы. -Көгершін ұшып келеді, сендерге Марс тұрғындарынан хат әкеледі. Хатты оқиды. «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерде хайуанаттар тағы бар, онда ғажап аңдар тұрады екен деп естіп едік. Біз ондай аңдарды көрген емеспіз. Егер сендер хайуанаттар бағындағы аңдар туралы айтып, суреттерін Марсқа жіберсеңдер, біз қуанар едік. Рахмет! Сау болыңдар!» -Балалар Марс тұрғындарына хайуанаттар бағындағы жануарлар туралы хат жіберейік.   Шығармашылық сәт Балаларға аңдардың сұлбасын тараптып береді. Сұлбаны бастырып бояу ұсынылады.   Тірек сызбалар арқылы әңгіме құрастыруды ұсынады. -Хайуанаттар бағындағы аңдар туралы қызық әңгімелер құрып көрейік. Сендердің әңгімелеріңді мен үнтаспаға жазамын, содан кейін Марсқа жіберемін. Суреттерді көрсетіп, әңгімені неден бастау керек екенін анықтайды. Әңгіменің жоспарын ұсынады: -Бұл қандай аң? (оның келбеті, дене мүшелері, киген тоны, түсі) -Қайда мекендейді? (үңгір, апан, бұта, ағаштың қуысы) -Немен қоректенеді? (нені аулайды) -Төлі, баласы қалай аталады? Сергіту сәті (балалардың қалауына қарай) «Бұл қай аң» ойыны Тәрбиеші жұмбақтар жасырады. Өзі ширек, өзі қу, Жүрген жері айқай-шу (Түлкі) Бір аң бар қайраты көп, болғаны күшті Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан) Белестен шапқан бесті ат, Бүкір келген желісті ат. Бейғам елде іздейді, Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр) Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс) Артық сөзді естігенде, қолдарын шапалақтайды. Хаттың мазмұның тыңдайды.                     Тәрбиеші айтқандарын мұқият орындайды.       Аңдардың сұлбасын бастырады, бояйды.             Тәрбиешінің айтқанына қызығушылық танытады.     Суреттерді тамашалап, тәрбиешіні тыңдайды.           Сұрақтарға ретімен жауап беріп, әңгіме құрайды.       Сергіту жаттығуын жасайды.     Жұмбақтарды шешеді                                
Қортындылау Мнемотехника әдісімен және жетекші сұрақтар арқылы сабақты бекітеді. -Сен қандай аңды салдың? -Оқу іс-әрекетінде не ұнады? -Аңдарға көмектескен сендереге ұнайма? Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.   Сұрақтарға жауап береді.