«Тілді сүю-тал бесіктен»


Тунгатарова  Гульмира Сайлаухановна

Алматы облысы Талдықорған қаласы «№ 42 балабақшасы» МКҚК қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Тілді сүю-тал бесіктен.

Тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі, салт- дәстүрдің одан әрі дамуы, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі қазақ тілім!

Тәуелсіз елдің көп ұлтты жас ұрпағының мемлекеттік тіл білуін қалыптастыру- маңызды іс! Бала ерте жаста тіл білуге құмар болады. Эстония мемлекетінің «Иннове» білім беру орталығының тілге бойлау озық тәжірибиесін зерделеп, бүгінде балабақшамызда өзге ұлт өкілдері бүлдіршіндері мен ата-аналарына мемлекеттік тіл оқытуда сәтті ұйымдастырылуда. Өзге ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері мен қазақ тілін меңгермеген  балаларды  жан-жақты дамуына ,қазақ тілін игеруді қамтамасыз ету мақсатында «Тілге бойлау жобасын» эксперимент ретінде енгіздік.

Тілге бойлау  –  тілді  үйренудің  әлемдік  тәжірибеде  дәлелденген

ұтымды және нәтижелі  әдістерінің бірі.  Тілге бойлау әдісі  баланың  табиғи

тілінің  шығу  үдерісін  негізге  алады:  бала  тілді  алдымен  тыңдап,  құлақ

қандырады, қайталап айтады,  санасына түйеді, сөйтіп  сөз мағынасын түсіне

бастайды,  жүйелі қайталау және жиі қолдану нәтижесінде  қазақ тілі  сөздік

қорына  еніп,  сөйлей  бастайды.  Тілге  бойлау  әдісін  мектепке  дейінгі  ерте

жаста қолдану қазақ тілін жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,бала бойында достықты, ынтымақтастықты қалыптастыру қасиеттерін дамытады.Тіл үйренуді  әрі қарай мектепте жалғастыру үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойында базалық білім мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Тілге бойлау бағдарламасы отбасындағы бірінші тілі қазақ тілі болмаса да, сонымен қатар өз « ана тілін» сақтай отырып та, қазақ тілінде сөйлеп кетуге мүмкіндік береді.  Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік тілді меңгеруіне зор мүмкіндік береді. Балалары арқылы ата-аналардың қазақ тілін үйренуіне көмектеседі. Осы бағдарлама бойынша ата-аналар өз ұйғарымымен балаларын тәрбиелеу мен оқу үдерісіне қатыса бере алады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында олардың бойында ізденімпаздық, білімпаздық, қамқорлық, ойшыл, өз ойын еркін айту, жауапкершілік сияқты құндылықтар дамыйды. Тәрбиеленушілер  оқу қызметтерінде  және  жобалау-зерттеу іс-әрекеті барысында күнделікті өмірге қажетті сөздік қорын үнемі толықтырып отырады. Осы әрекеттерді жүйелі және белсенді қолданған жағдайда ғана аталған мақсатқа қол жеткізуге болады. Тілге бойлау әдісі балаларға қазақ тілін меңгеруіне тәрбиелеу оқыту процесін толық ( күні бойы) немесе жартылай ( жарты күн бойы) жүзеге асыру түрлерін қарастырады. Бала педагогпен және топтағы балалармен қарым-қатынаcын жасай отырып, өзінің сөздік дамытумен қатар, негізгі мектепке дейінгі білім беру мазмұнын игеруге бағытталған.

Қазақ тіліне бойлау жобасы –  бұл білім беру ұйымдарында  өзге  тілді  баланың  әлеуметтік  ортада  қазақ  тілінде қарым-қатынас жасауға ынталандырып, балаларды мақсатты тілге үйретудің ұтымды әдісі.

Баланың  игілігі  үшін  табиғаттан  бойына  берілген  ерекшелігін,  қабілеттері  мен  қасиеттерінің  дамуына  қолдау  көрсетіп,  дені  сау,  өзіне

сенімді,  отбасы  мен  Отанын  шексіз  құрметтейтін,  қоғамның  дамуына  үлес қосатын азамат тәрбиелеу.

Қазақ тілін оқытуда төмендегілерді басшылыққа алу қажет:

  • «баланың  күнделікті  тіршілігіне  сай  тілді  үйрету»  –  балабақшаға

келгеннен  бастап,  күні  бойы  баланың  жас  ерекшеліктеріне  сай  ауызекі

сөйлеуге  бағытталған  орта  құру  және  оны  тиімді  пайдалану  (тілге  толық

бойлау түрінде);

  • «интеграция»  қағидаты  –  даму  салаларын  толық  қамтитын  ортақ

тақырыптар  бойынша  кіріктірген  және  күнделікті  күн  тәртібінде

қайталанатын  іс-әрекеттер  барысында  жиі  қолданылатын  лексиканы

меңгеруіне жағдай жасау;

  • «бір педагог – бір тіл» қағидатын ұстану. Балалармен тек қазақ тілінде

сөйлесу. Педагог баланың бірінші тіліне аударма жасамайды, жаңа сөздермен

таныстыруда  сөздік  жұмыстың  түрлі  тәсілдерін  қолданады.  Бала  педагогтің тіл қолданысына  еліктейтін болғандықтан, педагог қазақ тілін жетік меңгеруі және  таза  сөйлеуі  тиіс.  Педагогке  сөздерді  анық,  баяу  қарқынмен,  дауыс интонациясын қойып сөйлеуі талап етіледі;

  • «қарапайымнан  күрделіге  және  қайталау»  қағидаты.  Баланың  жас

ерекшеліктерін (кіші топ, ортаңғы топ, ересек топ) ескере отырып, сөйлеудің

қарапайым формаларынан бастап,  келесі кезеңдерде сөз көлемі арттырылып,

сөйлем құрылымы  жетілдіріліп  қайта қарастырылады.  Сөздерді, сөйлемдерді бірге  қайталату  арқылы  баланың  есту,  артикуляциялық  аппараты қалыптасады.  Түрлі  жағдаяттарда  сөздер  мен  сөйлемдерді  (сөйлем конструкцияларын)  жиі  қайталап  қолдануы  қазақ  тілінде  ауызекі  сөйлеу қабілетін дамытуға жағдай жасайды;

  • «баланың  психологиялық  қауіпсіздігі»  қағидаты.  Баланың  қолайлы

және  жағымды  ортада  сөйлеп  үйренуіне  мүмкіндік  жасалады.  Педагог

баланың сөйлеу барысында жіберген кемшіліктерін  «қате» деп қабылдамай,

дұрыс  үлгісін  айтады.  Балаға  тілге  қатысты  түзетулер  мен  ескертулер  көп жасалса, тіл үйренуге деген ықыласы төмендеуі мүмкін;

  • «сөйлеу  формасы  мен  мазмұнының  маңызы»  қағидаты.  Педагог

сөйлеу  барысында  қимыл-қозғалысты,  ым-ишараны,  көрнекі  құралдарды

орынды  пайдалануға  көңіл  бөледі.  Түрлі  ойындар  мен  белсенді  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы  балалардың  қарапайым  грамматикалық

формаларды меңгеруіне, танымдық қабілеттерін дамытуға қолдау жасалады;

  • «тілді  үйренуге  баланы  мәжбүрлемей,  ынталандыру»  қағидаты.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті,  тәжірибе жасау, бақылау,  зерттеу-жобалау әрекеттерінде,  серуен  кезінде  шынайы  жағдаяттарда  балалардың  тілді қолдануына ынталандыру, оларға қолдау көрсету және мадақтау.

« Тілге бойлау» жобасы өз нәтижесін беруде. Жыл бойы өткізілген іс — шараларда бүлдіршіндеріміз   көп жетістіктерге жеткенін айтып өткім келеді. Бұл игі іске ата-аналар да тартылған. Баласымен бірге тіл үйренген ата-аналар түрлі сайыстарға  қатысып үлгерді.  Республикалық семинар-мониторингте  Нұр-Сұлтан қаласының «Тілге бойлау жобасын» үйлестірушісі Байтенова Қаламқас Қыдырбекқызы  балабақшамызда өзге ұлт өкілдерінің бүлдіршіндеріне мемлекеттік тілді меңгерту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді.

«Келісіп  пішкен тон келте болмас» -дегендей,   балабақшада ата-аналармен бірлескен  жұмыстар  қарқынды жүргізіліп, өз нәтижесін бере бастапты.  Әр топтың  белсенділері   жетерлік.  Мәселен, Ирина Кан,  Денис Карпов, Олеся Кнор,  Николай Жумен, Юля Швейгер  балабақшада өткізілетін  іс-шараларға белсене ат салысады екен. Қала, облыс көлемде өтетін шараларға қатысқан  балалар мен ата-аналар ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген.  Сондай   белсенді ата- ана  Денис Карпов   пен  балабақша тәрбиеленушісі  Дамиан Нестеренко  «Қазақша сөйлеп үйренемін!»  атты республикалық акцияда батырлар жырын жатқа оқып, жүлделі орынды иеленді. Челлендж қорытындысында  олар  «Алғыс хатпен» марапатталыпты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ  тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген  ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық  сезімін ояту, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу-біздің  абыройлы  міндетіміз.

                              Талдықоран қаласы

                              № 42 балабақшасының  қазақ тілі пәнінің мұғалімі

                              Тунгатарова Гульмира Сайлаухановна