Тәуелсіздікке 30 жыл


 Шоханова Маржан Камытбеккызы

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы

Өткізілген күні: 11.12.2021

Тобы: ЕА-03-21

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздікке 30 жыл.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды, қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Ресурстар: интерактивті тақта, ойын түрі, смартфон, презентация, оқулықтар, топтық тапсырмалар.

Әдіс -тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік

Сабақтың байланысы: тарих, ағылшын тілі, орыс тілі

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы

Бағалау критерийі: жеке,  топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Сабақ барысы :

Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу.Топпен сәлемдесуді оқушылардың жылы лебіздерінен бастаймын. Біздің еліміз қандай? Тәуелсіз, бейбіт, зайырлы, дамыған, әсем, сұлу, тарихи, көп ұлтты, білімді, бәсекеге қабілетті, жеміске бай, инабатты.Топтарға бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Керекті құрал жабдықтарын әзірлету. Оқушыларды «Білгірлер», «Алғырлар»   топқа бөлемін.Топ ережесін еске түсіремін.

Мұғалімнің сөзі:Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. «Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елдің жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді»- деп  бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Тәуелсіз ел атанып, егемендіктің туы желбірегелі еліміз зор жетістіктерге жетіп отыр. Біз бүгін тәуелсіз ел деп халықаралық ұйымдарға емінбей еркін кіретін, көк байрағымызды желбіретіп, басқа елдің төріне ілетін, әлемдік қоғамдастықта қай елдің өкілдері болса да, қаз-қатар алдыңғы легінде жүретін, елі аман, жұрты тыныш, шекарасы бүтін, көңілі көтеріңкі, қабағы ашық, жүзі жарық саясаткер көсемі бар парламенттік республикалық мемлекет деп айта аламыз. 

1-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  қанша жыл?

2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қай жылы алды?

3. Қазақстанның тұңғыш президенті  кім?

4.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

5.Желтоқсан оқиғасының құрбандары кімдер?

6.Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?

7.Қазақстан қандай мемлекет?

8.Тәуелсіздік дегеніміз не?

2-тапсырма. «Ассоциация» әдісі. «Қазақстан Республикасы» тақырыбы бойынша оқушыларда қандай ой туады, соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады.

Блок-схема: перфолента: Қазақстан Республикасы

3-тапсырма. «Проект технологиясы» әдісі. Топтық жұмыс.

4-тапсырма. «Сөз жарысы» әдісі. Берілген сөздерді  үш тілде айту.

5-тапсырма. «Кахут» ойыны. Қатысушылар өз (компьютерінен не смартфонынан) Kahoot.it сілтемесі арқылы экранда пайда болған кодты енгізіп қосады. Мұғалім «Start»  батырмасымен ойынды бастайды. Мақсаты дидактикалық ойын арқылы оқушының білімін тексеру. «Отан, ел»  туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазады.

 

6-тапсырма. «Синквейн» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

1.Тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім).

2.Екі сөзбен сипаттау (сын есім)

3.Тақырыпқа қатысты үш сөз (етістік)

4.Төрт сөзден тұратын бір сөйлем

5.Тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

Бағалау.

Қорытынды сөз: Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет!