«Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар)» ҚМЖ
30.03.2022
Муханбетрахим Ақерке Бауыржаанқызы
«Успен «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Көркем еңбек | Мектеп: Успен мектеп –бөбекжай – балабақша кешені | ||||||
Күні: | Оқытушының аты-жөні: Муханбетрахим А.Б. | ||||||
Сынып: 5 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Бөлім: | Дизайн және технология | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар). | ||||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 5.1.5.1-Өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Қазақстандық танымал дизайнерлер мен қол өнершілердің жұмыстарын қарастырып танысу; Киім бөлшектердің өлшемдерін анықтап, шаблон мен ликалдарды орындау | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Басталуы 3 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Атмосфералық ахуал тудыру. Әр елдің амандасу салты. Қазақстанда амандасу салты-қол алысып, төс қағыстырады және көрсетеді, Италия бір-бірін құшақтап амандасады екен, Бразилия арқаларын сипайды екен, Австралия халықтары-қол шапалақтап жамбастарын көршісін қағады екен. «Кір қыстырғыш» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу. 1.Киім деп нені айтады? 2.Киім қалай жіктеледі? 3.Эскиз дегеніміз не? 4.Тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру тәсілдері 5.Киімде ең алдымен қандай қасиеттер бағаланады? 6.Өлшем алған кезде қандай ережелерді сақтау керек? 5 түрлі ереже сақталуы тиіс. Атап айтып береді. Жауаптары: Өлшем алған кезде белді нақты өлшеу үшін белді баумен буып қою қажет. Өлшем дене бітімнің оң жағынан алынады Өлшем алған кезде өлшемі алынатын адам түзу тұруы қажет Өлшемалған кезде сантиметрлік таспаны қатты тартуға немесе бос ұстауға болмайды Ұзындық өлшемдері толық жазылады. Ені мен айналым өлшемдері жартылай жазылады 7.Өлшем қандай ретпен алынады? ЖМойа – Иа ЖКа – Жұ ЖБа -Ұ ЖМа -Ке Абұ -Аббұ Бұ -Ае Ие | Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді. Сергіту сәтін ортаға шығып орындау. Үй тапсырмасын айту Сұрақ жауап арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау ҚБ: Мұғалімнің мадақтамасы «Жарайсың! «Бүгін сен бізді қуанттың!», «Сенің білімің үшін ду қол шапалақ!». |
Оқулық,цифрлық
ресурстар
Дизайн дегеніміз не?
https://www.youtube.com/watch?v=2ChiDa-FOzw
Дизайн түрлері
http://alexsv.ru/vidy-dizajna/
Дизайн түрлері
http://alexsv.ru/vidy-dizajna/
https://www.syl.ru/article/166507/new_vidyi-dizayna-idei-dizayna-stili-dizayna | |||
Ортасы 12 минут 5 минут 5 минут 5 минут | Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға тақырыпқа байланысты бейне көрініс көрсету. Дизайн (ағылшын тілінен design) – ниет, жоспар, мақсат, сызба, есептеулер, құрылыс, нобай, сурет, ою, композиция, өнер шығармашылығы. Киім дизайны – адамға ыңғайлы әрі сәнді киімді жобалап , тігу. Киімнің тігілуі бірнеше кезеңнен тұрады. Киім дайындауға матаның, киімнің қасиеттерін зерттейтін, мата шығынын анықтайтын, эскиздер мен пішімдер әзірлейтін мамандар, киім тігетін фабрикалары, сән үйлері, зерттеу институттары мен зерханалар қатысады. Киім дизайны мдельдеу, құрастыру арқылы жасалады. Модельдеу ісін жітік меңгеру үшін конструкциялауды, киім тігу тәсілдерін жақсы білу қажет.Бұйымды конструкциялау үшін киім бөлшектерінің сызба құрылымын жасау, пішім, лекало дайындау қажет. Классикалық стиль –келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді. Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсету, мінсіздігі, қолайлылығы, беріктігі. