Ұстаз – ұлы есім 2022
Алдабергенва Гүлзира Оразалиевна, Джалакенов Хамит Ергалиевич, Әбиева Айгүл Әженқызы, Сулейманова Айгерім Жақыпқызы, Түркменбаев Серік Женисбайұлы
Жаңаөзен политехникалық колледжі мұғалімдері
Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныту.
Сабақтың дамытушылығы: сөздік қорын, тіл байлығын, ізденіс жолдарын айқындау, өз ойларын еркін жеткізе білуге және қосымша материалдармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: адамгершілікке, адалдыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: поэзия кеші.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу,
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, буклеттер, Мұқағали туралы жазылған плакаттар, кітап көрмесі, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді жыр сүйер қауым! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықты махаббатына бөлеген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
«Сырым да осы,
Жырым да осы.
Алдыңда,
Байқашы бір
Бықсыдым ба,жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда» – деп бір күндік жарық сәуледей өте шыққан қысқа ғұмырында ұлан – ғайыр мұра қалдырып кеткен, қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаев тірі болса 85 жасқа толар еді. Ақиық ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағалидың отты өлеңдері мен әндерін естіп, тамашалаңыздар.
Құдайбергенов Қазбек: «Менің анкетам»
Әжекенова Раушан: «Қара өлең», «Автограф», «Ғашықпын»
Келдібаева Гүлжайна: «Фариза , Фариза қыз».
Мықтыбаев Ғабит: «Арыз жазып кетейін»
Қалдыбаев Ахат: «Фариза, Фариза қыз» әні
Жүргізуші: Иә, болашаққа қара өлеңмен арыз жазып кеткен хас талант ақынның өлеңі ғой бұл. Ақын «Поэзия махаббаттан басталып, парасат пен аяқталуы тиіс. Барым менің, балам менің, жарым, жақсылығым менің – поэзия, тек сені сақтап қалсам екен» дейді.
Ағлеш Ақмарал: «Ұлыма».
Қуандықова Гүлжанат: «Өмір», «Ғашықпын», «Жер үстінен репортаж».
Сарбалаева Светлана: «Шыда, шыда», «Сен менің жанарымның ішіндесің».
Қадырбай Әселхан: «Жарығым ай» әні
Жүргізуші: Мұқағалидың ұлы Жұлдыз: «Әкем әжесі Тиынның қолында өскен. Ол кісі қайратты болған. Әкемнің ақындығы ең бірінші – табиғи дарын, сосын соның дамуына туған жері, Тиын әжеміз қатты әсер еткен. Өзі көп нәрсені әжемнен үйрендім дейтін. Әр адамнан тереңдік іздейтін, әңгімелескен адамы көңілінен шықпаса кәдімгідей мұңайып, таяз екен дейтін.
Сарбалаева Светлана: «Ана, сен қартаймайсың»
Досжанова Алтынай: «Әке», «Н-ның монологы»
Тынышова Айжамал: «Табыт үні»
Козбакарова Гүлжазира: «Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда»
Жүргізуші: «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі ай емханада жаттым. Екі айдан соң жұмысқа шықтым. Бешпентімнің қалтасынан хат шықты, Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой. Ішім күйіп барады. Не болатынын білмедім. Мынаған көңіл бөліп көріңізші!» депті. Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні еді деп Нұрғиса Тілендиев айтқан еді.
Ән: «Есіңе мені алғайсың».
Орындайтындар: Жайбергенов Жансерік, Әндірова Салима
Жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ақындық пен айналысқан отыз жыл ішінде ол көзімен көргендерін, ақындық сана мен түйсінгендерін қазақтың қара өлең үлгісімен төгілтіп жырлай берді, жырлай берді.
Мұратбай Әсел: «Жоқ, дәрігер»
Эскайрова Бағила: «Үш бақытым», «Ажалға», «Мен сені сағынғанда».
Төлейов Ануар: «Қайран жеңгем»
Жүргізуші: Ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, таңырқай оқиды. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі олардың мағынасы терең мазмұнында, кез –келген адамның жүрегіне жетер қарапайымдылығында жатса керек. Өлең – өнер, өлең – дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Сол ақ қағаз иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Талантты ақын Мұқағалидың көптеген өлеңдеріне ән жазылып, сахна төрінде шырқалып жүр.
Қадырбай Әселхан: «Жас қайың» әні
Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев кезінде ән жайында «Бүгін де, халық әнді көп айтады. Шүкір, өлеңді сүйетіндер де аз емес. Бірақ жақсы әнге жақсы өлеңге қосылса, бір ғажап қой» деген екен. Сол айтқандай Мұқағали сөзіне жазылған көптеген әндер дүниеге келді. «Ән – көңілдің ажары» дегендей ортаға Әндірова Салиманы шақырамыз.
Ән: «Көнеміз ғой»
Жүргізуші: Ақын қандай ашуы келсе де, балаларды көргенде майдай ериді екен. Балажан ақынның қабырғасын қайыстырған он жасар қызы Майгүлдің мезгілсіз қазасы болды.
Қуандықова Гүлжанат: «Майгүлге», «Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін»
Орынбасарова Айдана: «Өкінбеймін», «Махаббатым өзімде»
Әндірова Салима: «Қасым солай болмаса», «Досым саған сенемін».
Қылышев Самат, Жайбергенов Жансерік, Қалдыбаев Ахат: «Отыздан асып барамын»
Жүргізуші: Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да осы қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды. Иә, байырғы бабалар дархан даламыздың қас жауына қарсы аттанғанда жазылған қара өлең, соғыста қанмен жазылған қара өлең, ақ жүректі аналар дүниеге сәби әкелгенде ақ сүтімен жазылған қара өлең ақынды барынша баурап алғанды. Ол шыр етіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқанды. Сол бесіктен басталған жыр оны ақыры ақынға айналдырды.
Тынышова Айжамал: «Шәмілге жазған хаттардан»
Оразалы Айнұр: «Досыма хат»
Әжекенова Раушан: «Поэзия», «Қазақстан», «Оңай сөз ғой, Отанды сүйем деген»
Жүргізуші: «Мұқағали – құдыретті ақын. Оның поэзиясы – даналықтың көзі. Бізде поэзия дәуірі басталды» дейді Әбділда Тәжібаев. Мұқағали поэзиясы – тірі поэзия. Оның өлеңдерін білмейтіндер, әнмен орындамайтындар кемде-кем шығар. Бұл туралы Рза Қунақова «Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгінде ән болып, аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау аспан әлемінде шырқап барады» дейді.
Хор: «Саржайлау»
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.
Басты рөлдерде: Ана – Алтыбаева Гүлдана
Әке, жылқышы – Бағдәулет
Автор – Шакирова Орынгүл
Жүргізуші: Мұқағали өлеңдері – мәңгі жасай беретін мол мұра. Ақынның өлеңдеріне саяхат жасап, барлау жүргізіп, өзіміз де ақынша жыр жазып, жырынан сусындап, өмірін өлеңінен танып, беймәлім жайттардың бетін ашып, ән бұлағына қанып қалғандай болдық. Ақын өлеңін мәңгілікке, ұрпақтан – ұрпаққа аманат етіп табыстау – сіз бен біздің парызымыз.
«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым, елеңдестің.
Өлсе – өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім», – деген еді. Расында да,
сіздердей көкірегі ащық, көзі ояу ұрпағы тұрғанда Мұқағалидің өзі де, өлеңдері де ешқашан өлмек емес.
Ия, өлең өлмейді. Ендеше ақын да өлмейді.
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр! «Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай, Еңбегінің қызығын да көре алмай, от боп жанып өтіп кеткен ақынға, мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай» деп Айтақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге көктеп, көгеріп, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек!
Өлеңін рухани азық еткен, халқына бақыт сыйлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған поэзия кешін аяқтаймыз.
Қорытынды сөз.
Тақырыбы: Волейбол ойнау тәсілдері.
Допты төменнен, жоғарыдан қабылдау.
Мақсаты:1.Студенттерге волейбол ойынында допты төменнен қабылдау
әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген
қызығушылықтарын арттыру.