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет – костюм, ағылшын пальтосы, плащ, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жакетімен, белдемше, блузка немесе жакет, шалбар мен жакет – жейде кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттемейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер пиджагі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді. Тәжірибелік жұмыс: 1.Композиция заңдылықтарын сақтай отырып, костюм дизайнын жасау. 2.Мата қиындысынан немесе басқа материалдан макет жасау Тәжірибе жұмысына кіріспес бұрын қауіпсіздік техникасын еске түсірейік. 1.Қайшыны жолдасыңа сабымен ұсын 2.Қайшының ұшын сабымен көтерме 3.Өтпейтін, тот басқан қайшымен жұмыс жасама 4.Инені, түйреуішті арнайы орында сақтау керек 5.Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды 6.Инені,түйреуішті ауызға салуға болмайды 7.Сынып қалған инені ауызға салуа болмайды 8.Жұмыс истеген жеріңді жинап, тазалауды ұмытпа Саралау әдісі: «Мен күтпеген сурет» Партаны айнала шеңбер болып орналасады, қолдарына қағаз, қарындаш алып, бір киімнің дизайнын бастап салады. Мұғалім баста, тоқта деп ескертіп айтып отырады. Баста дегенде суретті бастап салады, тоқта дегенде тоқтап, суретін жанындағы балаға беріп ауыстырып отырады. Әрқайсысының өз қағаздары өздеріне айналып келгенше осылай қайталанады. Соңында қандай киімнің дизайны шыққанын көріп өз қалағандарындай сурет шықты ма жоқ па айтып береді. Белсенді әдіс: «Ереже» 1,2,3 сандарының бірін таңдау арқылы ережесін еске түсіреді. Таңдалған санда құралдың аты жазылады, құралды қолдану кездегі қауіпсіздікті айтады. Тапсырма әдісі: Түрлі салфеткалармен кез келген киім макетін дайындау Түрлі салфеткалармен ұлттық киім макетін дайындау Активити, оқушылар берілген суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. Жауаптар: 1-Е 2-Д 3-Ж 4-К 5-А 6-Б 7-В 8-Г 9-И 10-З Тапсырма: Активити (киім бөлшектерін модельге жинау) | Оқулық және қосымша ақпараттар. Оқушылар кестені пайдалана отырып сантеметрлік таспа арқылы бір – бірін өлшеді. Тәжірибелік жұмыс орындады Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып Жұмыстарын жасады Оқушылар шеңбер болып тұрып тапсырмаларын орындайды Ереже жаттау Киім макетін дайындай Киім бөлшектерін модельге жинау | ҚБ: «Бағдаршам» Оқушылар бір – бірін жұмыстарын түрлі-түсті салфеткалар арқылы бағалаймыз Жасыл түс – бәрі тамаша Сары түс – сұрағым бар Қызыл түс – ұнамады «Үштік» әдіс «Заряд алу» сергіту сәті «Бұзық телефон» ойыны Әр дұрыс орындалған тапсырмалар мен сұрақтарға смайликтер беріліп отырады. |
10 танымал қазақстандық дизайнерлер
https://vlast.kz/zhizn/10_vedusshih_kazahstanskih_dizajnerov_odezhdy-1674.html
Қазақ дәстүрлі киім http://womanadvice.ru/kazahskaya-nacionalnaya-odezhda http://bankreferatov.kz/kultura/177-kazodezhda.html https://yandex.kz/images/search?text=%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1D0%B4%D0%B0&stype=image&lr=10295&noreask=1&source=wiz МАНЕКЕН жасау http://stranamasterov.ru/node/728743 | |||
Аяқталуы 5 минут |
Үйге тапсырма:
– Түрлі-түсті фломастер мен қарындаштарды әкелу
– Түрлі матаның қиқымдарын әкелу: фетр, велюр, атлас, шифон, т.б.
– Картон, карандаш, қайшы, маникенге арнайы қуыршақ
Кері байланыс
«Табыс баспалдағы»
| Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін анықтаймыз | Оқушылардың таңдағандарына байланысты пікір қалдыру | ||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||