2. Спорттық қабілеттерін дамыту
3. Салауаттылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: И нтерактивті тақта, доп, көрнекі суреттер.т.б.

Сабақтың тақырыбы:
Майлау жүйесінің ақаулары және оларға техникалық қызмет көрсету.
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділік: Студенттерге майлау жүйесі ақаулары және техникалық күтім түрлері мен олардың маңызын түсіндіру.
2.Дамытушылық: Ақыл-ойын дамыту, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Мамандығына қызығушылығын оятып, пәнге сүйіспеншілігін
арттыру.
Пәнаралық байланыс: Химия, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, материалтану, еңбекті қорғау.
Көрнекіліктер және техникалық оқыту құралдары: Плакаттар, макеттер, слайдттар, тірек сызба, автокөлік, тестр, атверка, автокөлікті жөндеу үшін арналған құрал саймандар.
Өндірістік жұмыстарды өтетін оқу объекті: Колледж аймағы, автомеханик жәнеавтоэлектрик гаражы.
Сабақтың барысы мен мазмұны:
- Ұйымдастыру кезеңі: Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, арнайы киімдерін тексеру, құрал жабдықтарын тексеру және сабақ тақырыбын мақсатын және өтетін жерін жариялау.
2. Арнайы технологиядан сұрақтар:
а) Қозғалтқыштардың салқындату жүйелерінің қызметі және олардың түрлері?
ә) Сұйықпен салқындатылатын жүйесінің негізгі бөлшектерін ата.
б) Ауамен салқындату жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін айт.
с) Антифриз (тосол) не себептен салқындату жүйелерінде пайдаланылады?
3. Кіріс нұсқауы:
Майлау жүйесі. Қызметі мен жүйе схемасы. Майлау жүйесі мотор бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп тұру және майлау қызметін атқарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салқындатады және бөлшек беттерін қажалу қалдықтарынан тазартады. Қазіргі моторларда аралас майлау жүйесі қолданылады, мұнда кейбір бөлшек сығылған май арқылы, кейбірі шашырау, ал бірі ағып келген май арқылы майланады.
Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықтықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.
Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір – бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады.
Екінші үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызыпнемесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.
Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.
Қозғалтқыш майы.
Қозғалтқыш бөлшектерін майлау үшін арнайы жоғары сапалы қозғалтқыш майы қолданылады. Іштен жанатын қозғалтқыштарға қолданылатын майдың қолайлы тұтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиеті болуі тиіс. Майдың пайдаланылу қасиетін жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады.
МОТОР МАЙЫ
Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін майдың атқаратын қызметі. Май қолданғанда үйкеліс күшін азайту, демек үйкелуші бөлшектердің тозуы мен қызып кетуін барынша кеміту мақсаты көзделеді. Мұнымен қоса, үйкеліс азайса, мотордың механикалық әсер коэффициенті ұлғаяды.
Майлағанда өзара жанаса қозғалатын беттердің арасына май қабаты жіберіледі, сөйтіп, беттердің арасындағы тікелей үйкелістің орнына май қабатының өзінің ішкі кедергісін жеңу ғана қалады.
Тәжірибелер, үйкеліс күші үйкелуші беттердің арасындағы май қабатының қалыңдығына кері пропорционалды екенін көрсетті. Май қабатының қалыңдығын ұлғайтса, үйкеліс пен май температурасына кететін шығын азаяды.
Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін май, үйкелісті азайтумен қатар, азда болса, үйкелуші бөлшектерді салқындату үшін қолданылады. Бұл салқындату майдың айналып ағып отыруының арқасында жүзеге асады. Жағар-май үйкелуші беттерді үйкелген кезде мүжіліп түсетін металл бөлшектерден тазартып тұрады жөне үлкен температура мен қысымның әсерінен күйген майдан пайда болатын күйе бөлшектерінен тазартып тұрады.
Майдың, сонымен қатар, цилиндрдің саңлаусыз жабылуын қамтамасыз ететін фактор ретіндегі рөлін атап кетуіміз керек, өйткені май қабатының тұтқырлығы жеткілікті болса, газдарды өткізбеуге поршень сақиналарына жағдай туғызады.
Мотор бөлшектерін майлау үшін жоғары сапалы мотор майы қолданылады. Іштен жанатын моторларға қолданылатын майдың қолайлы тұтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиеті болуы тиіс. Майдың пайдаланылу қасиетін жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады. Соңғы кезде мотор майы бұрынғы қабылданған сорт атауларымен қоса, жаңа жіктеу тәртібі бойынша алты топқа таңбаланады: А, Б, В,Г,Д, Е.
МОТОР МАЙЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ.
Мотор майларының атқаратын қызметтері:
1. Үйкелісті азайту, тозуды төмендету;
2. Жылуды бұру (бөлу);
3. Ластану өнімдерінен тазалау;
4. Цилиндр-сақина, сақина піспек герметикалығын
қамтамасыз ету.
Мотор майлары жұмысының температуралық шарттары:
1. Жоғары температуралық аумақ: жану камерасы.
Қызған газдардың температурасы – 1700-2200°С;
2. Орташа температуралық аумаң: піспекті сақина,
піспекті саусақ. Температура – 280-350°С.
Төменгі температуралық аумаң: бұлғақты және түпкі иінтіректе, картер. Температура – 110-130°С.
Майлар қысқы, жазғы, барлық маусымдық болып бөлінеді.
Майлар енгізілген қоспалардың мөлшерінен бір-бірінен ерекшеленетін 6 топқа (А,Б,В,Г,Д,Е) бөлінеді.
Мотор майларының таңбалануы:
М-8Б2
М – мотор майы
8-саны – 100°С жағдайындағы сантистокстағы кинематикалық тұтқырлық.
” 1″ индексі – карбюраторлы қозғалтқыштарға арналған май;
“2” индексі – дизельдік қозғалтқыштарға арналған май.
Индекссіз – карбюраторлық және дизельдік қозғалтқыштарға арналған.
А, Б — күші үдетілмеген немесе аз күші үдетілген қозғалтқыш.
В — орташа күші үдетілген қозғалтқыш
Г — жоғары күші үдетілген қозғалтқыш
Д – жылу кернеулі үдемелі қозғалтқыш
Тұтқырлық температуралық қасиеті
жақсартылған, қоюландырылған, қысқы және
бүкіл маусымдық майлар жиі шығарылады
4. Бекемдеу үшін сұрақтар:
1. Майлау жүйесін нешеге бөлеміз?
2. Сүзгілер неше түрлі болады?
3.Мотор майлары енгізілген қоспалардың мөлшеріне байланысты неше топқа бөлінеді?
4. Мотор майларының атқаратын қызметтері қандай?
5. Майлау жүйесінің басты қызметі?
6. Май сорғысының редукциялық клапаны неге арналған?
7. Қозғалтқыш картеріндегі майдың тазалығын қалай тексеруге болады?
5. Практикалық және өзіндік жұмыстарды тапсыру: Студенттерді звеноға бөліполарға тапсырма беру және жұмыстарын қадағалау. Студенттерді жұмыс орнына қою.
6. Ағымдағы нұсқау
- 1 ші айналым: Студенттердің құрал жабдықтардан пайдалануды қадағалау.
- 2 ші айналым: Студенттерге техника қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау.
- 3 ші айналым: Студенттердің атқарған жұмыстарын дұрыстығын тексеру
- 4 ші айналым: Сабақ бойынша студенттерге сабақ барысында жіберген қәтеліктерін көрсету.
7. Жұмыстарды қабылдау және бағалау: Студенттерді істеген жұмысына және сапасына қарай бағалау
8. Жұмыс орнын тазалау: Студенттердің ішінен кезекшіні сайлап, жұмыс орнын әр түрлі қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізу.
9. Қорытынды нұсқау: Студенттердің ішінен жақсы жұмыс істеген балдарға жақсы деген бағаны қойып, басқа оқушылырдың істеген жұмысына қарай қортынды шығару, оқушылардаң сұрақтарына жауап беру және сабақ қортындысын шығару.
10. Үйге тапсырма: Мотордың майлау жүйесі. Моторға қолданылатын майлар